П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы


Ь С Ы Н ІК С А Н ДА г СӨэЖ АСАМ Ы



Pdf көрінісі
бет475/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   497
Ь С Ы Н ІК С А Н ДА г СӨэЖ АСАМ Ы
369
негізгі түбір ретінде танылып жүр. Есептік сан- 
дардың сөзжасамы екі сандық қатардың арасын- 
дағы сандарға қатысты. Ал олар үнемі бір сан- 
мен екінш і санны ң тіркесі арқылы үшінші сан- 
ның аты жасалады. Осыдан келіп, есептік сан- 
дарды ң сөзж асамы күрделі сандар туғызады. 
Есептік санның сөзжасамында нақтылы сандар- 
дың аты жасалады. Нақтылы санның аты жасалу 
тек есептік сандарға ғана тән ерекш елік және 
олардың бәрі көне замандарда жасалып болған, 
қазір олар дайын соз, дайын сан атауы ретінде 
қолданылады.
5.2.1. Күрделі есептік сан атаулары
Сан есім сөзжасамында аналитикалық тәсіл 
негізгі орын алатындықтан, бұл соз табы күрделі 
сан атауларына өте бай. Осы сөз табын негізінен 
күрделі сөздерден тұрады деуге боларлы қтай, 
өйткені мұнда дара сан атаулары өте аз.
Тіліміздегі сан есім сөз табын құрайты н 
сөздердің ж иы рма ш ақты сы ғана дара сандар. 
Олар: бірліктер 
(бір, екі, үіи, төрт, бес, алты, жеті,
сегіз, тоғыз),
ондықтар 
(он, жиырма, отыз, кырык,
елу, алпыс, жетпіс, сексен, токсан)
және 
жүз, мың,
миллион, миллиард, триллион
деген сан атаулары.
Ал күрделі сан атаулары бір сан атауы мен 
екінші сан атауы тіркесу арқылы жасалады. Тірке- 
сетін сан атаулары - жоғарыда аталған дара сан 
атаулары.
Ең кіші күрделі есептік сандар - екі сөзден 
тұратын онды қ пен бірліктің қосылуы арқылы 
жасалатын сан атаулары. Ондай күрделі есептік 
сандардың жасалуында онды қ атаулары тірек 
сыңар болады да, бірлік ауыспалы сы ңар бола- 
ды. Бірлік пен ондықтың қосындысы нан бірлік 
цен ондщқ араласқан күрделі сан атаулары жаса- 
лады. М ысалы, 
он+бір - он бір, он+екі - он екі
т.б. Бұл үлгімен тоғы з күрделі сан жасалады. Әр 
онды қ пен бірліктердің қосылуынан тоғы здан 
күрделі сан ж асалады . Т о ғы з о н д ы қ пен 9 
бірліктің қосылуынан тілде 81 күрделі сан жаса- 
лады. 81 күрделі сан атауы - тек ондық пен бірлік 
араласа екі сыңардан құралған күрделі есептік 
сандар. М ұндай күрделі сандар 
он+бірлік
үлгісі 
арқылы жасалады. Мысалы, 
он төрт, жиырма бес,
отыз алты, кырык жеті, елу сегіз, алпыс тоғыз,
жетпіс үш, сексен екі, тоқсан бір
т.б.
Ж үздік атауларының жасалуы. Ж үздік атау- 
лары бірлік пен жүздіктің көбейтілуі арқылы жа- 
салады. Үлгі: 
бірлік
х 
жүздік.
Бұл үлгі бойы нш а 
екі сыңардан құралатын 9 күрделі сан, яғн и 9
жүздіктің аты жасалады: 
бір жүз, екі жүз, үш жүз,
торт жүз, бес жүз, алты лсүз, жеті жүз, сегіз жүз,
тоғыз жүз.
М ыңдық атауларының жасалуы. Үлгі: 
бірлік
хмы нды қ, онды қхм ы н, жүздік х мыңдық.
Мыса- 
лы, 
екі мың, отыз мың, жүз мың.
Бұл - негізгі 
үлгілер.
Ал ондықтар мен бірліктер араласқан 81 күрделі 
санның әрқайсысы мыңдықтың алдынан келіп 
,мың
сөзіне көбейтіліп, м ы ңды қты ң атын жасайды. 
М ысалы, 
он бес мың, отыз төрт мың, елу екі мың,
жетпіс алты мың, тоқсан тоғыз мың
т.б. ■
Сол сияқты жүздік атаулары да мың сөзімен 
тіркесіп, мыңдықтар атауларын жасайды, 
екі жүз
мың, бес жүз мың, сегіз жүз мың, тоғыз жүз мың
т.б.
Күнделік қолданыста мыңдық атауларынан бас- 
қа сан атаулары көп кездеспейді. Бірақ 
миллион,
миллиардтардың
жасалымы осы үлгілермен сәйкес 
келеді. М ысалы
,екім иллион, үіи миллиард
т.б.
Ж оғары да 
жүздік, мыңдық
атауларының жа- 
салуы айтылды. Ал жүздіктен м ы ңды ққа дейінгі 
сандар жүздік атауларының үстіне онды қ пен 
бірліктен тұратын күрделі атаулар қосылу арқы - 
лы жасалады. М ысалы, 
жүз + сілпыс жеті, тоғыз
жүз + тоқсан тоғыз
т.б.
Сол сияқты мыңдық пен миллион арасындағы 
сандарда
мыңдық +жүздік, ондык, бірлік
араласқан 
күрделі сандардың қосындысы арқылы жасалады. 
М ысалы, 
он мың

бір жүз жетпіс екі, тоқсан то-
ғыз мың + тоғыз жүз тоқсан тоғыз
т.б.
Есептік күрделі сандардың құрамы тек қана 
сан атауларынан құралады. Олардың жасалуына 
сан атауларынан басқа ешбір сөз қатыспайды.
Сонымен бірге, сан атаулары бір-бірімен кез- 
дейсоқ тіркесіп, сан атауын жасамайды. Күрделі 
сан атаулары белгілі үлгілер бойынш а жасалған.
Екі я онан да көп сандардың бір-бірімен 
тіркесіп, құрам ы ндағы сандардан басқа санды қ 
ұғымды білдіретін түрі күрделі сан атаулары ата- 
лады. Мысалы: 
алпыс бес, жүз тоқсан жеті, торт
жүз сексен сегіз, үш мың төрт жүз елу алты
т.б. 
Мысалда келтірілген 4 күрделі сан атауының біреуі
- екі сөзден, екіншісі - 3 сөзден, үшіншісі 4 сөзден, 
төртіншісі - алты сөзден тұрады. Осы төрт күрделі 
атаудың құрамдары түрлі болғанымен, төртеуінің 
әрқайсы сы да бір ғана күрделі санды қ ұғымды 
білдіреді, я ғн и төртеуі - төрт түрлі санны ң аты. 
Күрделі сан атауының құрамы ең кемі екі сөзден 
тұрады, бұл - міндетті шарт, одан кем болуы 
мүмкін емес. Мысалы: 
он бір, жетпіс екі, жүз бес,
жүз отыз, мың бір
т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет