айғамбарлардың Ұлы Жаратушы
тарапынан таңдалуы
Бірде бір пайғамбар өз табандылығымен немесе
ерекше дарынымен пайғамбарлықты иеленбеген. Хақ
тағаланың өзі пайғамбар етіп таңдаған адамын рухани
болмысы мен дене бітімін, пайғамбарлыққа бейім етіп
жаратты. Ол пайғамбар міндетін атқаратын адамды өзі
таңдайды.
48
С
ыдқ – пайғамбарлардың турашылдығы
Туралық – барлық пайғамбарларға тән қасиеттердің
бірі. Олар үнемі осы туралықтан ауытқымай өмір сүрген.
Пайғамбарлардың аузынан шыққан әрбір сөз – ақиқат.
Олар жалған сөз сөйлемеген,
49
пайғамбарлығынан
бұрын да, кейін де тек туралықты, шыншылдықты ту етіп
ұстанған. Басқаша айтқанда, пайғамбарлар – адамдарға
сенімділігімен сыйлы болған жандар. Ақиқат жолында
адалдық сертінен айнымау, туралықтан таймау – нағыз
турашылдықтың белгісі. Олардың бұлай болғандығына
Құран да,
50
тарих та куә.
Құран пайғамбарлардың осы туралық қасиетін
Ибраһим пайғамбарға байланысты:
«Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Ол турашыл
пайғамбар еді»
51
деп келтіреді. Оның сөзі де, өзі де
және іс-әрекеті де турашыл еді. Сондай-ақ
48
Қараңыз: «Кәһф», 18/110; «Фұссилат», 41/6
49
Сабуни, ән-Нубууә уәл-Әнбия, 58. Дамаск. 1989.
50
«Әли Имран», 3/161
51
«Мариям», 19/41
29
Пайғамбарларға иман
«Кітапта Исмайылды есіңе ал. Шынында, ол
уәдесіне берік елші әрі нәби (пайғамбар) еді»
52
,
«Кітаптан Ыдырысты есіңе ал. Ол турашыл
пайғамбар еді. Оны жоғары орынға көтердік»
53
,
«Ей, өзі мен сөзі турашыл Жүсіп!»,
54
– деген аяттар-
дан басқа пайғамбарлардың да турашыл әрі сөздеріне
берік жандар екенін көреміз.
Олай болса, пайғамбарлардың турашыл болуының
маңызы зор. Жаппар иеміз тек пайғамбарлардың ғана
емес, иманды жандардың бәрінің де турашыл болуын
қалайды. Құранда:
«Ей, иман еткендер! Аллаһтан қорқып, турашыл-
дармен бірге болыңдар»
55
,
52
«Мариям», 19/54
53
«Мариям», 19/56-57
54
«Юсуф», 12/46
55
«Тәуба», 9/119
30
Пайғамбарларға иман
«Нағыз мұсылмандар – тек қана Аллаһ пен ел-
шісіне иман етіп, ешқандай иман жайлы күдікке
түспей, Аллаһ жолында малдарымен, жандарымен
күрескендер. Міне, солар турашылдар»,
56
– дейді.
Турашыл мүминдер мақтауға лайық. Құран:
«Мүміндердің ішінде, Аллаһқа берген уәделеріне
берік болған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын
құрбан қылды. Кейбіреуі кезегін күтуде. Олар берген
уәделерінен әсте таймады»,
57
– дейді.
Сол сияқты хазрет Мұхаммед те
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
пайғамбар болмай тұрып-ақ туралықтың туын
жықпаған. Пайғамбарымыздың өзі әрқашан тура өмір
сүруімен қоса үмбетін де үнемі туралыққа насихаттаған.
Бір хадисте « Туралықтан айырылмаңдар. Туралық сен-
дерді жақсылыққа, жақсылық жәннатқа апарады.
Кісі тура болып, туралықты іздесе, Аллаһ әмірімен
турашылдардың қатарына жазылады. Жалғаннан
сақ болыңдар. Өтірік айту адамды күнәға, ал күнә
жәһәннамға апарады. Кісі үнемі өтірік айтып,
өтірікті іздесе, Аллаһ жарлығымен ол өтірікшілердің
қатарына жазылады»,
58
– деп әмір етілген.
А
Достарыңызбен бөлісу: |