П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010


айғамбарларға деген қажеттілік



Pdf көрінісі
бет3/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

айғамбарларға деген қажеттілік 
Хақ тағала адам баласын ең көркем бейнеде 
және жан-жақты қабілетті етіп жаратқан, әрі оған 
Аллаһты танып-білсін деп ақыл-сана берген. Жұмыр 
басты пенденің ақыл-ойы арифметика, геометрия
химия, астрономия, т.б. ғылым салаларындағы кей-
бір сұрақтардың жауабын еш нәрсенің көмегінсіз-ақ 
өздігінен білуі мүмкін. Мәселен, төрттің жартысы екі 
болатыны немесе бүтіннің өз бөлшектерінен үлкен 
екендігі адамға мәлім. Бұл қабілет Аллаһ тағаланың 
зор нығметтерінің бірі. Бірақ ақыл мен ой мүмкіндігі 
Аллаһтың сипаттары мен көркем есімдеріне келген-
де қауқарсыз, һәм шектеулі. Олардың бұл мәселеде 
әлсіздігі анық. Демек ақыл мен ой да кез келген 
мәселені толық қамтып, түп-төркінін ашып бере ал-
майды. Мәселен, құлшылықты өтеудің мәні, ақырет 
әлемі әрі біздің физикалық әлемнің тысында болып 
жатқан метафизикалық құбылыстар, т.б. жайлы адам 
12
«Һұд», 11/84.
13
«Жүніс», 10/84-86. 


10
Пайғамбарларға иман
ақылы көп нәрсе біле бермейді. Демек, көздің көруі, 
құлақтың естуі шектеулі болғаны секілді ақыл мен ой-
лау қабілетінің де жете алмас биігі, ала алмас асқары, 
шыға алмас шыңы болады. Сондай-ақ жалаң ақыл за-
лым адамды жазалау үшін дұрыс үкім бере алмауы не-
месе залымдардың зұлымдық жасауына кедергі бола 
алмауы мүмкін. Сондықтан Аллаһ тағала адам баласы 
екі дүние бақытына қол жеткізуі үшін әмбеге ортақ 
заңдылықтар бекітіп әмірлер берген. Міне, осынау өмір 
сүру заңдылықтарын ашып түсіндіру, адамдарға бас-
көз болып, жол көрсету мақсатында мейірімі шексіз 
Жаратқан иеміз адамдардың өз арасынан пайғамбарлар 
жіберген.
14
Адам баласы материалдық тұрғыдан қанша-
лықты жоғарғы деңгейге жетіп небір асуларды 
бағындырғанымен, рухани құндылықтардан тұтастай 
қол үзіп кете алмақ емес. Сондай-ақ қиын-қыстау кез-
дерде адам өзін көбіне-көп жапанда жалғыз қалғандай 
сезінеді. Қол ұшын беретін, сүйеніш, демеу болатын дос 
іздейді. Басына іс түскенде, адам жақын досымен дидар-
ласып, сырласып іштегі шерін тарқатқанда өзін жеңіл 
сезінетіні содан емес пе? Ал қайғы-мұңын бөлісе ала-
тын адал дос таппаған қиын-қыстау кездерде қаншама 
адам балшы-балгерлерге барып, қателікке ұрынып жа-
тады. Мұндай жағдайдың қаншамасын құлақ естіп, көз 
көріп жүр. Әлгіндей дуакештерге алданған адамдар 
көбіне психологиялық дағдарысқа шырмалып жатады. 
Бәлкім, пенде өзіне берілген қабілетті жеткілікті 
санайтын болар. Сөйтсе де, материалдық мүмкіндік 
пен әлеуметтік жағдайы жоғары саналған елдерде 
14
Мұхитдин Акгүл, 99 соруда Ефендимиз, Измир, 2008, 13-
14-б.


11
Пайғамбарларға иман
көкейінде иманы жоқ адамдардың көбі көзбояушы 
«көріпкелдерге» тәуелді болатындығы ащы да болса 
шындық. Сонымен қатар, іштей жегідей жеп мазалаған 
сауалдарға жауап таба алмай сабылып жүрген жандар 
да аз емес. Бұл адам баласының бүкіл қажеттіліктерін 
өзі көтере алмайтындығын көрсетсе керек. Озық тех-
нология мен медицинаның шарықтап дамыған зама-
нында адамдардың өз өміріне өзі қол сұғуы күн санап 
көбейіп барады. Бұл да пенделік жүйелердің ашынып, 
аласұрған адам баласының жан-жүрегіндегі жарақатты 
емдеуге қауқарсыз екендігін көрсетеді. 
Жаратушы Хақ тағала адамзаттың осы қажет-
тіліктерін о бастан біліп, оларға медет болсын деп, әрі 
нағыз ақиқатқа көздерін ашсын деп пайғамбарлар жі-
берген. 
Осылайша Ұлы Жаратушымыздың пенделерін 
тура жолға шақырып, жөн сілтейтін шамшырақ 
пайғамбарлары бірінен соң бірі керуендей тізіліп келіп 
отырды. Бұл жайлы Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет