Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Раббыңмын. Кебісіңді шеш. Сен қасиетті Туа ойпатындасың



Pdf көрінісі
бет164/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   266
Раббыңмын. Кебісіңді шеш. Сен қасиетті Туа ойпатындасың. 
Сені таңдадым. Енді уахи етілгенді тыңда. Рас, Мен – 
Аллаһпын. Менен басқа құдай жоқ. Сондықтан маған 
құлшылық қыл. Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды 
толық орында. Әркім істегенінің қарымтасын алу үшін Мен 
мезгілін құпия еткен Қиямет анық келеді. Ендеше, сені 
Қияметке сенбей, көңілдерінің ауғанына ергендер 
(Қияметке 
сенуден)
тоспасын. Онда құрисың», – деп дыбысталды»
1
, – 
делінген. 
Сонымен қатар бұл көрініс Құранда:
«Ол жерге келген сәтте, қасиетті жердегі ойпаттың оң 
жағындағы ағаштың жанынан: «Ей, Мұса! Рас, Мен – 
әлемдердің Раббысы Аллаһпын», – деп дыбысталды»
2
, – деп 
сипатталған. 
Аллаһ тағала пайғамбарымен тікелей тілдесіп одан:
«Ей, Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?» 
– деп сұрады. 
Әлбетте, Аллаһ тағала оның не нәрсе екенін жақсы білетін еді. 
Мұса:
 «Ол – асатаяғым. Оған таянамын. Онымен қойларыма 
жапырақ қағып беремін әрі онда басқа да қажеттіліктерім 
бар»
, – деп жауап берді. Аллаһ тағала:
 «Ей, Мұса! Оны таста», – 
деді. Ол 
(таяқты)
тастады. Сонда ол жылан болып 
жорғалады»
3

Бұл жайт Құранның басқа бір аятында: 
«Таяғыңды таста!» 
Сонда оны ирелеңдеген жылан көріп, бұрылып артына 
қарамай қашты. «Ей, Мұса! Бері кел, қорықпа! Шынында, 
сен қатерсіздерденсің!» – 
(дедік)
»
4
, – деп баяндалған. 
1
«Таһа» сүресі, 11-16 аяттар. 
2
«Қасас» сүресі, 30-аят. 
3
«Таһа» сүресі, 17-20 аяттар. 
4
«Қасас» сүресі, 31-аят. 


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет