Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет67/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   266
күн сендердікі
2
. Оған жамандықпен соқтықпаңдар. Онда 
сендерді ұлы күннің азабы қолға алады», – деді»
3
.
Аллаһ тағала: 
«Біз оларға сынақ ретінде түйені жібереміз. 
Сен олардың не істейтіндерін күт және сабыр ет. Оларға су 
араларында бөлінгенін, әрбір су кезегінің келетінін хабарла»
4

– деген. 
Салих оларды «түйеге жауыздық істемеңдер және оны судан 
тыймаңдар» деп қайта-қайта ескертіп: 
«Аллаһтың түйесіне әрі 
оның суына
(килікпеңдер)
»
5
, – деді. 
Адамдар бұл мұғжиза-белгіні көрген сәтте екіге бөлінді. 
Олардың азғанасы ғана иман келтіріп, Салихқа ілесті. Бірақ 
олардың көбісі бұл мұғжизаны өз көздерімен көре тұра
мойындамады және Аллаһ тағала айтқандай, Оның мұғжизасына 
қатысты ынсап көрсетпей, зұлымдық қылды. Аллаһ тағала: 
«Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда олар одан бет 
бұрды»
6

«Самуд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ олар 
оған зұлымдық қылып, өлтірді»
7
, – деп айтқан. 
Олар бұл мұғжизаны көздерімен көре тұра, оған зұлымдық 
жасады. Бұл шүбәсіз айқын дәлел болатын. Мұны біреулер тіпті 
сиқыр деп айтудан да тайынбады. Алайда түйе олардың арасында 
1
«Һуд» сүресі, 64-аят. 
2
Яғни құдықтан бір күн ол ішеді, бір күн сендер ішесіңдер. 
3
«Шұғара» сүресі, 155-156 аяттар. 
4
«Қамар» сүресі, 27-28 аяттар. 
5
«Шәмс» сүресі, 13-аят. 
6
«Хижр» сүресі, 81-аят. 
7
«Исра» сүресі, 59-аят. 


77
 
 
жүрді. Құдықтан бір күні ол, ал екінші күні адамдар су ішетін де, 
келесі күнге қажет мөлшерде су алып қоятын. Олар оны сауып, 
сүтін ішетін. Сүті бүкіл ауылға жететін. Бірде түйе олардың көз 
алдында бошалап, ботасы да құдды өзіндей болып туылды. Мұны 
көрген олар таң-тамаша болысты. Бұл жерде күмәнданатындай 
сиқырдың ешқандай белгісі жоқ еді. Бұл бір сәттік сиқырдың 
бұлдыр елестері емес, ап-айқын мұғжиза болатын. Түйе олардың 
арасында ұзақ уақыт өмір сүрді. Олар бұл мұғжизаны көріп, 
әрдайым таңырқайтын. Бірақ басым көпшілігі мұны мойындамай, 
сол баяғы қасарысқан кәпір күйлерінде қала берді. 
Сонда халық жиналып, бас қосып ақылдасты. Олар: «Адамдар 
бізді тастап, Салихқа еріп кете ме деп қорқамыз. Оның үстіне, 
бұл түйе бізге пәле болды, суға бара алмай, мына түйені күні 
бойы күтіп тұруымыз керек және оның алып денесінен 
жануарларымыз үркіп қашады. Ол бізге зиянын тигізуде. Одан 
құтылайық», – десті. Сөйтіп, оны өлтіру үшін араларынан біреуді 
таңдады. Тарихшылар оны Құдар ибн Салиф ибн Жундуғ деген 
кісі еді деп айтады. Олар сол Құдарды шақырып, онымен түйені 
өлтіру жөнінде сөз байласты. Бұл жайында Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет