П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010


айғамбарлардың періште емес, адам



Pdf көрінісі
бет16/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
айғамбарлардың періште емес, адам 
болып таңдалуы 
Ислам сенімі бойынша пайғамбар – адамдардың 
арасынан таңдалатын, зерек, сұңғыла, Аллаһтан рухани 
күш алатын ерекше жан болып табылады. Пайғамбар-
дың адам болмыстылығы мына аяттарда келтірілген:
«...Мен періштемін демеймін»
88

«Әрине, біз сендер сияқты адам баласымыз»
89
т.б. 
Пайғамбардың адам кейпінде келуін мойын-
дамағандар да болған. Олардың ойынша пайғамбарлар 
періште бейнесінде келсе, әлдеқайда сенімдірек болмақ 
еді. Алайда, Құранға салсақ:
«Аллаһ елшілік міндетін кімге беретінін өте 
жақсы біледі».
90
 
87
«Хұжурат», 49/13
88
«Һұд», 11/31
89
«Ибраһим», 14/11
90
«Әнғам», 6/124


45
Пайғамбарларға иман
Әрине, егер Хақ тағала қаласа, кез келген болмыс-
тан пайғамбар жібере алатындығы даусыз. Бұл тұста 
пайғамбардың адамдардың арасынан таңдалуының 
өзіндік мәні жоқ емес. Өйткені пайғамбар адам болған 
жағдайда ол қарапайым жұртшылықтың жай-күйін, ой-
санасын, қабілеті қарымын, ішкі қалауын әрі табиғи 
қажеттіліктерін жақсы біледі. Әрі бұқараға жаратылысы 
мүлдем бөлек періштеден гөрі өздері сияқты қарапайым 
адамнан үлгі алу әлдеқайда жеңіл болмақ еді.
П
айғамбарлардың саны қанша? 
Құран кәрімде Адамнан (ғ.с.) хазірет Мұхаммедке 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дейін келген пайғамбарлардың атта-
ры аталады. Жалпы пайғамбарларға қатысты жиырма 
сегіз есім кездеседі. Бұлардың жиырма бесінің (Адам, 
Ыдырыс, Нұх, Худ, Салих, Лұт, Ибраһим, Исмайыл, 
Ысқақ, Жақып, Жүсіп, Шұғайып, Һарун, Мұса, Дәуіт, 
Сүлеймен, Әйюб, Зулкифл, Жүніс, Илияс, Әлиасаъ, 
Зәкария, Жақия, Иса және Мұхаммед (әләйһис-салату уә 
сәллам) пайғамбар екендігі нақты айтылса, ал үшеуінің 
(Үзәйр, Луқман және Зұлқарнайн) пайғамбар яки әулие 
екендігі нақты белгілі емес.
Құранда жіберілген пайғамбарлардың жалпы саны 
қанша екендігі нақты айтылмаған.
Кейбір хадистерде 124 мың нәби, 315 расул жі-
берілген
91
деп айтылады. Бірақ, жер бетін нұрландырып, 
адамзатқа тура жолды нұсқау мақсатында және екі 
дүние бақытын көрсету үшін Ұлы Жаратушының жі-
берген пайғамбарлардың нақты саны бір Аллаһқа ғана 
91
Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 5/266; Суюти, әд-Дуррул-мансур 
фит-Тәфсирил-Мәсур, 1/126 


46
Пайғамбарларға иман
мәлім. Бұған қоса, пайғамбарлардың аттарын жатқа 
білу жауапкершілігі бізге жүктелмеген. 
Құрандағы: 
«Расында, сенен бұрын да елшілер жібердік. 
Олардың кейбірін саған баян еттік те, кейбірін баян 
етпедік»,
92
– деген аяттан аңғарғанымыздай, Адам 
пайғамбардан Мұхаммед пайғамбарға 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
дейін қанша пайғамбар келгендігін айту мүмкін 
емес сияқты. Сондықтан, мұнша пайғамбар келді 
деп жатпастан алғашқы Адам пайғамбардан соңғы 
пайғамбар Мұхаммедке 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дейінгі бүкіл 
пайғамбарға иман еткен жөн.
Аллаһ тағаланың әр қауымға, әр аймаққа ескертуші 
елші жібергені хақ. Құранда: 
«Ескертуші пайғамбар келмеген ешбір үмбет 
жоқ»,
93
– десе, тағы бір аятта: 
«Біз пайғамбар жібермейінше (ешбір қауымды) 
азаптамаймыз»,
94 
 дейді. Яғни, пайғамбар жіберілмеген 
қауымдарды азаптау – Ұлы жаратушының шексіз 
рақымдылығына қайшы. Бұған қоса: 
92
«Ғафыр», 40/78
93
«Фатыр», 35/24
94
«Исра», 17/15


47
Пайғамбарларға иман
«Кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық 
істеген болса, ол оны көреді. Ал кім тозаңның 
салмағындай жамандық істесе, оны да көреді»,
95
– 
деп жақсылықтың да, жамандықтың да ескерусіз 
қалмайтынын да ескертуде. 
Сонымен қатар, тарихи деректерге сүйене отырып, 
кейбір пайғамбарлардың қай аймақта өмір сүргендігін 
шамалауға болады. Мәселен, Нұх пайғамбар бүгінгі 
Ирак жеріндегі Мусул аймағында
96
, Ибраһим (ғ.с.) Ва-
вилон және Анадолыдан Сирияға дейінгі аймақта, Лұт 
(ғ.с.) Содом мен Гомер және Лұт көлінің айналасын-
да, Шұғайып (ғ.с.) Мәдиянда, Мұса (ғ.с.) Мысырда, 
Жақия (ғ.с.) мен Зәкария (ғ.с.) Ақтеңіз жағалауларында 
өмір сүргендігі айтылады. Бұл пайғамбарлардан бөлек 
қаншама пайғамбарлар бар. Бірақ, олардың нақты 
қай аймақта пайғамбарлық міндетін атқарғанын дәл 
білмейміз. Пайғамбарлар тек бір аймаққа ғана емес, 
әлемнің түкпір-түпкіріне жіберілген. Сонымен қатар, 
әр дәуірдің парасатты пайғамбарлары бір аймақта ғана 
тұрақтап қалмай, басқа аймақтарға да иман нұрын 
жайған. 
Ендігі кезекте Құранда аттары аталған пайғам-
барларға қысқаша шолу жасайық. 
А


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет