27
Пайғамбарларға иман
«Ей, жын мен адамдар қауымы! Сендерге өз
іштеріңнен аяттарымды баян етіп, осы күнге
жолығатындарыңды ескерткен елшілер келмеді
ме?»
46
– дейді. Яғни, Аллаһ тағала бүкіл адам баласын
махшар
алаңына жинап, әр үмбеттің пайғамбарын
олардың өздеріне куәгер етеді. Ал пайғамбар келмеген
қауымды азапқа тартпайтындығы айтылады.
47
Б
арлық пайғамбарға тән ерекшеліктер
Хақ тағаланың қарапайым адамдардың арасынан
таңдаған елшілері ақиқатты адамдарға бірін қалдырмай
толық жеткізді. Барлық елшілердің өздеріне жүктелген
міндеттеріне қарай бәріне ортақ ерекшеліктер де бар.
Құранның көптеген аяттарында бүкіл елшілердің
мадақталғанын көреміз. Елшілер – Аллаһ
тағаланың
қорғауына алынған, ең көркем мінезге ие, таңдаулы әрі
аманатқа қиянат жасамайтын опалы жандар.
Таңдалған елшілердің ешбірі пайғамбарлық кел-
генге
дейінгі өмірлерінде ұрлық, жалған айту,
алдау-
арбау және пұттарға табыну сияқты жаман қылықтарға
бір қадам да аяқ басқан емес.
Осы кіршіксіз,
пәк мінез-құлыққа ие болған
елшілердің ортақ ерекшеліктеріне мыналарды
жатқызуға болады:
46
«Әнғам», 6/130
47
«Исра», 17/15