P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


оқыдыңыз ба?); екіншіден, қамтылған мэселе төңірегіндегі ой-



Pdf көрінісі
бет138/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

оқыдыңыз ба?); екіншіден, қамтылған мэселе төңірегіндегі ой-
пікірін білу; үш іншіден, алынған мәліметтерді, фактіні нақтылап
алу. Қойылатын сұрақтар: ашық немесе жабық; өзіндік немесе
бөгделік; тура немесе кері т.б. болып келеді. Сұхбат алу үшін жур­
налист алдына келіп отырған адам туралы біраз деректерден хабар-
дар болуы керек; пікірлері нәтиже берерліктей болуы тиіс; сұхбат
алушыға бірден сұрақ қоймай, мэселен, жұмыс кабинетіндегі бір
мүсінге, картинаға т.б. қатысты сұрақтан бастау; эңгімелесу бары-
сында өзін еркін ұстау, оңай сұрақтар кою арқылы серпілтіп алу;
келесі кезектегі қиын сұрақтарға дайындалып отыру.
Журналист В. Аграновский өзінің «Ради единного слова»
(1978) кітабында: 1. Кәсіби журналист ең алдымен, әңгімелесуші
адамның ойын білу мақсатында, содан кейін ғана сұрақтарға жа-
уап алу мақсатында бару керек. 2. Әңгіме қызықты болу үшін
немесе алынған сұхбат өз жемісін берсін десең із, журналист
сұрақты міндетті түрде қою керек деген ұғымда емес, еркін түрде,
еркін мақсатта қою керек. 3. Журналист әңгімелесушіні сабыр-
мен, мұқият тыңдай білуі керек. Осы тұста журналиске қажетті
бірнеше белгілерді айтуға болады: а) дөрекі сұрактар қоймау ке-


106
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
рек; э) айтушының сөйлеуіне мүмкіндік беру керек; б) үндемей
тыңдауға үйрену; в) түсінбеген жағдайда сұрақты қайталау ке­
рек. Журналистің сұрақтары: а) түсінікті эрі қысқа болуы шарт; э)
күрделі жауап беруге міндеттемеу керек, кейде «иә», «жоқ» жауап-
тарына да қанағаттануы керек», - деп атап өтеді.
Кейде сұхбат беруші адамыңыз жариялауға болмайтын
мәліметтерді беруі мүмкін. Ондай жағдайда жарыкка шығару


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет