21
Пайғамбарларға иман
өмір сүру шарттары мүлде бөлек. Періштелердің ішіп-
жемейтіндігі, бас құрап үйленбейтіндігі
ислам ілім-
білімінде қашаннан белгілі.
Аллаһ тағаланың қасиетті кәламында Аллаһтың
елшілері жайлы:
«Міне, солар Аллаһтың тура жолға салғандары
(пайғамбарлар). Сен де солардың жолымен жүр!»,
33
–
делінеді. Ендігі бір аятта Аллаһ тағала:
«Расында, сендерге Аллаһтан және ақырет
күнінен үміт еткендер мен Аллаһты көп зікір еткендер
үшін Аллаһтың елшісінде жақсы үлгілер бар»,
34
– деп
баян етеді.
Шындығында, Жаратқанның пендесі болу адам
баласы үшін айрықша нығмет, үлкен абырой. Құранда
айтылғандай адам баласы Хаққа құлшылық ету үшін
жаратылған. Пайғамбарлар соны үйреткен.
Мәселен, Нұх пайғамбар
адамдарды тағам ал-
дында «бисмиллаһ» соңында «әлһамдулиллаһ» деуге
35
Аллаһқа құлшылық пен шүкіршілік етуге насихаттады.
Ал оның өзін Аллаһ тағала «Исра» сүресінің 3-аятын-
да:
33
«Әнғам», 6/90
34
«Ахзаб», 33/21
35
Алуси, Рухул мәани, ХХV/16
22
Пайғамбарларға иман
«Шүбәсіз Нұх та Раббысына шүкір етушілерден
еді», – деп мадақтап үлгі етеді. Тәпсірші Байдауи бұл
аятты «Ей, адам баласы! Аллаһтан өзгеге табынбаңдар.
Құлшылық етуді аталарың Нұхтан үйреніңдер.
Өйткені ол Аллаһқа көп шүкір етушілерден»,
36
– деп
тәпсірлеген.
Ал тәпсірші Тәбарани: «Нұх пайғамбардың
тамақтанған сайын, киімін кигенде және бүкіл іс-
әрекетінде үнемі Аллаһқа шүкір еткенін және Құранда
шүкір етуші құл деп мақталғанын хадистерден байқауға
болады»,
37
– дейді.
Пайғамбарлар адамзатқа үлгі болуда өмірдің бар
қыр-сырын жете меңгерген. Мәселен, екі әлем Сардары
бүкіл адамзатқа мейірімділік
пен рақым алып келген
хазірет Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бар ғұмыры,
мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы тек пайғамбарда ғана
кездесетін ерекшеліктерден тұрды. Пайғамбарымыз
адамзатқа үгіт-насихатты сөз жүзінде
айтып қана
қоймай, оны өз өмірімен өрнектеп көрсетті. Оның
нұрлы өмірі осыған куә.
Осы сияқты өзге пайғамбарлардың да өмірі біз
үшін тұнып тұрған ғибрат. Олар адамдарға дін мен
көркем мінездің ақиқаттарын түсіндірді. Ең бастысы,
пайғамбарлар ізгі істерінің
қайтарымын еш уақытта
күтпеген. Құран кәрімде:
«...Олардың барлығы игі жақсылардан»,
38
–деп
пайғамбарлардың барлығы бірдей ардақты екендігі
36
Бәйдауи, Тафсирул Бәудауи, Бейрут, 1996, ІІІ/432
37
Табәрани Әбул Қасым, әл-Мужәмул-кәбир, Мусул, 1983, VІ/32
38
«Әнғам», 6/85
23
Пайғамбарларға иман
баяндалады. Ендеше,
пайғамбарлардың өмірбаяны
мен жасаған әрбір іс-қимылынан өмірлік сабақ алу
адамзаттың асыл борышы.
Д
Достарыңызбен бөлісу: