«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С


ХІХ-ХХ ғасырлардағы батыс философиясындағы өзін-өзі тану идеяларының эволюциясы



бет6/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

1.5. ХІХ-ХХ ғасырлардағы батыс философиясындағы өзін-өзі тану идеяларының эволюциясы

Карл Маркстың философиялық көзқарасына сәйкес, тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастардың ансамблі. Тек әлеуметтік қатынастар жүйесінде ғана адам өзін әрекетте көрсете алады, сондықтан да тәрбие тұлғамен қарым-қатынас жасаудың субьектісі ретінде араласады. К.Маркс адамды шынайы және адамдардың еркі мен сана-сезімінен тыс болатын тұтастай қоғамдық-өндірістік қатынас жүйесіндегі белсенді, сонымен бірге нысаналық-әрекет етуші әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырды. Ол әрқашан басқа адамдармен, адам тіпті өз-өзімен қалғанда да, байланысқа, қатынасқа түсетінін атап көрсетті.

Адам мэселесіне, оның мәні мен тіршілік етуіне көңіл аудару, көптеген философиялық мектептер мен бағыттар пайда болған ХІХ-ХХ ғасырлардағы батыс философиясына тэн. Батыс филосо-фиясының персонализм, «өмір философиясы», экзистенциализм, философиялық антропология сияқты бағыттары әрқашан да адамды философиялық зерттеуге тұрарлық бірегей мәселе ретінде қарастырды. В.Дильтей былай деп жазды: «Философия өз танымының ішкі байланысын әлемнен емес, адамнан іздеуі керек» [23, 122-6.]. Адамға өкілдері қайталанбайтын «тірі дүниелер» диалогінің мүмкін екендігін, адамды адам түсінуінің негізін анықтауды мақсат етіп қоятын герменевтика бағыты баса назар аударып отыр.

ХІХ-ХХ ғасырлардағы батыс философиясына бейсаналылық, түйсік, ерік, субьективтілік, сезімтал өмір, қарапайым тәжірибе, т.б. сияқты тек адамға ғана тән қасиеттерге жаңаша қызығушылық тән болды. Мысалы, «өмір философиясында» (А. Бергсон жэне т.б.) адам сана-сезімінің негізі ақыл-ой емес, ұтымды бастау емес, тек таза ішкі түйсік болып есептеледі. Алдыңғы қатарға адамның - субьективизмі мен психологизмі шығады. Феноменологияда (Э.

Гуссерль) ақыл-ой адамға қажетті барлық мағына тудырушылык түрлерін білдіретін түсінік ретінде пайымдалады. Феномено-логияның айрықша белгісі - сана-сезімнің ішкі мағыналық тәжірибесіне абсолютті түрде сене білу.

Философ-экзистенциалистер адамның өзінің адамшылық мәнін, адамдық қасиетке ие болуын, руханилықты тани білу мәселесін тағы да алдыңғы кезекке шығарады. К.Ясперс, А.Камю, Ж-П. Сартр тек өзінің экзистенциясына, өзінің жаралуының адамгершілік мәніне көзі жете отырып қана адамның адам болып қалатынына сенген. Олардың пікірінше, адам өзінің әрбір әрекетімен, қылығымен өзін-өзі қалыптастырғанда ғана нагыз еркіндікте болады. Тек осындай жагдайда ғана адам өз іс-эрекеттерін жағдайға байланысты немесе біреудің еркі бойынша деп ақталмай, өзінің барлық іс-әрекеттеріне жауап бере алады. Адамның адамгершіліктік қасиеті, өзін бағалауы осыдан түрады. Философ-экзистенциалистер жоғары әлеуметтік құндылық деп жалпы адамды емес, өзін таныта алатын, өзін іс жүзінде көрсете алуға қабілетті, нақты индивидті есептеген. Экзистенциализмде, адам езіне және әлемге қатысты маңызды шындыкты тек рационалды, ғылыми таныммен ғана емес, сезім арқылы да ашады, деп әділ болжамдайды. Экзистенциализмнің басты идеясы адамның тіршілік ету идеясы, адамның дүниедегі болмысы.

Адамның рухани және кеңістіктік болмысының толықтық мәселесін К. Ясперс қарастырды [24]. К. Ясперс адамзаттың тіршілік етуінің негізгі жағдаяты өз мәнінде рухани деп әділ болжамдайды. Дамудың рухани жағдайын мойындаудың маңыздылығы біз омір сүретін дүниенің қозғалмалылыгымен анықталады. Рухани жағдаят басқа жағдаятпен ауыстырылатын тарихи анықталған нақты болмыс жағдаятын әлдебір жену және сезіну ретінде қарастырылады. Мұнда әрбір жаңа жағдаят оны меңгеру үшін адамның қауырт рухани жұмыс істеуін қажет етеді. Батыс әлемінің рухани жағдаяттарына ондағы адамның рухани жағдайына жасаған өзінің талдауларында К. Ясперс шындықты жаппай тіршілік етудің негізгі рухани күші, қазіргі заманның рухани жағдайының болу формасы мен базасы ретінде қарастырады. Оның негізгі рухани күші жаппай тіршілік ету болып табылады. Тіршілік ету жағдайы айырыкша ұтымды әрекет етуді талап етеді және адамдарды өз жеке даралығынан айырылған «доңғалактарға», функционерлерге айналдырады. Адамның ішкі айқындамасы іскер және басқарылатын, типтік, ал адамның ұшқырлығы мен қайталанбастығы жоғалады және еленбейді.

Адам мәселесіне ұзақ уақыт бойы «субьектісіз білімді» зерттеп келе жатқан, «ғылым философиясы» сияқты бағыт та назар аударып келеді. Адамның тілегі, идеалдары, мақсаттары қазіргі кезде ғылыми білімді дамытудың маңызды факторлары ретінде мойындалып отыр. Тілде айқындалған адам әрекетінің жасырын, бейсаналылық негізін зерттеуді неоструктурализм философиясы жүргізіп келеді. «Адам жэне ғылыми-техникалық болжам», «Адам және саяси ұйым» тәрізді тақырыптар да Батыста жеткілікті деңгейде талқыланған. О. Тоффлердің постиндустриалдық қоғамының тұжырымдамасында адамға басты орын беріледі. Жасампаз, белсенді, еркін түлғаның рөлін күшейтуді олар әлеуметтік-тарихи қажеттілік деп қарастырады.

Философиялық антропологияны өз бетінше ғылыми пән және батыс философиясы бағыттарының бірі ретінде ақырғы рәсімдеу XX ғасырдың басындағы неміс философтары М.Шелер, Х.Плеснер, А. Гелен аттарымен байланысты. М. Шеллер адамға болмыстың шексіздігі мен абсолюттігін түсіну қажет екендігін дұрыс болжамдаған. Ежелден-ақ өзіне-өзі: «Мен өзім қайдамын? Мен неге озіммін? Мен қалай тіршілік етемін?» деп сұрақ қою адамға тән қасиет [25, 35-49-6.6.]. М.Шелер адамның рухани белсенділік айқындамасына, оның элемге қатысты тең құқықтыгына аса көңіл бөледі, өйткені адам әлемнен оз ойының үстемдігін қабылдауын биік қоюы, өзінің әуестік энергиясын рухани әрекетке сублимациялауы мүмкін. Адам жаны оз ішінен түйықталып қалмаған, ол сырттан түсетін ақпаратты қайта жаңғыртады, үлгіге түсіреді деп пайымдайды М. Шелер. Жан, ондағы жасырындык жағдайдағыдай қатысатын, барлық мүмкіндіктік мәндердің байланыстыратын буыны болуға ұйымдасады және ыңғайланады. Осы мәндер біріккеннен кейін, тұлганың біртұтас өзегі анықталып, жасалады.

Х.Плеснер «Органикалықтың сатылары және адам. Филосо-фиялық антропологияға кіріспе» [26] еңбегінде тұлғалық болмыс­тың оған баска рухани тәжірибенің енуі есебінен дамуы туралы идеяны жэне де оны адамдармен, қазіргі дүние шындыгымен қамтамасыз етілетін, кейбір оқшаулаумен шектеуі туралы көзқарасымен негіздеді. Философ «рух», «рухтық», «жан», «сана» түсініктерін ашып береді. Жан, шын нәрсе, ол тұлғаның ішкі тіршілігі. Сана болса –әлемді танытатын тіршілік аспекті. Рух тек бірлескен әлемде ғана жасалатын, жаратылатын, айқындалатын ауқымда көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет