38
Пайғамбарларға иман
Құранда:
«Олай болса, (Уа, расулым) табандылық
танытқан елшілер қалай сабыр еткен болса, сен де со-
лай сабыр ет...»,
79
– дейді. Бұл аяттағы «әъзм» сөзінің
мағынасы «табандылық және төзімділікпен ізгі ама-
лын жалғастыру» дегенге саяды.
80
Яғни, пайғамбарға
«Аллаһтың уахиын жеткізу барысында табандылықпен
сабыр танытқан және Аллаһ тағаланың әмірі мен
тыйымдарын ең көркем орындаудың үдесінен шыққан
пайғамбарлар сияқты төзімді бол» делінген. Демек,
ұлық пайғамбарлар ақиқатты
жаю жолында қаншама
қиыншылықтарға төтеп, сабыр етті, сондықтан оларға
«улул-әъзм» пайғамбарлары делінген.
81
Улул-әъзм пайғамбарлардың кімдер екендігі ту-
ралы түрлі көзқарастар да жоқ емес. Сонымен қатар,
Құранда:
«Есіңе ал, бір кездері пайғамбарлардан уәде
алған едік: сенен, Нұхтан, Ибраһимнен, Мұсадан
және Мәриямұлы Исадан... Олардан айнымас серт
алдық»,
82
деп, «Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
, Нұх (ғ.с.),
Ибраһим (ғ.с.), Мұса (ғ.с.) және Мәриям ұлы Иса (ғ.с.)»
79
«Ахқаф», 46/35
80
Алуси, Рухул мәани, Бейрут, 1985, 36-т., 34-б.
81
Е.Хамди Языр, Хақ дини Куран дили. Стамбул. 1979. VІ/4363-
4364
82
«Ахзаб», 33/7
39
Пайғамбарларға иман
пайғамбарлардың есімдері аталып, олардың улул-әъзм
екендігі баян етіледі.
Бұл пайғамбарлар ғұмыр бойы табандылық,
төзімділік қасиеттерімен танылды. Мәселен, Нұх
пайғамбар ғасырлар бойы қауымының иманға ке-
луі үшін
небір жәбір-жапаға шыдап, сабырлылық та-
нытты. Ибраһим пайғамбардың қол-аяғы байланып,
лаулаған отқа тасталарда және бауыр еті баласы Ис-
маилды құрбандыққа
шалу бұйрығы келгенде, бар
етіңді сылып, жан теріңді сығып алатын сынаққа төтеп,
асқан төзімділік танытты. Мұса (ғ.с.) қауымының не-
бір зұлмат зұлымдықтарына, ал Иса (ғ.с.) бұл дүние
тіршілігіне алданбай, көрген қиындықтарының бәріне
қасқайып сабыр етті.
Пайғамбарлардың барлығы – Аллаһ тағаланың
таңдаулы елшілері. Адам мен жын атаулының арасында
пайғамбарлардан абзал ешкім жоқ. Дегенмен Құранда
айтылғандай дәрежесі өзгелерден жоғары болғандары
бір бөлек. Күллі пайғамбарға Аллаһ
тағаладан уахи
келгенімен, олардың кейбірі ғана ұлы саналған. Бұл ту-
ралы «Бақара» сүресінің 253 аятында былай делінген:
«Осыған дейін саған айтқан елшілердің кейбірін
кейбірінен үстем еттік. Аллаһ олардың кейбірімен тіл-
десті. Кейбірінің дәрежесін басқалардан биіктетті».
Аллаһ тағала кей пайғамбарларға иләһи кітаптар
мен парақтар түсірсе, аятта айтылғандай кейбірімен
тікелей тілдескен. Енді
бір пайғамбарлар нақты бір
қауымға жіберілсе, кейбіреулері олардың көмекшісі
ретінде танылды. Солардың ішінде соңғы пайғамбар
40
Пайғамбарларға иман
Мұхаммед Мұстафаның
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
орны бөлек.
Адамзаттың асылына баланған соңғы елші күллі адам-
зат баласына жіберілгендігімен ерекшеленген. Сол се-
бепті де ол «пайғамбарлардың мөрі» саналған.
«Шура» сүресінің 13-аятында:
«Дін үкімдерін мықты орындаңдар және дінде
бөлінбеңдер деп Нұхқа нұсқау еткен дінді және саған
уахи еткенімізді, сондай-ақ Ибраһим, Мұса және Исаға
нұсқаған хақ дінді сендер үшін де Аллаһ дін ретінде әмір
етті», – дейді. Бұл аятта ұлық пайғамбарлардың есімі
бір жерде аталған және бүкіл пайғамбарлардың міндеті
бір ақиқатты адамдарға жеткізу екендігі білдірілуде.
Барлық пайғамбардың ғұмыры ауыр сынақ ішінде өтсе
де, Жаратушыға деген сенімінен зәредей ауытқымаған.
Ал өз кезегінде Хақ тағала өзінің тәуекелге бел байлап,
қиындықты тайсалмай қарсы алған адал құлдарына
көмек жіберді.
Ә
Достарыңызбен бөлісу: