«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет9/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Надандық - білім-ғылымның жоктығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дүшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады», - дейді [Отыз сегізінші қара сөз, 100-101 бб.].

Абай: «Адамның күші - оның ақыл-ойы мен білімінде», деп атап көрсетеді [Отыз сегізінші қара сөз, 80-6.].

Абайдың ойынша, «адам бойындағы ең қымбаты - оның жүрегі. Мейірімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдай білу, оған өзіңе тілейтін игілік тілеу - мұның барлығы жүректің қалауы. Махаббат та - жүректің қалауы» [Он төртінші қара сөз, 23-6.].

«Адамшылыктың алды - махаббат, ғаделет (әділет) сезім. Бүлардың керек емес жері де жоқ, кіріспейтін де жері жоқ» [Қырық бесінші қара сөз, 121-6.].

Көріп отырғанымыздай, қазақтың данышпан ақынының шығармашылық мүрасы күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Біздің заманымызда да әлемді, табиғатты, адамгершілікті, рухани бастауларды сақтап қалу өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселелердің туындау себептерін Абай өзінің «Қара сөздерінде» жазып кеткен болатын. Ол адам бойындағы кемшіліктер қорқақтық пен жігерсіздік, жалқаулық пен бойкүйездік, аярлық пен көргенсіздік әлем білмейтін қатерлер мен зұлматтардың жол алуына экеліп соқтыруы мүмкін екендігін ескертті.

Өз халқына ықыласы ыстық Абай өз халқын рулық тәкаппарлық пен даңғойлықтан арылып, басқа халықтардан жақсылық пен пайдалы іске үйренуге шақырды. Абайдың көп жылдар бойғы толғанысының жемісі болып табылатын «Қара сөздер» ұрпақтарымызды ойлануға, өзіне және әлемге парасатпен карауға шақырады.

Қазақ халқының көрнекті ойшылы Шәкәрім Қүдайбердіүлы шығармашылығының негізгі тақырыбы - мораль философиясы мен мәдениет туралы ілім. Шәкәрімнің рухани ізденістерінде коне сақтүркі дәуірінен қалыптасқан космостық дүниетаным ерекше орын алады, олардың киелі үғымдары – Тәңірі, Әлем, Күн жэне Табиғат. Шәкәрімнің пайымдауынша, моральдың негізгі мәселелері - ар-ұждан, намыс, сенім туралы ілім. Осы ұғымдар адам жанының тірегі болып табылады. Шәкәрімнің ойынша, адам жаны мәңгі бақи өлмейді, ол кемелденуге және өркендеуге қабілетті. Төзімділік, әділеттілік, қайырымдылық ретінде түсінілетін ар-ұят адам жанының өрге жылжып, дамуының негізі болады. Шәкәрімнің адамгершілік туралы пайымдаулары оның «Үш анық» атты еңбегінде айқын көрінеді. Шәкәрімнің көзқарасы бойынша, бірінші анық - Жаратқанды, жанның мәңгілік екендігін мойындайтын сенім ақиқаты. Анық сенімге мән бергенмен, қандай да бір ғылыми негіздемесі болмағандыктан, адамдардың негізгі бөлігі оны қабылдай алмады. Екінші анық - сезіммен қабылдауға, және ұтымды ойлауға негізделген. Алайда ғылымның дәлелдемелері әр бағытта болып шықты және өмір мен білімнің одан әрі даму шамасы бойынша жоққа шығарылды. Сондыктан да олар адам жанының игілікті бастамасын қалыптастыруға негіз бола алмады.

Ақыр соңында үшінші анық - ар-ұждан субстанционалдық негізін қүрайтын жан анығы. Ар-ұждан жанның негізгі қажеттілігі ретінде зұлымдықтан арылтып, игі өмір жолына түсіреді. Сондыктан да Шәкәрім жанның мәңгілік екендігін негіздеу жэне оның жаңа түрге енуге қабілеттілігі - адамның бақытқа қол жеткізуінің негізгі шарты деп есептейді. Шәкәрім адамның қайта тууы туралы өзінің жеке тұжырымдамасын негіздеуге күш салды. Ол: «Парасатты, ар-ұжданы бар, өз бауырларына мейірімі мол адамдар қырып-жойып, бірін-бірі өлтіріп өмір сүре алмайды. Менің ойымша, адамның жақсы өмір сүруіне адал еңбек, абыройлы сана, адал жүрек негіз болады. Міне, осы үш қасиет барлығына билік құруы керек. Оларсыз өмірде бейбітшілік пен келісімге қол жеткізуге болмайды», - деп пайымдайды.

Шәкәрім адамзатты күнәдан арылту жолдарын іздей отырып, кем дегенде маңызды екі талапты сактау керек деп есептейді.

Біріншісі: «Мемлекетті басқаруға адал, ақылды, риясыз адамдарды сайлау керек. Қызметке әділ, ізгі зандар жасап, олардың орындалуын қадағалап отыратын адамдарды тағайындау керек» [38, 77-6.].

Екіншісі: «адамдарды міндетті түрде еңбек етуге үйрету керек, оларға міндетті түрде білім беру керек, бірақ оның барлығы адам бойындағы сұркиялықты құртуға жеткіліксіз. Адамды тәрбиелеу үдерісінде ар-ұждан ілімін енгізу қажет. Ол жөнінде ғалымдар ойлануы керек. Олар бұл қағиданы барлығына міндетті пән ретінде әзірлеуі керек». «Адамның қарапайымдылығы, әділдігі... ізгілігі біріккен кезде мен оны «ұждан» деген мұсылман сөзімен атай-мын». Шәкәрім «ар-ұждан адам жанының қалауы, қажеттілігі, өйткені жан ешқашан да жоғалмайды, азғыруға көнбейді, әр кез кемелдене түседі, сондықтан да ол өзі үшін оның шарықтауын жылдамдататын себептерді міндетті етеді» [39]. Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік категориясы ретінде емес, елмес адам жанының мәңгілік қажеттіліктері жэне өзіндік ерекшелігі бар субстанционалдық негіз ретінде түсіндірді. Шәкәрімнің философия­сында Ар-ұждан - адам жанының негізгі қажеттілігі, адамды зұлымдықтан арылтатын жэне оны дүрыс жолға түсіретін анық.

Өзін-өзі тану мәселесін XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары, «Алаш» партиясының басшылары Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтүрсынов және басқалар, ең алдымен, қазақ халқының өзара тұғастығы тұрғысынан қарастырды жэне оны тәуелсіздік пен мемлекеттік дербестік алу қажеттілігімен байланыстырды. Олар өз өмірін қазақ халқының өзін-өзі билеуіне арнап, туған халқының бойында үлттық сана-сезім оятуға жэне дамытуға ықпал етті. Олардың ойынша, шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізу өзін-өзі тану мен халыктың сана-сезімінің өсуіне байланысты жүзеге асады.

Халқымыздың, оның асыл арыстарының ежелгі арманы мен мақсаты XX ғасырдың аяғында жүзеге асты. Егеменді Қазақстанда мәңгілік мәселе - өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы бойынша жаңа мәнге ие болды. Ол Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Өзін-өзі танудың философиялық негізін алғаш рет А.Н. Нысанбаев пен Г.Г. Соловьева қалады. Олар «Өзін-өзі тану» пәнінің тұжырымдамаларының бір нұсқасын ұсынды.

Бұл ғалымдардың пікірінше, «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты -рухани сауатты адам, өзінің ұлттық элем бейнесін сақтай және дамыта отырып, жаһандану дәуірінде өмір сүруге жэне бақытты болуға қабілетті, қоршаған ортаны қорғай алатын, өмір салты өзгеше адамдарды сыйлай білетін, түрлі мәдениет пен өмір тәжірибелерін құрметтейтін планета азаматын қалыптастыру.

Қорыта айтқанда, әлемдік философия тарихы адам мен қоғамда біртүтас адамгершілік дүниетаным қалыптастыру қажет екендігін айғақтап отыр. Қазіргі кезде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында егеменді мемелекетті дамытудың жаңа әлеуметтік-мәдени контексі ескерілген «Өзін-өзі тану» пэнін енгізу осыған ықпал етуге бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет