лы ұрпақ тәрбиелеу. Үрпақ тәрбиесі - келешек қоғам қамын ой- лау. Ойлы, пайымды, қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт- дәстүрлердің тэлім-тэрбиелік, білім, танымдық рөлі зор. Дәстүр (латынша, tradition - жалғастыру) - тарихи қалыптас- қан қоғам үшін пайдалы үрпақтан-ұрпаққа беріліп ж эне белгілі бір уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мүрасы: әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-түрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, ж өн- жоралғылар, мейрамдар т.б. Адам қажеттілігін өтейтін барлық құндылықтар дәстүрді құрайды. Тамырын тереңге жайып, біте қайнасқан халықтық салт- дэстүр ғана мэңгі жасай бермек. Ол эр кезеңнің ыңғайына карай өзгеріп, көркемдік пішіні жаңарып отырады. Кезінде сыншы В.Г. Белинский: «Әдет-ғұрып өзінің көнелілігімен бекиды, бірақ оған эркез уақыт сәулесі түсіп отырады. Ол ата-бабамыздан калған мұра есебінде буыннан-буынға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келеді. Әдет-ғүрып халықтың бітім тұлғасын жасайды, топтастырады, он- сыз халық бет-пішінсіз соғылған мүсін тәрізді», - деп орынды атап өтеді. Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде калыптасып, ұрпақтан-ұрпакка берілетін әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тэртіп, эдеп-инабат нормасы болып табылады. Дәстүр өзінің негізі мен қалыптасуы, өмір сүруі жағынан барынша ұлттық сипатта болады, әрбір халық жалпы адамзат мәдениетіне сонысымен үлес қосады. Сондықтан да, дәстүр, салт-сана, эдет-ғұрып - жалпының ортак игіліктері болып табылады. Үлкен-кішінің болсын әдеп сақтауы - халықтык тэлімнің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы, жолы бар ерекше касиетті тэлімдік дэстүрі. Үлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы. кішінің үлкен алдындағы әдеп сактаудың тамаша үлгілері өте көп.