сен адам бол, сен сері бол, сен азат бол сияқты
құранды етістіктер субъектінің өзіне өзі ж асай-
ты н қимылды білдіретіні анық.
Ал
әбігер ет, әзір ет, әуре ет си яқты м ы сат-
дарда объектіге жасалатын қим ы л екені байқа-
лады. Біреуді
әбігер ет, әуре ет, әзір ет деген
м ағы на аны қ көрініп тұр.
Қыл көмекші етістігі арқьцты жасалған к д а н -
ды етістіктер де субъектіге де, объектіге де жаса-
латын қимылды білдіреді.
М ысалы,
маған жақсылық қыл, жәрдем қыл, оны адам қыл, оны озіңе бала қыл т.б. Тілде осы
құранды етістіктердің соңғы м ағы насы жиі кез-
деседі.
Қазіргі тілімізде осы қызметте ең жиі қол-
данылатын көмекші етістік -
ет. Көне кезеңдерде
қыл көмекші етістігінің қызметі белсенді болған.
Бұл көм екш і етістіктер арқы лы ж асалған
құранды етістіктер сөйлемде етістік жүйесі бой-
ынш а түрленеді:ие
етті, ие
еткізді, ие
еткізеді т.б.
7 .6 .2 .2. Жазда комекші етістігі Жазда - тек қана көмекш ілік қызметте қол-
данылатын етістік, оның толы қ, негізгі м ағы на-
да қолданылуы тілде жоқ, яғни тұрақты көмекші
етістік. Бұл етістіктің де көне кездерде лексика-
лы қ мағынасы болған.
Жазда көмекш і етістігі тілде қимылдың өту
сипаты категориясының көрсеткішіне жататын
=й жазда аналитикалық форманты болып қалыптас-
қан.
=й ж азда аналитикалық форманты жетімсіз
қимылды білдіреді. Жетімсіз қимыл деп қимыл-
дың ж асалуға ж ақы ндап барып, тіпті жартылай
жасалып, аяғына жетпей тоқтауын, үзілуін білдіруі
аталады.
Құлай жаздады, жығыла жаздады, кетіп қала жаздады т.б.
Бұл қимыл субъектінің өздігінен әдейі жа-
сайтын қимылы емес, қимылды жасауды бас-
тап, оны субъекті өздігінен тоқтатпайды. Қимыл
кездейсоқ себептердің әсерінен, кобіне субъектінің
ы рқы нан тыс кездескен себептердің әсерінен
аяқталмай тоқтайды.
Қим ы лды ң жасалуы ның бұл тәсілі - түркі
тілдерінетән құбылыс. Мысалы, башқұрттілінде: