«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет39/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

Ойланугаарналған сүрактар:

1. Қалыптану үдерісінің антропологиялық өлшемдері нені болжайды?

Қоғамдық дамудың казіргі кезеңінде Адам туралы білімді ықпалдастыру үдерісі неліктен күшейтіліп отыр? «Адамды әлеуметтендіру» жэне «қоғамды ізгілендіру» үғымдарының ара қатынасы қандай?

«Қосарлы нысаналау» («опредмечивание», «распред­мечивание») үдерісінің мэні неде деп ойлайсыздар? Жобалаудың қалыптану үдерісіндегі маңызы қандай? «Өзін-өзі тану», «өзіндік бара-барлық», «өздігінен даму», «өздігінен қалыптану», «өзін іс жүзінде корсету», «өзін-өзі жігерлендіру» ұғымдары өзара қалай байланысады? Қалыптану әлемі жэне элемнің қалыптануының өзара байланыстылығын қалай түсінесіздер? Қалыптанудағы адамға біртұтас қарау міндетін қалай түсінесіздер?

Қалыптану үдерісінде қарым-қатынас (диалог) мэдениеті неліктен маңызды?

Болашактың мүддесіне сай қалыптану қандай болуы керек?



ҚОРЫТЫНДЫ
Адам шексіз көп қырлы жэне интегралды. Адамзаттың ғасырлар бойғы жақсылық, шындық жэне сұлулықтың негізгі бірлігі жөніндегі арманының өмірдегі көрінісі ретінде адамды үйлесімді дамыту идеясы барша халықты эр кез толгандырып келген мэселе.

Б.Г. Ананьевтің жақын болашақта «адамтану жүйесін қалыптастыратын ғылымдар одағы ғылыми таным прогресі мен қоғам дамуының маңызды факторына айналады» деген көрегендік мұраты XXI ғасырдың басында іске асып, орындала бастады [113, 280-6.].

Философия, мэдениеттану, жаратылыстану жэне гуманитар-лык, теориялық жэне қолданбалы ғылымдардың ықпалдасуының нэтижесі ретіндегі эмбебеп ілім түлғаның дүниетанымдық мэдениетінің базасына айналды, бірін-бірі жіті бойлаған адам мен элемнің бір-бірін қабылдау тэжірибесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. А. Печчеидің бейнелеп айтқанындай: «адам бойында барлық өзекті мэселелеріміздің көзі жинақталған, онда барлық талаптарымыз бен мүдделеріміз шоғырланган, онда - бастаулар мен тамамдаулар, онда - біздің барлық үміттеріміздің негіздері жатыр» [114].

Қалыптанудың қазіргі стратегиясы өзін іс жүзінде корсете алатын, өздігінен дамуға, өзін-өзі танытуға жэне өз өмірін билеуге қабілетті түлға бейнесін аныктауга бағытталған. Өзін-өзі тану білімнің жекеленген салаларын бір тү_тастыққа біріктіретін ықпалдастырушы факторға айналды. Егер бұрын адам феномені жэне оның элемдегі орны түрлі ғылым нысандары аясында қарастырылса, қазір адамның өзін-өзі тануы, қалыптануы мэселелерін шоғырландыру қағидатына негізделген басқа көзқарасты іске асыру кезделіп отыр.



Өзін-өзі тануда адамды қалыптандыру мэселесі оның біртұтас бейнесін құру, барлық мэнді күштердің жан-жақты дамуы ретінде қарастырылады. Өзін-өзі тану контексіндегі үйлесімділік - бұл адамның өздігінен дамуы барысында қол жеткізген және оның алдында тұрған жетістіктерінің тепе-теңдігі, өзін таныту мақсатында өз күшін бірнеше рет сынау арқылы түрлі тэсілдермен өз әлеуетін зерттеуі. Өзіндік дамуының эр кезеңінде адам өзінің дүниедегі орнын жете түсінуге, онымен берік байланыс орнатуға тырысады. Өзін-өзі танудың басты мақсаты - жауапкершілігі мол, өз күшіне сенімді, өз-өзіне даму шегін белгілеп алуға қабілетті, жасампаз жэне ынталы адамды қалыптастыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет