П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет576/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

3.1.7. Зат есімнің құрылымы
М орфологиялық құрылымы ж ағы нан қазақ 
тіліндегі зат есімдерді түбір сөзден, туынды 
сөзден, біріккен сөзден, қос сөзден, қы сқарған
сөзден, сондай-ақ күрделі құрылымнан тұратын 
зат есімдер деп бөлуге болады.
Түбір 
деп сөздің м орф ологиялы қ тұрғы дан 
әрмен қарай бөлшектеуге келмейтін бөлігін айта- 
ды. М эселен, 
естияр, есті, есуас, есалаң
деген 
сөздердің әрм ен қарай бөлшектеуге келмейтін 
бөлігі - 
ес,
демек, түбірі - 
ес.
Бұл жерде ескеретін 
бір жағдай: сөздің м орф ологиялы қ тұрғы дан 
әрмен қарай бөлшектеуге келмейтін бөлігі дегенді 
тек ш артты түрде ға н а ұ ғы н у керек. Олай 
дейтініміз, сөздің түбірі деп біз оқулықтарда ай- 
тылып ж үргеніндей, көбіне, сөздің лексикалы қ 
мағыналы бөлшегін ғана түсінеміз. Ал шынтуайтқа 
келсек, сөздің түбірін жалаң осы түсініктің шең- 
берімен шектеу - дұры сты ққа келе бермейді. 
Ө йткені создің түп төркіні оны ң м ағы на бере 
алатын бөлігінен де әріде жатуы мүмкін. Айта- 
л ы қ, 
көзілдірік, көзгелдек
(көз ауруының бір түрі) 
деген зат есімдердің тіліміздің қазіргі даму дең- 
гейінеҢалғанда, әрмен қарай бөлшектеуді көтер- 
мейтін бөлігі - 
көз
екені бірден байқалады . 
Өйткені бұдан әрі бөлшектей берсек, “көз” деген 
мағынадан айырылып қаламыз. Ал әңгіменің аны- 
ғына келсек: 
көз -
туынды сөз, мұның түбірі - 
кө,
сөз соңындағы 
з
деген элемент түркі тілдерінің 
ежелгі бір дәуірлерінде пар нәрселерді білдіретін 
көптік (екілік) жалғауының көне бір нұсқасы деп 
танылады. Қазір тілімізде жиі қолданылатын 
мүйіз, егіз
секілді пар ұғымдарды білдіретін есім- 
дерде з элем ен тін ің сақталуы осы ған дәлел. 
М ұндағы 
кө
сияқты лексикалы қ м ағы насы ж оқ 
түбірлер қазақ тілінде аз емес. Ондай түбірлерді 
қазақ тілі оқулы қтары нда басқа түбірлерден 
ажырата көрсетіп, олі түбірлер деп атайтыны бар.
Соны мен, сөздің әрмен қарай бөлшектеуге кел- 
мейтін бөлігі дегенді, көбінесе, мектеп тәж іри- 
бесі үшін айтылатын практикалы қ, әдістемелік 
мақсатта қалыптасқан түсінік деп білу керек. Сон- 
ды қтан да ол ерекшеліктерді көрсету үш ін өлі 
түбір, тірі түбір деген де ұғым бар.
Қ азақ тілінде түбір күйінде келетін дербес 
мағыналы сөздер жеткілікті. Мәселен, 
бас, кол, тас,
от, өт
деген түбірлер - дербес мағыналы зат есім- 
дер.
Зат есімдердің дені - құры лы м ы ж ағы нан 
дербес мағы налы сөздер. Туынды сөз дегеніміз - 
жұрнақтардың түбірге ж алғануы арқылы кейін- 
нен пайда болған сөздер. М ысалы, 
бастык, бас-
шы, бастаңғы, баскарма
деген сияқты лар 
бас
де- 
ген түбірге түрлі жұрнақтардың жалғануы нәти- 
ж есінде ж асалған туынды зат есімдер. Түркі 
тілдерінің ж алғамалы (агглю тинациялы) тіл бо- 
луы себепті жұрнақтар түбірге бірі жалғанып қой- 
май, кейде бірінің үстіне бірі ж алған ы п та бір 
туынды сөзден екінш і бір туынды сөз жасалып 
жатады. Ж оғарыдағы мысалдағы 
баскарма
деген 
зат есім туынды сөздің осындай түріне жатады.
Сөздердің бірігуі секілді амал-тәсілдің көме- 
гімен ж асалған зат есімдер де тілімізде барш ы- 
лы қ. Сөз табы ішінде біріккен сөздердің ең мо- 
л ы р а қ ұш ы рай ты н саласы да осы зат есім. 
Біріккен сөз тұлғалы зат есімдердің лексикалы қ 
аясы мейілінше кең. Үй тұрм ы сы ндағы бұйым- 
дарға, жан-жануарлар дүниесіне, есімдікгер дүние- 
сіне, жер-су атына, кісі атына т.б. салаларға қатыс- 
ты біріккен сөз тұлғалы зат есімдер тілімізде аса 
көп. Мысалы: жолбарыс, алабұға, үшқат, алабо- 
та, Қаратау, Сарысу, Ербол, Ж анұзақ.
Осы үлгімен жасалып, тілімізде кейінгі кез- 
де қолданыс тапқан біріккен сөздер де көп. Мы- 
салы: 
кэсіподак, өнеркэсіп, үжымшар.
Біріккен сөздердің арасында көнеленіп, бұл 
күнде түбір жігі ажырағысыз болып қалғандары да 
бар. Мысалы: белбеу (бел бау), ағайын (аға іні).
Қ азақ тілі м орф ологиялы қ құры лы сы ны ң 
тілдердің өзге жүйесімен салы стыра алғандағы
аса бір назар аударарлық тағы бір құбылыс - 
сөздердің қосарланы п айтылу жайы ма дейміз. 
Бұл да бір ты ңнан сөз жасаудың тілімізде ежел- 
ден ірге теуіп, қалы птасқан кәнігі тәсіл. Ана 
тіліміз қөс сөз атаулыға аса бай. Қос сөз тұлғалы 
зат есімдер де тілімізде жиі ұшырасады. М ыса- 
лы: 
сай-сала, шыбын-шіркей, катын-калаш, кыз-
кыркын.
Қысқарған сөздерді де сөз құрылымының бір 
нұсқасы деп қарайтын дәстүр бар. Сөзді қысқар-


ту - тым ж асанды нәрсе. Олар көбінесе күрделі 
'атаулардың бас әріптерінен алынып барып жаса- 
лады. Бұл тәсіл тілдегі үнемдеу принципінің та- 
лабын қанағаттандыруды көздейді. Оның тілдегі 
сөз қоры н байытудың бір жолы деп таныла қоюы 
неғайбы л. Б ірақ оны ң тілімізде, әсіресе жазба 
тілімізде, ресми стильде жиі қолданылып жүргені 
де бекер емес. Қ ы сқарған созбен келетін зат есім 
қатары нда А Қ Ш (Америка Құрама Ш таттары), 
ҚазП И (Қазақ педагогтік институты), ТМ Д (Тәу- 
елсіз мемлекеттер достығы) сияқтыларды атауы- 
м ы зға болады.
Күрделі зат есімдердің ж оғары да аталған 
құры лы м ды қ топтардан ерекшелігі - тұтас бір 
ұғымды білдіретін атау мұнда ең кем дегенде екі 
сөзден тұрады, сырт белгілері ж ағы нан мұндай 
күрделі есім сөздердің тіркесіне ұқсайды. М ы- 
салға, 
темір жол, шүрегей үйрек
секілді атаулар- 
ды алатын болсақ, олардың қабыса байланысқан 
сөз тіркесінен орбіген құры лы м екені талассыз. 
Бұлар, дұрысында, сөз тіркесінің лексикаланған 
нұсқасы. Бір ұғы м ны ң атауышы болып келетін- 
діктен ғана олар дербес сөз ретінде танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет