Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет163/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   266
 
 
Шуғайбтың бұл шартына келіскен Мұса: 
«Осы – мені мен 
сенің арамыздағы 
(келісім)
. Екі мезгілдің қайсысын өтесем де, 
маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Аллаһ Кепіл»
1
, – деп, 
оның қызының біріне үйленіп, қалыңмалы ретінде он жыл қойын 
бағып береді. 
Мұсаның Мысырға қайтуы 
Арада он жыл уақыт өтіп, Мұса енді Мысырға астыртын 
барсам болатын шығар деп анасын, туған жерін зиярат етуге 
жолға жиналады. Өзімен бірге әйелін және екі кішкентай 
балаларын ертеді. Сапар барысында олар адасып, түнгі салқында 
жаурай бастайды. Кенет қашықтан, тау беткейінен от көреді. 
Жылынуға жарар тамызық әкелуге, сол жаққа бармақ болып 
Мұса: 
«Тұра тұрыңдар. Бір от көрдім. Мүмкін сендерге бір 
шоқ әкелермін немесе от жақта бір жол сілтеуші табармын»
2

– деп балалары мен әйелін сол жерде тастап кетті. Дәл осы 
жағдай басқа аятта: 
«Мұса мерзімді аяқтап, әйелімен жолға 
шыққанда, Тұр жақтан бір от көрді де, жұбайына: «Тұра 
тұрыңдар. Мен бір от көрдім. Мүмкін бір хабар немесе 
жылынуларың үшін оттан шоқ әкелермін», – деді»
3
, – 
делінген.
Отқа жақындап келгенде, Мұса ғажап көріністің куәсі болды. 
От тікенекті зәулім жасыл ағаштың ортасынан шығып тұр екен. 
Ол отқа жақын келгенде, оған тәңірлік үн келді. Бұл тек үн емес, 
Тәңір мен пенде арасындағы теңдессіз ұлы тілдесу еді. Бұл ұлы 
байланыс Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Миғраж түніндегі 
Аллаһпен тілдесуіне ұқсас. Құранда:
1
«Қасас» сүресі, 28-аят. 
2
«Таһа» сүресі, 10-аят. 
3
«Қасас» сүресі, 29-аят. 


185
 
 
«Ол 
(отқа)
барған сәтте: «Ей, Мұса! Рас, Мен – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет