БАҒдарламасы екінші басылым



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата26.12.2016
өлшемі4,04 Mb.
#486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

28

Жоспар және 

әрекет

Басқалар  арасында  өкілеттіктердің  нақты  бөлінуін,  олардың 

бақылануын және есепке алынуын қамтамасыз ете отырып, тиімді 

жоспарлап,  көшбасшылықты  бөліңіз,  жұмысқа  қолдау  көрсетіп, 

бағалаңыз.

Қызметкерді  кәсіби  оқыту,  лауазымға  енгізу  және  жұмысын 

бақылаудың тиімді әдістері мен стратегияларын әзірлеңіз және қол-

даныңыз.  Жеке  мақсат  қойып,  өз  дамуыңыз  үшін  жауапкершілік 

алыңыз.

Сыни шолу

Екінші деңгей 

бағдарламасы; ко-

учинг, тәлімгерлік 

Жоғары стандарттарға қол жеткізу үшін коучинг пен тәлімгерлік 

бағдарламаларының жүргізілуін қамтамасыз ету арқылы қызметкер-

лерді бағалаңыз және қолдау көрсетіңіз. Өзіңіздің тәжірибелік қыз-

метіңізге үнемі шолу жасап отырыңыз. Жеке және ұжымдық жауап-

кершілік нақты бөлінгеніне, сезілгеніне және қабылданғанына көз 

жеткізіңіз.



Өзгерістерге сәй-

кес әрекет ету

Мектептің өзін 

өзі эвалюациялау 

және дамытуы 

жөніндегі әдісте-

мелік құрал

Жеке  және  ұжымдық  жетістіктерді  тиісті  дәрежеде  мойындап, 

бағалай  біліңіз.  Мектеп  мақсаттарына  қол  жеткізіп,  болашақ  қыз-

меткерлердің құзыреттіліктерін арттыру үшін команда құрып, бір-

лесіп  жұмыс  істей  отырып,  басқалардың  бойында  көшбасшылық 

қасиеттерін  дамытуға,  өзара  сенім  білдірілуіне  ықпал  етіңіз  және 

шығармашылық танытуға еркіндік беріңіз. Түрлі таланттарды және 

де  проблемаларды  шешу,  тапсырмаларды  орындауда  қолданылған 

тәсілдерді  мойындап,  лайықты  бағасын  беріңіз.  Біреу  жұмысын 

дұрыс орындамаса, тиісті шара қолданыңыз.

3. Жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету

Инновациялар мен өзгеріс енгізуді басқару

Оқушылардың білімін тереңдетуге ықпал ететін бірлескен, үйлесімді және инноваци-

ялық мектеп мәдениетін құруды жақтаушы үздік мұғалімдер мен көшбасшылар озық педаго-

гикалық тәжірибені тарата отырып, ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесіндегі мықты мұғалім-

дер мен озат оқушылар қатарын арттыру арқылы балалардың өмірін арайландырады.

Үздік көшбасшылар:

Өзгеріс енгізу – шешімі күрделі үдеріс екенін біледі.

Оқу мен оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновация мен өзгеріс енгізу бары-

сында тиімді қарым-қатынас пен ынтымақтастық маңызды болып табылатынын түсінеді.

Жағдайды нақты белгілеп, тәжірибе алмасу жоспарын әзірлей алады.

Араларындағы озық мұғалімдерді анықтайды (Үшінші, Екінші және Бірінші деңгей 

бойынша оқитын мұғалімдер).

Әріптестерімен бірлесе жұмыс істеу үшін мұғалімдердің көшбасшылық әлеуетін арт-

тырады.


Ресурстармен қамтамасыз етілген және жан-жақты қолдау көрсетілген оқу және өз-

геріс енгізу стратегияларына қатысады (мысалы, іс-әрекеттегі зерттеу, Lesson study және 

әріптестер коучингі).


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

29

Барлық оқушылардың оқуын түрлендіру үшін қажетті сыныптың ұзақ мерзімді инно-

вациялық бағдарламаларын орындайды.

http://leadingic.weebly.com/index.html

Директорлар мектепті және оның материалдық базасын дамытуға 

арналған нақты жоспар мен тұжырымдаманы жасап, енгізу үшін басқа-

лармен бірлесіп жұмыс істейді.

Директорлар  олардың  жұмысының  негізгі  бөлігі  мектепте  даму 

тұжырымдамасы  мен  стратегиялық  жоспардың  жүзеге  асырылуын 

қамтамасыз ету үшін енгізілетін инновациялар мен өзгерістерді басқару 

және оларға жетекшілік ету болып табылатынын түсінеді.

Тиімді  және  қауіпсіз  оқу  ортасын  құру  және  ресурстарды  оңтай-

лы  пайдалану  мақсатында  мектептің  қызметкерлері  мен  ресурстары 

тиімді басқарылуы үшін олар деректерді басқарудың бірқатар әдістері 

мен  технологияларын  пайдаланады.  Бұл  іс  тапсырмаларды  орында-

уды  ұжымның  басқа  мүшелеріне  жүктеу  мен  есеп  берілуін  көздейді. 

Директорлар есептердің тиісті түрде тапсырылуын қадағалайды. Олар 

мектеп  кеңесімен,  үкіметтік  органдармен,  ата-аналармен  және  басқа-

лармен тиімді ынтымақтастық орнату арқылы табысты мектеп құруға 

ұмтылады. Мектепті оңтайлы және тиімді басқару үшін олар бірқатар 

технологияларды қолданады.

Бірінші және 

екінші «Бетпе-

бет» кезеңдері

Қосымша оқу



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

30

Жоспар және 

әрекет

Мектеп тиімділігін зерттеуге негізделген мектепті жақсартуды ын-

таландыру және оған қолдау көрсету үшін мектеп қоғамдастығымен 

жұмыс істеңіз. Өзгеріп жатқан талаптарға және күтілетін нәтижелер-

ге  сәйкес  келу  мақсатында  ұжымда  қажетті  жаңалықтар  мен  өзгері-

стердің енгізілуін басқарыңыз және ықпал етіңіз. Бұл ретте жұмыстың 

нәтижелілігі  мен  тиімділігін  арттыру  үшін  ұйымдастырушылық  ша-

ралар (жобаларды басқару) болу керек. Оқыту мен оқуды жетілдіріп, 

тарату  үшін  жаңа  және  озық  технологияларды  дамыту  мен  енгізуде 

өзіңізге стратегиялық рөл алыңыз.

Басқару  жүйелеріне,  құрылымдар  мен  үдерістерге  министрлік 

қоятын талаптарға сай тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және 

мектеп  құндылығын  сипаттайтын  ұйымдастырушылық  құрылым 

құрыңыз.


Сыни шолу

Мектептің өзін 

өзі эвалюация-

лау және дамы-

туы жөніндегі 

әдістемелік 

құрал

Жақсару  кепілдігі  ретінде  енгізілетін  өзгерістер  мен  жаңа-



лықтардың қажеттігін және тиімділігін көрсету үшін сапаны бақы-

лап, стратегияға шолу жасап отырыңыз. Мектептің ұстанымдарын 

мектеп аясында барлығы қолдайтынына, оның барлығына түсінік-

ті екеніне және оған сәйкес тиімді жұмыс істейтіндігіне көз жет-

кізіңіз.

Белгіленген  бюджетке  сәйкес  мектеп  саясаты  мен  стратегиялық 

жоспарды іске асыру үшін адамдар мен ресурстардың бөлінуін үнемі 

қадағалап, бағалап отырыңыз. Қолда бар ресурстардың саны мен сапа-

сын үнемі бақылауда ұстаңыз.

Барлық  оқушылардың  оқуының  нәтижесі  мен  сапасын  жақсарту 

үшін ресурстардың орынды пайдаланылуын бағалаңыз.

Өзгерістерге 

сәйкес 

әрекет ету

Мектеп дамуын 

жоспарлау

Жұмыста  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  жаңа  техно-

логияларды  орынды  пайдалану,  жұмыста  шығармашылық  таны-

туға  ықпал  ету  мақсатында  басқалармен  бірлесіп  жұмыс  істеңіз. 

Проблемаларды  шешуде  шығармашылық  таныту,  стратегиялық 

жоспарлауды  пайдалану  арқылы  өзіңіздің  кәсіби  біліктілігіңізді 

үнемі жақсартатындығыңызды көрсетіңіз. Мектеп дамуының саты-

сына,  жағдайына  сәйкес  келетін  тиісті  көшбасшылық  стильдерін 

қолданыңыз.

Мектептің  білім  берудегі  мақсаттары  мен  басымдықтарына  қол 

жеткізу үшін мектептің адами, физикалық және қаржылық ресурста-

рын  оңтайлы  және  тиімді  басқарыңыз.  Қызметкерлерді  тиісті  түрде 

тартыңыз, дамытыңыз, жұмыста ұстап қалуға тырысыңыз және оларға 

көшбасшылықты бөліңіз, сондай-ақ мектептің ұстанымдары мен мақ-

саттарын  іске  асыру  мақсатында  олардың  жұмыс  жүктемесін  басқа-

рыңыз.


4. Жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту

Мектептер  өзгерістерге  өздігінен  қол  жеткізе  алмайды.  Әдетте  мектеп  басшылары 

өз  мектептерінің  әлеуеттін  арттырып,  оның  тиімді  жұмыс  істеп,  оқушылардың  жоғары 

нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін сол елді мекеннің тұрғындарына, жұрт-

шылыққа қажетті ресурс бөлу туралы өтініш жасайды.


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

31

Сабақ біткеннен кейін мектептің бос ғимаратында жалғыз жұмыс істеп оқшау оты-

рған басшының бейнесі өткен дәуір сарқыншағы десе болады. Оның орнынан жаңа ке-

скінді көруге болады – мұнда кешке дейін, тіпті демалыс күндері де келем деушілер-

ге мектеп есігі ашық болып, ал оқушылар мен жұртшылық күнінің көп уақытын жаңа 

әдістерге үйренуге арнайды. Дәстүрлі жұмыспен шектеліп қалмайтын және жұмысты 

анағұрлым тиімді орындауға көмектесетін өзара қарым-қатынастың жаңа түрлерін да-

мытатын мектеп басшыларының басқаруымен олар асқан тиімділікпен жұмыс істейді, 

бұл  іс-шаралар  оқушыларға  ғана  емес,  сонымен  бірге  олардың  ата-аналары  үшін  де, 

қоғам үшін де пайдалы.

Барлық балалардың білім алуы үшін жауап беретін мұғалімдерге, мектеп басшы-

ларына  және  жергілікті  лауазымды  тұлғаларға  қойылатын  талаптардың  күн  санап 

өсуі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге түрткі болатын басты факторлар-

дың бірі болып табылады. Мектеп басшылары оқушыларға жетістікке қол жеткізуге 

көмектесу үшін мектептер мен қоғам жастар өмірінің көптеген аспектілеріне назар 

аударуы тиіс деп сендіреді. Олар оқу үлгеріміне көңіл бөледі, сонымен қатар жастар-

дың дамуына ықпал ететін басқа факторларды, айталық физикалық, әлеуметтік және 

эмоциялық  ахуалын  ескереді,  ынталандырушы,  тартымды  және  қауіпсіз  қоршаған 

ортаның болуын және отбасы мен қоғам тарапынан көрсетілетін қолдауды да ұмыт-

паған дұрыс.

Бұл мектеп басшылары оқу үшін қажетті жағдайларды жасайды. Зерттеулерден көрініп 

отырғандай, барлық балалардың табысқа жетуін қамтамасыз ету үшін осы жағдайларды 

ескермеуге болмайды. Мектептер жеке өздері бұны істей алмайды; алайда мектеп, ата-а-

налар мен жұртшылық «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлесіп әрекет ететін 

болса, барлық балалардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған шығар-

машылық шешімді таба алады. 



Негізгі адамдармен 

ынтымақтастық

Жұмысқа не кедергі 

жасайды?

Жұмысқа не көмектеседі?

Ата-аналар

Кері әсерлі тәжірибе

Тілдік және мәдени  

айырмашылықтар

Дайындықтың болмауы

1. Сіздің қайда бағыт алғаныңызды 

біледі: Ата-аналарды кеңінен тарту 



мүмкіндіктерін анықтау

2–  Көшбасшылықты бөлу: Ата-



аналардың ынтымақтастығы мен 

көшбасшылығын қолдау 

3–  Байланыс орнату: Ата-аналардың 



бастамаларына ашық болу

4– Басқа: Жайдарлы ахуал құрып, 



шынайы әнгімелесу

5–  Өз мектебіңнің жағдайын айтып 

беру: Қоғам үшін ашық болу

6–  Ұстанған бағытты сақтау: 



Прогресті үздіксіз бағалау

басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

32

Қызметкерлер

Тұйық және абы-

ржыған персонал

Төмен деңгейде іске 

асырылу


Стандарттың болмауы

1– Сіздің қайда бағыт алғаныңызды 

біледі: Қызметкерлерді мектеп келе-

шегін жоспарлауға тартылғанына 

көз жеткізіңіз

2–  Көшбасшылықты бөлу: Алтын ере-



жеден бастап, қызметкерлерден тек 

жақсылық күту

3–  Байланыс орнату: персоналды тар-



ту үшін бұрынғы жақтастарыңызды 

және игі нәтижелерді қолдану 

4–  Негізгі мәселе: Персоналдың мәде-



ни құзыретті екеніне көз жеткізіңіз

5–  Өз мектебіңнің жағдайын айтып 

беру: Персоналмен мектептің жай-

күйі туралы үнемі сөйлесу

6–  Ұстанған бағытты сақтау: Оқуды 



оқытудың ажырамас бөлігіне айнал-

дыру

Қоғам


Оқытудың болмауы 

Саясат 


Балалары мектепке 

бармайтын резидент-

термен байланыстың 

аздығы


1– Сіздің қайда бағыт алғаныңызды 

біледі: Қоғамнан үлес қосуды талап 



ету

2–  Көшбасшылықты бөлу: Қарым-



қатынас жасап, бастамашылық та-

ныту үшін персоналды пайдалану

3–  Байланыс орнату: Білім туралы 



жалғасып жатқан диалогті үзбеу 

4–  Негізгі мәселе: Барлығы шақыры-



латын қоғамдық «орталық» құру

5–  Өз мектебіңнің жағдайын айтып 

беру: Жетістігі туралы әңгімені ай-

тып беру

6–  Ұстанған бағытты сақтау: 



Деректерді тиімді пайдалану 

Директорлар  инклюзиялылықты  мойындап,  мектеп  орналасқан 

жердегі қауымның әралуандығын және әртүрлілігін ескеретін зор үміт 

мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. 

Олар  оқушылармен,  ата-аналармен  және  жергілікті  қауым  өкіл-

дерімен жағымды серіктестік орнатып, оны дамытады және қолдайды.

Директорлар оқушылардың зияткерлік, рухани, мәдени, адамгер-

шілік және әлеуметтік денсаулығы мен ахуалын назарға ала отырып, 

өзара  құрмет  көрсетуді  дамытады.  Олар  мектепке  дейінгі  жастан 

бастап өмір бойы оқу сапасын үздіксіз арттыруға ықпал етеді.

Олар білім беру жүйесінде үштілділік пен мәдени ресурстар құн-

дылығын жоғары бағалайды және оның дамуына ықпал етеді.

Бірінші және 

екінші «Бетпе-

бет» кезеңдері


басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

33

Жоспар және 

әрекет

Мектепті жақсартып, жергілікті қауым арасында оның құнын арт-

тыру  мақсатында  ата-аналармен  және  әріптестермен,  қоғамдық  ұй-

ымдармен  және  жеке  тұлғалармен  қарым-қатынасты  үзбеңіз.  Басқа 

мектептермен  және  Педагогикалық  шеберлік  орталығымен  тиімді 

ақпарат алмасып, мәселелерді талқылауға арналған құрылым құрып, 

оның жұмыс істеуін қадағалаңыз.

Сыни шолу

Қоғамдастық 

құру 

Оқушының оқу тәжірибесі қоғаммен байланысты екеніне көз жет-

кізіңіз, сонымен қатар жергілікті халықты балаларды оқытуға тартыңыз 

және олардың белсенді қатысуына ықпал етіңіз. Ата-аналар мен бала-

лардың қамқоршыларынан, елді мекен тұрғындарынан оқыту сапасы 

мен олардың үміт-тілектері туралы кері байланыс алуға ұмтылыңыз.



Өзгерістерге 

сәйкес 

әрекет ету

Оқушы  үлгерімін  арттыру  және  жеке  дамуыңыз  мақсатында 

ата-аналармен және қамқоршылармен тиімді серіктестік қатынас ор-

натып, оны сақтаңыз. Кешенді қызметтер ұсыну үшін мектептермен 

және  басқа  ұйымдармен  серіктестік  аясында  үздік  тәжірибені  тара-

ту арқылы білім беру жүйесін дамытуға атсалысыңыз. Оқушыларды 

қорғап, оларға қолдау көрсету үшін тиісті ұйымдармен бірлесіп жұмыс 

істеңіз.


Әлеуетті арттыру сатысы:

Табысты мектеп көшбасшылығына қолдау көрсету жолдары

Қазіргі кезде жұртшылық арасында ХХІ ғасырда білімнің жоғары сапалы және әділ 

болуына ықпал ету үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу қажеттігі туралы ортақ 

пікір туындап отыр. Сонымен қатар, көптеген елдер сын тұрғысынан ойлауды, қиялды, 

мәдениетаралық және әлемдік сананы, шығармашылық тәсілдер мен азаматтық борышты 

дамытуды қоса алғанда, бай білім мен көптеген дағдылардың қалыптасуына қолдау көрсе-

туге тырысуда. Дегенмен, мектептер деңгейінде оқыту тиімділігін арттырып, оқушылар-

дың білімін тереңдетуге мүмкіндік болғанда ғана, стратегиялар (тұжырымдамалар) сәтті 

болатыны көпшілікке мәлім. Мақсатымыз әр балаға жоғары сапалы білім беру болу керек.

Оқыту  сапасының  тұрақты  болуына  қалай  қол  жеткізу  керектігі  көптеген  елдердің 

білім беру саясатының негізгі мәселесі болып отыр. 

Мұғалімдерді эвалюациялау жүйесі осы саясаттың бір бөлігі болып табылады. Кейбір 

елдерде  мұғалімдер  эвалюациясы  туралы  пікірталастардың  даулы  сипатта  өтуіне  қара-

мастан, шын мәнінде, мемлекеттік билік пен мұғалімдер ұйымдарының арасында келісімге 

қол жеткізілген оқыту мен оқу тәжірибесін алға жылжытуға арналған тетік-құралдарды 

қамтамасыз  ететін  ауқымды  салалар  бар.  Көптеген  елдерде  қолданылатын  эвалюация 

жүйелері маңызды жақсаруға әкелмейтін, жазбаша есептер санының өсуіне ғана ықпал 

ететін жай ғана осы істелді-ау деген сөз үшін орындалатын әрекет, ал бұлай болмауға тиіс. 

Мұғалімдердің ширегінен астамы өз мұғалімдік тәжірибесіне қатысты ешқандай пікір-ұ-

сыныс алмайтыны және мұғалімдердің 95 пайызы оқушысының жетістіктері жеткіліксіз 



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

34

болған жағдайда да қанағаттанарлық деректерге ие болатыны да рас, бұны да осы қалпын-

да қалдыруға болмас. Көптеген елдердің алдында тұрған мәселе – мұғалімдерді эвалюаци-

ялау жүйесін жасау емес, оған қалай дұрыс қол жеткізу.

Осы Бағдарлама осы мәселені шешуде алға жылжуға мүмкіндік беретін мұғалім жау-

апкершілігі және оның жұмысының тиімділігін бақылау моделін құрады.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН 

АРТТЫРУДЫҢ ДЕҢГЕЙЛІ БАҒДАРЛАМАСЫ: 

ОҚЫТУДЫҢ КӨПСАЛАЛЫ АРАЛАС ТӘСІЛІ

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі 

бағдарламасы (бұдан әрі – Деңгейлі бағдарлама) мұғалімнің оқыту тәжірибесін дамытудан 

бастап, орта буын және тәжірибелі аға буын мұғалімдерінің көшбасшылығына дейін мек-

тептерді дамытудың үш деңгейін қамтитын жаңа идеяларды ұсынады. Деңгейлі бағдар-

ламаның әрбір деңгейі үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – теориялық материалдарды 

зерделеуді көздейтін «Бетпе-бет» оқыту кезеңі, одан кейінгі кезеңде мұғалімдер өз мектеп-

терінде тәжірибеден өтеді («Мектептегі тәжірибе» кезеңі), қорытындысында біліктілікті 

арттыру курсы тыңдаушылар оқығандары, білген-түйгендері туралы рефлексия жасауды 

көздейтін, «Бетпе-бет» нысанында өтетін үшінші кезеңмен аяқталады (7-суретті қараңыз).



1-кезең:  Бірінші  «Бетпе-бет»  кезеңі  басты  идеяларды  және  оларды  оқыту  мен  оқу 

тәжірибесіне енгізу тәсілдерін зерделеп, меңгеруге бағытталған. 



2-кезең: Курстың «Мектептегі тәжірибе» атты екінші кезеңінде Деңгейлі бағдарлама-

ның негізгі идеялары тәжірибеде іске асырылатын болады. Айталық, Үшінші деңгейде 

сыныптағы тәжірибеге назар аударылады, яғни мұғалім өзінің оқыту мен оқу тәжірибесі-

не жаңа тәсілдерді енгізеді. Бұл кезеңде тыңдаушылар тізбектелген сабақтар топтамасы 

арқылы  іс-әрекеттегі  зерттеу  жүргізумен  қатар,  бірінші  «Бетпе-бет»  кезеңінде  берілген 

«Мектептегі  тәжірибе»  кезеңіне  арналған  тапсырмаларды  орындайды.  Мұғалімдер  өз 

тәжірибесіне енгізген өзгерістерді оқу үдерісі барысында өздері бағалайды. Екінші дең-

гейде мұғалімдер коучинг және тәлімгерлік үдерістерінің көмегімен өз әріптестеріне Дең-

гейлі бағдарлама идеяларын үйрету арқылы мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізеді. Бірінші 

деңгей бағдарламасы бойынша оқитын мұғалімдер мектепті дамытуды жоспарлау арқылы 

бүкіл мектепке өзгеріс енгізетін болады. Сонымен қатар «Мектептегі тәжірибе» кезінде 

мұғалімдерге онлайн форум арқылы кеңес алуға мүмкіндік беріледі.



3-кезең: Қорытынды «Бетпе-бет» кезеңі мұғалім іске асыратын оқыту мен оқудағы өз-

герістер туралы өздігінен және өзара рефлексия жасауға, олардың баланы оқытуға және 

мұғалімнің түсінігін дамытуға ықпал ету деңгейін белгілеу мақсатында бұл өзгерістердің 

нәтижелерін  өздігінен  және  өзара  бағалауға  бағытталған.  Екінші  «Бетпе-бет»  кезеңінің 

қорытынды аптасында қалыптастырушы және кейіннен жиынтық бағалау арқылы тренер-

лер мұғалімдерге портфолио жасауға көмектеседі. 



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

35

Бірінші деңгей:

Мектептің даму жоспарын жасау. Оқу мен оқытудағы 

жаңа тәсілдерді дамытуға қолдау көрсету мақсатында 

коучинг бағдарламасын енгізуге қолдау көрсету үшін 

бір немесе екі әріптеске тәлімгерлік ету. Дамудың мо-

ниторингін жүргізу және әсерін бағалау.



Екінші деңгей: 

Бірінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  оқыған 

мұғалімнің жетекшілігімен Екінші деңгей бағдарлама-

сы бойынша оқыған мұғалім-коуч оқу мен оқытудағы 

жаңа тәсілдерді мектеп тәжірибесіне енгізу үшін коу-

чинг жүргізіп, тәлімгерлік етеді.



Үшінші деңгей:

Екінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  оқыған 

мұғалімнің  жетекшілігімен  Үшінші  деңгей  бағдарла-

масы бойынша оқыған мұғалімдер оқу мен оқытудағы 

жаңа тәсілдерді сынып тәжірибесіне енгізеді. Бірінші 

деңгей  бағдарламасы  бойынша  оқыған  мұғалім 

Деңгейлі бағдарламаның ықпалын бақылайды

7-сурет. Деңгейлі бағдарлама аясында оқытуды басқару

Реформаның жан-жақты болуын қамтамасыз ету үшін Деңгейлі бағдарлама үш дең-

гейді қамтиды. Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер өздерінің оқы-

ту тәжірибесіне өзгеріс енгізуге назар аударатын болса, Екінші деңгей бағдарламасы бой-

ынша оқыған мұғалімдер коучинг пен тәлімгерліктің көмегімен өз мектептеріндегі әріпте-

стерін оқытып, солардың тәжірибесін өзгертуге күш салады. Ал Бірінші деңгей бағдарла-

масы оқытуды басқару мен көшбасшылық мәселелерін көтеруге бағытталған.

Әр деңгейге арнап Деңгейлі бағдарламаның теориялық негізін құрайтын зерттеулер 

баяндалған «Мұғалімге арналған нұқсаулық» пен «Тренерге арналған нұсқаулық» дайын-

далған. Дегенмен аталған әдістемелік құралдар үлкен бағдарламаның шағын бөлігі ғана 

екенін атап өткен дұрыс. «Бетпе-бет» нысанында өтетін тренингілер мен мектеп базасын-

да өтетін тәжірибе де оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.



Деңгейлі бағдарламаның негізгі факторлары

Бағдарламаның негізгі идеялары жаңа ойлау жолдарын, жаңа жұмыс әдістері мен жұ-

мыс құралдарын қамтамасыз етеді. Олардың әрқайсысын толықтыратын қосымша бағыт-

тар бар (3-кесте).



басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя

36

3-кесте. Деңгейлі бағдарламаның басты идеялары

Негізгі


факторлар

Сыныпта оқытуды 

басқару

Мектепте 



мұғалімдерді оқытуды 

басқару


Мектеп пен 

қоғамдастықта 

оқытуды басқару

Үшінші деңгей

Екінші деңгей

Бірінші деңгей

Ойлау 

жолдары


Оқу үдерісін білу

Сын тұрғысынан ойлау

Дарынды оқушыларды 

анықтау


Қалай оқу керектігін 

үйрену


Бірлескен және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет