«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С


Қалыптану - адамның өзін-өзі тануының жолы



бет37/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

3.2. Қалыптану - адамның өзін-өзі тануының жолы
Адамныц жаралу удерісі әлі аяқталган жоц - біз әлі өзімізді жэне гапамды тануымыз керек.

А. Сент-Экзюпери


Л. Фарренің эділ де шынайы атап көрсеткеніндей, адам -«шексіз мүмкіндіктерге айқара ашық жан иесі» [103, 197-6.]. Қалыптанудың мақсат-мүддесі адамды элеуметтендіру жэне қогамды ізгілендіру болып табылады. С.А. Смирнов калыптануға өзін-өзі өзгерту және қайта күру, өзіндік түлғасын, элеуметтік­мэдени бейнелілігін, өз бойындағы адамшылықты дамьггу ретінде аныктама береді [104].

Әлеуметтік-тарихи тәжірибені табиғи-генетикалық құрылымдарын тыс жинақтау және ұсыну мүмкіндіктері адамның Рухани және іс жүзіндегі әрекетінің нәтижесі мен әлеуметтік мұрагерлік ретіндегі мәдениет феномені арқылы қамтамасыз етілетіндігі белгілі [105]. Бұл әлеуметтік-тарихи тәжірибе оны жасаушылар және меңгерушілердің нысана-сезіміне айналады. Адам өзін жаңа мәдени объектілерде нысаналай отырумен қатар, жүзеге асқан негізгі адами күштерді нысаналарга бөле отырып, қалыптанады.

Осы қосарлы нысаналау қалыптанудың негізі болады, ол адамның мәдениетті жаңғырта және өзгерте отырып, қалай жасау керек екендігінің тетігін айқындап береді, ал мәдениет адамның өз басын қалыптандырады. Бұл үдеріс қалыптандыру мен мдениеттің мызғымас байланысын анықтауға мүмкіндік беріп қана коймай, калыптанушы адамның өзіндік бейнеге ие болуындағы белсенді рөліне баса назар аударуды қажет етеді [106]. Өйткені, мәдениет қандай болса да, адам және тек адам ғана әрқашан өзіндік іс-әрекеті арқылы өзін мәдени тұрғыдан нысаналайды. Қалыптану негізінде жатқан іс-әрекет тек адамның өзінің іс-әрекеті, оның жеке дара белсендігін білдіру құралы болып қала береді.

Адамның қалыптануы - әлеуметтік мәселе, өйткені ол қогамдық қарым-қатынастарга және институттарға айналған ерекше адами ара-қатынастың сипаттамасы болып табылады. Жекеленген адамның калыптануы жалпы, айрықша және бірегей адами сипаттамалар, негізінен, бірлікте болатын бейнені беруге бейім болады [107, 62-6.].

Жалпы сипаттамалар деңгейінде адам қалыптану барасында өзінің тектік белгілеріне, өзін нақты әлеуметтік-мәдениет мән, мазмұнға қатыссыз адам ететін әлдебір эмбебап қасиеттерге ие болады. Ол тәні, жаны және рухани тұрғыдан дамыған, мәдениетті меңгеруге, жаңғыртуга және қайта жасауга, нысаналық іс - әрекетті жүзеге асыруға, басқа адамдармен әлеуметтік қатынас ясүйесінде емір сүруге, олармен қарым-қатынас жасауға, қоршаға әлемді жэне әлем ішіндегі өзін-өзі тануға, тиімді ойлай білуге батыл әрекеттер жасауға, өзіне және элемге сезіммен қарауга қабілетті


Айрықша сипаттамалар деңгейінде қалыптану адамның барлық жоғарыда айтылған қасиеттерін оның өмір сүру орны, уақыты жэне жай-күйіне, жыныстық, жас ерекшеліктік, үлттық, әлеуметтік-таптық, діни-қауымдық, кэсіби жэне басқа да қоғамдық топтарға қатысына байланысты нақты әлеуметтік-мәдени мазмүнмен толықтырады. Басқаша айтқанда, адам өзі өмір сүретін мэдениет пен қоғамның типіне байланысты қалыптанады. Адам өз болмысының дэуірімен үндесетін, түлғаның белгілі бір тарихи типіне сәйкес келетін, қоғамдық өмірдің нақты жағдаяттарында мэдени мінез-қүлықтың элеуметтік типтік формаларын лайықты түрде жүзеге асыруға қабілетті бейнеге ие болады.

Бірегей сипаттамалар деңгейінде қалыптану оның өзін-өзі сэйкестендіруімен, өз тағдырын өзі шешуімен, өзін іс жүзінде көрсетуімен бірге алғандағы әрбір жеке адамның ешқашан қайталанбас, бірегей қасиет, қабілеттерін жүзеге асырумен тығыз байланысты болады. Бұл деңгейде қалыптану нақты әлеуметтік-мэдени жағдайлар, қажеттіліктер жэне мүмкіндіктер аясында адам өмірінің бірегей, қайталанбас жолын салатын адамның жеке даралығының генезисі ретінде көрінеді.

Адам іс жүзінде өз өмірінің мағынасын беретін бейнеге ие болады, соның нтижесінде өздігінен қалыптану жүзеге асады. Әрбір нақты қоғам, эрбір нақты мэдениет даяр әлеуметтік-мәдени шектеумен қамтамасыз етілген тиісті бейне-үлгіні қамтиды. Қалыптасушы адам нақ осы бейне-үлгілерге еліктеп қалыптанады. Әдетте олар адамның айрықша жеке дара сипаттамаларын айқындайды. Адамның тектік қасиеттерінің (жалпы сипаттарының), сол сияқты оның жеке дара қасиеттерінің (бірегей сипаттарының) жүзеге асу мүмкіндіктері олармен тығыз байланыста болады.

Көріп отырғанымыздай, мэдениет пен қоғамның тарихи қалыптасқан типі адам бойындағы маңызды тектік жасампаздық бастауға, оның өз тағдырын еркін, дербес түрде шешуіне түрткі болады немесе оны тежеп тастайды.

Бейне-үлгі саналы түрде қойылған мақсаттан көрініс берген кезде, өздігінен қалыптану адамның өздігінен, мақсатсыз даму үдерісін толыктыратын мақсатты, үйымдасқан үдеріс қасиетіне ие болады. Мақсатты түрде үйымдастыру, қалыптануды саналы түрде реттеу мүмкіндігінің өзі қалыптануды түлғаның жэне қоғамның

124 мүддесі үшш жүзеге асырылған, педагогикалық үйымдасқан элеуметтену үдерісі ретінде педагогикалық түрғыдан түсіндіруге негіз болады.

Кең ауқымдағы антропологиялық мағынада қалыптану феномені адами калыптасудың үздіксіз, дүркін-дүркін үдерісін сипаттайды. Адам өз болмысының эр сэтінде қалыптанып отырады, өйткені элдебір бейнеге ие болады жэне де қалыптана береді, себебі оның бейнесі өзгеріп отырады, белгілі бір қозғалыста болады. Осы үдеріс қалыптанудың антропологиялық табиғатын қүрайды.

Қалыптану үшін, біріншіден, тумысынан аяқталмаған, іс-эрекеті белсенділігін үйренуге жэне оны жүзеге асыруға қабілетті «адамның негізгі денесінің»; екіншіден, адам меңгере, жаңғырта жэне қайта жасай отырып, өз бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін мэдениетінің; үшіншіден, қоғамдық қалыптану көзқарасы туындайтын тіршілік эрекетінің элеуметтік түрғыдан үйымдасқан кеңістігінің маңызы зор.

В.П. Зинченконың пікірінше, «қалыптану дүниесінің мақсат-міндеті өз субъектісінің (субъектілерінің) элемін қалыптандырудан түрады», ал қалыптанудың өзі «индивидтің, оның функционалдық ағзаларының жаңа бейнеде қалыптасуы жэне дамуы» болып табылады [108].

Л.А. Степашко «қалыптану» үғымының стратегиялық мақсатын адамның мэдениетті игеру үдерісінде дамуы үшін сыртқы жэне ішкі жағдайлар туғызумен байланыстыра отырып, «индивидті қалыптандыру» магынасында қарастырады. Ол қалыптануды оқыту мен білім берудің, тэрбие мен өзін-өзі тэрбиелеудің, даму мен өздігінен дамудың, есею мен элеуметтенудің синтезі ретінде қарастырады [109].

О.В. Бадальянц қалыптануды адам жэне адамзат үшін өзінің ішкі дүниесін қалыптастыратын жан-дүниесінің ерекше мэдениетін, еркіндігін білдіретін тектік үғым деп түсінеді. Оның ойынша, жеке дара руханилықтың өсуі адамның адам болып қалыптануымен, ал қоғам руханилыгының өсуі - тарих пен қогамдағы «рухтың» қалыптануымен тікелей байланысты. Қалыптану дегеніміз - «адамның мэңгілік жаңадан жэне өсіп отыратын қалыптасуы, жалпыламадан өзінің дербес адамдық «меніне» қол жеткізуі». Диалектикалық түрғыдан қалыптану, бір 125 жағынан, идеалды дүниеге алшақтау, екшші жағынан - рухтан жеке дара түлғалық орталыққа айналған «микрокосмға», болмысқа оралу. О.В. Бадальянц «бастауға жэне аяқтауға», сырттан алуға болмайтын қалыптанудың шексіз екендігін, себебі ол болмыс категориясы, адамның рухани болмысын қамтитын «стихия» деп, атап көрсетеді [110].

Г. И. Петрова қалыптануға ақыл-ой талабына негізделген терең түсінік берудің шектеулі екендігін атап көрсетеді. Оның пікірінше, мүндай көзқарас адамның толыққанды, сэнді, қисынды-қисынсыз, ойға сыйымды жэне сыйымсыз болмысын оның қатаң қисындық сүлбасына дейін, яғни объективті шындыққа дейінгі мэліметтерге алып келеді. Нэтижесінде дүние қоршаған заттар мен үдерістердің мнін кері үсынатын (репрезентациялайтын) объектілердің ақыл-ойдан туындаған жиынтығы болып шығады. Адам жанды жэне толыққанды дүниеде емес, болмыстардың объектендірілген жансыз дүниесінен бір-ақ шығады да, адамның өзі жалаң болмысқа, логикалық жалпылама, барлығына бірдей өзекке дейін жеңілденеді.

Г.И. Петрованың ойынша, қалыптану адам бойынан шексіз мүмкіншілікті, өзі үнемі толықтырып отыратын болмысқа енген тірі жан иесі болып табылатын «онтологиялық субъектіні» көруі тиіс. Мүндай көзқарас оның тұрақты жаратылысын міндетті түде жоққа шығаруға экеліп соктырады жэне толыққанды адамдық болып тіршілік етуін мақүлдайды. Өмір сүріп отырған жэне қалыптанушы адам біртүтас, жалпыға ортақ жэне алдын ала белгіленген мэнге үмтылмайтын, тек күнін көруші тіршілік иесі болып шығады. Г.И. Петрова өздігінен қалыптану адамның эбден қалыптасқан жэне құрылып болган бір нэрсе ретінде өзін жоққа шығаратын болмысы екендігін атап көрсетеді. Адам өздігінен қалыптану үдерісі кезінде жалпыға ортактықты жоққа шығара отырып, бірегейлікке үмтылады, өзіндік ерекшелікке қол жеткізеді.

Г.И. Петрованың пікірінше, адамды өздігінен шексіз қалыптасып отыратын мүмкіншіліктер жэне түбегейлі аяқталмаған деп түсіну оның алдын ала белгілеп алған үлгісін жаңғырту функциясы аясында қалыптануды жоққа шығаруға экеліп соктырады.

Қалыптану адам бойындағы мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін, қоршаған дүниенің түрлі мәндеріне қол жеткізу, онымен қарым-қатынасқа түсу үшін жағдай жасау функциясын атқарады.

Қалыптануға бағыт мегзейтін бейне адамның өз бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін ашу арқылы өзін-өзі сэйкестендіруіне қол жеткізуге мүмкіндік береді [111].

Г.Б.Корнетов тумысынан үйренуге, элеуметтік тэжірибені өмір бойы меңгеруге шексіз ашық эрбір дүниеге келген адамның түбегейлі аяқталмағандығын қалыптанудың іргелі антропологиялық негізіне жатқызады. Адамның бүкіл өмірі оның таусылмас қалыптасуы, қалыптануы ретінде қарастырылады. «Адам адами қарым-қатынастың, жеке адамдар арасындағы өзара байланыс жэне өзара эрекеттесу үдерісіне ене отырып, мэдениет элемінде эрекет етіп, оның жетістіктерін пайданалана, жаңғырта жэне дамыта отырып, өзінің адами бейнесіне, яғни қалыптануға қол жеткізеді. Қалыптану бір мезгілде жэне үздіксіз кеңінен қүлаш жайған үдеріс ретінде жэне де бүл үдерістің эр сэтінде белгіленіп отыратын нақты адамның эбден қалыптасқан, «қалыптанған», бірақ та тоқырап қалмаған нэтижесі болып есептеледі» [81, 38-6.].

Үнемі өзгеріп отыратын мына элемде бүге-шігесіне дейін жан-жақты зерттелген технология мен эдістемелер арқылы тэрбие беру мен оқытудың әуелден жэне долбармен (априор) анықталған мақсаттарға қалай болса да қол жеткізуге бағытталған қалыптану үдерісінің қатаң өктемдікпен қалыптастыру сүлбасын жоққа шығаруға ұмтылған постмодерн педагогикасы өзекті мэселе болып отыр.

Қалыптану үғымын пайымдаудағы постмодерндік көзқарасты қазіргі неміс философы жэне мәдениеттанушысы П. Козловски сәтті дамытып келеді. Бүл парадигмада қалыптану «адамның идеясын өзінің түлғасында рэсімдеп, іске асыруына» мүмкіндік беретін өздігінен қалыптасу үдерісі ретінде қарастырады. Ол: «Өздігінен қалыптасу адамның идеясы мен бейнесі жэне адам бүл бейнені бір-ақ рет жэне қайталанбайтындай етіп жүзеге асыруы керек. Іріктеу мүмкіндіктерінің кеңеюі жэне таңцау нүсқаларының көбеюі өздіген даму немесе өздігінен қалыптасу үдерістерімен ұқсас емес. Тек егер де нүсқалар белгілі бір маңызға ие болган кезде ғана олардың өздігінен қалыптасу үдерісіне пайдасы болуы мүмкін. Мэдени саясаттың мақсат-міндеттері - осындай маңызды нүсқаларды ықтимал ету, бірақ та «рухани бей-берекеттілік мани-фестациясын үйымдастырмау». Тэрбиелеу жэне білім беру инсти-туттары тандау мүратынан алыстап, бейне мүратына оралуы керек.
Ол мектептің мівдеті — бірін-бірі алмастыратын (potpourri von curricularen) іріктеу нүсқаларын үсынбай, негізгі арқау болатын бастаудың нәтижелілігін корсету болып табылады [112, 110-111-бб.].

Постмодерндік педагогика қалыптануды катаң түрде үлгіге салудың түбегейлі мүмкін еместігін мойындайды. Постмодерндік педагогика үшін қалыптану мақсатының өзі көп қырлы, өзгермелі жэне мейлінше жеке дараланған. Бүл мақсат тэрбиелеуші мен тэрбиеленушіге ортақ. Тэрбиелеу мен оқыту өзінің сипаты бойынша өнерге неғүрлым жақынырақ адам рухының түкпіріне бет бұрған жасампаз әрекет ретінде қарастырылады. Қалыптанудың о бастан белгіленіп қойылған, сөзсіз дұрыс, эмбебап үлгісінің болуы, қаншалықты негізделіп, қисынға қүрылғандығына қарамастан, жоққа шығарылды. Постмодерндік педагогика тәрбиеленетін жэне білім алатын субъектінің қалыптасуы мен дамуын анықтайтын педагогикалық ықпалдардың барлық қырларын есепке алу мүмкін еместігін мойындайды. Ол сонымен қатар субъектінің мақсатты түрде үйымдастырылған қалыптану ықпалына қарсылығын жеңудің мүмкін еместігін де жоққа шығармайды.

Постмодерндік педагогика байыбына бармай түрып технократтық үлгілерді адамдардың өмірін белгілеу, оларды дамыту, тэрбиелеу жэне білім беру жолдарына, осы үдерістерді, олардың нэтижелерін қатаң жобалаудың амал-тэсілдеріне айналдыруға түбегейлі қарсы. Постмодерндік педагогика мэдени жағынан көп қүрылымды. Ол тиянақты, қарым-қатынастық мэдени болмыстың үлгісін мэдениеттендіру ретінде пайымдалатын қалыптануға жатқызады. П.Козловскидің пікіріне сай, «шындыққа мэдениеттендіру (мэдениетке енгізуші) ретінде қарау техникалық тэсілден, біріншіден, жеке мінез-қүлқы белгісінің жан-жақты-лығына жэне оган деген көзқарасына жанама ықпалдарын назарға алумен; екінші жағынан заттардың жеке қүқыгын: заттардың жеке өзіндік телеологияны, мақсаттылықты біздің техникалық мақсат-тарымыз бен мүдделерімізге қарамастан табатындығын мойындау-мен ерекшеленеді. Субъектінің қажеттіліктерін ғана емес, сонымен қатар объектінің мақсаттарын есепке алатын шындықты ашуды мэдениеттендірілген жэне қамқоршыл деп атауға болады».

Қалыптандыру мэдениеттендіру ретінде адамның өз бойында болатын бейнесін, оның жеке мақсаты мен ішкі элеуетін, сол сияқты оны педагогикалық үдеріске қосатын бүкіл ыктимал салдарларының жиынтығын ашуға түрткі болуға арналған.

Постмодерндік педагогика мэдениеттің эрбір нақты «нүсқасының» қоғамдық өмірдің барлық салаларында үстемдік етуге тырысқан және индивидтің элеуметтік мэнін, сол сияқты элеуметтік қүндылығын анықтайтын өзіндік өктемшіл қүрамдасы ортақ стандартты қалыптастыруга ниеті болатындығын мойын­дайды. Сондықтан да постмодерндік педагогика қолданыстағы элеуметтік қүрылымдар үсынган басты мэдениетке не жататындығы, қайсысы одан тысқары екендігі, ол қүрылымдардан түбегейлі алшақтауды қажет ететіндігі жөніндегі пайымдауларды меңгеруге тырысады. Постмодерндік педагогика өзіне қалыптанудың нақты тарихи-мэдени кеңістіктің қалыптасып қалған аясынан шығуды, оны нағыз жалпыга ортақ мэдениетке айналдыру мақсатындағы көзқарасын қайта қарауды міндет етіп қояды.

Постмодерндік педагогика - жеке өмірдің көптеген қырларын, атап айтқанда: адамның мэдени болмысын (этникалық, әлеуметтік-таптық, діни-қауымдық жэне т.б.) есепке ала отырып, оның жынысы, жас ерекшелігі, анатомиялық және психологиялық ерекшеліктері, бейімділіктері мен қабілеттері, түрткілері мен қызығушылықтарын - маңыздандыра отырып, эрбір нақты адам үшін қалыптандыру мүмкіндіктерін кеңейтуді мақсат еткен көп салалы педагогика. Постмодерн педагогикасы эрбір адам өзінің пара-парлығын жэне өзіндік тағдырын танып-біліп, өзінің бірегейлігімен сэйкес келетін, элеуметтік түрғыдан қолдануға болатын қүндылықтарды қалыптастыра алуы үшін жағдай жасауга бағытталған.

Мамандар постмодерн педагогикасының мэні оның қүрамына неғүрлым көбірек мэдени элементтерді енгізу де емес, оны мейлінше жеке дараландыру да емес, оның бірін-бірі жоққа шығарушы ретінде емес, жай ғана қатар қойылған емес, бірін-бірі өзара толықтырушы ретінде мойындай отырып, айқындамаларының мейлінше көбірек санына қалыптану үдерісін (оның субъектісін, мақсатын, нэтижелерін, негіздемелерін, жалпы тиянақтылығын) көре білуге үйрену болып табылады.

Постмодерн педагогикасы қалыптану мэселелерін алға қою жэне оны шешу айқындамаларының аясын белгілейтін бірыңғай эмбебап теориялық пайымдаудың «үстемдігш жеңш» қана қоймайды. Ол сол сиякты оқу-тәрбие үдерісіндегі педагогтің сөзсіз өктемдігін болдырмауға, тэрбиеленушіні өз дамуының толықтай жасампазы ететін тең қүқылы субъектілі-субъектілік негізде осы үдерісті үйымдастыруға тырысады.

Педагогиканың алдына ғылыми білімнің саласын моно-центрліктен полицентрлікке айналдыру міндетін қоя отырып, постмодерннің рухани жағдаяты жаңа эпистомологиялық өріс ашты. Олар эдіснаманың, теорияның, түжырымдамалардың түрлі негіздемелері бойынша «жат» пайымдауларды қабылдай отыра, олардың «ымыраға келмейтін» өзара сынынан сындарлы келісімге өтуге болады деп есептейді. Осындай ымырашылдық аясында «жаңылысуды эшкерелеуден» («жалғыз дүрыс ақиқатқа» сэйкес келмейтін көзқарастар мен эрекеттер) танымдық жағдаяттардың түрлі қырларын - субъектінің көзқарасын, танымдық мақсаттардың өзіндік ерекшеліктерін, таным тэсілдері мен эдістерінің ерекшеліктерін, танымдық объектілерді қарастырудың түрлі қырлары мен деңгейлерін жэне т.б. - білдіретін дүрыс жақтарын айқындауға баса назар аудару қажет. Тек осындай негізде ғана түрлі эпистемологиялық дэстүрлер мен жаңалықтар, танымдық мақсаттар, талаптар жэне амал-тэсілдер контексінде зерттелетін педагогикалық шындықтың (дэлірек айтсақ, шындықтың) күрделі, көп қырлы, бірыңғай бастапқы алғы шартына ықшамдалмаған бейнесін қалыптастыруға болады.

Постмодерн тіл табысу логикасын үстана отырып, әлеуеттік мағынаға шексіз бай эрбір педагогикалық жобаның бірегейлігін уағыздайды. Олардың мэні өз бойларындағы жасырын мағыналарды түсінуге бағытталған қарым-қатынасқа негізделеді. Мүндай көзқарас педагогтердің өзіндік педагогикалық жол табуына ықпал етіп, жаңа мағыналармен толықтыра түседі.

Постмодерннің педагогикалық ізденістері баланы барлығына ортақ тіршілік кеңістігіне «орналастырып», оны элеуметтендіруге тырысатын біржақты көзқарасты жоққа шығарып, постин-дустриалдық қоғам рухында адамға бағытталады. Постмодерндік педагогика қалыптанушы адамды элеуметтендіру міндеттерімен қатар, оны жеке даралау, яғни өзінің қалыптануының бірегей сара жолын күруга қажет ететін өзінің бірегейлігін сезінуге, өз өмірінің өзіндік мағынасын жэне өмір жолын табуға көмектесу міндетін күн тэртібіне қояды.

Сонымен, қорыта келгенде, қалыптану дегеніміз - адам мүмкіндіктерін үздіксіз іске асыру, оны баламалы түрде маныздандыру жэне мэдениет жэне қоғам кеңістігінде өздігінен жүзеге асыру. Адам қалыптану үшін өмір сүреді жэне де оның өмірінің эр минуты, эр сэті Шындыққа, Жақсылыққа жэне Сүлулыққа үмтылумен қуаттануының маңызы зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет