«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет16/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Тұлгалың өсудің ішкі критерийлері

Өзін қабылдау. Бұл өзін мойындауын және өзінің бітім-болмысына сөзсіз сүйіспеншілігін білдіреді, «өзі-өзіне құрметтеуге лайық, өз бетімен таңдау жасай алатын тұлға ретінде қарау» (Роджерс К.) өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне сену, өз табиғатына, өзінің организміне сенімдік таныту. Әсіресе соңғысын ерекше атап өткен жөн, себебі бұл жерде өзіне өзі сену деген тек қана өзінің мүмкіндіктеріне сенуді білдірмейді (эсіресе өз зердесі трғысынан ғана) тұтас организм санадан көрі мәнді, парасатты болуы мүмкін-дігін және жиі солай болып шығатынын түсінуді де білдіреді.

Күй кешудің ішкі тәжірибесін қабылдауга дайын болу. «Күй кешу тәжірибесі» - сыртқы дүние жағдаяттарымен бірге ішкі дүние қүбылыстарын субъективті түрде кешудің күрделі де үздіксіз үдерісін бейнелеу үшін қолданылатын гуманистік психологияның негізгі үұымдарының бірі. Тұлға күшті жэне ержеткен сайын ол психологиялық қорғаныстың бұрмалаушы ықпалынан еркін бола түседі жэне осы ішкі шындық дүниесін құлақ салып, сенуге болатын және «осы кезбен өмір сүруге» қабілетті ақиқат ретінде қарайды.

Өзін түсіну. Бұл критерий бойынша тұлғалық өсудің басты үрдістері төмендегілер: өзі-өзінің маңызды күйі (соның ішінде өзінің шын күйзелісін, мақсаттарын, ойларын жэне т.б қоса) туралы барынша нақты, толық және терең түсінік, маскалар астарынан, рөлдер жэне қорғаныстар арасынан шынайы өзін көру және есту қабілеті дұрыс және маңызды өзгерістерді сезінгіш жэне жаңа тәжірибені жинақтай алатын икемді «Мен тұжырымдамасы», шынайы - Мен — мен «идеалды - Меннің» жақындасуы.

Жауапты еркіндік. Өз-өзімен қарым-қатынас жасауында бүл ең алдымен, өз өмірін өзінше сүруге жауапкершілігін, өз еркіндігін түсіну мен қабылдауды білдіреді. Бұл сондай-ақ «ішкі бағалау локусін» - құндылықтарды таңдау және бағалау жағынан жауапкершілікті, сыртқы жағдайлардың қысымынан тәуелсіздікті білдіреді. Қорыта айтқанда, өз даралығын іске асыру алдындағы жауапкершілік.

Динамикалық. Тұлға үнемі үздіксіз өзгеріс үдерісінде өмір сүреді. Атап айтқанда, ересек тұға - міндетті түрде қалыптасушы тұлға, яғни тұлғаның өсуі оның тіршілік ету жолы болып табылады. Сондықтан да тұлғалық өсудің маңызды критерийі -өзгерістерді тез қабылдауы, икемділігі, динамикалығы, өзінің даралығын сақтай отырып, көкейтесті қайшылықты мәселені шешу арқылы дамуы, «үнемі үдерісте болуы» - «әлдебір қатып қалған мақсатқа айналғаннан көрі туып келе жатқан мүмкіндіктердің үдерісі болуы» (К.Роджерс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет