С Ы Н ЕС ІМ
463
4.4. САПАЛЫҚ СЬІН ЕСІМ НІҢ ШЬІРАЙ КАТЕГОРИЯСЫ
Ш ырай категориясы, әдетте, сын есімнің
категориясы деп танылып жүр. Бірақ, біріншіден,
сын есімнің бәрі бірдей, яғни сын есім сөз табы-
на жататын сөздердің барлы ғы ш ырай түлғала-
рымен түрленбейді, шырай түлғалары кез келген
сын есімге ж алғана бермейді. М ысалы,
жақсы -
жақсырақ - жап-жақсы, үлкен
-
үлкендеу - үп-
үлкен, сары - сарылау - сап-сары- өте сары
т.б.
болса да,
таулы
дегеннен
таулырак,
не
тап-тау-
лы, өте таулы
деп,
кешкі
д егеннен
кешкілеу,
не
кеп-кешкі, аса кеш кі
деп, шырай түрлерін жасау-
ға болмайды. Я ғни сын есімнің бір түрі - сапа-
л ы қ сын есімдерге шырай ж үрнақтары ж алға-
нып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің
мағыналық тобының екінші тобы - қатыстық сын
есімдерге шырай жұрнақтары ж алғана алмайды
да, одан ш ырай түрлері жасалмайды. Я ғн и шы-
рай категориясы жалпы сын есімге емес, сын
есім нің бір ғана сем антикалы қ түрі - сапалы қ
сын есімге ғана тән. Екіншіден, сын есім - қазақ
тілінде түрленбейтін сөз табы. Я ғн и сын есім
өзінің семантикалы қ (м ағы налы қ), қызметтік
ерекш елігі - зат атауының (зат есім нің) әр түрлі
сапалық, сындық белгілерін, түр-түсін, бір сөзбен
айтқанда, заттың әр түрлі белгісін білдіретін
сөздер болғандықтан, сөйлеу процесінде осы мәнде
негізінен зат есіммен тіркесіп қолданылатыны
белгілі.
Кейде қимыл, іс-әрекеттің, процестің сын-
қим ы лы н, амалын білдіріп, етістікпен тіркесіп,
кейде тіпті зат есімнің орны на субстантивтеніп
жұмсалуы сын есімнің әдеттен тыс қолданылуы
болып саналады. Сын есімнің әдеттегі қолданы-
сында ол түбір тұлғасы нда тұрып, өзі аны қтай-
тын зат:ж:іммен (немесе заттанған созбен) тек
орын тәртібі арқылы байланысып, синтетикалық
түрлену тәсілінің оған ешбір қатысы болмайды.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: