бір-бірін көргенде: «Шаттан!» дейтін көрінеді. Ал, бүгінгі грек тер: «Аман бол!» десе, арабтар: «Тыныштық болсын!» қытайлар амандасқанда: «Сен тамактандың ба?» десе, қоштасқанда: «Сау болыңыз!» дейді екен. Американдықтар сөйлесіп түрғанда үнемі күлімсіреп түрса, жапондықтар ешқашан адамның көзіне тіке қарамайды екен. Этикет ұғымы сонау Египет заманында пайда болған. Эти кет - қоғамдағы жоғары лауазымды адамдардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым. 1204 жылы испандық жазушы Петроус Альфонсидың «Мінез-құлық әдебінің ережелері туралы», « 0 правилах поведения» атты кітабы жарық көрді. Бұл алгашқы Азаматтық этикет туралы ескерткіш болып табылады. Ал, «Сая-
28 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
си жэне дипломатиялық» этикет 1278 жылы египет фароны Рам зее Екінші мен Х ет патшасы Хаттуашил Үшінші арасындағы бейбітшілік туралы күміс таспаға жазысқан хаттарынан пайда болтан» (Энциклопедия этикета. 2003. 9 б.). X IV ғасырда Италия мемлекеті нағыз этикеті дамыған мем- лекет болып табылды. Артынша бұл қатарға Франция, Герма ния, Ұлыбритания мемлекеттері де қосылды. Франция этикетінің дамуына король Людовигтің ықпалы өте зор болды. Осындай дипломатиялық этикеттен кейін барып қана өзге д е түрлі этикеттер пайда бола бастады. М әселен, 1716 жылы Гамбургте М енантестің «Беделді жэне лауазымды адамдармен дүрыс қарым-қатынас жа- сау жолдары» атты кітабы жарық көрді. Ежелгі Египет, Рим жазбаларында, Гомердің «О диссейінде» өмірдің түрлі жағдайларындағы адамдардың жүріс-тұрысы, мінез-құлқы жайындағы ережелер айтылған. Сол замандағы