Пациенттерге жедел медициналық көмек



бет13/15
Дата06.03.2023
өлшемі42,26 Kb.
#72184
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекцияларЖМЖС

Біріншілік көмек:
– науқасты кереуетке басын төмен қаратып жатқызып қою,
– іштің төменгі аймағына суық басу,
– этамзилат натрий 12,5%-2,0 мл физиологиялық сұйықтықпен
араластырып венаға енгізу,
– аминокапрон қышқылы 5 %–50,0 мл венаға тамызып енгізу, түсік тастаудың қауіптілігінде қосымша:
жүктіліктің ерте кезеңінде – но-шпа – 2,0 мл бұлшық етке енгізу,
кеш кезеңінде:
 магний сульфат 25% – 10,0 мл бұлшық етке енгізу,
 гинекологиялық қансырауда: – окситоцин – 1,0 мл (5Б)
бұлшық етке енгізу.
Тактика. Шұғыл түрде гинекология бөлімшесіне жатқызу.


Гинекологиядағы жедел іш синдромы
Гинекологиялық науқастардың «жедел іш синдромы» дамуына көбіне іш қуысына қан кету себепкер болады (жатырдан тыс жүктілік, аналық бездің апоплексиясы, яғни жарылуы, кистоманың аяқшасының айналып кетуі, кистоманың жарылуы, жатыр өсінділердің іріңдігінің жарылуы). Жоғарыда көрсетілген паталогиялардың барлығы жамбастық перитонит – жедел пельвиоперитониттің дамуына себепші болады.
Жатырдан тыс жүктілік
Бұл уақытта эмбрион жатырдан тыс аймақта дами бастайды.
Клиникасы:
 көбіне физикалық жүктемеден кейін іштің төменгі аймағында ауру сезімінің біліне бастауы,
 шектелген ауру сезімі тік ішекке, бел аймағына, оң бұғана жаққа беріле бастайды (Френикум- симптом),
 ауру сезімімен қатар лоқсу, құсық басталады, бас айналу, кейде естен тану дамуы мүмкін,
 нәжіс шығуға арналған императивтік бұйрық,
 іш қуысына құйылған қаннан нерв талшықтарының тітіркенуінің әсерінен ауру сезімі дамуы болады.
Басқа клиникалық симптомдар науқастың қансырау көлеміне және анемизация дәрежесіне байланысты.
Жедел анемия:
1) тахикардия,
2) АҚҚ төмендеуі,
3) терінің бозғылттығы.
Диагноз қоюға анамнез, етек кірінің тоқтап қалуы көмегін
тигізеді.
Егер әйел жыныстық қатынас болмағанын ескерткен күнде де
жүктілік диагнозын жоққа шығаруға болмайды, себебі анамнез жалған болуы мүмкін.
Диагностика:
– Щеткин-Блюмберг синдромы (+), – іш кебіңкі,
– терісі бозғылт,
– АҚҚ төмендеген.
Гинеколог науқасты қарағанға дейін жатырдан тыс жүктілік диагнозы «жатырдан тыс жүктілік болуы мүмкін» деген тұжырымға келу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет