П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет840/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   836   837   838   839   840   841   842   843   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

2.1.1.3. Табыс жалғаулы сөз тіркестері
С е п т ік ж а л ғ а у л а р ы , ә д е т т е , е с ім д е р д і 
етістіктермен, қала берді, есімдермен байланыс- 
тырып, әр түрлі қарым-қатынасқа түсіреді. Осы- 
лардың ішінен табыс септік жалғауы өзі жалған- 
ған сөздерді тек етістіктермен қию ласты рып, 
қимыл-әрекеттің тікелей бағытталған өбъектісін 
көрсетеді де, сөйлемде тура төлықтауыш қызметін 
атқарады. М үндай жағдайда тура төлықтауыш 
етістіктің жетегінде айтылып, өзі тіркескен сөзге 
мағыналық жағынан да, түлғалық жағынан да 
түгелдей тәуелді болады. Толықтауыш қызметін 
атқаратын сөздің қандай септік жалғауын қабыл- 
дауы етістіктің лексика-грамматикалық магына- 
сымен, сөндай-ақ сөз табы ретіндегі жалпы ка- 
тегориялдық мағынасымен тікелей байланысып 
жатады.
Етістіктер іс-эрекетті, қимылды, халды, жал- 
пы процестерді білдіруі түрғысынан озара сабак- 
тас болып келгенімен, ішкі лексика-грамматика- 
лы қ сапасы жағынан біркелкі емес. М әселен, 
кісінің еңбек процесімен, іс-әрекетімен байла- 
нысты етістіктер, негізінен, создердің табыс жал- 
ғауында түруын қажет етеді де, ал кісінің көңіл- 
күйін, қозғал ы с-әр екетін , қалпы н білдіретін 
етістіьсгер, әдетте, создердің барыс, жатыс, шы- 
ғыс, комектес жалғауларында келуін талап етеді.


СӨЗ Т1РКЕС1ЕР1
597
Етістіктердің сабақты, салт болып іштей сарала- 
нуының озіне осы белгілер негіз болады. Соны- 
мен етістіктердің ішінен, әсіресе, кісінің еңбек 
процесін, іс-әрекетін білдіретін және соған орай 
табыс септікті создерді тілеп түратын етістіктер 
сабақты етістіктер деп танылады.
Сабақты етістіктердің негізіне жататын іс- 
әрекетті білдіретін етістіктер, осылайша бір ғана 
атаумен аталғаны болмаса бүлар көлемі жағынан 
да, сондай-ақ мағынасы жағынан да алуан түрлі 
болып келеді. Сондықтан да мүның өзі іштей 
мына тәрізді мағыналық топтарға бөлінеді, әрі 
олардың әрқайсысы табыс септікті сөздердің алуан 
түрлерімен тіркесіп, объектілік қатынастағы соз 
тіркестерін қүрайды.
1. 
Жасау, қүрау
мәнді етістіктердің меңгеруі 
арқылы қүралған сөз тіркестері. Мүндай мағы- 
наны білдіретін етістіктер табиғатында, заттық 
мағынасы бар нақтылы зат есімдермен тіркесуге 
бейім түрады. Осындай тіркесімділік қасиеті бар 
создер бірімен-бірі табыс септігі арқылы байла- 
ны сқа түседі де, объектілік (толықтауыш тық) 
қатынастағы сөз тіркестерін қүрайды. Мысалы: 
зауытты қуру, машина жасау, туқым өндіру, киім
тігу, ақшаны жарату, туқым себу, жіп иіру, кілем
тоқу, еңбек жазу, кірпіш қалау, уй салу
т.б. 
Біреуі
қурып заводты өндіріспен, біреулер жур әдемі қала
салып
(Саин). 
Мықты болсын деп әкеміз етікті
таспамен тігетін
(М үқанов). 
Өнер білім бар
журттар тастан сарай салгызды
(Алтынсарин). 
Жасау, қуру
етістіктерінің ең негізгі, озіне тән 
төл мағынасы - сабақтылық мағына, алайда олар- 
дың меңгеру қызметі осымен сарқылып қоймай- 
ды . Қ о с ы м ш а м а ғ ы н а л ы қ қ а т ы н а с т а р д ы
білдірумен байланысты аталған етістіктер табыс 
септігінен тыс жанама септіктерді де меңгере ала- 
ды. Оған жоғарыда келтірілген мысалдар қүра- 
мындағы 
таспамен тігетін, тастан салгызды
-тіркест&рі дәлел бола алады. Мүндай қасиет - 
сабақты етістіктердің басқа мағыналық топтары- 
на да тән қасиет.
2. 
Бузу, қирату, жарақаттау, жоқ ету
мәнді 
етістіктердің м еңгеруі арқы лы қүралған соз 
тіркестері. Бүл топқа жататын етістіктер жоға- 
рыдағы 
жасау, қуру
мәнді етістіктермен антоним- 
дес болып келеді де, амал-әрекеттің нәтижесінде 
бүтін түрған н әрсен ің ж арақаттаны п, қирап, 
бүлініп істен шыққандығын білдіреді.
Бузу, қирату
мәнді етістіктердің меңгеруінен 
мынандай ерекшелікті байқауға болады: 1. 
Бузу,
қирату
мәнді етістіктерімен кез келген создер 
емес, ең алдымен, қолмен үстап, көзбен көруге 
болатындай нақты үғымды білдіретін зат есімдер 
тіркеседі. 2. 
Бузу, қират у
м ән ді етістіктер, 
негізінен қим ы л и есін ің активті орекетім ен
тікелей байланысты болғандықтан, әрі мүндай 
етістіктер м ен тура то л ы қтауы ш тарға екпін 
түсетіндіктен, іс-әрекет ең алдымен тура объектіге 
бағытталып, оны нақты атап корсетеді. Міне, осы 
ерекшелік табыс септік жалғауының, негізінен, 
тү с ір іл м ей қ о л д а н ы л у ы н а ы қ п ал ж асай ды . 
Мүндай ерекшелікті 
қуру, жасау
етістіктерінің 
табыс жалғаулы сөздерді меңгеруін өзара салыс- 
тыру арқылы айқындауға болады. Мысалы: 
уй
салды - уйді бузды, хат жазды - хатты жырт-
ты, кірпіш қалады - кірпішті қираттыт.б.
Мүның 
себебі 
бузу, қирату
озгерістері объект мәніндегі 
зат пен нәрсенің жалпылығын қаламайды, не- 
ғүрлым нақтылығын қалайды. Осымен байланы- 
сты табыс септікті сөз жалғаулықсыз түрінде емес, 
жалғаулы түрінде қолданылады. Табыс септігі сөз 
тіркесі қүрамында, мейлі, жалғаулы түрінде қол- 
данылсын, болмаса жалғаусыз түрінде жүмсал- 
сын, бәрі бір толықтауыштық (объектілік) қатына- 
ста жүмсалады, сондықтан табыс септік жалғауы түсіп 
қалған түрін қабысуға, түспей, аш ық қолданыл- 
ған тү р ін м ең геруге ж а т қ ы зб а й , екеу ін де 
меңгерудің қатарында қараған орынды. Мүндай 
типті соз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларын- 
да кобінесе, нақты лы қ м әні бар зат есімдер, 
есімдіктер, заттанған сын есімдер, сан есімдер, 
есімшелер, кейде жалпылық мәні бар зат ёсімдер 
де қолданы лады , б ірақ ж алп ы лы қ м әнді зат 
есімдер мен 
бузу, қирату
м әнді етістіктердің 
тіркесіп келген түрі - тілімізде сирек кездесетін 
қүбылыс. Мысалы: 
тауды бузу, ыдыс-аяқты қира-
ту, жауды талқандау, басын жару, матаны жыр-
ту, оны бауыздау, ақтарды талқандау, қылт
еткенді атып тастау
т.б. 
Ақылды мақтанса, істі
тыңдырар, ақылсыз мақтанса, аягын сындырар
(Мақал). 
Келсе-дагы қарсы дәл, Мерген оны ат-
пады. Оның - дагы бар шыгар, аққу сынды аппагы
(Мәуленов). 
Қашқан жауды қылыштап, қиратып
жатыр бір адам
(Әбдіқадыров).
3. 
Объектіні қозғаушы мәнді етістіктердің 
м ең гер у і ар қ ы л ы қ ү р а л ғ а н сөз т ір к е с т е р і. 
Объектіні қозғаушы мәнді етістіктер қозғалыс 
мәнді етістіктермен сырттай қарағанда үқсас, ай- 
ырмашылығы ж оқ тәрізді. Ойткені екі топқа 
жататын етістіктердің екеуі де, түптеп келгенде, 
қ о зға л ы с ар қы л ы іске асады . С алы сты ры п
корелік: 1) 
айдау, апару, жургізу, жеткізу, итеру,
қозгау
т.б. - объектіні қозғаушы мәнді етістіктер;
2) 
журу, жету, келу, бару, өту
т.б. - қозғалыс 
мәнді етістіктер. Алайда бүлардың озіндік ай- 
ырмашылықтары бар, олар мынадан байқалады:
1. Объектіні қозғаушы мәнді етістіктерде қимыл 
әрекет тура объектіге бағытталып түратын болса, 
қозғалыс мәнді етістіктерде ондай қасиет бол- 
майды; 2. Объектіні қозғаушы монді етістіктерде




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   836   837   838   839   840   841   842   843   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет