Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


жермен-жексен қылды. Аллаһ оның соңынан қорықпайды»



Pdf көрінісі
бет69/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   266
жермен-жексен қылды. Аллаһ оның соңынан қорықпайды»
3
;
«Сөйтіп олар түйені өлтіріп, Раббыларының әміріне 
(бағынбай)
шектен шықты. Кейін: «Ей, Салих! Егер 
елшілерден болсаң, бізге уәде етіп жүргеніңді келтір!», – 
деді»
4
, – делінген. 
Сөйтіп, олар Салихты ашық майданға шақырып, түйені 
өлтірді. Аруананы ұрып құлатқан кезде ботасы тауға қашып 
кетті. Олар ботаның артынан қуып барғанда, қасиетті жануар сол 
жерде үш рет қатты боздады да, ғайып болды. 
Осы оқиғадан кейін ауыл тұрғындары түйені сойып, етін жеу 
үшін жиналды. Бұл жауыздыққа олардың барлығы қатысты. Тек 
иман келтірген кісілер ғана бұдан бас тартты. Бұл туралы хабар 
1
«Нәмл» сүресі, 48-аят. 
2
«Қамар» сүресі, 29-аят. 
3
«Шәмс» сүресі, 14-15 аяттар. 
4
«Ағраф» сүресі, 77-аят. 


79
 
 
Салихқа жетті. Ол асыға келсе, қауымы түйені жайратып салып, 
оны боршалап жатыр екен. Сонда Салих:
«Мекендеріңде үш күн бойы жасай тұрыңдар. Бұл 
жалғансыз бір уәде»
1
, – деді.
Яғни бұл жерде Салих сол күнді санамағанда үш күннен кейін 
бәрінің де түгелімен құритындарын ескертті.
Самуд қауымына келген азап 
Сол уақытта адамдар жиналып, Салихтың өздеріне айтқан 
ескертуі жайлы сөйлесті. Содан соң олар Салихты да өлтірмекші 
болды және осы туралы бір-бірімен ақылдаса бастады. Аллаһ 
тағала:
«Қалада жер бетінде бұзушылық жасап, түзетушілік 
етпейтін тоғыз кісі бар еді. Олар: «Бір-біріңе Аллаһпен ант 
етіңдер, оған және үй-ішіне шабуыл жасаймыз. Содан кейін 
(кегін даулаған)
туысына: «Біз оның үй-ішінің өлтірілуіне 
қатысқан жоқпыз. Біз шын айтып тұрмыз», – деп айтамыз», – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет