Біріншілік көмек:
іштің төменгі бөлігіне суық басу,
қансырауды тоқтататын препараттар (этамзилат натрий, аминокапрон қышқылы және т.б.),
реополиглюкин 400,0 мл/л венаға, тамшылатып енгізу.
Емі - операция.
Тактика. Шұғыл түрде науқасты гинекология бөлімшесіне
жатқызу.
Тасымалдау. Науқасты зембілге жатқызып тасымалдау.
Эклампсия кезіндегі жедел көмек көрсету алгоритмі Эклампсия (діріл, қалтырау) – бұлшықеттердің еріксіз түрде үнемі немесе үзіліспен дамитын жиырылулары.
Дірілдер, яғни қалтыраулар эпилептикалық және эпилептикалыққа жатпайтын, миоклоникалық, клоникалық және тоникалық, жайылып кеткен және шектелген (фокалдық) түрлерге жіктеледі
Миоклоникалық дірілдер – біршама, аз уақытқа созылатын бұлшықет жиырылулары, тоникалық – ұзақ уақыттық бұлшық еттік жиырылу, клоникалық – бұлшықеттің жиырылуы босаңсумен кезектесіп дамиды.
Дірілдік ұстама – «аяқ астынан», яғни тез арада дамитын тоникалық дірілдер, 15-60 секундтан кейін клоникалық дірілге ауысып, 2-3 минутқа созылып, содан кейін науқас есін жоғалтып, құлауымен сипатталатын үдеріс.
Тоникалық діріл кезінде науқас тілін тістеп алып, қанға боялған көбікті сілекей бөліне бастайды. Тыныс алу бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты тез арада апноэ дамып, соның салдарынан, әсіресе бетте жайылмалы көгеру байқалады. Кейбір уақытта еріксіз несеп және нәжіс шығып кетуі мүмкін.
Діріл аяқталғаннан кейін науқас терең ұйқыға кетеді.
Ұстама дамуының алдында кейбір кездерде қысқа мерзімдік аура пайда болады (ұзақтығы 2–3 секундтан он секундқа дейін). Аураның белгілері: ауа үрлеп тұрғандай сезім, теріде «жәндік» кетіп бара жатқандай сезім, бас айналу, діріл, ыстықтау, кеуде қысылғандай әсер, жүрек қағу, есітулік, көрулік және иістік галлюцинациялар байқалады. Кейбір уақыттарда науқас біртүрлі автоматтық қозғалыстар жасай бастайды – шашты тарау, жан- жағындағы заттарды жинастыру, бір жерде айналу қозғалыстарын жасайды.