П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет444/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   497
-сы з/-сіз. 
С өзж асам д ы қ бұл ж ұрн ақты ң
ш ығу тегі, тарихтық ж ағы тіл білімінде жалпы 
түрліше түсіндіріледі. Сол ретге оның привативтік 
(яғни м ансұқтық) мәнде, -ль/ж ұрнағы на қара- 
м а-қарсы м ағы нада жұмсалатыны да жиі сөз
болады. Ол, өзінің басқа сөзге ж алғаны м ды қ 
мүмкіндігінің кеңдігіне қарамастан, семантикалық 
реңкі ж ағы н ан түркі тілдерінде жалпы шектеулі 
жұрнақтар қатарында қаралады. Көбінесе бірың- 
ғай мәнде келіп отырады. Осы арада тағы бір 
көңіл аударатын нәрсе: 
-сыз/-сіз
ф орманты бір 
өзінде әрі етістік, әрі есім сипаты - екеуі бірдей 
сақталған етістік негізді есіммен, есептік сан есім- 
мен, сын есіммен сөзжасамдық қаты н асқа түсе 
алмайды. 
-сы з
тұлғалы туынды сын атаулары 
-лы
форманты арқылы жасалған сын атауларынан міне 
осы тұста өзгешеленеді. Ол тек белгілі бір нақты 
затты және грамматикалық жақтан таза зат сипа- 
ты ндағы құбылысты білдіретін есімдерге ғана 
жалғаны п жаңа сын есім жасайды.
Ж алп ы
-сы з/-сіз
ж ұрнағы ны ң сөзжасамдық 
мүмкіндігі, көпш ілік түркі тілдеріндегі сияқты , 
қазақ тілінде де оның өзі жалғанатын түбірлердің 
құрам ы на байланысты. Бұл ш арттылық 
-сыз/-сіз
тұлғасы ны ң сөзформалары қатарына жатпайты- 
нын көрсетеді.
Тілімізде осы 
-сыз
ж ұрнағы арқы лы қалы п- 
тасқан туылымдарды негіздеуші түбірлер тілдік 
тегі ж ағы нан м орф ологиялы қ қаты наста өте әр 
түрлі болып келеді. Бірақ мұндай жаңа жасалым- 
дар қазақ тілінде көп жағдайда адамға, аң-құсқа, 
төрт түлікке, киім-кешек түрлеріне, табиғат кұбы- 
лыстарына қатысты қолданылады.
Ондай туынды сын атауларының адамға жэне 
киімге қатыстылары мысалы, мына сияқтылар: 
Қатын-қалаш, қыз-қырқын, түрулі білек, балақсыз
балтырлар күнге шағылысты
(М үсірепов). 
Тоғьіз
түрлі тойшығы Жеңсіз берен кисем деп
(Дулат). 
Үіиінші т ілек тілеңіз Үіикілсіз койлек кимеске
(Бұқар).
Тілімізде сон дай -ақ сөзж асам ды қ осы 
-сы з/
-сіз
форманты ның қатысуымен пайда болған ту- 
ынды сын атауларының тағы бір парасы әр алуан 
табиғат құбылыстарына, мал мен кейбір баспана 
түрлеріне байланысты болып келеді. Ж оғарыда 
келтірілген сындық мәнді туылымдар тобы сияқ- 
ты, бұлар да әдетте есім негізден жасалады. 
Толас-
сыз сағым, толықсып ағып барады
(Мақатаев). 
Той-
ымсыз біздің томпақ жер Томсарып көкке қарай-
тын
(Сонда). 
Бүғалықсыз асауды Құр-құрлатқан
жиырма бес
(Базар жырау). 
Туырлықсыз қара үйге
Ту байламақ не керек
(Ш алкиіз). 
Сойлеу құлаққа
жағымды болмайды... түрлаусызмүшелерікобейіп,
сөйлемді ауырлатқанда
(Байтұрсынов).
Негіздеуші есім сөз бен 
-сыз/-сіз
ф орманты- 
ның өзара сөзжасамдық қатынасынан пайда бол-


СЫ Н ЕСІМДЕР СӨЗЖАСАМЫ
347
ған туынды сын атаулары үнемі бүлай нақты 
мәнді, деректі м ағы н алы , я ғн и затты қ мәні 
көрінеу, айқын аңғарылатын сөздермен ғана ат- 
рибуттық қатынаста жұмсала бермейді. Олар кей- 
де дерексіз (абстракт) мағы налы зат атауына да 
қатысты болып келеді. Мысалы: 
Ж үрекке дерт-
тер толып жаздым қағаз, Опасыз мынау пэни
турасынан
(Ш әңгерей). 
Шешпек болды көп белгісіз
сандарды
(Мақатаев).
С ө зж асам д ы қ бұл 
-с ы з /-с із
ф о р м а н ты
тілімізде ара-тұра күрделі сын атауын да түзе 
алады. Ол бұл тұста, рас, есімді тіркестің дәйім 
соңғы сыңарына қосақталады. Привативтік (ман- 
сұқтық) мэндегі 
-сы з
жұрнағыны ң өзімен оппо- 
зитив мағынадағы 
-лы
аффиксінен тағы бір бас- 
қалығы міне осы арада байқалады. Өйткені, ілге- 
ріде айтқанымыздай, 
-лы
форманты күрделі сын 
атауын жасауда кейде жоғарыдағы тәрізді есімді 
тіркестің алды ңғы сы ңары на да қосы лы п келе 
береді. Ал сөзжасамдық 
-сыз
жұрнағы олай емес: 
күрделі сын атауын түзу пропесінде негіздеуші 
есім тіркестің тек екінші бөлігіне ғана ж алғана- 
ды. 
Қара тактасыз м ү ға лім

тебенсіз кемпір
ғой
(Аймауытов). 
Айкын жетексіз, баянды бас-
шысыз, күрен жолсыз кара үйлі бүқара...
(Мүсіре- 
пов).
-ш ы /-ш і. Бұл формант та өзінің семантика- 
л ы қ реңкі ж а ғы н а н түркі тілдерінде жалпы 
өнімсіз саналады. Қ азақ тілінде де солай. Бірер 
ғана сын атауын жасайды. Онда да тек есім не- 
гізге қосылып. 
Үш-ақ түрлі өмір бар, бэрі де мас,
Бір рәуішті болады шал менен жас. Ең керекті
дегенің - ортаншы өмір, Түгел қолың жетпейтін
бір жанталас
(Ш әкэрім ). 
Орта шарқы үйдің ор-
таншы баласымын
(Аймауытов). Бұл келтірілген 
.мысалддғы 
ортаншытуылъты
морфологиялық 
құры лы мы ж ағы н ан (бір қ ар аған да сырттай 
тұрпаттас көрінгенмен) 
үшінші, төртінші
деген- 
дер сияқты
орта+ншы
емес, 
ортан+іиы
түрінде 
мүшеленуі тиіс. Ө йткені тілімізде оны ң 
ортан
бөлігі дербес лексема ретінде жеке айтылады 
(ор-
тан қол, ортан қолдай, ортан жілік).
Ал 
үшінші,
төртінші
дегендерді бұлай етуге, я ғн и
үшін+ші,
төртін+ші
түрінде мүшелеуге келмейді. Ж әне 
ж оғары дағы тіпті 
ортан
сөзінің өзі де туынды 
есім, яғн и
орта+н>ортан.
Осы құрылымды, яғн и тілімізде түрлі есім 
негізден сөзжасамдық 
-шы/-ші
форманты арқы- 
лы қалыптасқан туынды сын атауларына 
алдам-
шы, өткінші
туылымдарын да ж атқы зуға бола- 
ды. 
Адамдар м ейлі алдамшы күнге таңдансын.
Сонда да көктем. Сонда да м аған армансың
(М а- 
қатаев). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет