2. «Тұтас педагогикалық үрдіс» ұғым мазмұны дамуының хронологиялық кестесін құру.
Жыл
|
Оқиға
|
XIX гасырдың ортасында
|
Окыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте карастыру идеясы өмірге келді.
|
1904 жылы
|
«Педагогикапық үдеріс» үғымын гылымга алғаш П.Ф. Каптерев ендірді
|
XX ғасырдың 20-жылдарында
|
Педагогика гылымында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников).
Біршама кейін педагогикалык үрдерістің қүрамдас бөлігі оқыту үдерісі зандылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті.
|
XX ғасырдың соңғы жылдары
|
Біртүтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А. Данилов,Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғапымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
|
3.Оқушыларды (кіші, орта, жоғары мектеп жасындағы) әлеуметтендіру мазмұны мен механизмін анықтау.
1. Оқушылар тұлғасының әлеуметтенуінде мектептің, отбасының, үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігі
Әлеуметтену процесін төртке бөліп қарастыруға болады: адамның стихиялық әлеуметтенуі; тікелей әлеуметтену; әлеуметтенудің әлеуметтік бақылауы адамдардың өзін-өзі өзгертуі. Әрбір бала өзінің ерік-жігеріне және бітіміне қарай өзіндік адамгершілік-имандылық іс-әрекеттерімен танылады. Ол қоғамның бір мүшесі бола отырып, жеке қарым-қатынастан, өз ұстаздарының айтқан ережелеріне сүйенеді, сонымен бірге, өздеріне ұнаған тәжірибелерді мұра етіп ала отырып, сол негізде өзінің жеке басын қалыптастырады. Талдай келе біз әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды екендігі анықталды. Бұл қызметте балалардың әлеуметтенуі арнайы тапсырыстар арқылы іске асырылады. Тапсырыс берілген соң оның мақсаты, міндеттері, мазмұны айқындалады. Арнайы бағдарламалар құрастырылады. Одан кейін түрлері, әдістері мен құралдары таңдалып алынып, белгілі кезеңдер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, алаларды әлеуметтендіру іс-әрекеттерін жүргізуден бұрын олардың мінез-құлқындағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді талдау әрбір орындалатын жұмыстың оң нәтижесін береді. Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет. Оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеуде оның ең тиімді жолдарын, құралдары мен тәсілдерін саралауға ең алдымен ұстаздар мен тәрбиешілердің әрбір жас жеткіншек ұрпақтың жас мөлшерін, мінез-құлқын, тұлғалық қалыптасатын кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп, зерттеп отыруы әрбір ұстаздың, тәрбиешінің кәсіби міндеттеріне айналуы тиіс.
Талдай келе әлеуметтік-педагогикалық қызметтің маңызды екендігі анықталды. Бұл қызметте балалардың әлеуметтенуі арнайы тапсырыстар арқылы іске асырылады. Тапсырыс берілген соң оның мақсаты, міндеттері, мазмұны айқындалады. Арнайы бағдарламалар құрастырылады. Одан кейін түрлері, әдістері мен құралдары таңдалып алынып, белгілі кезеңдер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, алаларды әлеуметтендіру іс-әрекеттерін жүргізуден бұрын олардың мінез-құлқындағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді талдау әрбір орындалатын жұмыстың оң нәтижесін береді. Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет. Оларды әлеуметтендіру және тәрбиелеуде оның ең тиімді жолдарын, құралдары мен тәсілдерін саралауға ең алдымен ұстаздар мен тәрбиешілердің әрбір жас жеткіншек ұрпақтың жас мөлшерін, мінез-құлқын, тұлғалық қалыптасатын кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін үнемі ескеріп, зерттеп отыруы әрбір ұстаздың, тәрбиешінің кәсіби міндеттеріне айналуы тиіс. Балалардың қоғам туралы ой-пікірлерінің деңгейін, олардың бойында адамгершілік сапа-қасиеттердің қалыптасу және бұл қасиеттердің адам болмысы мен қоғам өміріндегі мәні мен маңызы туралы түсініктің сапалық деңгейін біліп,оқушыларға сауалнамалар мен шығарма жаздыру әдістері жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 90 бала қатысты. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың жауаптарын мұқият сараптай отырып, олардың мазмұнынан әлеуметтену ұғымын түсінулеріне байланысты белгілерін талдай отырып, топталған белгілерді мағынасына қарай 4-топқа бөлдік және ол белгілердің респонденттер ішіндегі мәндік көрсеткіштерінің пайыздық шамасын айқындадық. Ол көрсеткіштер кесте 1-де өрнектелген.
Кесте 1- Сауалнамаға берілген жауаптардың сапалы мәндегі топтамасы
Топтар % Сапалы мәндегі жауаптар
I-топ 31,0 Әлеуметтену процесін түсініп, оған ықпал
ететін факторларды көрсеткендер және қоғам
туралы жалпы түсінігі барлар
II-топ 27,0 Әлеуметтену өмір сүруге қажетті деп тү-
сіндіргендерді және әлеуметтенуге ықпал ететін
ең болмағанда бір факторды атап көрсеткендер
III-топ 22,0 Дұрыс жауапқа жуық келгендерді,
мысалы әлеуметтену ортаға бейімделу; қоғам ол
белгілі бір орта деген сияқты қысқа қайырылған
жауаптар иелерін
IV-топ 20,0 Жауап жазуға тырыспағандар мен түсін-
беймін, білмеймін деген жауап иелерін
2.БОС УАҚЫТТА ОҚУШЫЛАР ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАНЫҢ ЫҚПАЛЫ
Шеңберлер неғұрлым сыйстырылса, соғұрлым әлеуметтендіру факторының оқушы тұлғасына әсері көбірек, ол ұйымдастырылмаған немесе мақсатты болуы мүмкін.Мысалы: оқушының ата-анасы дәстүрден тыс бір діни ұйымның белсенді мүшелері, онда шығармашылыққа, сауық құруға т.б. байланысты іс-әрекеттерге тыйым салынған. Бұл жағдайда сызбанұсқа келесі болады:
1.Мектеп ықпалы барынша азайтылған.
2.Клубтардың, құрдастар тобының және басқа да әлеуметтік қоршауы әрекетінің әсері жоқ.
3.Отбасы мен діни ұйымының әсеру үстем.
Шағын жинақты мектептердің жағдайында жеке тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу жүйесін дамыту
Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты — ой-өрісінің жаңашыл, жан-жақта қалыптсқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің жолдарын шешу-бүгінге күннің ең басты талабы. Ел тағдыры, оның келешекке кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты.
Ұлы данышпан Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім — адамзаттың қаса жасуы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген сөзі көрегендік. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, біз бүгінгі заман талабыны сай тәрбие білім жүйесімен жұмыс істеп келеміз.
Парасатты да саналы адамзат болу үшін бүгінгі таңдағы жас ұрпақтың білімі терең, әрі жан-жақты болуы тиіс. Елбасының 2030 жылға арналған бағдарламасында ұрпаққа білім, тәрби берудің, оны дамытудың ерекшеліктері айтылған. Тәрбие жүйесінде, жеке тұлғаның жақсы қасиеттерін қалыптстыруда мектептің алатын орны ерекше. Мектептің тәрбие жұмысы бойынша өзекті мәселесі: мектептегі тәрбие жұмыстарын, жаңа технологияларды пайдалана отырып, дамыту. Жан-жақты сана-сезімі дамыған, құқықтық мәдениеті қалыптасқан, рухани-адамгершілік, дені-сау, патриоттық сана сезімі жоғары, әлеуметтік белсенді жеке тұлғаны тәрбиелеуге жағдай жасау.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым- қатынасын реттейді.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі — тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып тәрбие адамдардың іс-әрекетін ұйымдастырады.
ҚР оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру жүйесін әлеуметтендіру жүйесін дамыту қажеттілігі ХХІ ғасырдың талаптарымен байланысты болып отыр. Бұл талаптар: экономика мен мәдениеттің, халықаралық кооперация мен интеграцияның бұрын болып көрмеген жаһандануы, демократиялық мемлекеттердің құндылықтарына деген акцент, азаматтық қоғамның құндылықтарын жақтаушылық, өмірдің мемлекеттік-қоғамдық құрылымы құндылықтары мәдени-тарихи игілік ретінде мойындау, тұлғалық және әлеуметтік құндылықтарға акцент.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселесі әрқашан да мемлекеттің білім беру саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұған дейінгі кезеңде тұлға қалыптастырудың біртұтас үдерісіндегі тәрбиенің маңызын жете бағаламау жастардың белгілі бір бөлігінің моральдық санасы мен мінез-құлқындағы жағымсыз салдарға алып келгені мәлім. Бұл жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың, нашақорлықтың, ішімдік құмарлықтың және басқа да асоциалды мінез-құлықтың өршіп отырғандығынан көрініс табуда. Қазіргі таңда Қазақстанның болашақ дамуы тұлғаны табысты әлеуметтендіру мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбейінше мүмкін еместігі айдан анық.
Қазақстандағы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер, ғаламдану процесі бірқатар проблемаларының бірі жасөспірімдер арасындағы қылмыс.
ҚР Ішкі істер министрлігі мәліметтері бойынша 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы қылмыс санының 9,6% құрады. Аймақтар бойынша жеке қарастырсақ, қылмыстың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында , Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан областарында тіркелген.
Жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарында 4156 панасыз және қараусыз қалған бала орналастырылды. Құқық қорғау органдарының есебінде 12 мыңнан артық жағдайсыз отбасы тіркелген, оларда 20 мыңнан артық бала бар. Жыл сайын ата-ана құқығынан 800-ден астам ата-ана айрылады, ал балалар үйіне 2 мыңнан 3 мыңға дейін бала түседі.
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбие жұмысының басым бағыттары:
Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Зияткерлік тәрбие
Еңбек тәрбиесі және кәсіби өзін-өзі анықтау
Дене және психологиялық тәрбие , сламатты өмір салты
Экологиялық тәрбие
Көпмәдениетті тәрбие
Көркем-эстетикалық тәрбие
Көшбасшылық қасиеттерін дамыту
Отбасы тәрбиесі — болып былады.
Біздің мектебімізде шағын жинақты кешенді мектептер қатарында болғандықтан мына міндеттер қамтылудаы; заманауи білім беру жағдайында педагогтарға ғылыми — теориялық, әдістемелік көмек көрсетілуде, оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық, басқару технологиясын және әдістемесін енгізілуде, білім қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында үздік педагогикалық тәжірибелерді жинақталып және таратылуда.
Қорытынды
Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінезі — құлқы әлеуметтендірудің обьектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл процестің обьектісі ғана емес, суьектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Түлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап қайтаруынан».
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары батаның бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Қорыта айтқанда баланы ұлтын сүйуге тәрбиелеу, қазақи мінез – құлық қалыптастыру, салт – дәстүрді үйрету, шыққан тегін білу, еңбек етуге тәрбиелеу, денсаулығының дұрыс болуын қадағалау жүзеге асса, сонда ғана өсе келе мектепте тұлғаны қалыптастыруда біліммен қатар саналы тәрбие жалғасын табары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |