2. Өзін-өзі тану аспектісіндегі жеке тұлға психологиясы
Адам дегеніміз - өзін өзін-өзі танитын тіршілік иесі, ол өзін, өз жиынын, өзінің өткенін және болашақ мүмкіндіктерін ұғынады.
Эрих Фромм
Оқу құралының бұл тарауы «Өзін-өзі тану» пәні үшін психологиялық қүбылыстардың маңызын ашып, «Өзін-өзі тану» курсы тұжырымдамасындағы психологияның орны мен рөлін көрсетеді. Тарауда мынадай түйінді мәселелер қарастырылган: адамның өзі туралы білімдері мен түсініктерінің калыптасу үдерісі, өзін-өзі танудың маңызды нәтижесінің бірі ретіндегі тұлгалың есею, тұлга туралы негізгі психологиялъщ теориялар, тұлга даліуының маңызды кезеңдерінің бірі ретіндегі жастьщ шактың психологиялыц ерекшеліктері, әлеуметтік кемелденген тұлғаның басты критерийлері. Махаббат, достьщ, кәсіп таңдауда тоңтамга келу, жауапкершиіік, шыдамдылық, бақаларга қайырымды қатынас мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Психология ғылымының зерттеу нысаны - адам психикасының көрініс беруі, оның зандылықтары мен механизмдері. Ғылым ретіндегі даму, қалыптасу тарихында психология түрлі кезендерде: жан туралы (антиктік кезенде), сана туралы (XVIII г.бастап), мінез-құлық туралы (ХХғ.) ғылым деп қарастырылды.
Өзін-өзі тану - өзіндік сана-сезімнің қызмет ету механизмі ретінде психологиядағы ең қиын және маңызды мәселелердің бірі. Бұл салада көптеген қызықты әрі мазмүнды зерттеулер жүргізілген. Бүл еңбектерде тұлға дамуының деңгейі өзін-өзі танудың дамуының деңгейіне пропорционалды екендігі жиі айтылады. Мінез-құлықтың реттеушісі бола отырып, өзін-өзі тану тұлғаның одан әрі дамуына ықпал етеді. Ол сыртқы әсер мен түлғаның ішкі күйі және оның мінез-құлық формалары арасындағы тепе-тендікті қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |