531 Байқап отырғанымыздай, көсемше жұрнақ-
тарының ішіндегі ең белсендісі, бесаспабы
-п ж ұрнағы. Кезінде Н.С ауранбаев бұл жұрнақты
“ үнемді” * деп атаған. Ғалым бұл атауды көсем-
шенің -пж ұрнағы ны ң қолданғыш тығын ескеріп
үнемі, ылғи деген мағынада қолданған.
Қазіргі қазақ тіліндегі
-п формантты көсем-
ш енің қолданысында тағы бір ескерте кететін
ерекш елік бар. К осем ш енің бұл ж ұрнағы соңы
-п дыбысына біткен етістікке жалғанса, ол түбірдегі
-п дыбысын
-у ды бы сы на айналдырады. М ыса-
лы ,
тап - тауып, жап - жауып, қап - қауып т.б.
Түркі тілдеріне түгел тарам аған (мәселен, өзбек
тілінде) бұл құбылысты қазақ халқыны ң сөзді
әуезді айтуға ұмтылысымен түсіндіруге болады.
М әселен,
тап-ып, шап-ып дегендегі
п дыбысы
дыбысталу мүшелерінің ең соңғы позициясында
ерінге қамалып жасалады. Бір рет
п дыбысын
айтқан соң екінш ісін қатар бірден айту үшін
ауаның қосы м ш а толқы ны керек. Сөздегі қатар
келген дыбыстардың жасалуы окпеден сыртқа
қарайғы ретте болса, сөз жеңіл, бөлінбей тұтас
айтылады:
тауып, шауып т.б.
Қазіргі қ а за қ тілінде
-ға лы көсем ш енің -а,
-е /-й , -ып, -іп, -п тұлғаларына қарағанда қолда-
нылу аясы тар. Бұл тұлға өзінің бастапқы қы з-
метінде тұрып та барлы қ етістікті бірдей сипат-
тай бермейді. Көбінесе қозғалы с мағы насы нда-
ғы етістіктерді ғана сипаттайды. Мысалы:
тату- ласқалы келдім, ж ауласқалы барды, айтысқалы кетті. Бұл ж ұрнақ арқылы кез келген етістіктен
көсемше туындай бермейді, ол озінің косемшелік-
пысықтауыштық мағынасын тек сабақты етістік-
тен ж асалғанда ғана сақтайды. Ал егер ол салт
етістіктен немесе ыры қсыз етіс пен өздік етістен
жасалғанда күрделі етістіктегі негізгі етістік бо-
лып қолданылады. Мысалы: