«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С


Қазақ халқының дүниетанымындагы өзін-өзі тану



бет8/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
1.7. Қазақ халқының дүниетанымындагы өзін-өзі тану

Адам тағдыры, оның өзін-өзі тануы мен өзіндік сана-сезімі мэселелері қазактың философиясы мен халықтық дүние-танымының өзегі болып табылады. Бұған ұзақ уақыт бойы қазақтардың энциклопедиясы, білім мен тәжірибе қазынасы және халықтың көңіл күйі мен арман-мүддесін білдіретін маңызды құралы болған ауыз әдебиетінде - фольклорында жүзеге асқан ғасырлар бойғы халық даналығы куэ.

Қазактың мақал-мәтелдері - ойдың асыл маржандары адамгершілік этикалық идеяларға толы. Олар моральдық нормалардың өзіндік кодексі рөлін атқарды. Халықтық мақал-мәтелдердің тақырыбы кең, өмірдің барлық қырларын қамтиды. Онда



шынайы адамның тіршілік ету мәселелері маңызды орын алады. Қазақы дүниетанымға ұғымның іргелі және құбылмалы, мәңгілік және ауыспалы диалектіліктері тән.

Қазақтың ділінде өмір сүрудің мэңгілігі мен іргелілігі табиғатпен, оның құдіретімен, қуатымен, мэңгілігімен теңесті-ріледі. Адамның тіршілік етудегі тұрақгылығы табиғатпен сіңісуі, жақындасуы, үндесуімен тікелей байланысты қарастырады. Табиғаттың құдіреттілігі мен мәңгілігі «ағын суға тас лақтырып, ластамауға» ұмтылысынан көрінеді.

Далалық дүниетанымға орай, адам өмірі дегеніміз - ағымдағы, өткінші күйден бақи дүниеге өту. Бұл өмірде оған бақилыққа, абсолюттікке қосылуға мүмкіндік беріледі. Басты шарт - Адам болу.

Адам өмірінің салыстырмалылығы, өткіншілігі, уақытшалығы дүниенің «жалғандығы», оның түрақсыздығы уақыттың құбылмалылығымен анықталады. «Адамдар - бір-біріне қонақ, жан - тәнге қонақ». «Дүние-жалған» үғымы адам өмірінің салыстырмалылығын, болмысының бұлдырлығын, сезімінің жалғандығын, табысының уақытшалығын және т.б. көрсетеді.

Жақсымен жүрсең - пейіш,

Жаманмен жүрсең - кейіс,

Жақсыға жуық бол,

Жаманнан аулақ бол. Алайда адам өмірінің абсолюттілігі мен салыстырмалылығы бір-бірінен ажырамас ұғымдар, тұрақсыздықтан тұрақтылықты, салыстырмалылықтан абсолюттілікті табуға болады. Дүниенің, өмірдің орнықтылығы мен орнықсыздығының ара қатынасы сияқты өлшемдер байланыстырушы буын болып табылады. Қазақ халқының пайымдауынша, үйлесімділік пен сәйкестілік «қанағат» болған кезде ғана жүзеге асады. Үйлесімділікке қол жеткізу адам өмірінің басты магынасы, ол: «әркімнің өз биігі бар» немесе «мұз еритін де кез келер», «тасты тас қана жылжытады» деген нақыл сөздерден айқын көрінеді [30, 151-6.].

Көптеген мақал-мәтелдердің идеялық мазмұны «жаман адам» жэне «жақсы адам» деген басты ұғымдармен тығыз байланысты. Халық осы сөздер арқылы «Жақсы іске, жаман асқа», «Жақсыдан аспа, жаманнан қашпа» деген моральдар тұрғысынан адамның мінез-құлқына дұрыс немесе брыс баға береді.

Қазақ халқының мақал-мәтелдерінде жақсылық пен жамандық тақырыбына баса назар аударылады. Халық қолдаған, ұнатқан адамгершілік іс-әрекеттер, мінез-құлық қағидаттары мен нормаларының бәрі де жақсылыққа жатады. Жақсылық ақыл-оймен, біліммен байланысты қарастырылады, адам өмірінде оларға аса көңіл бөлінеді. Адамның коғамдық және жеке өміріне зиян келтіретін, халық жақтырмайтын және жазғырып, айыптайтын әрекеттер мен қылықтардың барлыгы жамандық болып табылады. Халықтың ұғымы бойынша, жамандыққа қарсы күресте адамның ақыл-ойы мен білімі басты құрал болып есептеледі.

Жоғарыда айтылып өткендей, көшпелі өмір сүрген қазақтың өмірінде, оның тіршілік етуінде табиғаттың, яғни табиғи ортаның алатын орны ерекше. Табиғат толықтай ретке келген дүниені білдіреді, ал адам болса, табиғаттың, космостың органикалық бөлшегі ретінде қарастырьшады. Далалық дүниетаным космосты адамға жат күш ретінде емес, керісінше оған өте жақын табиғи болмыс деп қабылдайды.

Қазақтардың арғы тегінің табиғатпен жарасымдылығы кейбір зеттеушілердің қазақтарды табиғатпен біте қайнаған «халық -табиғат» ретінде қарастыруға негіз болды [31].

Адам болмысты тұтастық, мәңгілік және тұрақты деп пайымдай отыра, табиғатқа бастапқы мән ретінде қарады. Табиғатпен бетпе-бет қала отырып, көшпелілер өз өмірінің әр сәтін қадірлей білді, ол дүниедегі өз болмысының үйлесімділігін сақтап қалуына мүкіндік берді [28].

Адамның Бұкіл әлеммен, космоспен ара қатынасы, ортақ-тастығын сезініп, түйсіну қабілеті сәби кезінен қалыптасады. Бесік жырларында ананың қолын сэбиді зарыға күтіп, оның жарыққа шығуын қуана қарсы алған ұлы ұмай-ананың қолымен теңестіреді. Сәби өмірінің алғашқы сэтінен-ақ оның бүл дүниеге келгендігіне әлемнің қуанышты екендігін және әлеммен кездесуінің қорқынышты да маңыздылығын сезінуімен бірге «бұл өмір мен дүниеге келуінің» маңыздылығын ананың ақ сүтімен «сіңіруі» үшін жүрек жылуына, қамқорлыққа, махаббатқа («сылап сипау әлдилеп тербету») бөленеді. Мәселен, қазақтың әдет-ғұрпында «баланың бесігі - кең дүниенің есігі» деп «бесікке салуға» үлкен мән береді. Бала тез жүріп, өмір жолы жеңіл, болашағы айқын болсын деп «Тұсау кесер» ырымын жасайды. Бұл ырым космостың ауыспалы күйінде тыныш, берекелі дүние, баланың өмір жолы ұзақ болсын деген тілектерді білдіреді. Ырымның дүниетанымдық мағынасы адамды қалыптасушы, дамушы және шексіз кемелденуші жан ретінде тануда. Сөйтіп, баланың өсу шамасына қарай әр ырым адамның дүниемен ара қатынасының жаңа қырын ашып отырады [32, 208-237-66.].

Дәстүрлі қонақжайлылық рәсімі көшпелі халықтың ділін айқын сипаттайды. Халытық дәстүрге сай, қонақжайлылық ата-бабамыздың басты салттарының бірі болып табылады. Қонақжайлылық ең басты этикалық адамгершілік ретінде түсіндіріледі. Қонақжайлылықты қазақтар ұлы бабамыз Алаш ханнан қалган мұра деп біледі. Қонаққа шыққан шығынның қайырымы мол деп есептейді. Қонақ күтуге кеткен шығын құдіретті күштің әсерімен артығымен қайтатындығына қазақтар сенімді болды.

Ғылыми еңбектердегі көшпелілердің қонақжайлылық салты туралы пікірлер сан алуан. Мәселен, олардың бірінде қонақ-жайлылық салтының негізінде әлеуметтік-экономикалык себептер бар деп есептейді. Екіншісі қонақжайлылықгың түпкі тамырын қарым-қатынас феноменімен байланысты қарастырады. Бұл жөнінде Т.Сүлейменов: «Қарым-қатынасқа мұқтаждық экзистенционалдық қажеттіліктердің рөлін атқарады, себебі ол адамның психикалық саулығының басты шарты болып табылады», - деп жазды [33, 15-6.].

Өзіне ұқсас адамдармен қарым-қатынас жасауға мүқтаждық көшпелі өмір салтына байланысты туындайды. Қазақтар шағын топ болып көшіп отырған. Климат неғұрлым құрғақ болған сайын көшпенді қауым соғұрлым бытыраңқы, шашылыңқы өмір сүрді. Мұндай жағдайда қарым-қатынас жасау қажеттілігі әлдеқайда арта түсті, сондықтан да көшпелі қазақ адамдармен кездескеніне әрқашан өте қуанышты болды. Ол өз үрпақтарына: «егер адамға кездессең, оны қуанышқа бөле: мүмкін сен оны соңғы рет көріп түрған шығарсың» - деп өсиет етті. Дала халқының нағыз қонақ-жайлылығының философиялық мәні осындай. Көріп отырғандай, көшпелілік қазақ халқының әлеммен және өз-өзімен қарым-қатынас жасауының құралын жэне тілін қүрайтын идеялық және рухани құндылықтардың теңдесі жоқ, берік жүйесін күра отырып, оның тағдырында, ділінде, сана-сезімінде аса маңызды рөл атқарды.

Адам космостың бір ұшқыны бола отырып, өз-өзімен, табиғатпен жеке қалғанда ішінен толғанып, қоршаған ортаның түрлі қасиеттеріне, олардың жаратылысына ой жүгіртеді, табиғатпен жэне өзінің руханиатымен шынайы жақындығын сезінеді. Сезімдерінің үшқырлығы жэне космоста шарықтауға үмтылу Л. Гумилевтің ойынша, тек бір адамды ғана емес, тұтас бір халықты пассионерлерге (әлемді жэне өздерін өздері жаңғыртатын энергияның белсенді иегерлеріне) айналдырды.

Бір-біріне жол бойында кездескен жолаушылар қалай-болса солай амандасып, әркім өз жолымен кеткенін үят санаған. Олар үшін адаммен қарым-катынас жасап тілдесудің, бір-бірін түсінуге талпынудың маңызы зор болды. Қ. Нүрланованың атап көрсет-кеніндей, қазақтың тұтас ұлттық идеясы — адамның жай-күйін түсіне білу. Оған өз ара қарым-қатынастың жоғарғы формасы болып табылатын әңгімелесу, араласу арқылы қол жеткізуге бола­ды. Осындай ұлы әмбебап идеяның ұшқынымен әр адамның өмірі, бүкіл дүниетанымдық кеңістігі рухтанады жэне нэр алады [32].

Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде адам өмірінің қысқалығына, оның бүл дүниеге «қонақ» екендігіне баса назар аударылады. Бұл мәселенің шешімін үнемі тығыз қарым-қатынас жасаудан табады. Қарым-қатынастың мәні: «Бүл дүниенің қызығы - сіз - біз деген», «өмірдің мэні сыйластықта», - деп пайымдайды.

Әлемнің «жетіспеушілігін»: «Ойлап тұрсам, бүл дүние - шолақ екен, бір-біріне адамдар қонақ екен» - деп, адам ғұмырының ұзақ еместігінен көреді. Әлемнің жетіспеушілігін жеңу мүмкіндігі -қарым-қатынаста, қонақжайлылықта, адамды жақын тарту, жаны ашу, ниеттес, тілектес болуда деп санайды. Жан дүниесінің жарқын болуы адам өмірін үзартады. Әр адамның жаны жақсылық пен шуаққа толы болуы керек, сонда ғана өмірінің мәні болады. Қазақтар: «Бір көрген адамға - қырық күн сәлем» - дейді. Адамға деген көзқарастың іс жүзіндегі философиясы шынайы сұлулық және жарастық, үйлесімділік негізінде дамыған [32].

Адамның өмір сүруінің тұрақтылығы, тамыр жаюы рулық үқсастыққа, туысқандық байланыстарға, туған жерге, оның дәстүрлеріне, рухани тегіне байланысты қарастырылды. Қазақы ділділде адам - бірінші кезекте, дербес субъект ретінде емес, тұтастық (ру) өкілі ретінде қарастырылады [30].




Адам өз тепнщ және халқының дүниетанымдық қағидаттарына бергенді үнемі дәлелдеп отырады, өйткені тіршілік етуші қатаң жағдайлары оған әлеуметтік салт-дәстүрлерді, нормаларды ескермеуге мүмкіндік бермеді.

Қазактың ділінде адамның өзін-өзі тануы қауымның, ұрпақтың, халықтың өкілі ретінде өзін анықтау ұғымымен біртұтас. Туыстық-рулық бастау индивидтің өзін қауымға және табиғи ортаға, ең бастысы өзінің табиғи болмысының жалғасы ретіндегі ата мекенге ұқсастырудың негізін қалаушы қағидаты болып табылады [34, 40-6.].

Қазақ халқының құндылықтары жүйесінде «Ата мекен», «Ата қоныс» ұғымдары басты орын алады. Адам туысқандарынсыз, дәстүрлі қауымсыз өзінің тіршілік ететінін көз алдына елестете алмайды. Өзін қоршаған ортадан бөлектей отыра, көшпелі, ең алдымен, өзін тектік тұтастықтың органикалық ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өзінің текке қатысын анықтады. Көшпелі үшін өз тегінен, туысқандарынан айырылу ең қатаң жаза болып саналады, ол өлімге тең.

Атасын, ата жұртын, күйеуін сыйлау жэне құрметтеу, рулас үлкендердің, ақсақалдардың беделі сияқты этикалық құндылыктар доминантасы тектік бастауымен тығыз байланысты. С. Ақатаевтың атап өткеніндей, әке ата-ананың рухани қасиеттерін бойына сіңірген ұрпақ жалғастырушы ретінде отау иесі, шаңырақ басшысы болып табылады. Әкенің, ақсақалдың түрлі міндеттері (материалдық игіліктер тудырушы, шаруашылық-ұйымдастырушылық міндеттер және т.б.) иерархиясында ата-ана, әке қасиеттері жетекші орын алады. Патриархалдық отау иесінің отбасындағылардың тағдыры мен өміріне қатысты барлық мәселелерді шешудегі қүқығы ерекше болды. Қара шаңырақты қадірлеу қазактардың негізгі салт-дәстүлері мен ырым-жораларында қатаң сақталады [35, 193-6.].

Халық тарихында ерекше орын алатын батыр - қазақтардың адамгершілік мұраты болып табылады. Олардың ата жүртын, ата мекенін қорғау кезіндегі ер жүректілігі, жанкештілігінің маңызы зор болды. Бөгенбай мен Қабанбай, Наурызбай мен Сыпатай, Малайсары мен Тайлақ, Жэнібек пен Өтеген, Саурық пен Әбілқайыр, Қошабек пен Естербек, Баян мен Тэуке, Бүқарбай мен Ақбайдың және басқалардың есімдері қазақтар үшін ерлік пен батырлықтың бейнесіне айналды. Бүл, ер жігіттердің, әсіресе көпшілігі батыр атағына ие болған, әскери бөлімдерді ғана емес, тұтастай руды, тайпаны басқарған азаматтардың халық үшін қандай маңызды екендігін көрсетеді. «Ер» ұғымы - қазақтың ұлттық даналығының ең маңызды ұғымдарының бірі. Мәселен, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» дейді халық нақылында. Көне жазба әдеби ескерткіштердің негізгі тақырыбы -халық, Отан, олардың намысын қорғау, бостандығы мен тәуелсіздігін сақтау тақырыбы болды [31].

Дала ойшылдары - ақын-жыраулар мәңгілік философиялық мәселелер жөнінде ой толғай отырып, өз шығармаларында халық даналығының қайнар көздеріне сүйенді, олардан рухани күш алды. Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақындар тәуелсіздік, бейбітшілік, әділеттілік, адамдардың теңдігі идеясын жырлады [36].

XV-XVII ғасыр ойшылдарының ішінде Асан Қайғының алатын орны ерекше. Ол өзінің Желмаясына мініп, өз халқы үшін жерүйық іздеп, қазақтың кең даласын шарлайды. Оның моральдық, тәрбиелілік, жақсылық пен жамандык, ізгілік пен жауыздық туралы толғаулары халықтың жадында сақталып қалған. Жырау өз қандастарын әрқашан өзін-өзі қадірлей, қүрметтей білуге, өзінің қүлқынын тыя білуге, қарапайым, адал, шыншыл жэне қайырымды болуға шақырды. Оның пайымдауынша, адам өзінің аз ғана ғұмырында бұл дүниенің барлық қуаныштары мен қайғыларын бастан кешуі керек.

Жыраулар шығармалары, әсіресе XV-XVIII ғасырларда, көбінесе халық ауыз әдебиетімен ұштасып жатады. Олардың даналық сөздерінің көпшілігі кейіннен мақал-мәтелдерге, нақыл сөздерге айналып кетті.

Бүқар жырау өз толғауларында жастық шақтың негізгі ерекшеліктерін дәл сипаттай отыра, оның сана-сезімі, көңіл күйі және күш-қуатының айрықша белсенді екендігіне баса назар аударды. Әр адам үшін ақылды және зерек болудың маңызы зор. Ол тек асыл сөздің арқасында ғана адам шынайы парасатқа қол жеткізе алады деп есептеді. Дұрыс ойлап, дұрыс сөйлей алмау -жігіттің соры. Ойлай білетін және зерек адам әрқашан да ізденісте болады, ол өз мақсатына жеткенше дамыл таппайды.

Бұқар жыраудың кэрілік туралы ойлары да назар аударарлық. Кәрілік - даналық жасы. Өмірдің қилы жолдарынан өтіп, қоғамға қолынан келгенше кызмет еткен қарт адам, әсіресе өз еңбегінің жемісін пайдаланып отырған жастардан өзін құрметтеуді және сыйлауды талап етеді. Ақсақалдар ақылшылар рөлін атқарады, олар өз халқының тағдырына жауап береді. Үлкендер қоғам тәрбиешісі ретінде өздерінің ізгі кеңестері арқылы адамдардың іс-әрекеттерін тек жеке отбасының ғана емес, бүкіл қауымның, рудың мүддесін ойлайтын дүрыс жолға бағыттайды. Осы уақытқа дейін үлкендерді, яғни үлкен өмір тәжірибесі бар ақсақалдарды ерекше құрметтеп, сыйлау салты қазақтарда сақталып қалған («Өзің қартайсаң да, атанды сыйла»).

Елжандылық, отанға деген сүйіспеншілік - жырау шығармасының өзекті тақырыптарының бірі. Туған өлкенің табиғатын қастерлеуге шақыра отырып, жыраулар өзінің оған деген сүйіспеншілігін, көшпелілер өміріне қажетті жағдайлар туғызған қазақ даласының сұлулығын жырлайды, олардың халық үшін қандай мэні бар екендігін эстетикалық тұрғыдан толғауға тырысты.

Бұхар жыраудың шығармалары халық тұрмысы, оның арман-мүдцесі мен қиындыктары, байлық пен кедейлік және олардың ара қатынасының қоғамның әлеуметтік-адамгершілік жай-күйіне тигізетін әсері, өмір мен өлімнің мәні туралы толғауларға толы.

Шал Құлеке ұлы (1748-1814) өз шығармаларында еңбек, бақыт, отбасы, түрлі топтар мен таптардың психологиясы туралы толғауларымен бөліседі. Оның жігіттің үш типі туралы ойлары назар аударарлық. Ойшыл олардың әрқайсысына сәтті атау берген. Бірінші типі - бос денелі шалағай, ақымақ, арамтамақ, жалқау. Бүл «құржан» - адам атын жамылған тірі жан, ол мақсатсыз бос жүреді, оның өмірі де анық емес. Екінші типі «тіріжан» - бұл кербез, тамақсау, мақтаншақ, өркөкірек, екі жүзді, пайдакүнем. Қызғаншақтық, жеңілтектік - мұндай адамның басты белгілері. Үшінші тип - бұл «жігітжан» - жан-жақты жас жігіт. Ол сегіз қырлы, бір сырлы. Оның басты қасиеттері - еңбексүйгіштік, халқына қызмет ету, жан дүниесінің тазалығы.

Ақынның әйелдер туралы, оның бала тәрбиесінде, от басын үядай сактауы, отбасына жағдай жасауы туралы ойлары күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Егер қазақтың оған дейінгі ойшылдары әйел туралы жалпы мағынадағы бірер сөзбен ғана шектеліп қалса, ол бірінші кезекте әйел сүйкімділігінің нәзік қырларын сезіне отырып, ішкі сұлулықты, эйел психолосиясын жырға қосты. Мәселен, қыздар туралы, әйелдер туралы шығармаларында ол әйелдердің денесі әлсіз, мінезі жұмсақ, жаны нәзік, жаны ашығыш, сезімтал, олар бейқамдыққа, селқостыққа тез ренжіп қалады, алайда ақылы ер адамнан кем емес, әйелдер жоғары адамдық қасиеттерге ие, адамдық кемелдіктің, сүйкімділіктің үлгісі болып табылады деп ерекше бағалады.

Шал ақын адамдарда білімсіздікпен және ұқыпсыздықпен әуре-сарсаңға түспес үшін әр адамға қажетті сұлулық туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға тырысты. Зерттеушілердің пікірінше, Шал ақын қазактың әлеуметтік ойлары тарихында бірінші рет әр адамның интеллектуалдық-мэдени қалыптасуына қажетті, сол сияқты қоғамның бірыңғай және біртүтас әлеуметтік қүрылым ретінде қалыптасуы жэне дамуының алғышарты, адамдық индивидтің ақыл-ой және адамгершілік тұрғыдан кемелдену деңгейіне тікелей тәуелді кемелдік деңгейі ретінде білім тарату, ағарту идеясын ұсынды.

Шал ақынның бүкіл шығармалары зұлымдықтың кез келген түріне қарсы күреске бағытталған. Ол Ақиқат пен Шындықты өзіндік мақсат ретінде емес, адамдар арасында Жақсылықты орныктырудың қүралы ретінде қарастырды. Шал ақын адам үшін маңыздылығы деңгейі бойынша негізгі құндылықтарды былайша орналастырды: Махаббат, Жақсылық және Сұлулық. Жігітке таза киім, өткір қылыш қажет, ал сарбазға - зұлымдықпен күресте Жақсылықты орнықтыру үшін ер жүректілік керек.

Ақын, ойшыл-философ Ақтамберді жырау адам өмірінің мақсаты — адамдар арасында татулық пен теңдік орнату болып табылады, оларсыз бақытқа қол жеткізу мүмкін емес екенін айтады. Ойшылдың пайымдауьшша, соғыссыз татулық және жоқшылықсыз адам теңдігі - міне, қазақ халқы аңсайтын қоғамдық қүрылыстың мұраты осы.

Қазақтың ағартушысы, ғалым-энциклопедист, шығыстанушы, қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов адамға, адамның өмірге келуі және өмірден кетуі мәселелеріне баса назар аударды. Ол адамның бойында бауырмалдық сезімін және дүниенің құпияларын танып-білуге құштарлығын оятатын табиғатқа деген терең махаббатына ерекше көңіл бөлді. Адамның табиғатқа деген махаббаты — шаманизмнің туындауындағы басты себептердің бірі. Қазақ ділінің терең тамыры - түрік мифологиялары, ежелгі сенім-нанымдар, шаманизмдердің табиғатын зерттеуде Ш. Уәлихановқа ешкім тең келмейді. Оның ойынша, жаппай сауатсыздыкты жойып, халыққа білім беру қоғамдық прогрестің және реформалар жетістіктерінің негізі болып табылады.

Ұлы ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы Ыбырай Алтынсарин да халық ағарту идеясын ұстанды. Дейизмдік көзқарас жағынан ол қоршаған әлемді Алла тағала жаратқанын мойындайды. Агартушы білімсіздікке, наным-сенімдерге, ескі көшпелі тұрмыс шеңберінде тұйықталып қалу және исламды пайдакүнемдік мақсатта пайдаланып жүрген діни қызметкерлерге қарсы тұрды. Ол білімнің үстемдік етуі және білім, агарту, ғылым қоғамды алға бастырады және әрбір жеке адамды дамытады деп санайды. Педагог Ы. Алтынсарин өскелең ұрпақтың эстетикалық және этикалық тәрбиесіне аса көңіл бөлді. Ол адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оның бойында, ең алдымен, еңбексүйгіштікті дамыту керек деп ой түжырымдайды. Адамның өмір туралы дұрыс түсінігін, өзін-өзі және өзгелерді сыни тұрғыдан бағалай білуді дағдыландыруды ол парасатты түрде тәрбиелеу үдерісінде жақсы нышандар мен мінездердің дамуымен тығыз байланыста қарастырды. Еңбек - борыш сезімін күшейте түседі, еңбекшіл адамға өзімшілдік белгілері жат, сондыктан да мектепті «саудагер рухтан», ауқымы тар шектеулерден қорғау керек деп есептеді Ы. Алтынсарин. Ол балалар бойына әлемге деген кең көзқарас беретін жэне оларга адамгершілік тұрғысынан терең әсер ететін білім үшін күресті.

XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ойшыл, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев адамгершілік бастауы -махаббат пен әділдік деген тұжырым жасады. Абай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» - деп, әрбір адам өмірдегі, қоғамдағы өз орнын таба білуі керек, ал ол үшін білімге, кәсіпке және өнерге ұмтылуға шақырды. Ол тек қажымай еңбек етудің нәтижесінде ғана тұрмысты жақсартып, туған-туысқандарына игілікті іс жасап, сыйлы болатындығына көз жеткізді. Абайдың ойынша, адам - жан дүниесі қайталанбас, әлемдегі жоғарғы құндылықтарға қол жеткізген, өз тағдырының иесі және жасампазы бола алатын бірегей тіршілік иесі. (ұлы ағартушы адамгершіліктің жоғарғы көрсеткіші - жақсылық жасау, сұлулыққа ұмтылу деген ойды үнемі кайталап отырды. Абайдың

негізгі эстетикалық ұстанымы - «Адам бол!». Адам өзін-өзі тану және өздігінен кемелдену үдерісі кезінде өз мүмкіндіктері мен шығармашылық әлеуетін жүзеге асыра алады және оны жүзеге асыруға міндетті де. Абай өз пайымдауымен адамның жақсы және жаман қасиеттеріне қатысты нақты бағдар беретін адамгершілік мінез-құлық кодексін жасады.

Елін жанындай сүйген Абай өз халқының болашағы білім алуда, сауат ашуда, ғылым мен өнерді, кәсіп пен шаруашылықты дамытуда, қажымайталмай еңбек етуде деп біледі. Абай адамды Құдай жаратқанына, оның жоғары болмысына жэне бүл дүниенің заңдылықтарын меңгере алу қабілетіне сенеді. Адамның ақыл-парасаты ақиқаттың өлшемі бола алады, ал адамның өзі ақыл-парасат пен еңбектің арқасында бақытқа қол жеткізеді деп есептейді. Ойшыл өзінің атақты «Қара сөздерінің» Төртінші сөзінде: «Ойлауга бейім адам бейбіт істерде де немесе өлім соты алдында да әрқашанда парасатты, жинақы. Іс пен ой жинақылығы -жетістіктің негізі», — деп жазады. Абайдың айтуынша, мұң мен кайғыға бату емес, ең алдымен «өзінің салактыы туралы ойлау, осыған қайғыру және пайдалы іспен айналысып, өз салақтығынан арылуға тырысу. Бос сауық-сайран емес, пайдалы және есті еңбек адам жанын жазады».

Абай Он бесінші сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып білсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды. Сондықтан білгені, көргені көп адам есті болады. ...Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір рет, болмаса жүмасында бір рет, ең болмаса, айына бір рет қалай өмір сүріп жатқандығың жөнінде өзіңнен өзің есеп ал! Сен өзіңнің білім алуың үшін, бұл дүние немесе о дүниедегі өмірің үшін қандай да бір пайдалы іс атқардың ба, кейін өкініп қалмайсың ба?» - деп ақыл-кеңес айтады [37].

Абай: «Қашан бір бала ғылым мен білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат (табыс, пайда) дәфғы мүзарратларны (зарарлыдан қашу) айрылмақлық секілді ғылым-білімге үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала», - дейді. «олардың адамшылығының кәмелат (сенім) таппағы - қиынның қиыны. Себебі Алла тағаланың өзі ­хақиқат жолы. Хақиқат бірлән растық - қиянаттың дұшпаны... Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлэн табылады. Ол -Алланың ғылымы емес, һамманы білетүғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамга өзіндік білім береді [Отыз сегізінші қара сөз, 80-81 бб.].

Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші -залымдық деп білесің.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет