«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет25/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

Төртінші саты - алтыдан жетіге дейінгі жас, бастауыш мектеп жылдары. Бүл сатының психоэлеуметтік параметрлері бір жағынан іскерлігімен және екінші жағынан кемістік сезімімен сипатталады. Осы сатыда бала оқуға деген ынтасын қалыптастыруы мүмкін. Баланың дедукцияға, ұйымдасқан ойындарға, регламенттелген сабақтарға деген қабілеті дамиды. Енді балалар кезектілікті сақтау қажет етілетін ойындарды ойнайды. Осы кезенде баланың заттар қалай жасалатынына, оларды қандай нәрсеге икемдеуге болатындыгына қызығушылығы артады. Балаларды көтермелесе, олар түрлі үлгілерді жасайды, салады, пісіреді және қолөнермен айналысады, оларға бастаған ісін аяқтауга рұқсат берсе, нәтижелері үшінмақтаса және мадақтаса, оларда іскерлік пен техникалық шығармашылық пайда болады.

Бесінші саты он екіден он сегіз жасқа дейінгі кезеңці қамтиды. Тұлға дамуының бүл сатысы ең терең дағдарысымен сипатталады. Балалық шақ аяқталады. Сана-сезімнің бірінші тұтас пішімін қалыптастырудың уақыты жетті.

Жеткіншек алдында психоәлеуметтік сәйкестілік міндеті тұрады. Оны: «басқалардың алдында мен қалай көрінемін», «мен кіммін» деген мәселелер алаңцатып, толғандырады. Оның алдында жеке дара кабілеттеріне, меңгерген іскерліктеріне және қоғамдық талаптарга сай келетін өзінің кәсібін табу міндеті түрады. Ол өзі туралы мектеп оқушысы, ата-анасының баласы, спортшы және т.б. ретінде барлық деректерді жинақтаумен болады. Жеткіншек осы рөлдердің бэрін жинақтап, саралауы қажет, оларды өзінің өткен өмірімен және болашағымен байланыстыруы керек.

Өмір циклінің алтыншы сатысы (жастық шақтың соңы - орта жастың басы): қырындау мен отбасылық өмірдің бастапқы жылдары. Бұл сатының мазмұны - өмірлік серігін іздестіру, басқалармен тығыз ынтымақтастықта болу, өзінің әлеуметтік тобының мүшелерімен жақын достық байланыстарға тырысу. Сатының өлшемдері жақындықтың жағымды полюсі мен жалғыздықтың жағымсыз полюс і арасында болғандыктан, оны Э.Эриксон «жақындық және жалғыздық» деп атаған. Жақындық -бұл басқа адамға қамқорлық жасау және өзін жоғалтып алуға қорықпастан, басқалармен барлық маңызды мәселелерді бірлесіп шешу қабілеті.

Жетінші сатыда түлганың жаңа өлшемдері көрсеткіші пайда болады. Оның бір жағында жалпыадамзаттық қабілеттер мен күндылықтар, ал екінші жағында өзіне-өзі үңілушілік байқалады. Жалпыадамзаттық деп Э.Эриксон адамның өзінің отбасынан тыс адамдардың өміріне қызығушылық танытуын, өсіп келе жатқан ұрпақтың өмірі, қоғамның нысандары мен болашақтағы өмірді жайғастыру туралы ойлану қабілетін атайды. Болашақ ұрпаққа деген қызығушылықты таныту міндетті түрде өзінің балалы болуына байланысты емес - ол жастар туралы және болашақтағы адамдар жеңіл өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қам жейтін әркімде де болуы мүмкін.

Эриксонның жіктемесінің соңгы сегізінші сатысы өмірдің негізгі функциясы аяқталатын және ойлану мен ойнау уақыты келетін кезең болып табылады. Өткен өміріне қарап, қанағаттана алатын адам ғана өмірді тұтастай, мағыналы сезіне алады. Адамдар мен әлеуметтік құндылықтарға қамқорлық жасаған, өмірге тән табыстары мен өкініштеріне бейімделген адамда біртіндеп барлық алдыңғы жеті сатының жемісі - тұлғаның тұтастығы кемелденеді. Нәтижесінде Э.Эриксон өлім алдында өмірге бейкам қарау деп анықтағандай даналық келеді. Осылайша, Эриксон дара психикалық дамуды мәдениеттің әсерімен байланыстыруға талпыныс жасады. Ол эпигенез барысында негізгі міндеттерді шешуде жағымды және жағымсыз беталыстардың (бағыттардың) күресі нәтижесінде адамның басты ізгіліктері, қасиет, қабілеттерінің қалыптасатынын көрсетті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет