Imapay. Журналист этикасының табиғаты
27 сөйлеу, ата алдындағы иба, халық ортасындағы инабат, мешіт ішіндегі әдептілік, сәлем беру, сәлем алу жолы тағы сол сияқты адамгершілік, сыйлау - халқымыздың ертеден келе жатқан әдеті- ғұрпы. Бұлардың бэрі жасына қарамастан тэртіп, тәрбие жолына үздіксіз эрі үзіліссіз қызмет етіп келеді. Әдептілік - эр адамның бет-бейнесі, өзін-өзі таныту жолындағы үлгісі, игі қасиеті. «Сэлем түзелмей, элем түзелмейді», - дегендей, адамның эдептілігі сэлемінен-ақ көрініс табады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. Қазақ дәстүрінде таныс, бейтаныстығына қарамай, жасы кішінің үлкенге бірінші бо- лып сэлем беруі - міндет. Сәлемдесудің түп негізі - жылы шырай, кішіпейілділік екенін, оған үлкендердің де лайықты жауап қатып, ықылас-пейіл көрсетуі жарастық нышаны болатынын ұмытпаған жөн. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп, кекірею, жақтырмаған кейіп таныту - инабатсыздық, тэкаппарлық белгісі. Сэлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты - шырай. Онда сэлем беруші мен сэлем алушының қас-қабақ, бет-жүз қүбылысы, дау- сы маңызды қызмет атқарады. Қабағы түнеріп, жүзін суытып не- месе сүйкімсіз тыржитып, естілер-естілмес етіп ернін жыбырла- та салу шынайы сәлемдесуге еш жатпайды. Өйткені, мұның бэрі адамның өзіне емес, өзгеге бағытталған. Сәлем алушы үшін бұл маңызды. Осы қағидалардың барлығы журналист әдебінің бастауы деп есептейміз. Қазақтар амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» - дейтіні бэрімізге белгілі. Ал орыс халқы: «Как здоровье?» - десе, ежелгі гректер