«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет36/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
3. Қалыптанудың гуманистік мәні
3.1. Педагогикалық ой-пікір тарихындағы қалыптанудың гуманистік багдарлары
Адам бойындағы адамшылықтың дамуы ретіндегі қалыптану идеясының тарихи тамыры тереңде жатыр. X. Ортега-и-Гассет: «адам өмірі - негізгі шындық. Оның бүрын-сонды болып көрмеген, ғажайып шындық екендігін айтпай кетуге болмайды, өйткені барлық басқа шындықтар онымен байланыста болады, олар яғни, шынайы немесе ықтимал шындықтар қалай болса да, адам өмірінде көрініс береді,» - деп, тарихтағы адам өлшемдерінің қажеттілігіне баса назар аударады. [80, 437-6.].

Өзін-өзі тануды «адам бойындағы адамшылықтың көбеюі» ретінде пайымдап түсіндіруді негіздеу үшін біз адамзаттың педагогикалық мұрасының өзін-өзі дұрыс тануға және түсінуге, үйлесімді тұлға болып қалыптасуы мен дамуының негізгі факторларын сезінуге, қалыптану кезінде шынайы ізгілік бағыттарының күшею кезеңдерін қадағалауга мүмкіндік беретін жақтарына назар аударамыз. Қалыптанудың антропологиялық негіздемелеріне Г.Б.Корнетов кеңінен тоқталып өтеді [81].

«Қалыптану» ұғымы адамның қалыптасу үдерісі, оның адами бейнеге ие болуы, білім мен мәдениетке ұмтылысы мағынасында Ежелгі Грекияның атақты пайдейясынан (б.э.д. V-IV ғ.ғ.) бастау алады. «Антик сөздігінде» пайдейяға: «жалпы алғанда, калыптану дегеніміз - адамның бүкіл қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын тәндік жэне руханилық жағынан үйлесімді түрде калыптасуы» деген анықтама берілген [82, 406-6.]. Бастапқыда пайдейяға «толық мағынасында адам болып қалыптасқан адамның рухани дамуының барлық мүмкіндіктері жүзеге асқан, толыққанды күйі» ретінде түсінік берілген болатын [83, 142-6.].

Ежелгі гректер пайдейяны «адамның даналық, қайсарлық, саналылық, әділдік және басқа да әскери, азаматтық, адамгершілік, парасаттылық ізгіліктер (арете) арқылы рухани және тән түрғысынан кемелдендіру мұраттарына ұмтылу барысында өзін өзгерте отырып, өтетін» жолы деп түсінді [84, 26-6.].

Бұл пайдейяны латынның humanitas - гуманизм сөзінің мағыналық баламасы ретіндегі «қалыптану нәтижесі» мағынасында түсінуге негіз болды [85, 196-6.]. Гуманизмді адамның табиғи, жаратылу, жабайылық күйден алшақтау дәрежесін көрсететін қүндылықгарды қамтамасыз ететін адамның рухани мәдениетке ие болу үдерісі ретінде түсіну алғаш рет Цицерон есімімен байланыс-тырылады.

Адамның ізгіліктік қалыптануы ерікті, азат адамға лайықты қалыптану ретінде қарастырылды. Ежелгі Римде қалыптасқан білім беру жүйесіне сәйкес «нағыз римдіктер жоғарғы білім беру курсын аяқтаған соң даналықтың (sapientia) және білімділіктің (humanitas) жоғарғы ғылым саласында жан-жақты танымның иесі болып қана қоймай, сонымен бірге тамаша адамгершілік қасиеттердің де... және оның ақырғы шыңы болып табылатын жалпы моральдық кемелдікке (humanitas) ие болады»

Ортағасырлық христиан дәстүрінде адам «жаратылыс шыңы» ретінде қарастырылады. Ол өзін қалыптандыра отырып, өзіне тән күнәһарлықган арылады, бастапқы пәк бейнесіне ұмтылады. Ортағасырлық мистика қойнауында «қалыптану» ұғымының мағынасы адам жанының тәубаға келуі, тазаруы және пәк табиғатқа сүйенуі арқылы шындалады.

Шығыстың көптеген ғұлама ойшылдарының рухани мұралары әуелден бастап гуманистік идеялармен қаныққан. Мәселен, ғалым- энциклопедист Әл-Фараби оқыту, тәрбиелеу, мадақтау, мақтау, бетіне басу, мәжбүрлеу, бақыт, білім, дағдылар, әдеттер, қабілеттер жэне т.б. сияқты педагогикалық категорияларға баса назар аударды. Ол қүрастырған ғылыми білім құрылымында педагогика этикамен бірге саяси (азаматтық) ғылым саласына кіреді. Әл-Фарабидің пікірінше, тәрбие дегеніміз - адамды этикалық білімге негізделген ізгілікпен және өнермен сусындату. Ол түлғаны тәрбиелеудің міндеті - оның бойында жақсы қасиеттердің дамуына ықпал ету деп есептеді. Жақсы мінезге ұстамды әрекет ету кезінде қол жеткізуге болады, ал жаман мінез -жан сырқаты.

Әл-Фарабидің ойынша, сезім мүшелері кемеліне толган, қүрыштай қисын, тамаша жад, қырағы байқағыштық, өткір тіл, танымга күштарлық, тамақ пен сусынға сұқтанбау, шындықты сүйіп, өтірікті жаны сүймеу, ақша және өзге де өмір игіліктеріне енжарлық (бей-жайлық), әділдік, батылдық, ер жүректілік және т.б. қасиеттерді жинактай білген адам ғана нағыз тэрбиеші бола алады.

Индивидтің қоғамдағы орнын өзі қол жеткізген кемелдік деңгейімен салыстыра отырып, Әл-Фараби бір жағынан, табиғи дарындылыктың, екінші жағынан үйрену мен ерік күштің ара қатынасы жөнінде мәселе көтереді. Қорытындысында тән және рухани қасиеттері жарасқан: тәні сау, ақылы айқын, қиялга бай, жады тамаша, сөзі анық, сезімдері парасатты, жаны жайсаң, үйлесімді дамыған түлға пайда болады. Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарының ішінде адамгершілік пен кемелденген тұлға тәрбиелеу мәселесі үлкен орын алады. Ол тән рақатынан бас тартуға қабілетті жэне жағдаятпен бетпе-бет кездескенде көңіл күйін қалыпты үстайтын адамда қай жағынан алып қарасаң да ізгілік қалыптастыруды қалыптанудың мақсаты деп таныды. Қалыптану дегеніміз - әл-Фарабидің ойынша, шынайы ізгілік пен бақытқа апаратын адамның адамгершілік және ақыл-ой дағдыларын қалыптастыруда сенімді басшылық жасайды. Оның үйлесімді дамыған тұлға және кемелденуге қол жеткізу туралы ілімі адамның нағыз рухани азат болуына ықпал етті [9].

Еуропалық Қайта өрлеу дэуірінің идеологтары адамды ғаламның келелі түйіні ретінде қарап, оның жеке дербестігі мен тәуелсіздігін негіздей отыра, «қалыптану» ұғымына ұтымды мағына берді. Яғни, адамның туа пайда болған талаптарын дамыту жэне өрістету қажеттілігіне баса назар аударды. Я.А. Коменский адамды жақсылық пен қоғамға пайда келтіру мүраттарына сэйкес калыптасуға шақыра отырып, адамгершілік тэрбиесі туралы мэселеге аса мэн берді. Оның негізгі еңбектерінде, эсіресе «Ұлы дидактика», «Жалпыға ортақ кеңесте» адами түлгаға жоғары сенім білдіреді. Адамның өркендеп өсуі педагогиканың негізін қалаушы ғалымның аңсаған арманы болды.

Балаға адамгершілікпен қарау қажеттілігі Я.А. Коменскийдің барлық педагогикалық мүраларында айқын көрініс берді. «Ұлы дидактиканың» алғашқы жолдарында: «Адам - ең жогарғы, аса кемелденген, өте тамаша тіршілік иесі», - деп жазылған [86, 5-6.]. Я.А. Коменский даналық, сабырлылық, батылдық, еңбекке төзімділік, әділдік, адалдық және т.б. адами ізгі қасиеттердің барлығын балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқына сіңіруге шақырды. Бұл ізгіліктердің барлыгын нақты іспен және тиісті әрекеттермен үнемі нығайып отыратын тиісті уағыздар арқылы адам бойына жастайынан сіңіріп отыру керек.

Я.А. Коменский адамгершілік тәрбиесі үдерісінде педогогтің өз бойындағы адамгершілік қасиеттерін, сол сияқты тарих пен классикалық әдебиеттерден алынган үлгілерге баса көңіл бөліп, оларды өнегесіз адамдардың зиянды ықпалдарынан жэне адамның адамгершілігіне кері эсер ететін түрлі себептерден қорғау балаларға адамгершілік тәрбие берудің ең басты шарты деп есептейді.

Я.А. Коменскийдің айтуынша, бірінші орында - «діндарлық», яғни жан азығы; екінші орында - «ізгі ниет», ягни адами өзара түсіністік заңдары; үшінші кезекте - «таным», яғни дарын иесі болуы керек. Ең бастысы «діндарлық», өйткені онда жер бетіндегі және болашақта арман еткен өмір бар.

Одан кейінгі екінші орынды адамдармен қарым-қатынас жасау үшін өмір бойы пайдасы бар «ізгі ниет» алуы керек. Ол туралы: «Ғылымда жетістіктерге жетіп, адамгершілігі ақсап қалған адамның жетістігінен гөрі қалып қоюы басым» , - деген сөзі кеңінен тарады [87, 437-6.]. Әсіресе бәрінің де жастайынан жалқаулыққа бой ұрмай, еңбек ету мен адамгершілікке әдеттенуге баулу керек.

Я.А. Коменскийдің танымды соңғы орынға қою себебі неде? КоУенскийдің айтуынша, жауабы мынадай: «Әсемдікке тек әсемдік үшін үмтылу зиянды».

«Қалыптану» терминін адамның рухани және тәндік бейнесін калыптастыру, өздігінен дамудың сыртқы әсерлерге қарама-қайшы жалпы рухани үдерісі ретінде қарастырған И.Г. Песталоцци оны ғылыми айналымға енгізді. [88, 95-6.].

Неміс ағартушысы И.Г. Гердердің қалыптану терминінің мағынасы жөніндегі түсінігі бізге жақынырақ. Ғалым оны адамзат сипатының негізін құрайтын ізгіліктің өсуі ретінде қарастырады. Оның ойынша, адам туғаннан бастап тек біртіндеп қана құралатын адамның ішкі руханилығының қалыптасуын қамтамасыз ететін ізгілікті өз бойына жинақтау қабілетіне ие болады. Дүниеге келген сәттен бастап адам ең бастысы өзінің ішкі кейпін, адами тұлғасын тауып алуға тырысады. Тәрбиенің және элеуметтенудің арқасында адам алдыңғы ұрпақтың тэжірибесіне сүйене отырып, оны қолданады жэне дамыта түседі. Неміс ойшылы адамның қалыптану үдерісін «өсіру», яғни жер өндеу немесе ағарту деп атады. Оның пікірінше, «ізгіліктің үдей түсуі» «адамшылықтың артуы» болып табылады, ол тек қоғамда ғана, адамдар құраған мәдениет, жан-жақты жалпыадамзаттық қүндылықтар кеңістігінде ғана бола алады [89].

Г. Гегель қалыптануды адам бойындағы жалпыга ортақ, саналы бастау ретінде түсіндіреді. Ол адам табиғатын «еркін мэн» бейнесі арқылы анықтайды. Гегельдің пікірінше, бірегей және жалпыға ортақ мәні бар адамның басты парызы - өзін тек тән жағынан гана емес, жекеленген мәнісін жалпыға ортақ жаратылысына дейін көтеру, яғни өзін калыптандыру болып табылады. Адам тірі жан иесі ретінде мэндіні мәнсізден ажырата аламайды.

Саналы жэне руханиатты жан ретінде адам «табиғатынан солай болып тумайды», сондықтан да оның жануардан айырмашылығы қалыптануды қажет етеді. Қалыптану адамға өзінің екі жагын үйлестіруге, бірегейлігін өзінің саналы жағымен сәйкестендіруге, оны үстем ете отырып, еркіндік алуга мүмкіндік береді. Адам, тек калыптана отырып қана, әрекет ете алады.

Гегельдің ойынша, теориялық жағынан қалыптану адамның тікелей пайымдау шегінен шығуына мүмкіндік береді, объектінің субъективтік мүддесіз еркін дербестігін қабылдау, «өзінің пайымдау қабілеттерінің шегін» танып білу кабілетін қалыптастырады. Ол объективтік дүниені субъектінің меңгеруі барысында жүзеге аса отырып, оған жеке дара өмір сүрудің біржақтылығын, яғни субъектінің біржақтылығын жеңіп шыгуга мүмкіндік береді.

Іс жүзінде практикалық қалыптану адамның қажеттіліктер шегін, яғни өзін-өзі қорғау қажеттіліктерін сақтай отыра, оның табиғи қажеттіліктері мен кызығушылыктарын канағаттандыру мүмкіндіктерімен камтамасыз етеді. Ол адамның табиғи күйден шығып, одан арылуына, сонымен бірге өз тағдырын еркін таңдап алуға болатын «өзінің қабілеттілігіне» терең бойлауға ықпал етеді. Іс жүзінде қалыптану субъектінің өз қызығушылықтарын, қажеттіліктерін және бейімділіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, объектінің біржақтылыгын жояды.

Сөйтіп, Г. Гегельдің пікірінше, қалыптану дегеніміз - бұл адамның мәдениет шыңына көтерілуінің, табиғи жаратылысындағы шектеуден шығып, өзін рухани, саналы, еркін жан ретінде жүзеге асыруының амал-тәсілі. Ол қалыптану - адамның болмысы екендігіне баса көңіл боле отырып, «сана-сезім әлем өзінің субстанциясы екендігіне көз жеткізгендіктен, оны билеуге тырысады» деп есептейді. Ол қалыптанғандығының арқасында әлемге билік құруға қол жеткізеді [90].

Иоганн Фридрих Гербарт жалпы білім беру теориясын тұлғаның мэдени адамгершілігін, жеке даралығын дамытуға бағыттай отырып, гуманистік дәстүрдің лайықты ізбасары болды. Гербарттың антропологиялық-педагогикалық түжырымдамасы еуропалық педагогика дәстүріне адамды мәдени-табиғи тіршілік иесі ретінде қарау мәселесін енгізді. Ол педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық негіздемесіне баса назар аударды. Гербарттың ойынша, тұлғаның жеке рухани-адамгершілік мәдениетінің іргетасы адамның рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуінің міндетті шарты болып табылады. Тәрбие адамның бүтіннің бөлшегі ретінде және бірегей тұлға ретінде адамзат шыңына шығуын қамтамасыз етуі керек. Ол тәрбиеленушінің жеке тума қабілеттіліктерін көрсетеді және өзінің тағдырын мандайына (пешенесіне) жазылғанын жүзеге асыруға ықпал етеді. Гербарттың мұраты - «бәрі де барлыгына қатысты әуесқой жэне қайсыбір нысанға шебер болуы керек». Гербарт өзінің мәдени және ғылыми дамуы деңгейінде қалыптану үдерісін тиімділік пен эмоционалдық-сезінушіліктің біртұтастыгына құрудың негізін қалады. Гербарттың пайымдауынша, білім ғибадаты адамзаттың «көп ойлауынан», «көп



сезінуінен» кұралады жэне ол рухани мәдениет игілігіне айналды. Бұл адамның «ішінен» өсуі, өздігінен дамуы сиякты рухани-адамгершілік құндылықтар шыңына шығуы. Бұл педагогикалық қызмет адамның өздігінен дамуы, өзін-өзі тәрбиелеу және өздігінен білім алуын ынталандыру және ол үшін жағдайлар жасау өнері сияқты. Педагогикалық қызметтің басты нәтижесі тек білімді мәлімдеу ғана емес, ақыл-ой дербестігіне, өздігінен білім алу қабілетін арттыру болып табылады.

Ұлы орыс педагогі К.Д. Ушинскийдің шығармашылық мұрасы адамға деген сүйіспеншіліктен және терең қызығушылықтан тұрады. Ол қалыптануды біртұтас тарихи-мәдени үдеріс ретінде қарастыра отырып, ақыл-ойды дамыту мен адамгершілік тәрбиені жетекші орынға қойды. Олардың қалыптасу үдерісіне үш басты фактор: халықтық, православие және ғылым әсер етеді. К.Д. Ушинский осыларға сүйене отырып, халықтық білім берудің теориясы мен практикасының негіздерін қалады. Ол: «халықтың өзі құрған және халықтық бастауларға негізделген тәрбиенің дерексіз идеяларға негізделген ең жақсы жүйелерде жоқ тәрбиелік күші болады», - деп, халық педагогикасының мүмкіндігін жоғары бағалады [91, 321-6.].

К.Д. Ушинский «халықтығы жоқ халық - жаны жоқ денеге тең» деген қағидатты ұстанды және осы қағидатқа сүйене отырып, халықтық идеяның негізін қалады. Халықтық әдет-ғрыптарды, ырым-жораларды, дәстүрлерді терең біле отырып, ол «ата-баба даналығы - ұрпақтар айнасы», сондықтан да ол халықтың даму үдерісінде жанды бейне болып табылады деген тұжырым жасады. К.Д. Ушинскийдің көзқарасы бойынша, «адамгершілік сезім тұлғалық, өзімшілдік сезімдері сияқты біздің әрқайсысымыздың бойымызда бар» [92, 247-6.]. Адамгершілік білімдарлық пен ақыл-ой дамуының міндетті салдары екендігіне сенімді болмаған ғалым, сонымен қатар «отбасылық және қоғамдық тәрбие әдебиеттің, қоғамдық өмірдің және басқа қоғамдық күштермен қатар адам бойында адамгершілік абыройдың қалыптануында шешуші ықпал етеді», «тәрбиенің негізгі міндеті адамгершілік ықпал болып табылады», - деп атап өтті.

Ұлы орыс жазушысы Л.Н. Толстойдың рухани ізденістерге толы және адамға деген сүйіспеншілікпен жігерленген шығармашылығы әдебиеттің адамгершілік әлеуетіне әлел бола алады. Ол: «қалыптану үдерісі жемісті болу үшін, яғни адамзаттың неғұрлым жоғарғы игілікке ұмтылуына ыкпал етуі үшін ол еркін болуы қажет,» - деп, тұлғаның рухани дамуының басты шарты еркіндік екендігіне сенімді болды [93, 452-6.].

Өмір сүрудің мәнін іздеу, Отанының тағдыры туралы ой толғау Л.Н. Толстойды жалпыдамзаттық қүндылықтар орыс педагогикасының негізін қүрау керек деген гуманистік пікірге алып келеді. Ол: «Егер мұғалім өз ісін ғана жақсы көрсе, ол жақсы мұғалім. Егер мүгалім оқушыны әкесі, анасы сияқты жақсы көрсе, ол барлық кітапты оқып шыққан мұғалімнен артық болады, бірак өз ісіне, оқушыларға деген сүйіспеншілігі болмайды. Егер мұғалім өз ісіне және оқушыларга деген махаббатын ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім», - деп, ой қорытады [94, 57-6.].

Бұл көзқарас Л.Н. Толстойдың «қисық адамдарды түзету» туралы бастапқы идесын өзгертіп, түлғаны дербес өздігінен дүрысталу үдерісіндегі өз дәуірі үшін жаңа адамгершілік революциясы идеясын енгізуге мүмкіндік берді. Ол рухани дамуға және өздігінен кемелденуге ұмтыла отырып, басқаларды да соған шақырды. Л.Н. Толстой педагогикалық ғылымға қатысты тұлғаның еркін рухани дамуына кедергі болатын авторитаризмге, өктемділікке, ойлау жаттандылыгына (стеоротип) түбегейлі қарсы болды. Ол рухани-адамгершілігі бар адам адамдарды, жан-жануарларды, табиғатты жақсы көру нэтижесінде дүниеге келетіндігіне аса сенімді болды. Бұл ойлар оның парасаттылық заңы, қарым-қатынас заңдылықтары, адамгершілік түрғысынан кемелдену және шынайы еркіндік ретінде қарастырган «махаббат идеологиясына» сэйкес келді. Ол өзінің «Өмір үғымы» шығармасында: «Өмір үғымынан ажырамас мәселе - ол өмірдің қайдан шыққаны емес, қалай өмір сүру керек екендігі туралы мәселе; тек осы мәселені қозғай отырып қана өмірдің не екендігі туралы шешімге келуге болады». Біз үшін Л.Н. Толстойдың жалпыадамзаттық қүндылықтар мен мүраттарға сүйене отырып, этикалық ілімді өз тжырымдамасының жетекші идеясы ретінде қабылдауының маңызы зор.

Қазақтың агартушы, этнограф-ғалымы Ш. Уәлиханов адам-гершілік тұрғыдан қалыптану мәселесіне аса көңіл бөлді. Ол жастарға білім беру жэне тэрбиелеудің ғылыми негізделген тжырымдамасының негізін қалады. Ол ділдің («ұлттық рухтың»)әр халыққа тән екендігін және оның табиғи ортаға, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты болатындығына көз жеткізді. Ғалымның ойынша: «Халықтың үнемі езгіде болуы, зорлық-зомбылық және әділетсіздік көруі сенімсіздік және өтірікшілдік сияқты нашар қасиеттердің дамуына әсер етеді» [95, 2-Т., 165-6.]. Ш. Улиханов халық мінезінің тамаша бастаулары қатарына тіл табысқыштық, кең пейілділік, еңбекқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді жатқызады. Ол бастапқыда жалпы қауымның адамгершілік әлеуеті жоғары болатындығына сенімді болды. Алайда халық үнемі езгі, зорлық-зомбылық және әділетсіздікке душар болып отыратындықтан, адамгершілік қасиеттері толықтай көріне алмайды. Яғни, адамды қанаушылық, әділетсіздік бар жерде ешқандай адамгершілік қасиеттерді дамыту мүмкін емес. Бостандық, тәуелсіздік, тендік алған кезде ғана халықтың адамгершілігі жоғары болады. Сондықтан да адамдардың бойында ізгі қасиеттерді дамытудың басты талабы -бостандық болып табылады. Алайда адамдардың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін бір ғана бостандық жеткіліксіз, себебі бостандықтың өзін дұрыс пайдалана білу керек. Ойшылдың пікірінше, тек сауатты адамдар ғана бостандықты дұрыс пайдалана алады. Сөйтіп, білім адам бойында жақсы қасиеттерді дамытудың аса маңызды факторы және негізгі шарты болып табылады.

Шоқан Уәлиханов арнайы педагогикалық трактаттар жазған жоқ, бірақ та өз халқының сауатын ашуға және ғылымын дамытуға зор үлес қосты. Ол тәрбиелеуде және білім беруде халықтық қағидаттарды басшылыққа алу керек деп есептеп, Қазақстанда «шы­найы білім» ордасына айналатын мектеп салуды талап етті. «Тек шынайы білім ғана күдіктен арылтады, тек сол ғана өмірді жэне материалдық молшылықты бағалауға үйретеді» [95, 2-Т., 165-6.]. Халықтық трбиенің жаңа жүйесін қүра отырып, Ш. Уәлиханов өскелең 9рпақты ғылым мен техника жетістіктерімен, элемдік мэдениет байлықтарымен таныстыратын зиялы білімді енгізуді талап етті. Ол көлемі жағынан кең, мазмұны жағынан терең ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, қазақ ағартушыларының ішінен бірінші болып табиғатты, тарихты, өз халқының түрмысы мен мәдениетін оқытуға үлкен үлес қосты.

Абайдың шығармашылық мұрасы гуманистік дэстүрдің айқын көрінісі болып табылады. Ағарту ісі Абайдың түсіндіруінде адам мен қоғамның кемелдену қүралы ретінде қарастырылады. Абай адамды жан мен ақыл-ойлы тұтас тұлға ретінде түсінеді. Абай үшін адам - әлемнің өзегі. Руханилық - адам бойына кітаптар, халық аңыздары, онер жэне рухани тәжірибе арқылы сіңетін бастау. Мэдениет элемін меңгере отырып, адам түрлі идеялар мен мұраттарды, тілдер мен мінез-кұлық нормаларын қабылдайды. Адами түлға қүрылымындағы өзіндік сана-сезімнің рөлін жоғары бағалай отырып, Абай қазақ халқының жалпыадамзаттық үмтылысын және ділінің өзіндік мәнін айқындап берді. Абайдың пайымдауындағы адамгершілік формуласы: «Адам бол!». Қазақ халқы ізгілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды, бала тэрбиесінде үлкендерді, жақындарын сыйлау және қүрметтеу жоғары орынға қойылады. «Ар», «Намыс», «Сыйластық», «сіз бен біз» ұғымдарын қастерлейді.

Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог-ағартушы, ақын жэне прозаик Ыбырай Алтынсарин қазақ халқына білім беру үшін орта мектептер құру туралы ойларын халыққа жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Оқимын деген жастар мен мұғалімдердің өз білімін көтеруіне қолдан келгенше жағдай жасамақ болды.

Ақын-ағартушы Шәкәрімнің көзқарастары қыр халқының жас ұрпақты өсіру мен оқытып тәрбиелеудегі талаптарына сүйеніп негізделген. Ол таза ұлттық ортадан шығып, дала педагогикасы обьектісі болып, ұлттық рухтагы тәлімді өз басынан өткізген кезі келгенде ұлттық пен жалпыадамдық педагогиканың субьектісі мен зерттеушісіне айналды. Шәкәрімнің лингвистикалық талаптары дүние жүзіндегі елдердің ғүламаларымен таныстырып, солардың демократиялық, гуманистік идеяларына сәйкес өзіндік көзқарастарын түйіндеуге мүмкіндік берді. Ол Шығыс жэне Батыс мәдениетін меңгеріп, жалпыадамдық кұндылықтарды, соның ішінде этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, моральдық кон-цепцияларды философиялық лирикасында, ғылыми трактаттарын-да шынықтырып дамытқан [68, 400-402 бб. ].

Ахмет Байтұрсынов - қазақ мәдениетінің тарихында үлкен, бір дәуірді\алып жатқан алып түлға. Ол Омбыда жұмыс істей жүріп, Ақмола, Семей өңірлерінің оку жүйесін басқарды. Осы кезенде қазақтарды оқыту Ахметтің ой түюінше өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың халық алдындағы парызы - деп түсінеді. Ал Мағжан

ұтаптырмайтын үлгі, тұңғыш қолтума окулық. Мағжанның пайымдауынша, бұл кітап, баланың бесікке салған күнінен бастап, тәй-тәй басқан әр қадамына, елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз жігіт, азамат болады, осы заманғы өркениет өресіне қол артады - деп толгануы ғажап пікір, нағыз педагогикалық толғаныс, таза шешім [68, 415-416 бб. ].

Абайдан сусындаған, оның жан-жақты да күрделі дүние-танымын өз заманында өте жақсы түсінген, оны өзінің бас ұстазы санаған Жүсіпбек Аймауытлы «Ғылымсыз білім сыңаржақ: ғылым білімді ұлғайтады; ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол — тәрбие. Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жүмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, ягни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды...» - деп пайымдаған. Ағартушының педагогикалық көзқарастары адамга, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімінен басталады [68, 417-418 66].

Қазақтың жоғарыда аттары аталып өткен ағартушы-ғалымдарының педагогикалық идеялары мен көзқарастарын ілгері жылжытып, дамытуда Т.Тәжібаев, Ә.І.Сембаев, Қ.Бержанов, Г.А. Уманов, Қ.Жарықбаев т.б. ғалым-педагогтардың үлесі зор. Олардың еңбектері мен ізденістері жаңа адамды дамыту, қалыптастыру және тәрбиелеу мәселелеріне арналды.

Философиялық герменевтиканың көрнекті өкілі Г.-Х. Гадамер өзінің «Ақиқат жэне эдіс» атты іргелі зерттеуінде жетекші гуманистік үғымдарды талдауды «қалыптану» категориясын қарастырудан бастайды. Ол «қалыптану» үғымын «бейімділігін өркендету» ұғымынан жогары қояды. Себебі соңғысы белгілі бір қүралдардың көмегімен даму болып табылады, ал қалыптану үдерісінде, керісінше, қалай және ненің арқасында білім алатын нэрсе тұтастай және толығымен қамтылуы қажет. Бұл мағынасында қалыптану өзі түйіскеннің барлығын да қамтиды, бірақ олардың барлығы өз қызметінен айырылған құрал ретінде ғана енбейді. Керісінше, алынған білімде ештеңе де жоғалмайды, қайта сақталып қалады. Онда қалыптану нэтижесі қалыптасудың ішкі үдерісінен туындайды, «сондықтан да жалғасу және ниеттік (қалау) күйінде болады..Неміс философының пікірінше, қалыптану негізінде тәжірибе мен көзқарас мәселесі емес, болмыстЫң бұрынғы пайда болу мәселесі. Гегельдің дәстүрін жалғастыра отырып, ол қалыптану болмыстың өзіне қатысты жалпы қанағатшылдық сезім мен арақашықтық сезімдерді қамтиды деп пайымдайды. Атап айтқанда қалыптану арқылы «өзінен жоғары жалпыға көтерілу» жүзеге асады. Г.-Х. Гадамер қалыптанудан адамға мәдениеттің қарым-қатынас жасау кеңістігіне кіруге, әлемді небір мэтін ретінде меңгеруге, оны өзіндік мәнмен толықтыруга мүмкіндік беретін негізді көреді [96].

Философиялық антропологияның классигі М. Шелер қалыптанудың үлт, мәдени орталар және жекеленген адамның жеке және бірден-бір «тағдыры» (үйғарымы) болып табылатындыгына сенімді болды. Ол адамның қалыптануын «сиішга апіті» (лат.) «жан мэдениеті» ретінде бағалайды. М. Шелердің ойынша, жанның қалыптануы бір жагынан, адамның жеке басының ерекшелігі мен ұйғарымына, екінші жағынан - уақыттың шынайы білім мәдениетіне сәйкес келуі керек. Оның түсінігінде қалыптану білімі - бір немесе бірегей жақсы, нақты үлгілер арқылы алынған маңызды білім. Қалыптану - болашақ тәжірибедегі сол мәні бар барлық кездейсоқ факторлардың пішіні мен ережесіне айналған білім жүйесінің бір бөлігі.

М. Шелер үшін қалыптану - «болмыс категориясы», «адамның жиынтық болмысының нақышталған формасы, бейнесі». Оның көзқарасы бойынша, субъектінің қалыптану болмысына оның әлемі болып табылатын және әрқайсысы өз бөлігінде, әрбір әлементінде белгілі бір деңгейде «шынайы шұғыла тэрізді» дамып келе жатқан әрбір нақты тұлганың нысандық жағынан жарқырауына өзінше тұтастық құрайтын «микрокосм» сәйкес келеді. Ол үшін кең әлем, яғни «макрокосмның» бір ғана тұлғалық рухани орталықта, яғни «микрокосмда» өздігінен шоғырлануы және адами тұлғаның махаббат пен танымда пайда болуы, алым қалыптану деп атаған қалыптусудың терең үдерісін екі түрлі бағытта қарастырудың көрінісі болып табылады.

М. Шелер «тұтастай адамның қалыптануының өзіндік қүндылық идеясын» қорғай отыра, калыптану «бір нәрсеге оқып дайындалу» (кәсіпке, мамандықка, еркіндіктің кез келген түріне) емес екендігін дәлелдейді. Шелердің айтуынша, қалыптану оқып дайындалу үшін емес, керісінше, кез келген «бір нәрсеге» оқып дайындалу барлық сыртқы мақсаттардан айырылған қалыптану үшін — «ең жылы жүзді адам үшін» қажет. Ақыр соңында, М. Шелер өз жүйесінде адамды өмірдіңұә р сәтінде еркін «ізгілік» жасай алатын мәңгілік «ықтималдық» деп таниды. Бұл «ізгілендіру» идеясы «қалыптандыру» идеясынан ажырамайтын болып табылады. Яғни, негізінде қалыптану ізгілендіру болып саналады, ал ізгілендіру қалыптандыру арқылы жүзеге асады [97].

Өзін-өзі танудың орасан рөліне И.А. Ильин баса назар аударды. Ол қалыптануды адамның «өзінің қүштарлыктары мен өз дарындылығы материалдарынан жасап шығару, яғни, ең алдымен -өзін-өзі билеу және ұстай білу, сонан соң - рухани тәжірибе аясында өмір сүру және жүзеге асыру кабілеттерін» өз ішінен табиғи мейірімділігі және рухани еркіндігі негізінде өз тағдырын өзі шешуі, өздігінен арылуы, өзіндік күшеюі ретінде қарастырады [98, 5-6.].

өзекті мақсаттар қоя білуі жэне оларды дұрыс амал-тәсілдермен жүзеге асыра білуі деп біледі. Оның пайымдауынша, «өзін жэне өзінің өмір жолына рухани жүректің көзімен қарап, еркін және сүйіспеншілікпен әрекет ету» өзін-өзі адам ету формуласы болып табылады. Оның ойынша, дербес тұлға жалпыадамзаттық құндылықтар мен жеке рухани тәжірибесі негізінде өзінің жеке дара руханилығын қал ыптастырады.

С.И. Гессен, педагогиканың басты міндетін «тәрбиені жете түсінуден» көре отырып: «Жастық шақ дегеніміз - «бүгінгі әлемдегі болашақтың аралы», және бұл қндылықтың өзіндік қүны бар, бүгінгі құндылық оның алдында бас июі керек», - дейді. Гессеннің: «нағыз білім өсіп келе жатқан ұрпақтың ерекшеліктерін құрайтын дайын мәдени мүраны беруде емес, өзінің дербес жаңа мәдени мүрасын жалғастыра отырып, мэлімдеу болып табылады». «Жаңа ұрпақ бізді қайталамауы керек. Ол, керісінше, дүниені жаңа мәдени жетістіктермен жаңғыртуы керек. Жаңа ұрпақтың бойында біз өзімізді лайыкты түрде жерлейтіндерді дайындауымыз керек. Себебі өлімге қамқорлық - өмірге қамқорлық, яғни алған байлығымызды қалдыратын ұрпағымыздың өміріне қамқорлық. Жоғары жетістіктерге қол жеткізген кезде біз қатысқан нағыз шығармашылық, жасампаздық тәжірибемізді мүра етіп қалдыруымыз керек», - деген сөзінің бүгінгі күнде де маңызы зор.

Гессеннің ойынша, «жекеленген тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеудің міндеті оның өзіндік болмысы мен еркіндігінің, өзіндік тәуелсіздігі мен біртүтастығының сыртқы мәдениетті қабылдау кезінде сақталуы, сонымен қатар халықтың қалыптануы кезінде сыртқы мәдениеттің қысымы халықтың шығармашылық еркін тұншықтырып, ішкі түтастығын бүзбайтын сияқты болуы керек.»

Американың философ-прагматисі, көрнекті психолог, жетік тәрбиелеудің идеологы саналатын Д. Дьюи өзінің «Демократия және білім беру» атты бағдарламалық еңбегінде тәрбиенің өмір бойы қажет екендігі туралы жазды: «Біреулер тәрбиелеуді туа біткен қабілеттерді ішінен ашу ретінде, екіншілері -жаратылыстың материалдық нысандарын немесе өткеннің мәдени мұрасын зерттеу арқылы тұлганы сырттан қалыптастыру ретінде қарастырады, сонымен қатар түлганы дамыту идеясын түжырымдамага негіз ете отырып, тәрбие дегеніміз - тәжірибені үнемі қайта қарап, қайта құру деп қорытынды жасауга болады. Оның эрқашанда алдына қойган тура мақсаты болады және тәрбиеге ықпал ететін қандай да бір іс-әрекет шамасына сәйкес болады, ол тәжірибені үрпақтан үрпаққа жалғастырады.

Балалық, жастық жэне ересек өмірдегі тғрбие бірдей жүреді. Өйткені кез-келген кезеңдегі тэжірибенің қүндылығы шынайы меңгерілгендігімен анықталады жэне осыған сэйкес өмірдегі басты мақсат - оның эр сэтін өзіндік маынамен толтыру. Сөйтіп, біз тәрбиені өмірдің мэнін кеңейтіп, адамның кейінгі тәжірибесіне бағыт-бағдар таңдау қабілетін арттыратын тәжірибені қайта құрушы немесе қайта ұйымдастырушы ретінде анықтай аламыз» [99, 75-76-6.].

¥лы педагог А.С. Макаренко өзінің халық мүгалімі ретіндегі көпжылдық тәжірибесінде педагогика адамның жанды қозгалыеынан, нақты үжымның дэстүрлері мен айқындамаларынан туындайтынына көз жеткізді. А.С. Макаренконың пікірінше, тәрбие - бала өмірін үйымдастыру, олардың дұрыс мінез-кұлық тәжірибесін жинақтауы және сонымен бірге парасатты түрде ұйымдастырылган тәжірибе негізінде саналылығын арттыру 119 үдерісі. Білім беру, ағарту тәрбиелеу жүйесіне қосылады. Тәрбие мен өмірдің бірлігі, іс пен сөз бір жерден шыққан кезде, сана мен мінез-құлықтың бірлігіне алып келеді.

А.С. Макаренко сұлулыққа үмтылу - «адамды мәдениетке бұратын тетік» [100, 168-6.] деп таниды. Эстетикалық талаптар тек өнерге ғана қойылмайды, сол сияқты өмірде де, тұрмыста да, еңбекте де жэне адамдар арасындағы қарым-қатынастарда да қолданылады. Ол өзінің бүкіл педагогикалық тәжірибесі, теориялық еңбектері және көркем шығармалары арқылы парасатты эрекеттің, қасиетті мінез-қүлқының, шығармашылығы мен тэртібінің сұлулығын дэлелдеп берді.

XX ғасырдың атақты педагогі, поляк психологі, дәрігер және жазушы Януш Корчак өзінің болашаққа деген үмітін адамды рухани-адамгершілік түрғыдан өзгертетін элеуметтік эділеттілік қоғамымен байланысты қарастырды. Корчак: «Әлемді өзгерту дегеніміз - тэрбие жүйесін өзгерту», - деп, педагогиканың тарихи мақсат-міндетін жоғары бағалады. Ол: «Бала деген болмайды, тэжірибелік қоры, қызығушылыктары, сезімдері өзгеше адамдар болады. Бұл тұжырымдама бала қүқығы: сыйлау құқығы, өз қалпында қалу құқығы, жақтырмайтындарынан, зорлық-зомбылықтан қорғану құқығы, өзінің жеке қызыгушылықтары мен мақсаттарын жүзеге асыру қүқықтары жөніндегі түсінікті пайымдауға негіз берді. Бала бала емес, ол нағыз адам» - деп, бала егемендігінің қажет екендігін өзінің ұстанымдары және нақты іс-әрекеті арқылы дэлелдеді. Корчак балаларга үлкендерді сынауға мүмкіндік бергендердің бірі болды. Оның педагогикалық ұстанымы — «Баланың қатысуынсыз тэрбие болмайды». Оның педагогикалық қызметі бір жағынан, оқушылардың ішкі күштері мен қабілеттерін дамытуға шеберлікпен ынталандаруды, екінші жағынан, тәрбиеленушіні өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тэрбиелеуге саналы күш жүмсауга мақсатты түрде түрткі болуды үштастырып отырды.

Франция педагогі Селестен Френенің түжырымдамасы тәрбиеде жеке түлғаға бағытталған көзқарасқа негізделеді. Ол түлғаның мүмкіндігінше жан-жақты дамуын жэне оның саналы түрде кү-рылған қоғамға қызмет етуін тэрбиенің шынайы мақсаты деп білді. Педагог «адамның ар-ұжданын қайтаруға жэне өзінің қүндылыгын сезінуге» арналган рухани-адамгершілік тэрбиеге ерекше мэн берді. Френенің мектебінде білім алушыларға толыктай «өзінің адамдық болмысын жүзеге асыруына», жасампаздық іс-эрекеті арқылы өз түлғасын өзі жасауға ықпал ете отырып, жүйелі түрде гуманистік идея үстанды.

В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық үстанымы жан-жақты көрінетін «Жүрегімді балаларга сыйлаймын» атты еңбегінде балаларды үйлесімді тәрбиелеу тек рухани өмірді жэне эр баланың даму ерекшелігін терец білгенде ғана мүмкін екендігін айқын көрсетеді. Ол «Нағыз адамды қалай тәрбиелеуге болады?» деген кітабында: «Сенің адами тұлғаңның адамгершілігі ненің лайықты, ненің лайықсыз екендігін шебер анықтай алуыңмен айқындалады», - деп, адам үшін адамгершілік күндылықтардың маңызы туралы айтады. Тәрбиедегі халық педагогикасының алатын орнын жогары багалай отырып, В.А. Сухомлинский халықтың педагогикалық көзқарасынан туындайтын адамгершілік идеясының маңызын ерекше атап өтті. Ол: «Мен халық педагогикасы - халыктың рухани өмірінің түйіні екендігіне сенімдімін. Халық педагогикасында үлттық сипаттың ерекшеліктері, халықтың бейнесі ашылады», - дейді [101, 162-6.].

В.А. Сухомлинский: «... адам еңбекке неғүрлым көбірек күш салса..., осы еңбекте өзін неғұрлым айқын көрсетсе, оның жан-дүниесі соғүрлым жақсы болуға тырысады, неғүрлым таза болса, оның үмтылыстары мен қарқындары согүрлым ізгі болады. Егер студенттердің оқуы да еңбек, кейде ауыр жэне жанды жегідей жейтін жүмыс екендігін есепке алатын болсақ, оқу мен адамгершілік тәрбиесі арасындагы байланыс айқын көрінеді <...> өйткені идеялар тек өзара рухани күш беру, бауырмалдық, достық, өзара көмек сияқты адами қарым-қатынастарда ғана туындайды» [101, 155-6.].

On аса маңызды педагогикалық заңдылықты, атап айтқанда: эр тәроиеленуші үлес қосатын адамгершілік қарым-қатынас сипаты ұжымның ортақ моральдік рухына байланысты болатындығын терең түсінді. Осыған байланысты В.А. Сухомлинский тэрбиенің негізгі міндеті - үжымда адамгершілік қүндылықтарга негізделген нақты адамгершіліктік жэне азаматтық қарым-қатынас құру екендігін атап өтті. Ол тэрбие жұмысының мазмүны тэрбиелену-шілер арасында нэзік эмоциялық қарым-қатынас қүрудан, басқаларға қуаныш сыйлау мэдениетіне үйренуде екендігін көрді.

Педагогика саласындагы үйымдастырушылық қызметтерге кіріскен басшыларға нүсқау бере отырып, В.А. Сухомлинский: «Ортақ кеңпейілдік жэне өзара жақсылық жасау атмосферасы - бұ_л бір қараганда көзге көріне бермейтін, өзара қарым-қатынас сипатын, бір адамның екінші адамға деген көзқарасын білдіретін мінез-күлық мэнін анықтайтын үжымның рухани өмірінің сипаты», - деп атап көрсетеді [102]. Мұндай атмосфера мен жағдайдың қалыптасуына тэрбиешілердің рухани өмірінде куаныш үйлесімін қүру жэне өзінің басқаларға қажет екендігін сезіну ұйтқы болады. Тек адамға деген игі қарым-қатынас негізінде гана үжымдық қарым-қатынас бекиді, іс-эрекеттің түрлі үдерістерінде: оқу, еңбек, демалыс жэне т.б. үжымдық ара-қатынаста көрінетін «үжымдық рух» пайда болады.

Көріп отырғанымыздай, педагогиканың тарихы гуманистік қалыптану мен ізгілікті педагогиканың алуан түрінің қалыптасып, дамығанын байқауға мүмкіндік береді. Білім берудің ізгілікті мәнін түсіну өткен ғасырлардағы атақты педагогтердің еңбектері мен зерттеулеріне тэн болды жэне қазіргі уақытта әлемдік білім беру модельдерінен көрініс тауып отыр. Біздің елімізде білім беруді ізгілендіру мемлекеттік білім беру саясатының басымдығына айналып отыр. Білім беру жүйесіне "Өзін-өзі тану" пэнінің енгізілуі ұзақ уақыт бойы ресми сипатта болып келген жеке тұлғаға бағытталған эрекеттің жүзеге асырылуын көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет