Панда жылаған жаз жанарбек Әшімжан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының сериясы «Сөздік-Словарь»



Pdf көрінісі
бет31/32
Дата26.02.2017
өлшемі1,78 Mb.
#4999
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

қоҒАМ ЖӘНе ЖурНАЛИст
Сауалды осылай қабырғалатып қоюдың жөнi де жоқ емес. Затынан 
бұрын  аты  жеткен  демократия  ақпарат  құралдары  өкiлдерiнiң 
кәсiби  қызметтерiнiң  арнасын  кеңейтiп-ақ  бердi.  Нәтижесiнде 
журналистердiң  ресми  тiлдерiнiң  сеңi  бұзылды.  Кеңестiң  шөмiштiң 
сабына  қарауыл  орнатқан  цензорлық  кезеңiнен  запы  болған  қалам 
иелерi,  бүгiндерi  өткiр  тақырыптарға  ашық  та  батыл  баруда. 
Мүмкiндiгiнше  сынға  құрылған  мақалалар  алдыңғы  шепке  шықты. 
Мұндай  сәтте  көбiне  лауазым  иелері  сын  садағына  ілінуде.  Ал 
біздің  көптеген  шенеуніктеріміз  сын  көтере  алмайтын  дәрежеде. 
Ақпарат  құралдарынан  өздеріне  қатысты  мәселе  қозғалып,  нақты 
аты-жөндері атала қалса, «ер-тоқымдарын» бауырына алып тулайды. 
Сосын,  телефонның  арғы  құлағында  отырып  алып  қорқыту,  үркiту 
әрекеттерiне барады. Тiптi, қазiр журналистердiң жеке басына бәйге 
тiгiлiп  жатқан  жағдай  да  жоқ  емес.  Алды  атылып,  соңы  соққыға 
жығылып,  жоғалып  кетiп  жатқан  жайлар  да  әлсiн-әлсiн  қылаң  бере 
бастады. Төрт-бес жылдың алдында «журналист аулау» операциясы 
көршi Ресей елiнде катты белең алған. Алыс-жақын шетелдерден де 
келтiрер дәйек жетiп артылады. Кеше таңсық болып келген тақырып 
ендi бiзге келiп жеткендей. Демек, қоғамдағы журналистердiң ықпалы 
бәзбiреулерге кедергi келтiредi деп кесiп айтуға негiз бар.
Қазақстан  жағдайында  журналистер  құқын  қорғайтын  құзырлы 
орын жоққа тән. Аты дардай Қазақстан Журналистер одағы бұл бағытта 
дәрменсiз. Өзге қысымдардан өзiн қорғап алса, сол олжа...
Тiптi, бiзде журналист құқын заңдық тұрғыда қорғай алатын арнайы 
бапты  алты  айналсаңыз  да  таппайсыз.  Ол  түгiлi  басы  сергелдеңге 
түскен жеке тұлғаны қорғайтын адвокаттың өзiн қорғайтын заң бар ма 
деген занды сауал туады.
Елбасы  бiр  алқалы  мәжiлiсте  билiк  тетігіндегілерге  қаратып: 
«Журналистер  тарапынан  қойылған  сауалдарға  үш  күн  iшiнде  жауап 
беруге мiндеттiсiңдер және журналистердiң кез келген салаға араласу 
құқын  ешкiм  шектеуге  тиiс  емес»  деп  ашық  айтқан.  Бұл  талапты 
да  орындап  жатқан  шенеунiктер  шамалы.  Сосын,  бiздiң  ықпалды 
мекемелер, министрлiктер өз салалары бойынша ши шыққан жерлерге 
журналист  атаулыны  араластырмауға  тырысады.  Одан  кейiнгі  жерде 
ақпарат құралдарының өкiлдерi оқиғаны зерттеуге, қажеттi деректердi 
iздеуге  өздерi  кiрiседi.  Ал,  осы  жолда  қаншама  қарсылықтарға 
жолығатынын сiз сұрамаңыз, біз айтпайық...

298
Қысқасы, «бiздiң коғамда журналистер құқын кiм қорғайды?» деген 
қорғансыз  сауал  көше  кезiп  жүр.  Атынан  ат  үркетiн  шендi-шекпендi 
шенеунiктерiмiз  мүмкiндiгiнше  журналистердi  тықсыруға  шебер. 
Шамасы келсе, «сатып» алуға бар, оған көнбесе жолында жатып алуға 
да пейіл. Шенділердің қолы жағасында жүрген журналистер аз емес. 
Ақтөбелік журналист Дәулет Төлегеновтің қайғылы жағдайдағы өлiмi 
бiраз жайдан хабар берсе керек.
Сонымен,  коғамымыздағы  түрлi  оқиғалар  ортасында  жүрген  жур- 
налистердiң  құқын  кiм  қорғайды?  Осы  тақылеттес  әлеуметтiк  жүгi 
ауыр бiр сұрақ қоғамды кезіп жүр.

299
АНАЛАр МейрАМЫ
Адамзат  баласын  арбасына  салып  алып  жүйткіп  бара  жатқан 
жұмыр  жерді  бір  сәтке  иітіп,  аялдататын  айтулы  мереке  –  Аналар 
мейрамы! Дәл осы күні әлеуметтік ағыстардың арнасынан аршылып, 
әр  күн  сайын  кеудеңде  тулап  жататын  Анаға  деген  мейірімді,  жарға 
деген  махаббатты,  әкпе-қарындасқа  деген  бауырмалдықты  ресми 
бекітесің.  Әулеттің  арулары  жиналып,  арқа-жарқа  боласың.  Өткенге 
ой жіберіп, болашаққа көз тастайсың. 11 құрсақ көтеріп, жол ортада 
жолбасшысынан  айрылған  кейуананың  тағдыр-тауқыметі  көз  алдыңа 
келеді...  Бірін-бірі  жетелеп  жүріп  өскен  қыздардың  езуінен  табылған 
күлкі – олжаның үлкені! 
Өмірдің  өзі  ұсынған  талап-тілектердің  бір  жағына  шығысып, 
көшіңнің көлікті, сәбиіңнің бөрікті болуын тілеп, күн сайын жолыңды 
тосатын қосағың жайлы сезімнің орны алабөтен. Жар таңдауға барған 
жалаңаяқ кездерің есіңе түссе ше... 
...Дүние дейтін ұлы даңғылдағы даңғайыр бекет – ҚазГУ қалашығы. 
Жастықтың жалауын аз ғана уақыт желбірететін аялдамаң – 5-жатақ- 
хана. Келешектің бас жоспарын құрып, үлкен өмірге жолдама ұсына- 
тын  –  журналистика  факультеті.  Тағдырекемнің  таңдауы  түсіп,  1995 
жылы журналистика факультетіне түскен 60 студенттің қатарына мен де 
іліндім. Бірінен-бірі өткен таланттар. Шетінен тілші, шетінен шайыр! 
Бір  үйдің  баласындай,  бір  қолдың  саласындай  болып  шүйіркелесіп 
кеттік. Аудитория – шағын парламент, жатақхана – кіші театр.
Өмір  дейтін  сұрапыл  жорықта  жаныңа  серік  болып,  күнгейіңді 
көлеңкелемей,  теріскейіңді  шуаққа  бөлер,  тас  төбеңе  бұлт  қонақ- 
татпайтын  ұяң  қыз  курстас,  болашақ  әріптес  болып  шықты.  Қасы-
көзі қиылған, қара шашы иыққа құйылған арудың аты-жөні – Самал 
Айдаболова,  Қабанбайдың  қызы.  Қарашаның  қара  суығында  қол 
ұстасып болашаққа бірге баруға, жол-жөнекей кезігетін қиындықтарды 
бірге  жеңуге,  бір-бірімізге  демеу  болуға  серт  байластық.  ІІІ-курсты 
бітірген жылы жазда әулеттің ақсақалы Рахымжан атам бастап, нағашы 
апам  Беделхан  қостап,  ырым-сырымын  шешем  Күлипа  түгендеген 
«қалың» қол құда түсіп, Алакөлден ұшқан аққуға сырға тағып келді. 
Қарашаның  қарлы  бір  күнінде  Алматыда  дүрілдетіп  той  жасадық, 
той асабасы – бүгінде белгілі ақын, журналист, аяулы дос – Жұматай 
Әміреев болды.
Самал  алғашқы  кезде  тәп-тәуір  өлең  жазатын,  кейін  бір  үйге  бір 
ақын жетеді деп шешкен болу керек, таза журналистикаға түсті. Қызмет 
бөліскенде мен шығармашылық бөлмені алып, ол асүйге кетті. Құдайға 
тәубе,  әзірге  қошқардай  екі  ұлдың  анасы,  ошағымыздың  берекесі, 

300
шешеміздің  мерекесі.  Ұлдарымыз  –  Ақтамберді,  Дінмұхамед,  Қасым 
бұл күндері, иншалла, жігіт болып қалды.
Самал Мейрамқызы әулетіміздің отанасы ғана емес, өз ісінің білгірі, 
танымы  мен  таланты  ұштасқан  тележурналист.  Бір  кездері  «Хабар» 
радиосында,  «31  арнаның»  «Информбюро»  ақпараттар  қызметінде 
жұмыс  жасаған,  бүгінде  «Алматы»  телеарнасы  арқылы  көпшілікке 
көзайым болған «Тіл сақшысы» бағдарламасының жүргізушісі. Қазіргі 
күні микрофон қажаған қолын жаялық жууға әзірлеп жүр...
Классик ақын Қадыр Мырза Әлінің мынадай өлеңі бар:
«Ауыр,
Тойдың өзінде
Азаматтың жүгі тым.
Бір үзіліс кезінде
Бәйбішеңе, жігітім:
«Қатарыңның ең әсем,
Ең сұлуы – өзің!» де.
Демедің бе?
Демесең,
Дәм болмайды сөзіңде.
Сөйлегенде қамықпа,
Айтпадым деп ұлы сөз.
Керек кейде халыққа
Ұлы сөзден жылы сөз!».
Рас,  кеш  кірсе  таң  ататын  осынау  қат-қабат  тіршілікте  үйден  гөрі 
түзде көп жүресің, ерте кетіп, кеш келесің. Сондай алыс сапардан ойға 
алған  шаруаларың  еңсеріліп,  шаңыраққа  келе  жатқанда  алдыңнан 
анаң,  жарың,  ұрпағың  күтіп  отыратыны  қандай  ғанибет!  Қоғамдық 
өміріміздің қаймағын келтіріп тұрған, әрине, мерекелі күндер. Сондай 
мерекелі  күндерде  отымыздың  басына,  қоршаған  ортамызға  жарық 
беріп тұрған АНАЛАРҒА айтар ұлы сөз де, жылы сөз де жетерлік.
Мерекелеріңіз құтты болсын аналар, арулар!

301
«ПАтохтЫң ЖИеНШАрЛАрЫ»
Бiр  кездегi  күңгiрт  кеңселерде  жүргiзiлген  жекешелендiру  саяса- 
тының  соқтасы  бiртiндеп  ақтарылып  жатыр.  Қазақстанға  жемiсiн 
төгiп  тұрған  мәуелi  кәсiпорындар  шетiнен  кертiлiп  кеттi.  Сапалы 
кәсiпорындардың  салалы  бұтақтары  бiртiндеп  бырт-бырт  үзiлдi. 
«Ұстағанның  қолында,  тiстегеннiң  аузында»  кеттi.  Аяғы  оңтайлан- 
дыруға  ұласқан  жекешелендiрудiң  азабын  жергiлiктi  ұлт  ендi  қанша 
уақыт тартатыны бiр Құдайға ғана аян. 
Көнтерi кәсiпорындар мен «желiнiнен» шикiзат тамшылаған алып 
зауыттар көз алдымызда «мәдениеттi» түрде бопсаға түстi. Бiр мысал, 
Шымкенттегi  алып  ШНОС-тың  20-ақ  миллион  АҚШ  долларына 
«ұзатылып» кеткенiн қандай аргументтермен ақтауға болады? Негiзгi 
бағасы – 1 миллиард доллар. Сондай-ақ, бiрнеше миллиард мұнай қоры 
бар  «Әлiбек-мола»  мұнай  кенiшiнiң  2-ақ  миллиондық  құнын  кiмнен 
даулайсың?  Кетпеннiң  басын  бассаң,  сабы  қазақтың  басына  тиедi. 
Жекешелендiрудiң  сол  тұстағы  басты  «құжаты»  –  қолтырауынның 
сауыр  терiсiнен  әдiптелген  қапшық  толы  «көк  қағаз»  дегендi  әлсiн-
әлсiн  естiп  қаламыз.  Кiрген  iз  бар,  шыққан  iз  жоқ.  Ал  атын  берiп, 
жүгенiн  ұстап  қалған  қазақ  қоғамы  әлi  күнге  босағасынан  сығалап 
тұрған мына сауалдың жауабын таба алмай дал: «Қазақ жерiнiң асты-
үстiндегi қазынасы һәм дәулетi мен байлығы кiмдердiң қолында?» 
Жоғарғы  ағысы  астаң-кестең  осы  сауал  елiмiздегi  «түкiрiгi  жерге 
түспей тұрған» мегахолдингтер жайлы ой қозғауға мәжбүрледi.
Жалпы, бұған дейiн Қазақстандағы мегахолдингтер туралы жағым- 
ды-жағымсыз әңгiмелер тоғыз қабат торғауытты кеңселерде болмаса, 
ел алдында ашық айтыла бермейтiн. Өткен жылдың қараша айындағы 
жаңа парламенттiң шақырылымында отандық мегахолдингтер жайлы 
сөз  бiрiншi  рет  мемлекет  басшысының  аузынан  айтылды.  Президент 
алпауыт  мегахолдингтердiң  еншiлес  мекемелерiнiң  кейбiр  жағдайда 
отандық  орта  және  шағын  бизнестiң  дамуына  тұсау  салып  отыр- 
ғанын  сынға  алған.  Iле-шала  ақпарат  құралдары  бұл  тақырыпты 
өртеңге  тиген  оттай  iлiп  ала  жөнелдi.  Әрине,  әңгiменi  қоғамға  iшкi 
қыжылы  бар  баррикаданың  арғы  жағындағы  ақпарат  құралдары 
ұлттық  компаниялардың  шаужайына  жармасудан  бастады.  Ұлттық 
компаниялардың ауласына негiздi-негiзсiз саяси «бұдыры» бар бiрнеше 
кесек лақтырылды. 
Әсiлi, мегахолдингтер жайлы әңгiменiң арнасынан асып-төгiлуiне, 
бiрiншi,  Қазақстан  аумағындағы  трансұлттық  корпорациялардың, 
ұлттық  компаниялардың,  iрi  қаржылық-өнеркәсiптiк  топтардың, 
шетелдiк  инвесторлар  бақылауындағы  кәсiпорындардың  халықтан 
қараңғыланып,  жабық  түрде  жұмыс  iстеуi  ықпал  еттi.  Сондай-ақ, 

302
бiр  кездегi  жекешелендiру  саясатының  салқыны  да  жоқ  емес.  Ал 
ең  бастысы,  «қайыру»  бермей,  бақылаудан  шығып  кеткiсi  келетiн 
мегахолдингтер  соңғы  кездерi  елiмiздiң  саяси  өмiрiне  мықтап  ықпал 
етуге  көше  бастағаны  анық  аңғарылды.  Әр  мемлекеттiң  белгiлi 
деңгейде өз буржуазиясы болатынына ешкiм шәк келтiрмейдi. Ал егер 
өнеркәсiптiк-қаржылы топтар елдiң саяси иiрiмiне қада қағып, билiкке 
қарай  ұмтылып,  мемлекетке  өз  үкiмiн  жүргiзуге  айла-шарғы  жасаса 
ше? Ең үлкен қауiп осы болуға керек. Бiздегi мегахолдингтерден сондай 
пиғыл  анық  байқалып  қалды.  Қазақстанның  саяси  өмiрiндегi  соңғы 
уақыттарда  орын  алған  теке-тiрестер  осының  айғағы.  Тiптi  мұның 
ақыры  қаржылық-өнеркәсiптiк  топтардың  арасындағы  ымырасыз 
ақпараттық соғысқа ұласқан жайы бар. 
Нақты дереккөздерiнiң келтiруiнше, елiмiздiң жалпы iшкi өнiмiнiң 
80 пайызын «Қазақстан темiржолы», «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», 
«Қазақмыс» сияқты ұлттық компаниялармен қатар, терезесi шетелдiк 
инвесторларға қарап тұрған «Теңiзшевройл», «Испаткармет», «Қазақ- 
мыс»,  «Қазақстан  алюминийi»,  «Қазхром»  және  «Қазцинк»  секiлдi 
iрi  кәсiпорындар  құрайды  екен.  Экономикалық  көрсеткiштер  үшiн 
бұл  жағымды-ақ  жаңалық.  Ал  сарапшылар  жалпы  iшкi  өнiмнiң 
жағдайына  малданып  отырған  да,  мегахолдингтердiң  мiнберге  өрлеп 
бара жатқанын айтады. Қалай дегенмен де, дәл қазiр холдингтер мен 
мегахолдингтердiң,  қаржылық-өнеркәсiптер  мен  олигархтардың  ара- 
жiгiн  ажыратып,  «мiндеттерiн»  айшықтап  беретiн  уақыт  келген 
сияқты.  Себебi,  «басынан  құс  ұшырмайтын»  мегахолдингтердiң 
бауырына қаржылық-саяси топтар «жұмыртқа» сала бастады. Кейбiрi 
өздерiне  ақпараттық  кеңiстiк  қалыптастырып  үлгердi.  Құзырлы 
тетiктерге «сенiмдi» адамдарын өткiзуге де құзiреттерi жетедi. Тiптi 
үкiметтi «ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында» ұстап, билiкке 
айтқанын  өткiзiп  отырған  топтар  да  жоқ  емес.  Ашығын  айтқанда, 
iлгерiндi-кейiндi  көрiнiс  бере  бастаған  қаржылық-саяси  топтардың 
«күн тәртiбiнде» мемлекеттiк пиғыл мен ұлттық құндылықтар әл-әзiр 
көрiнiс  таба  қойған  жоқ.  Түпкi  мақсат  –  билiк.  Алаңдаушылықтың 
үлкенi осы.
Мұнай  кенiштерi  мен  энергетикалық  кешендердi  жанқалтасына 
салып  алып,  «ноқтаға  басы  сыймай»  кеткен  Ресейдегi  саяси-қар- 
жылық  топтардың  тағдыры  не  болды?  Ельциннiң  тұсында  Ресейдiң 
бар  жақсысын  талан-таражға  түсiрiп,  пышақ  үстiнен  бөлiп  алған 
олигархтар  мемлекеттiк  машинаға  ашық  ықпал  еткенi  белгiлi.  Тiптi 
Ельциннiң сайлау компаниясының ауы мен бауына кеткен қаржының 
Борис  Березовскийдiң  әмиянынан  шыққаны  кейiн  анықталды.  Қазiр 
Березовский  қайда?  2003  жылғы  Ресейдегi  үлкен  сайлау  алдында 
коммунистерге  қаржы  құйып,  ақыры  абақтаға  тоғытылып  кеткен 

303
алпауыт  мұнай  магнаты  Михаил  Ходорковский  тағдырының  астары 
неде? Шетелге қашып құтылған Берзовский мен Гусинскийден нендей 
сабақ  алуға  болады?  Тықыр  таянғанын  сезген  Чукотка  қожайыны 
Роман  Абрамович  Англияның  «Челси»  клубын  сатып  алу  арқылы 
капиталының  бiр  бөлiгiн  неге  шетелге  шығарып  тыныш  тапты?  Осы 
саулдарды ұстап тұрған бiр саяси желi бар... Олигархтардың санасына 
үрей ұялатып, «авторитар» атанған Путиннiң бұл қадамдарын, әрине, 
ақтап  алуға  екiбастан  болмайды.  Десе  де,  шектен  асқандардың  iс-
әрекетi Путиндi осындай қатал шешiмдерге баруына мәжбүрледi.
Бiздегi  жағдайдың  асқынып  тұрған  түгi  жоқ.  Алайда,  соңғы 
кездерi  елдегi  саяси  ахуал  ептеп  күрделене  бастағаны  жасырын 
емес.  Мегахолдингтердi  бетперде  қылған  саяси-қаржылық  топтар 
осындай  «өлара»  кезеңдi  өздерiнiң  пайдасына  асырғысы  келетiндей. 
Бұл  «айсбергтiң»  бетi  ғана.  Топтар  арасындағы  тартыс  неге  өршiп 
барады?  Саяси-қаржылық  топтар  неге  саяси  делбеге  ұмтылады? 
Олигархтар «басынан бақайшығына» дейiн неге ақпарат құралдарымен 
қарулануда?  Сарапшылар  пiкiрi  қарапайым.  «Бармақ  бастымен» 
алатын  жаңа  мемлекеттiк  нысандар  таусылды.  Бүгiн  болмаса  ертең 
мегахолдингтердiң «тәртiбiн» мемлекет қолына алуы мүмкiн. Бизнес- 
терiне  қауiп  төнедi.  Одан  шығудың  жолы  бiреу  –  режимдi  рельстен 
шығару арқылы билiк тетiктерiн құрсау».
қаржылық топтар туралы 
Елдегi  қаржылы-өнеркәсiптiк  топтар  туралы  сөз  бола  қалса  тiл 
ұшына  бiрiншi  болып  Еуразиялық  өнеркәсiптiк  топ  оралады.  Қазақ- 
станның  түрлi-түстi  индустриясының  денi  осы  топтың  қазанында 
балқытылып  жатыр.  Қожайындары  Лондоннан  дүрбi  салып  отырған 
әйгiлi  үшеу  –  Александр  Машкевич,  Алиджан  Ибрагимов  және 
Патох  Шодиев.  Бұлардың  азаматтықтары  туралы  да  әңгiме  көп. 
Қалаған  уақытында  Қазақстан  аумағынан  табылатын  «Еуразиялық 
үштiк»  Қазақстанның  түстi  металдарын  өз  бiлгендерiнше  қорытып, 
өңдеп,  шетелдерге  сатуда.  Және  Еуразиялық  өнеркәсiптiк  топтың 
тамырына  барып  құятын  өзге  де  еншiлес  компаниялары  жетiп 
артылады. Шегелеп айтқанда бұл топ Қазақстан экономикасының түрлi 
салаларында  (транспорттық,  банктiк  құрылым)  еншiлес  компаниялар 
жүйесiн  қалыптастырып  алған.  Бұл  мекемелер  ел  iшiнде  «Патохтың 
жиеншарлары» деп аталады. Еуразиялық топ атала қалса, ойға Азамат- 
тық партия мен «Экспресс-К» газетi қоса оралады. Бұлардың тамырына 
қан жүгiртiп жатқан екiбастан «Евразийский банк». Демек, қаржылық 
топ  Қазақстандағы  саяси  мүдделерiн  осы  органдар  арқылы  қорғап 
жатқан жағдайы бар. Әлгi бiр «саяси-қаржылық топтар айналасын неге 

304
ақпарат  құралдарымен  қымтауға  бейiл?  Неге  жекелеген  партияларды 
және  саясаткерлердi  шынжырлап  ұстап  отыр?  Шын  мәнiнде  ақпарат 
кеңiстiгi  қаржылық  топтарға  экономиканың  металлургиялық  немесе 
мұнай  өндiру  секторын  дамыту  үшiн  керек  пе?»  деген  сан  сауалдың 
басы осы тұста шошаң етiп тағы шыға келедi. Неге? 
Бiр дерек. Өткен жылдың 17 маусымында «Мегаполис» апталығында 
белгiлi  публицист,  Президент  сыйлығының  иегерi  Ахас  Тәжутовтың 
Еуразиялық  өнеркәсiптiк  топқа  байланысты  «Экономика  кiмнiң  бақы- 
лауында  болса,  үкiметке  тапсырысты  сол  бередi»  атты  сараптамалық 
мақаласы  жарияланды.  Ертесi  белгiлi  публицист  қызметiнен  кеттi. 
Тәжутовтiң  артында  тұрған  медиа-холдинг  бұл  мәселеге  тiптi  де 
араласқан  жоқ.  Тажутов  Еуразиялық  топтың  құрбаны  болып  кете 
барды. Яғни бұл топтың билiкке де ықпалы жоқ емес. Әсiресе, түрлi-
түстi  өнеркәсiп  ошағынан  түлеген  Даниал  Ахметов  үкiметiне.  Ресми 
емес  дереккөздерiнiң  айтуынша,  Еуразиялық  топтың  елдегi  кадрлық 
мәселелерге де ықпалы бар көрiнедi. Қалай болғанда да, елiмiздiң саяси 
кеңiстiгiне осы топтың ықпалы кеңiрдектен...
Есiгiне  «қара  құлып»  салынған  ҚДТ  лидерлерiнiң  бiрi  Асылбек 
Қожахметов  «бiздi  саяси  ағымға  көңiлi  толмайтын  бизнесмендер 
қаржыландырады» деп аузынан қағынғаны күнi кеше болатын.
Қазақстандағы  айтулы  қаржылық  топтың  бiрi  –  Нұржан  Сұбхан- 
бердиннiң  жетекшiлiгiндегi  «Казкоммерцбанктiң»  қалтарысында  се- 
кiлдi. Мұнда негiзiнен ел iшiнде «жас реформаторлар» деп аталатын топ 
шеп құрған. Бiр кездегi «КЕГОК», «Қазақтелеком», темiржол, авиация 
салаларын басқарғандар қазiр осы топта. Сәуегейлер «отындық мыс, 
мырыш  және  фосфор  өндiрiсi  осы  топтың  бақылауында»  дегендi 
күмiлжiңкiреп  айтып  қалады.  Сондай-ақ,  билiктiң  ығындағы  саяси 
сарапшылар «Казком» мен «Ақ жол» партиясының арасында қаржылық 
қарым-қатынас бар» дегендi жиi айтады. Бiрқатар тәуелсiз басылымдар 
да осы банктiк құрылымға телiнiп жүр. Бұл топтың «31 канал» медиа-
холдингiне  де  көңiлдерi  бар  сияқты.  Бұл  әңгiменiң  басы  парламент 
сайлауында шыққан. Өткен жылдың соңғы айларында болған Қазақстан 
қаржыгерлерiнiң IV конгресiнде Қазақстанның аса iрi банктер өкiлдерi 
бiрлескен  мәлімдеме  жасаған.  Мәлiмдеменiң  ұзын-ырғасы  мынаған 
саяды:  «Бiз  банктердiң  саяси  партияларды  қаржыландыруына  жол 
бермеу  керек  деп  санаймыз.  Билiк  пен  банктердiң  қарым-қатынасы 
саяси  партиялардың  бiр-бiрiне  шабуылдауы  арқылы  емес,  үкiмет, 
Ұлттық банк және ҚР Қаржылық бақылау агенттiгi мен банк секторы 
арасындағы  байыпты  диалог  шеңберiнде  реттелуi  керек  деген 
пiкiрдемiз». Мәлiмдеменiң астында Сұбханбердиннiң де, «Евразийский 
банктiң» қожасы Машкевичтiң де қолы қойылған...

305
Ұзақбай  Қарабалиннiң  басшылығындағы  «ҚазМұнайГаз»  ұлттық 
компаниясы  да  iрi  қаржы  топтарының  қатарына  жатады.  40  шақ- 
ты еншiлес мекемелерi бар. «Рауан-медиа» медиа-холдингi осы компа- 
нияның  ауласында.  Iлгерiде  Ресейдiң  «НТВ»  телекомпаниясының 
базасында Қазақстаннан телекомпания ашуға әрекеттенген де дәл осы 
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы болатын. Аталған кәсiпорынның 
бұл  пиғылы  ненi  аңғартады?  Экономикалық  ендiктегi  ең  iрi  мұнай 
секторының  саяси  мақсаттарға  шылануына  не  себеп?  Бұл  арнасын 
шiреп аққан мұнай құбырларының «сығымдылығын» саясат айдынын- 
да сынап көру ме? Гәп басқада...
Қысқасы,  2004  жылғы  үлкендi-кiшiлi  саяси  оқиғалар  елiмiздегi 
қаржылық-өнеркәсiптiк  топтардың  түпкi  мақсатын  ептеп  долбарлап 
берген  секiлдi.  Көздеп  отырған  мақсат  –  қандай  жолмен  болса  да 
бiрiн-бiрi ығыстырып шығарып, саяси кеңiстiкке көтерiлу. Қаржылық 
топтар арасындағы ерсiлi-қарсылы саяси ағыстар ерiксiз осындай ойға 
жетелейдi. Ерiксiз...

306
қАЗАқ МИЛЛИАрДЫНЫң қоЖАйЫНДАрЫ...
3+1=$28 000 000 000
...Сонымен,  АҚШ-тың  әйгiлi  «Форбс»  журналы  әлемдегi  ең  бай 
деген  671  миллиардердiң  биылғы  рейтингiн  жария  еттi.  Мұрнынан 
тiзiлген  миллиардерлердiң  тiзiмiне  самарқау  ғана  көз  жүгiртiп,  өте 
шығуға  да  болатын  едi.  Әдеттегiдей.  Алайда  Қазақстанның  бар 
байлығын  жанқалтасына  салып  алып,  кәрi  құрлықта  сайран  салып 
жүрген үшеудiң – Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов және Александр 
Машкевичтiң  ақшалы  монстрлар  қатарында  жүргенi  жүрек  тұсы- 
мызды  қозғап  жiбердi.  Сонымен,  Қазақстанға  1991  жылдары  жалғыз 
қапшықпен келiп, Еуразиялық өнеркәсiптiк тобын құрған үшеу араға 
14  жыл  салып  әлем  байларының  санатына  кiрдi.  Анығында,  «өлара» 
шақта сал орамалша жыртысқа түсiп кеткен қазақ қазынасы атышулы 
үшеудi тарихқа тiркедi. 
Әсiлi,  әлемдiк  қаржы  қазанына  дүрбi  салып  отырған  сарапшылар 
миллиардерлер  рейтингiне  қатысты  көп  үн  қата  қоймайтын.  Биылғы 
тiзiмге  мамандар  алабөтен  екпiн  берiп  отыр.  Шетелдiк  агенттiктер 
«Қазақстан  және  Украина  миллиардерлерi  тұңғыш  рет  «Форбс» 
тiзiмiнде»  деп  жаһанға  жар  салды.  Сонымен,  Қазақстаннан  үш 
миллиардер  ресми  түрде  тiркелдi.  Аз  ба,  көп  пе?  Салыстырмалы 
түрде айтайық, мысалы, 1,5 миллиард тұрғыны бар Қытайда (Гонконг 
пен  Тайванды  қоспағанда)  небәрi  екi-ақ  миллиардер  тiркелiптi.  Ал 
солтүстiктегi көршiмiз – Ресей миллиардерлердiң саны жөнiнен АҚШ-
тан кейiнгi екіншi орында. 1997 жылдары Борис Березовскиий, Михаил 
Ходорковский,  Вагит  Алекперов,  Рем  Вяхирев,  Владимир  Потанин 
және  Владимир  Гусинскийдiң  есiмдерi  миллиардерлердiң  жуан  ор- 
тасында  жүретiн.  Кейiн  тiзiмде  бұлардан  тек  Владимир  Потаниннiң 
аты ғана қалыпты. 
2003  жылы  әлем  бойынша  476  миллиардердiң  тiзiмi  жарияланса, 
биыл  бұл  көрсеткiш  671-ге  бiр-ақ  жетiптi.  Мамандар  бұл  секiрiстi 
АҚШ-тан тыс жерлердегi доллар бағамының төмендеуi және ғаламдық 
экономиканың  дамуымен  байланыстыруда.  Яғни,  екi  жылдың  iшiнде 
«жаңа есiмер» қатары 215-ке өсiп кеткен. Әрқайсысының байлығы 1 
миллиардқа  бағаланған  Еуразиялық-өнеркәсiптiк  топтың  көсемдерi 
(бұл топтың құрамында хром, көмiрi өндiрiсi, құрылыс компаниялары 
мен  банктiк  құрылымдар  бар)  671  байдың  iшiнде,  620  орынға 
жайғасыпты. Қанат жайып алған «үштiктiң» Оңтүстiк Африкада да өз 
мүдделерi бар. Еуразиялық топтың бас кеңсесi Брюссель мен Лондонда 
орналасқан.  Олардың  жеке  iс-қағаздарында  Қазақстан  азаматы  және 
Алматы  қаласының  тұрғындары  екенi  тәптiштелiп  жазылған.  Және 
Өзбекстанда туған Патох Шодиев пен Қырғызстанда туған Александр 
Машкевичтiң  азаматтықтарына  қатысты  қозғалған  әңгiмеден  аттап 

307
кетуге болмайды. Мәселен, америкалық журнал 51 жастағы Шодиевтiң 
Қазақстанмен  қатар  Бельгия  азаматы,  ал  Машкевичтiң  Қазақстанмен 
қоса  Израиль  азаматы  екенiн  жазады.  Ал  ересек  екi  ұлы  әзiрден-ақ 
Еуразиялық  топтың  жұмыстарына  араласа  бастаған  Ибрагимовтың 
азаматтығы  жайлы  дерек  көрсетiлмеген.  Осы  қос  азаматтығы 
бар  олигархтардан  келер  қауiп  турасында  және  мұның  Қазақстан 
Конституциясына мүлде қайшы келетiнi туралы қазақстандық ақпарат 
құралдары неше рет дабыл қаққан. Алайда бұл мәселеге байланысты 
өкiлеттi орындар тарапынан ешқандай түсiнiктеме берiлмедi. Ләм-мим 
деген жан болмады.
Александр  Машкевичтiң  АҚШ-тағы  орыс  тiлдi  эммигранттарға 
тарайтын «Новое русское слово» басылымының бас редакторы Валерий 
Вайнбергке берген сұхбатында «Сiздiң Ресейдегi еврей ұлттық мәдени 
орталығын басқаратыныңыз белгiлi, осыған Қазақстанның, Израильдiң 
және Бельгияның азаматтығын иелену керi әсерiн тигiзбей ме?» деген 
сауалға «Қазақстанның бас еврейi» («Га Арец» газетi, Израиль), «оған 
таң қалатын түк те жоқ» деп жауап берiптi. Ол ол ма, кешегi филолог, 
бүгiнгi  алпауыт  Машкевичтiң  дәл  сол  эммигранттық  басылымда: 
«Барлық  еврейлер  үшiн  Израиль  мемлекетi  –  қасиеттi  тарихи  отан. 
Израильдiң  гүлденуi  үшiн  мен  қолымнан  келген  мүмкiндiгiмнiң 
бәрiн  жасаймын.  Бiз  Израильдiң  көпжылдық  әскери  бағдарламасына 
көмектесудемiз, бұл салаға мен аз қаржы салып жатқан жоқпын» деп 
ағынан жарылған. Мiне «қуырдақтың көкесi».
Қазақстан  энергетикасын  ен  жайлап  кеткен  әйгiлi  бельгиялық 
«Трактебель»  компаниясының  елiмiзге  келуiне  осы  Еуразиялық 
топтың тiкелей қатысы болды деген әңгiме тегiн болмауға керек. Бұған 
Бельгияның белдi Le Soir басылымында журналист Жоан Кондижцнiң 
2003 жылдың 14 мамырында жарияланған мақаласында дәлел жетедi. 
Автор «Қазақстанның газ құбыры жүйесiн өз бақылауларына алу үшiн 
«Трактебель» компаниясы 85 миллион АҚШ долларын жұмсады. Оның 
30 миллионын Қазақстан үкiметiне заңды түрде берiлсе, 55 миллион 
доллар комиссиялық тәсiлмен «қазақстандық үштiкке» төлендi. Олар 
–  қазақстандық  Алиджан  Ибргаимов,  ресейлiк  Александр  Машкевич 
және тегi өзбек белгиялық Патох Шодиев» делiнген. Шетелдiк басылым 
бұл  үшеуiне  55  миллион  долларды  –  «ақыл-кеңес»  бергенi  үшiн 
төленгенiн  айтады.  Қазақстан  энергетикасының  түтiнiн  түзу  шығара 
алмай басы дауға iлiккен «Трактебель» 1999 жылы елiне қайтты. Кейiн 
Бельгияның  және  Швейцарияның  тергеу  орындары  iс  қозғап,  «55 
миллион Бельгияға қайтты ма?» дегенге сауалға жауап iздеген. Тықыр 
таяған шақта «Трактебель» басшылығы 1998 жылға дейiн бельгиялық 
компанияның Қазақстандағы филиалын басқарған Николас Атериносқа 
«алаяқтық  жасады»  деп  шүйлiктi.  Басына  бұлт  үйiрiлген  Атеринос 
Le  Soir  газетiне  берген  сұхбатында:  «Трактебельдiң»  жемқорлыққа 

308
белшесiнен  батқаны  барша  жұртқа  мәлiм.  Артыма  шала  байлататын 
мен емес, мен небәрi осы компанияның қатардағы шенеунiгi ғанамын» 
деп  мәлiмдеп  және  өзiн-өзi  ақтап  алған.  Қысқасы,  Еуразиялық  топ 
туралы  «ертеден  салса  кешке  озып,  беткейден  салса  төске  озып» 
айтуға  болады.  Осы  мәселеге  байланысты  әлеуметтанушы  Әзiмбай 
Ғали мырзаның пiкiрін сұрағанбыз. Әлеуметтанушы бүй дейдi: «Менiң 
жамандағым келмейдi. Әрине, шетелдiк капитал – шетелдiк капитал. 
Бiзге олар салықты дұрыс төлесе, заңдарымызға бағынса болды. Әрине, 
миллиардер қазақтан шықса жақсы едi...».
Ендi  әлемдегi  болат  пен  құрыштың  iрi  «бароны»  (Қазақстандағы 
болаттың да қожасы осы) Лакшми Миттал туралы аз-кем сөз. Британияда 
тұратын тегi үндiстандық Миттал «Форбстың» негiзгi кейiпкерi болды. 
Байлардың тiзiмiнде 62-орында тұрған Миттал әйгiлi Билл Гейтс (оның 
байлығы – 46,5 миллиард) және даңқты қаржыгер Уоррен Баффеттен 
(44 миллиард) кейiнгi 3-орынға бiр-ақ секiрдi, яғни «ИспатКарметтiң» 
қожасының  байлығы  18,8  миллиард  доллардан  25  миллиардқа  жетiп 
жығылған.  54  жастағы  магнаттың  әлемдiк  кәсiпорындардағы  жұмыс 
күшi – 165 мың адамды құрайды. Оның 50 мыңы Қазақстанда жұмыс 
iстейдi. Қазақстандық «митталшылар» басым бөлiгi аз уақыттан кейiн 
жұмыссыз  қалуы  да  мүмкiн.  Себебi,  Лакшми  Миттал  компанияның 
кiрiс  бөлiгiн  ұлғайту  үшiн  таяуда  45  000  адамды  қысқартатынын 
мәлiмдеген. Париждегi бес жұлдызды отельде қызы Ванишидiң үйлену 
тойын  бес  күн  жасап,  60  миллион  доллар  жұмсаған,  Австралияның 
даңқты әншiсi Кайли Миноугты шақыртып ән салдырған Митталдың 
жай-күйi осылай болып тұр. ...Айтпақшы, «болат жағалы» Миттал мен 
Еуразиялық  үштiктiң  байланысы  туралы  қызық  деректер  бар.  2002 
жылғы 20 қаңтарда Би-Би-Си «Миттал Қазақстандағы металлургиялық 
комбинаттарға иелiк ету үшiн «ақыл-кеңес» бергендерге 100 миллион 
доллар  немесе  64  миллион  фунт  стерлинг  төлеген»  деген  ақпар 
таратты. Лакшми Митталдың өзi бұл комиссиялық сыйақының Патох 
Шодиевтың тобына бергенiн растаған. Яғни, Миттал мырза Би-Би-Си-
ге берген сұхбатында: «Бұл комиссиялық сыйақы олардың белгiлi бiр 
кезеңдерге  көрсеткен  қызметi  үшiн  берiлдi»  деп  шорт  кесiптi.  Мiне, 
айтқымыз келген әңгiменiң ұзын-ырғасы осы.
Арнасын  мұз  құрсап,  ернеуiнен  асқан  Сырдариядан  кесiрiнен 
белуардан  су  кешiп  жатқан  халықтың  жай-күйi  анау.  Ай-күннiң 
аманында  шахтадағы  жарылыстан  жарты  ауылдың  қара  жамылып 
қалғаны да күнi кеше. Қайырымы жоқ балқытылған болаттан кенезесi 
кеуiп,  кек  буып  отырған  Темiртаудағы  кеншiлер  ақтарылудың  аз-ақ 
алдында. Ауыз суға жарымай, шетiнен ауру меңдеп жатқан батыстағы 
елдiң тiршiлiгi де естен екi елi шықпайды. 
...Ал қазақстандық алпауыттар (?) әлемдегi миллиардерлердiң жуан 
ортасына барып орнықты. 

309

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет