Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет166/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
адамдарға дағуат жасағанда жазылатын да, ал басқа кезде 
тұтығатын қалпына қайта түсетін. 
Мұса Аллаһ тағалаға тағы да: 
«Маған отбасымнан туысым 
Һарунды көмекші ет. Ол арқылы арқамды күшейт! Сені көп 
дәріптеп, Өзіңді көп еске алуымыз үшін оны істеріме ортақ 
қыл. Күдіксіз, Сен – бізді Көрушісің»
1
, – деп өтініш білдірді. 
Басқа бір аятта Мұсаның Аллаһқа айтқан бұл өтініші: 
«Раббым! Расында, олардан кісі өлтірдім. Сондықтан 
олардың мені өлтіруінен қорқамын. Туысым Һарун тілде 
менен жатығырақ. Сондықтан оны менімен бірге көмекші 
етіп жібер, ол мені растасын. Өйткені олардың жалғанға 
шығаруларынан қорқамын»
2
, – деп баяндалады. 
Мұсаның бұл тілегі де қабылданып, Аллаһ тағала:
«Ей, Мұса! Сенің тілегенің берілді», – деді»
3
. Сөйтіп, Һарун 
да оның шапағатымен пайғамбар болды. Мүміндердің анасы 
Айша (Аллаһ оған разы болсын) мұның тарихтағы ең ұлы 
шапағат екенін айтқан. Бірде: «Қай туыс ағайынына аса игі 
жақсылық жасаған?» – деп сұрақ қойғанда, Айша (Аллаһ оған 
разы болсын): 
«Ол Мұса ибн Имран, туысы Һарунға шапағатшы 
болған кезде»
, – деген
4

Сосын Аллаһ тағала Мұсаға бұған дейін көрсеткен игіліктерін 
есіне салып:
«Негізінде, саған басқа да бір рет игілік еткен едік. Сол 
уақытта анаңның көкейіне: «Оны сандыққа салып, дарияға 
тастап жібер. Дария жағаға шығарып, оны өзіне де, Маған да 
дұшпан біреу тауып алсын» деген ой салдық. Сөйтіп, саған 
көз алдымызда бағылуың үшін Өз тарабымнан махаббат 
салдым. Сол уақытта әпкең барып: «Сендерге оны бағатын 
1
«Таһа» сүресі, 29-35 аяттар. 
2
«Қасас» сүресі, 33-34 аяттар. 
3
«Таһа» сүресі, 36-аят. 
4
Мұны Ибн Кәсир риуаят еткен. 


188


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет