П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет328/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

250
СӨЗЖАСАМ
істелік?), соған орай олардың эрқайсысы сойлем- 
дегі создермен түрлі сөз тіркесін жасай алады. 
Ж оғары да келтірілген сойлемдегі 4 соз үш сөз 
тіркесін жасап, сөз тіркесіндегі создің құрамы 
тұрақсызды ғын көрсетіп тұр.
Күрделі сөздің біртұтас мағыналы сөз екенін 
оның құрамындағы сыңарлардың дербестігін сақ- 
там ағаны нан да көруге болады. Күрделі сөздің 
құрамындағы сыңарлардың әрқайсы сы сөйлем- 
дегі басқа сөздермен соз тіркесін жасай алмай- 
ды. Күрделі сөз тұтас түрде басқа создермен сөз 
тіркесін жасап, сөз тіркесінің бір ғана мүшесі 
бола алады, өйткені күрделі сөз қанш а сыңардан 
құралса да, ол - бір сөз. С онды қтан ол бір сөз 
ретінде сөзтіркесінің бір сыңары, бір мүшесі ғана 
бола алады. Мысалы: 
Ана Темір қазыкқа қараіиы
десек, осы сөйлемде 
ана Темір қазық, Темір
қазыққа қараіиы детен
сөз тіркестерін жасайды.
Ж оғары да келтірілген 
темір қазық
деген 
күрделі соз - ш ы нды қ омірдегі бір жұлдыздың 
аты, сондықтан ол қандай сөйлемде қолданылса 
да, осы мағынада тұрып, бір сұраққа жауап беріп, 
бір сөз қы зметін атқарады, сөз тіркесінің бір 
мүшесі ғана болады. Бұл күрделі сөздің құра- 
м ы ндағы сы ңарларды ң жеке соз ретіндегі дер- 
бестігін сақтам ағаны м ен байланы сты. Күрделі 
сөздің сыңарлары оның ішкі бөлшектеріне жата- 
ды яғни күрделі сөздің сыңарлары сойлемге жеке 
сөз ретінде кіріп тұрған ж оқ, дербес сөздің яғни 
күрделі создің ішкі морфемасы ретінде кірігі тұр. 
С онды қтан күрделі соз тұтас түрінде сөйлемде 
сөз тіркесін жасауға қатысады да, оны ң құра- 
мындағы әр сыңар ол қызметті атқара алмайды, 
олар - күрделі сөз құрам ы нда өз дербестігінен 
айрылған сөздер.
Сонымен жай сөз тіркесінің құрамы тұрақ- 
сыз. М ысалы, 
жаңа үйге кел
дегенде 
жаңа үйге,
үйге кел
тіркестерінде 
үйге
сөзі түрлі тіркес жа- 
сап тұр. Ал күрделі сөздің құрамы тұрақты, оны 
өзгертуге болмайды. Сонды қтан 
Темір қазыі
с де- 
ген сөздегі 
темір
өзінш е, 
қазық
өзінш е сөз 
тіркесін жасамайды. Бұл күрделі сөздің мағына- 
сы ғана емес, құрамының да тұтастығын көрсе- 
теді.
Күрделі сөздің құрам ы ны ң тұрақты лы ғы
барлы қ сөз атаулыға қатысты. Д ара создер не- 
гізінен белгілі ды бы сты қ құрам нан тұрады, әр 
сөздің өзінің дыбыстық құрамы болады. Ол ды- 
быстық құрамды өзгертуге болмайды, өйткені ол 
тұрақты, мысалы, 
қалам
дегенді дыбыстық құра- 
мын сақтап, бірақ керісінше 
м а ла қ
десек, ол 
қалам мағынасын бермейді. Сол сияқты күрделі
создің де құрамын өзгертуге болмайды. М ысалы, 
бозторғай, бүгін, белбеу
дегендерді 
торғай боз, күн
бүл, бау бел
деп өзгертсек, алғаш қы күрделі 
создердің м ағы н а сы ж оғалады . Бұл күрделі 
сөздердің құрамының ғана тұрақтылығын білдіру- 
мен бірге, ондағы сыңарлардың орын тәртібінің 
беріктігін білдіреді.
Бұл ерекш елік күрделі сөздердің белгілі бір 
құрамда, құрам ы ндағы сыңарлары белгілі бір 
тәртіпте тұрғанда, м ағы насы ны ң ж асалғаны н 
көрсетеді. Әр күрделі сөз белгілі құрамда, құра- 
м ы ндағы сы ңарлар белгілі тәртіпте тұрғанда, 
бірте-бірте жаңа мағы наға көшкен, сыңарлардың 
мағы насы кіріккен, тұтасқан, бір м ағы н аға ие 
болған. С онды қтан күрделі сөздің құрамы да, 
олардың сыңарларының орналасу тәртібі де тұрақ- 
ты, берік. Ол күрделі сөздердің негізгі белгілерінің 
біріне жатады.
Тіл білімінде күрделі сөздердің түп төркіні 
сөз тіркесі саналады. Тілде кейбір жай сөз тіркес- 
тері бірте-бірте мағыналық дамуға ұшырап, құра- 
мындағы сы ңарлары ны ң м ағы насы жымдасып, 
кірігіп бір м ағы н аға көш кен. Олардың сыңарла- 
ры өзінің алғаш қы мағынасынан алыстап, өзінің 
дербестігінен айрылған, сыңарлардың мағынасы- 
ны ң бір-б ір ім ен кірігуінің нәтиж есінде олар 
біртұтас сөзге ай н алы п , белгілі бір ұғы м ды
білдіретін сөз болып қалы птасқан. Сонды қтан 
күрделі сөздің м ағы насы берілу үш ін, күрделі 
сөздің құрамы, құрамындағы сыңарлардың орын 
тәртібі ол қалы птасқан кездегі қалпы н сақтауы 
қажет.
Рас, кейін тілде қалыптасқан күрделі сөздердің 
үлгісі басқа күрделі сөздер жасалу үшін қолда- 
ны лған. Ондай үлгілер арқылы ж аңа күрделі 
сөздер әр кезеңде жасалып оты рған. Қазір де 
күрделі сөздер үлгі арқылы жасалып жатыр. Мы- 
салы,энүран, елтаңба, жалақы, зейнетақы, елорда,
елбасы
т.б.
Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар күрделі 
сөзді жасаушы сөзжасамдық бірліктер қызметін 
атқарады. Күрделі сөз өзінің сыңарларының ма- 
ғы насы ны ң біртұтас м ағы наға кірігіп, бір сөзге 
көшуінен бастап, ол тілде бір создің қызметін ат- 
қаратындықтан, бір сөз болып танылатындықтан, 
ол тілдегі басқа сөздер сияқты дайын тұрған лек- 
семалар болып саналады да, сөйлемге сол дайын 
тұрған қалпы нда кіреді. Демек күрделі сөздер 
сөйлемге дайын тұрған қалпында алынатын лек- 
сикалық бірліктер болғандықтан, ол сөйлемде бір 
сөздің қызметін атқарады, сөйлемнің бір мүшесі 
болады, бір сұраққа жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет