Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Сонда  (Салих) олардан жүз бұрып: «Ей, елім! Расында



Pdf көрінісі
бет72/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   266
«Сонда 
(Салих)
олардан жүз бұрып: «Ей, елім! Расында, 
мен сендерге Раббымның тапсырмасын жеткіздім және 
насихат айттым. Бірақ сендер насихат айтушыларды жақсы 
көрмейсіңдер», – деді»
4
, – деп айтқан. 
Сонымен, Салих мүміндерді ертіп, қасиетті Палестина жеріне 
қоныс аударды. Ол Рамлә деген жерде тұрып, сол жерде қайтыс 
болды. 
1
«Қамар» сүресі, 31-аят. 
2
«Һуд» сүресі, 66-аят. 
3
«Нәмл» сүресі, 52-аят. 
4
«Ағраф» сүресі, 79-аят. 


82
 
 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өсиеті 
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) 
жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) Табук жорығына бара жатып 
жолай Хижрға, самуд қауымының үйлерінің жанына түскен. 
Сонда кейбір сахабалар барып, самуд қауымы ішкен құдықтардан 
су әкеліп, ол сумен қамыр илеп, қазан асқан. Сол кезде 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қазандарды төгіп, қамырларды түйелерге 
беруді бұйырды. Сосын адамдарды орындарынан тұрғызып, түйе 
су ішкен құдыққа келіп, маңына түсіп, сол жерде адамдарды 
азапқа ұшыраған елден ғибрат алуға шақырып: 
«Мен сендердің 
бастарыңа олардың бастарына түскеннің түсуінен қорқамын. 
Оларға кірмеңдер»
, – деген
1
.
Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Мына Аллаһтың 
азабына ұшырағандарға жылаған халде болмаса, кірмеңдер»
, – 
деп айтқан
2

Басқа бір риуаятта: 
«Егер жылағыларың келмесе, олардың 
бастарына түскеннің өз бастарыңа түсуінен қорқып жылауға 
тырысыңдар»
, – деген. 
Яғни ешкім Мәдәин Салихқа басқа тарихи мұраларды зиярат 
еткендей бармау керек. Ол жерге бара қалған кісінің оларға 
Аллаһтың көрсеткен азабын есіне алып, жылаған күйде кіргені 
орынды. Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет