Кеңес психологтары мен отандық психолог-ғалымдардың тұлга жөніндегі теориялары, пікірлері. Кеңес психологиясында тұлға саласындағы неғүрлым танымал зерттеулер Н. Я. Грот, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Л. И. Божович, К. А. Абульханова-Славская және т.б. көрнекті ғалым-психологтардың теориялық еңбектерімен тығыз байланысты.
К.А. Абульханова-Славская түлғаның мәнін әлеуметтік белгілерден: адамның басқа адамдармен ара қатынасындағы алатын орны, сол сияқты өмірлік мақсаттары мен өзін-өзі үстау тэсілдерінің айқындамасын қарастырады. Адам өмірлік айқындамасын, өмірдегі өз орнын саналы түрде анықтайды, тұлға ретінде өзін-өзі анықтаудың субъектісі болып табылады. Тұлға дегеніміз - «мәдениет кеңістігі мен тарихи кезеңдерде өз айқындамасын еркін анықтап, меңгерген субъект» [61, 62-6.], ол -іс-эрекет тәсілі, болмыс бейнесі, адамның өмір сүру тәсілі. Болмыстың жеке тәсілі - тектік әмбебап мән ретіндегі, яғни «үнемі өзінің шегінен шығып кететін, тұлгалық мэнінде толыкқанды іске асыруға қол жеткізетін» адамның негізгі қажеттілігін білдіретін мәдени және рухани өмірінің бастапқы деңгейі [61].
Н.Я. Грот өзіндік сана-сезімді адамның сана-сезімі қалыптасуының жоғарғы сатысы ретінде қарастырды. Ол түлғаның дамуындағы өзара байланысқан үш үдерісін - бейсаналылықтың, сана-сезімнің және өзіндік сана-сезімнің өзгеруін атап көрсетті. Н.Я. Гроттың пікірінше, адамның өзін жете түсінуі оның ақыл-ой әрекетінде және мінез-құлқында еркіндіктің дамуына әкеліп соқтырады, нәтижесінде адам сыртқы ықпалдардан қүтылады [49].
Л.С. Выготский адам үшін мәдениеттің атқаратын рөлін жоғары бағалады. Өзінің «Өнер психологиясы» атты іргелі еңбегінде Выготский өнер туындыларының адамга әсер етуі түлғаны өзгертуші амал-тэсіл, «зор.., солғын және қысыңқы күштер» туғызушы қүрал болып табылады
Г.Г. Шпет те психологияның мәдениет туралы ғылыммен өзара байланысы жөніндегі пайымдауларды дамытты. Тұлғаны зерттей отырып, ол өнерді қабылдау үдерісіндегі мэдени өзіндік сана-сезімге баса назар аударды. Ол қабылдаудың үш деңгейін атап көрсетті: шынайы, мінсіз және рухани. Шпеттің ойынша, өнер -берілетін ақпаратпен қатар жүретін субъективтік білім жэне автордың оган деген көзқарасы (тындаушыларға, бақылаушыларга ықпал ету). Атап айтқанда, өнерді қабылдау үдерісінде, әсерлену үдерісінде адам өзінің қандай да бір мәдениетке деген, сол сияқты өзінің өзіне деген көзқарасын анықтайды.
Л.И. Божович ұсынған теорияны тұлғаның мектепке дейінгі сәбилік кезеңінен жастық шагына дейінгі даму кезеңін қамтитын және тұлғаны сипаттау үшін адамның ішкі қасиеттері мен ерекшеліктерін сипаттайтын ұғымдар қолданылатын психодинамикалық, эксперименттік салаға жатқызуға болады. Л.С. Выготский мен Л.И. Божовичтің дамудың жетекші әрекеттері мен әлеуметтік жағдаяттары туралы ұғымдарға сүйене отырып енгізген қағидалары бала өмірінің түрлі кезеңдеріндегі іс-әрекеттің өзара байланыстылығы мен тұлғааралық карым-қатынасының күрделі динамикасында оның өмірге деген көзқарасы, яғни ішкі айқындамасы қалыптасады. Бұл айқындама - тұлғаның негізгі сипаттамаларының бірі, оның іс-әрекетіндегі жетекші түрткілердің жиынтығы болып саналатын дамуының алғышарты. Л.И. Божович анықтағандай, «психикалық дамудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізген адамды» тұлға деп түсіну керек. Бұл деңгей «адам өзін-өзі тану үдерісінде өзін өзі басқа адамдардан айрықша және «Мен» ұғымы арқылы көрінетін бір тұтастық ретінде қабылдай бастайтын» жай-күйі. Л.И. Божовичтің пікірінше, адам өзін тұлға деп атау үшін оның «салыстырмалы түрде түрақты және өзінің жеке ұстанымына жат орта әсеріне тәуелсіз ететін өзіндік көзқарасы, өзіндік моральдық талаптары мен бағалаулары» болуы керек
Тұлға дамуын зерттеуге А.В. Петровский де біршама үлес қосты. Ол түлға дамуының үш кезенді тұжырымдамасын ұсынды: бейімделу (балалық), тұлғалану (жасөспірім шақ), ықпалдасу (жастық шақ). Адам үшін басқа адамдармен жағымды қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы туралы идея бұл теорияның негізгі түйіні болып табылады.
СЛ. Рубинштейн өз еңбектерінде оқыту үдерісінде адамға білім беру, шеберлікке және дағдыға баулумен қатар тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығына баса назар аударды. Осыған байланысты ол педагог пен оқушылар арасындагы қарым-қатынасты ізгілендіру үдерісіне аса көңіл бөлді, «Өзін-өзі тану» курсы да бұл мәселеге аса мән беріп отыр. Оқытушының оқушылармен жылы, шынайы және сенімді қарым-қатынас жасауға ұмтылуы қажет [63].
А.Н. Леонтьев өзінің «іс-әрекет» ұғымын басты орынға қоятын тұлға құрылымы мен дамуы туралы тұжырымдамасын ұсынды. А.Н. Леонтьевтің теориясын адамның бүкіл өмірін қамтитын және тұлғаны психология (түрткілер) және мінез-құлық (іс-әрекет) терминдерімен сипаттайтын психодинамикалық, эксперименттік, қүрылымдық-динамикалық деп бағалауга болады. А.Н. Леонтьевтің пікірінше, тұлғаның уәжділік саласы оның негізгі ішкі сипаттамасы болып табылады. Оның теориясындағы тағы бір маңызды ұғым - адам іс-әрекетінің мақсаттық, яғни оған түрткі болатын бағдарын білдіретін «тұлғалық мағына». Адам атқаратын іс-әрекет неғұрлым кең және жан-жақты болса, ол соғұрлым дамыған және ретке келген боып саналады
«Іс-әрекет» ұғымын енгізу психология ғылымының дамуындағы айтарлықтай қадам болды. Психология ғылымында іс-әрекет индивидке тән, осы индивидтің қоршаған ортаға қатынасын айкындайтын және индивидтің байланысы мен оның өмір сүру жағдайларын жүзеге асыратын үдеріс ретінде қарастырылады. Іс-әрекеттің талдамасы, оның психологиялық ерекшеліктері сонымен бірге түлғаның нақты ерекшелігінің талдамасы болып табылады.
А.Н. Леонтьевтің пайымдауынша, кез келген іс-әрекет қажеттіліктермен тығыз байланысты болады. Іс-әрекеттің жалпы бағытын қажеттілік айқындайды [64]. Қажеттілік ұғымымен қатар түрткі үғымы да іс-әрекеттің маңызды сипаттамасын құрайды. Түрткілер адам үшін осы іс-әрекеттердің қаншалықты маңызды екендігін анықтайды. Түрткі адам іс-әрекетінің тұлғалық мағына-сын анықтайды, түрткі - адамға түрткі болатын нәрсе. Барлық түрткілердің ішінен жетекші түрткіні атап көрсетуге болады. А.Н. Леонтьевтің ойынша, ол сөзсіз барлық адамда болады. Себебі адам өмірінде басты орын алатын айқын, жетекші іс-әрекетімен сипатталатын жэне осы тұлғаның түрткілік аясын анықтайтын жетекші, тұрақты және жекеленген түрткілері бар адам ғана тұлға болып саналады. Адамның тұлғасын жағымды жағынан сипаттай отыра, біз әдетте, оның өмірінің біртұтас өзегі, үлкен өмірлік мақсаты бар дейміз.
Қазақстандық психолог-ғалымдар тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы жөнінде « бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тогысуы» дей келе, қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне алынған идеялардың бірі - өзін-өзі тану мәселесіне кеңінен тоқталады. Бұл дегеніміз - адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуының нақты тәрбиеде жобалануы [65].
Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярованың пайымдауынша, тәрбие мазмүнындағы маңызды элемент - адамның өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным - бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамтымайтын өте кең үғым. Өмірлік өзін-өзі аныктау мәдениеті адамды өз бакытының және өз өмірінің субьектісі ретінде анықтайды. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық жэне адамгершшік өзшдік танымы қалыптасады [ 65, 52-53 бб.].
Тұлғаның жан-жақты дамуына арқау болатын Мағжан Жұмабаевтың айтқан «Тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» [66] деген пікіріне қосыла отырып, С.Әбенбаев әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан-жақты әрі үйлесімді дамыту қажеттілігі туралы пікірін айтады. Жеке тұлғаны барлық жағынан қалыптастыруда тәрбие салаларының міндеттерін жүзеге асыру, олардың бірлігі мен өзара байланысын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқтала келіп, ғалым тәрбиелік іс-шараларды үйымдастыруды кешенді түрде жүргізу керектігін атап көрсетеді. Тұлғаны біртұтастық принципін-де қалыптастыру мәселесіне назар аудара отырып, тәрбие салаларының бір-бірінен оқшауланбай, тығыз байланыста жэне өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы нәтижесінде индивид жан-жақты үйлесімді қалыптасқан тұлға ретінде дамиды деп тұжырымдайды [67, 28-29 бб.]. Ғалым: «Жан-жақгы үйлесімді қалыптасқан тұлға деп - әзінің бойындағы рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетілгендікті үйлестіре, ұштастыра білген, сана-сезімі жоғары, өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, ізгіленген және қаракетшіл тұлғаны айтуға болады», - деп атап көрсетеді [67, 30-6]. Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға эзірлеу міндеттері, тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде үйымдастыру қажеттілігі туралы Ж.Б. Қоянбаев жэне P.M. Қоянбаев та өз пікірлерін білдірген [68, 70-6.].
Өзін-өзі тану арқылы оқыту, тәрбиелеу процесіндегі тұлғалық-бағдарлық бағыты дегеніміз - «педагогикалық процесті жобалап, бағдарлауда тұлғаны мақсат, субьект, оның нәтижесі және негізгі өлшемі ретінде қарастыру. Тұлғалық көзқарас, негізінен, сонымен бірге бала жайында терең білім, оның туғаннан өзіндік қасиеттері мен мүмкіншіліктері, қабілеттерін жетік білу және оны басқалар немесе өзі қалай қабылдайды, міне осы жайындағы көзқарастар жүйесі» [67,32].
Тұлғаның Э. Эриксон бойынша өмірлік жолының кезеңдері. «Тұлға» категориясының мазмұнын түсіну үшін оның даму кезендерін (персоногенез кезеңдерін) анықтап алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |