БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Мектеп директорының рөліне тән кәсіби тәжірибенің басты төрт санаттары:
1. Оқыту мен оқуға жетекшілік ету.
2. Өзінің дамуы және басқаларды дамыту.
3. Жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету.
4. Жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту.
Бұдан кейінгі тарауларда Бағдарламаның қысқаша мазмұны мен көшбасшыларға қа-
жетті қосымша материалдар берілген.
Бірінші аудиториялық кезең («Бетпе-бет»). Директорлар тәжірибелі
тренердің қолдауымен 30 адамнан аспайтын топтарда жұмыс істейтін болады.
Сабақта пайдаланылатын барлық жазбаша материалдар Педагогикалық
шеберлік орталығының білім беру порталында қолжетімді болады.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.
Мектепті дамыту жөніндегі жұмыс Бағдарлама басталмай тұрып, сондай-ақ
бірінші және екінші «Бетпе-бет» кезеңдерінен кейін жүргізілетін болады. Бұл
тапсырмалар дамытушы бағытта жүреді және директорлар оны өздері жұмыс
істейтін мектептерінде орындайтын болады.
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
18
Қосымша әдебиет, нұсқаулықтар мен кейс-стадилер,
сондай-ақ зерттеулер Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру
порталында ұсынылған, оларды сол жерден жүктеп алуға болады.
3-сурет. Бағдарламаның құрылымы
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
19
Сыртқы
қозғаушы
факторлар
туралы білім
Болашақ
бағыттар
Стратегиялық
және бөлінген
көшбасшылық
4. Жергілікті
қауымды
бірлескен
жұмысқа
тарту
Мектеп
көшбасшылығы
1.Оқыту мен оқуға
жетекшілік ету
Оқытуды
жақсарту
Оқушылардың
оқуын жақсарту
2. Өзінің
дамуы және
басқаларды
дамыту
Өзіндік жұмыс
және бірлескен
жұмыс
Білім
алушылардың
кәсіби қоғамдас-
тықтары
3. Жетілдіру,
инновациялар мен
өзгерістерді енгізуге
жетекшілік ету
Зиялы
жауапкершілік
және бақылау
4-сурет. Бағдарламаның мазмұны
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
20
Кәсіби оқу моделі
Осы Бағдарлама тыңдаушылар тәжірибелі тренермен бірге шағын топтарда жұмыс істеп,
халықаралық зерттеулердің нәтижелерін қарастыратын аудиториялық сабақтардан тұрады.
Аудиториялық кезең директордың мектептегі тәжірибе кезеңіне дайындалуға және мектеп-
тердің қоғамдастығы аясында әріптестерімен өзара іс-әрекет етуіне негіз болмақ. Мектеп
тәжірибесіне өзгеріс енгізу шаралары үш сатылы циклдік үдерістің болуымен сипатталады.
КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ МОДЕЛІ
Директор жұмысының моделі циклдік болып келеді. Ол өз істерін жоспарлап, оны тәжірибеге
енгізетін директордың басқалармен бірлескен жұмысынан, оған сыни шолу жасап, өзгерістерге
қарай әрекет етуінен тұрады.
• Жұмыс тәсілдерін анықтау
• Істеп жүрген жұмысымызды өзгерту
• Істеп жүрген жұмысымызға қатысты
шешім қабылдау тәсілімізді өзгерту
• Стратегия әзірлеу
• Ресурстарды бөлу
• Жоспарды іске асыру
• Ақпарат жинау
• Деректерді талдау
• Шешім қабылдау
Жоспар және
әрекет
Өзгерістерге
реакция
Сыни шолу
5-сурет. Бағдарламаның кәсіби тәжірибе моделі (AITSL, 2011)
Кәсіби тәжірибе моделі
Сыни шолу
Мектеп жағдайын бағалап, ақтаңдақтарды анықтау, жоспар әзірлеу, ре-
сурстарды бөліп, мектептің құндылықтары мен ұстанымын ескере оты-
рып, жоспарды жүзеге асыру.
Өзгерістерге
реакция
Өзгеріс енгізудің ықпалы туралы деректерді жинап, сараптау, болашақ
іс-шаралар жоспарына қатысты шешім қабылдау.
Жоспар және
әрекет
Жоспардың нақты жүзеге асырылуын қалай нығайтуға болатынын ой-
ластыру немесе нені өзгерту керектігін шешу; болмаса шешім қабылдау
үдерісін қайта қарау.
1. Оқыту мен оқуға жетекшілік ету
Моральдық-өнегелілік мақсат
Мектеп басшылары мектептің ұжымдық күш-жігері мен ресурстарының ұзақ мерзімді
бағыт-бағдарын анықтайды. Дегенмен, тиімді көшбасшылық пен ұйымдастыруды қамта-
масыз ету үшін бұл элемент жеткіліксіз. Нақты моральдық-өнегелілік мақсаты бар мек-
тептерде ұжымдық жауапкершілік сезім қалыптасып, олар кез келген мектептің негізгі
қызметі адамның өзінің қызметіне байланысты екенін мойындайды.
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
21
Үлгі болу арқылы басқару
Мұғалімдер мен директорлар өздері басқаларға үлгі болуы керек екенін түсінеді, өй-
ткені олар сол арқылы оқушылар мен әріптестерге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері көр-
сетіп отырғандай, мұғалімдер өздерінің басшыларына еліктейді. Сонымен қатар, мұғалім-
дер олардың басшыларының әрекеттері уақыт өткен сайын өзгере ме екенін және олардың
істері сөздеріне сай келе ме екенін тексеру мақсатында олардың басшылары немен айна-
лысатынын қадағалап отырады. Мұғалімдер «сөздері істерімен үйлеспейтін» басшыларға
ермейді (Southworth, 2004:6).
Мониторинг
Мониторинг оқушының прогресіне және нәтиже туралы ақпаратқа сәйкес жұмыс
істеп, оны талдауды көздейді (мысалы, бағалау және тестілеу ұпайлары, эвалюация дерек-
тері, мектеп үлгерімі, ата-аналар сауалнамасы, мұғалімдердің қатынасу туралы деректер,
мұғалімдерден алынған сауалнама туралы ақпарат). Көшбасшылық оқушылардың оқуы,
прогресі және жетістіктері туралы ақпаратпен қатар, педагогикалық тәжірибе мен оқушы-
лардың мінез-құлқы туралы білімнің негізінде құрылған жағдайда ғана анағұрлым пәр-
менді және тиімді болмақ (Southworth, 2004:7).
Диалог
Қарастырылып отырған жағдайда диалог мұғалімдер үшін әріптестерімен оқыту және
оқу мәселелері бойынша диалог жүргізуге мүмкіндік жасау деп түсініледі. Сыныпта бо-
лып жатқан оқиғаларға әсер ететін диалогтерде оқыту мен оқуға назар аударылады. Бас-
шылар әріптестерімен кездесіп, оқыту тәжірибесі мен оқушылардың оқуын талқылауға
жағдай жасайды (Southworth, 2004:8).
Үлгі болу арқылы басқару, мониторинг және диалогтің үйлесімі төменде көрсетілген
мәселелерге ықпал ете алатын қуатты тізбек құрады:
• оқуға бағдарланған мектеп мәдениеті мен өнегелілік мақсатты қамтамасыз ету
және енгізу;
• мектеп, топ және сынып деңгейінде тиімді көшбасшылық моделін қамтамасыз ету;
• әріптестермен өзара әрекеттесе отырып, көшбасшылықты даралау;
• оқушылармен анағұрлым тиімді қарым-қатынас тәжірибесінің моделін құру;
• мектептің басты мақсатына сәйкес міндеттерді орындауда жоғары шеберлік таныту.
Мектептің дамуын жоспарлау
Мектептің дамуын жоспарлау мектептер өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне өз-
геріс енгізу үшін жүзеге асыратын үдеріс болып табылады. Мектептің даму жоспары
мектептің ағымдағы жетістіктер деңгейін талдау, ағымдағы үрдістер мен болашақ
факторлардың мектепке қалай әсер ететін, сондай-ақ қазіргі жағдайды жақсарту үшін
қандай мақсаттар мен басымдықтар орынды болатындығын бағалау негізінде әзірленеді.
Мониторинг пен эвалюацияның ықпалы
Ықпал дегеніміз не?
Мектеп базасындағы зерттеудің ықпалын анықтау оңай шара емес.
Инновацияларды енгізіп, оқыту тәжірибесін дамытудың үнемі бір ғана нәтижесі бола
бермейді.
Айталық, оқу бағдарламасына инновация енгізу мен оқушылардың үлгерімі арасында
тікелей себеп-салдарлық байланыс орнату өте қиын. Зерттеуші үшін зерттеудің белгілі бір
бөлігінің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуде атқарған рөлін анықтау қиын болып
табылады.
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
22
Ұлыбританияның әлеуметтік ғылымды қаржыландыру саласындағы басты органы
ықпалды зерделеудің және оны бағалаудың тиімді тәсілін әзірледі, сонымен бірге Эконо-
микалық және әлеуметтік зерттеулер кеңесі (ЭӘЗК) өзі қаржыландыратын кең ауқым-
ды жобалардың нәтижелерін эвалюациялауға арналған ықпалдың тұжырымдамасын әзір-
леді. Әзірленген үш санат та зерттеушілер үшін шағын көлемді ғылыми зерттеу кезеңін
жобалауда пайдалы болып табылады.
ЭӘЗК мектеп базасындағы зерттеудің ықпалын төмендегіше жіктейді:
Аспаптық: тәжірибені немесе инновацияны дамытуға әсер етеді, мінез-құлықты өз-
гертеді;
Тұжырымдамалық: түсінуге үлес қосады, пікірталас басқа қырынан қаралады;
Әлеуетті арттыру: техникалық және жекетұлғалық дағдыларды дамыту арқылы
(ESRC, 2013).
Мектептерде өзгерістің ықпалын өлшеу
Мектепте оқыту мен оқу тәжірибесін дамытуға ерекше назар аударатын директор өз-
дерінің мектеп тәжірибесіне енгізіп жатқан өзгерістерінің оқушылардың өз жұмыстарын
қалай орындайтынына және олардың қалай оқитынына ықпалы бар ма екенін білгісі ке-
леді. Біз оқушылардың өздерінің оқу мақсаттарына өздері эвалюация жасау нәтижелерін
немесе олардың мектепте болған кездегі тәртібінің өлшеуге келетін белгілерін өзгерістің
аспаптық дәлелі деп түсіндірдік. Ал пәнді білу немесе түсінудегі қиындықпен қол жет-
кізілетін өзгерістерді тұжырымдамалық ықпал деп анықтадық. Ұзақ уақыт өткеннен
кейін ғана айқындауға болатын оқушылардың меңгерген дағдыларын қолдану қабілет-
терін немесе олардың мектепте жұмыс істеу немесе оқу әдістерін өзгерту қабілетін біз
әлеуетті арттыру дейміз.
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
23
Директорлар мектепте жағымды қолдау көрсету және дем беру мәдени-
етін құру үшін басқа түйінді мамандармен бірлесіп жұмыс істейді. Кей
қазақстандық мектептерде таяуда Деңгейлі бағдарламаның Бірінші,
Екінші және Үшінші деңгейлері бойынша оқып келген, оқушыларды қы-
зығушылық танытып, тәуелсіз және үздіксіз білім алу жолын ұстанатын
адам болуға ынталандыратын тиімді оқытуды дамытуға ұмтылып жатқан
мұғалімдер жұмыс істейді. Директорларға тиімді оқыту мәдениетін құру
мақсатында осы жоғары білікті мамандармен жұмыс істеу үшін; сонымен
бірге оқыту мен оқу сапасын жоспарлау, бақылау және жетекшілік ету
үшін; дамудың барлық салаларында оқушылардың жоғары нәтижелерге
қол жеткізуі үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Директорлар егжей-те-
гжейлі бірлескен жоспарлау, мониторинг және оқыту тиімділігіне сыни
шолу жасау арқылы бүкіл мектепке жоғары меже қояды. Директорлар оқу
үдерісіне белсене араласуға ынталандыра отырып және де оқушыларға өз
пікірін білдіруге мүмкіндік беру арқылы мінез-құлық пен сабаққа қатысу
тәртібінің жоғары стандарттарын белгілейді.
Бірінші
және екінші
«Бетпе-бет»
кезеңдері
Қосымша
оқу
Жоспар және әрекет
Мектептегі тәжірибе
кезеңінде орындауға ар-
налған тапсырмалар
Кейс-стади
Стратегиялық жоспарлау ортасына оқытуды қойып, тиімді
оқытумен қатар шығармашылық, икемді оқыту ортасы
болғанын қадағалаңыз. Сыныптағы әрекетке, сондай-ақ оқу
жоспарын құруда, ол сабақты өткізуде стратегиялық жоспар-
лауды енгізіңіз. Оқу нәтижелерінің адал болуына және де
мектепті оқушылардың, ата-аналардың және жергілікті қа-
уымның оқу ортасы ретінде кемелдендіруге кепілдік беруге
көмектесетін оқу стратегиясын әзірлеңіз.
Сыни шолу
Мектеп дамуын жоспар-
лау жөніндегі нұсқаулық
Әр баланың оқу үлгерімінің мониторингін жүргізу үшін
деректерді, салыстырмалы талдау мен қадағалауды қолда-
натын тиімді оқыту мен бағалау моделін қолданысқа ен-
гізіңіз. Мектептегі әрбір оқушының жеке жетістігінің маңы-
зды екендігіне үздіксіз үнемі көңіл аударылуын қамтамасыз
етіңіз.
Өзгерістерге
сәйкес әрекет ету
Мектептің өзін өзі эвалю-
ациялау және дамытуы
жөніндегі әдістемелік
құрал
Барлық деңгейлерде жоғары нәтижеге ұмтылуға ынталан-
дырып, жұмыс тиімділігінің төмен болуымен күресіңіз.
Мұғалімдердің тиімді жұмысын, түзету енгізуін және
қарқынды бақылау жүргізуін көтермелеңіз. Бөлінген бас-
шылық арқылы жұмыс істеу барлық оқушылардың өзі үшін
ең үздік болып табылатын нәтижеге қол жеткізуіне ұмтылып,
өз оқуына қызу тартылуына ықпал ететін стратегия жүргізу-
ге мүмкіндік береді.
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
24
Оқытуды жетілдіруде Педагогикалық шеберлік орталығының деңгейлі бағдарлама-
сының ықпалы қандай екендігі туралы қосымша ақпаратты Бірінші деңгей бағдарлама-
сының оқу-әдістемелік кешенінен табуға болады. Төменде осы материалдардың бірінен
үзінді келтірілген.
Деңгейлі бағдарламаның құрылымы:
Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша әзірленген
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Деңгейлі бағдарлама барлық мұғалімдерді оқу тәжірибесін өзгерту үшін НЕ істеу
қажет, сонымен қатар осы өзгерістерді ҚАЛАЙ енгізу керектігі туралы негізгі идея-
лармен таныстырады деп көзделеді. Үшінші деңгей бағдарламасы сыныпта оқытуды
басқаруға негізделіп, 5-суреттегі орталық шеңберлердегі қызыл түспен жазылған идея-
ларды қамтиды. Яғни Үшінші деңгей бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерін,
дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін қоса алғанда, қалай
оқу керектігі сияқты қуатты педагогикалық құралдар туралы білуді көздейді. Осы
ойлау тәсілдері қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлау үдерісінде біріктіріледі.
Аталған үдеріс оқытуды жақсартудың оқушылардың топтардағы бірлескен жұмысы, ди-
алогтік оқыту, өзара және өзін өзі бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану сияқты
тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Бұған қол жеткізу үшін мұғалімдер егжей-тегжейлі
стратегиялық жоспарлау жүргізеді. Осы орайда мұғалім диалогтік оқыту, қалыптасты-
рушы бағалау, яғни оқу үшін бағалау, сондай-ақ жиынтық бағалау, яғни оқуды бағалауды
пайдаланады. Мұғалімдер сыныптағы жұмыстарын өз бетінше жоспарлап, әрқашан өз
сабақтары мен орта мерзімді жоспарларының сапасын жақсартуға ұмтылады.
Екінші деңгейде мектепте оқытуды басқаруды ҚАЛАЙ жақсартып, коучинг пен
тәлімгерлік сияқты тиімді әдістерді ҚАЛАЙ пайдалануға болатынына, сонымен қатар
сыныпта іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге назар аударылады (5-суреттегі жасыл түспен
жазылған мәтін).
Бірінші деңгей бағдарламасында мектеп базасында кеңейтілген зерттеу жүргізу
арқылы НЕ, ҚАЛАЙ және НЕГЕ тәсілдері одан әрі пысықталатын болады, сондай-ақ
Бағдарламаның мазмұны мектепті дамытуды жоспарлау мен кәсіби желілік қоғамдастық
аясында ынтымақтастық орнату мәселелеріне бағытталады (Мұғалімге арналған нұсқа-
улықтан үзінді, Бірінші деңгей бағдарламасы).
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
25
6-сурет. Деңгейлі бағдарламаның үш деңгейінің құрылымы
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы арқылы оқушылардың оқуын жақсарту
Білім беру порталынан жүктеп алуға болатын қосымша нұсқаулықтар:
«Іс-әрекеттегі зерттеу»
және
«Lesson Study»
қараңыз.
2. Өзінің дамуы және басқаларды дамыту
Көшбасшылық пен басқару арасындағы арақатынасты түсіну жолдарының бірі олар-
дың ұйымның жұмысына қосатын өзара үлесін анықтау болып табылады. Әкімшілік те әр
мектептің ұйымдық өмірінің маңызды бөлігі болып табылады.
Көшбасшылық
Басқару
Әкімшілік
Дұрыс істерді істейді
Жол салады
Күрделілік
Істі дұрыс істейді
Жолмен жүреді
Ашықтық
Іс істейді
Жолмен жүруге жағдай
жасайды
Реттілік
Оның үстіне, мектептің қалыпты жұмыс істеуі үшін бұлардың үшеуі де қажет. Көш-
басшылық мектеп жұмыс істейтін құндылықтарға жауапты деп қарастырылады, яғни
«дұрыс істерді істейді». Ал осы дұрыс іс дегеніміз не?! Бұл – даулы мәселе, ол мектептің
жеке құндылықтары мен қоғамның қажеттіліктерімен моральдық тұрғыдан үйлесуінен
туындайды. Басқару қағидаттарды тікелей тәжірибеге көшіруге, яғни «істі дұрыс істеуге»
жауап береді. Жүйелерге, құрылымдарға және қамтамасыз ету мәселесіне назар аудара
отырып, әкімшілік күнделікті атқарылатын барлық іс-шаралардың орындалуы үшін – ұй-
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
26
ымдастырушылық рәсімдер мен инфрақұрылым үшін жауап бермек. Әр адамның өз жұ-
мыс саласы болады, ол көшбасшылық болуы мүмкін, немесе басқару, болмаса әкімшілікке
қатысты болуы ықтимал, сондықтан жұмыс сипатын анықтауда осылардың арақатынасы
маңызды болып табылады.
Мектеп көшбасшылары үшін ең күрделі мәселе қағидатты тәжірибеге көшіру, абстрак-
ті негіз құрып, ынтаны тәжірибеге айналдыру болып табылады. Осының салдарынан, мек-
теп көшбасшылары ынта мен тәжірибенің барынша сәйкес келу мүмкіндігін арттыру мақ-
сатында бірқатар стратегияларды қолданулары қажет.
Басқаруды ұйымдастыру
Ұйымдастырушылық басқарудың артықшылығын жете бағаламауға болмайды – ол
мектеп директоры мен орта буын көшбасшыларына мектеп шегінде алға қойылған мін-
деттерге қол жеткізу мақсатында ресурстарды (адами немесе физикалық) ұйымдастыру,
жоспарлау, жүргізу және бақылауға көмектесетін өмірлік маңызы бар үдеріс болып та-
былады (Liebler et al, 2008). Мектептің жұмысы анағұрлым тиімді және пайдалы болуы
үшін ол тиісті шешім қабылдап, проблемаларды (оңайларын да, қиындарын да) шешуге
қабілетті білуі тиіс; ұйымдастырушылық басқару директорлар мен орта буын басшыла-
рына осыны іске асыруға көмектеседі. Ұйымдастырушылық басқару мектеп директоры
мен орта буын басшыларға мектептің тұтас әрекеттерін бақыланатын «бөліктерге бөлуге»
мүмкіндік беретіндіктен, мектептерде қолданылатын басқарудың жалпы стилі ретінде қа-
растырылады. Мектеп директоры мен орта буын басшылар әр «бөлікке» арналған мақсат-
тардың әрқайсысы қандай екендігі және олардың әрқайсысын қалайша анағұрлым тиімді
іске асыруға болатыны туралы нақты ұғым алу үшін осы әдісті пайдалана алады. Сонымен
қатар ол мектеп директоры мен орта буын басшыларға мектептегі саясат пен тәжірибеге
әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға қатысты жылдам шара қабылдауға мүмкіндік
береді. Осы тарау үш түйінді «мәселеге», яғни тайм-менеджмент, персоналды басқару
және ұйымды дамытуға бағытталады.
Тайм-менеджмент
Мектеп директоры мен орта буын басшылар «уақыт бюджеттерін» құрып (Merz, 2009),
мектепте стратегиялық рөл немесе жауапты шараны атқарған кезде жеке адамға/топқа ар-
нап уақытты бөлу үшін белгілі бір іс-шараларды қабылдай алады. Сонымен қатар адамдар
мен топтар өз уақыттарын тиімді бақылау үшін құрал-жабдықтармен және стимулдармен,
мысалы жабдық пен ресурстармен қамтамасыз етіп, кеңістік (нақты, сондай-ақ «сабақ ке-
стесі бойынша») ұсына алады және СМАРТ-мақсаттарды қоюға/тексеруге (әсіресе олар
уақытқа байланысты болса) көмектесіп, қажет болса, оларды оқыта алады.
Персоналды басқару
Ұйымдастырушылық басқарудың түйінді «бөлігі» – персоналды тиімді басқару. Мек-
тепте жұмыс істейтін барлық адамдар, әсіресе педагогикалық және көшбасшылық рөл-
дерді жүзеге асыратын адамдар оның табысты болуының басты тетігі болып табылады
– егер қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасы жоғары болып, оларға жан-жақты қолдау
көрсетілсе, өзінің қазіргі кездегі еңбегі еленіп, тиісті бағасын алып, балалар мен жастар-
дың өміріне ықпалы бар екенін сезетін болса, олардың іс-әрекеттері мектептің мақсатта-
ры мен жетістіктеріне жағымды әсер ететін болады (Schaps, 2005). Мектеп директорлары
мен орта буын басшылар мектеп персоналының тек сандық және сапалық көрсеткіштерін
(ағымдағы, сондай-ақ ұзақ мерзімдік) бақылап қана қоймай, сонымен бірге персоналдың
қабілеттері мен оларды дамыту мәселелері (әлеуетті және ағымдағы) қарастырылып оты-
ратынын және жоспарлануын қадағалауы тиіс. Ұйымдастырушылық басқару мектеп ди-
ректоры мен орта буын басшыларға тиісті жолдарды іздеу арқылы персоналды тиімді қол-
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
27
дауға мүмкіндік береді, бұл жағдайда төмендегі мәселелер мектептегі «адам капиталын»
дамытып, ол адамдардың тәжірибесін жан-жақты дамытып байытуға көмектесе алады:
нәтижелердің бағасы (қалыптастырушы қадағалау және жылдық жиынтық тексеру), кадр-
лық жоспарлау (жылжу), қызметкерлерді іріктеу (жаңа қызметкерлер және жаңа лауазым
мен міндеттерді атқарып көргісі келетіндер), оқу мүмкіндіктері (стратегиялық және жеке/
топтық қажеттіліктер негізінде).
Ұйымды дамыту
Ұйымды дамыту (немесе ұйымдық өзгерістер) мектептің нәтижесіне, дамуына және
тиімділігіне байланысты. Әлбетте, мектептер тоқырау күйінде қала алмайды – оқу ма-
териалдары мен педагогикалық тәжірибені дамыту мектепті жоспарлау және оқыту мен
оқу тәжірибесін өзгерте алады, өз кезегінде мектептер де үлгілі білім беру мекемесі
ретінде олардың әлеуетін мүмкіндігінше арттыруға көмектесетін жаңа құрылымдар мен
әдіс-тәсілдерді жиі қарастырып, қолданып, сапасын жақсартуға тиіс. Ноффтың (күні көр-
сетілмеген:7) тұжырымдауынша, ұйымдық өзгерістер «табиғи, қажетті болуы тиіс және
өркендеп, дамып жатқан әрбір мектептің үздіксіз компоненттерін қамтуы тиіс»; сон-
дықтан мектеп директорлары мен орта буын басшыларға ресурстарды үлестіретін, әлеу-
етті арттырып, жалпы мектептік бағдарламаларға қолдау көрсететін, табысты ұлғайтатын
инфрақұрылым (қызметкерлер деңгейінде, мектеп деңгейінде, білім беру жүйесі деңгей-
інде және қоғам деңгейінде) құруға көмектесу қажет. Ұйымдық дамуды тиімді үйлестіру
үшін мектеп директорлары мен орта буын басшыларға мүмкіндігінше Нофф (күні көр-
сетілмеген) сипаттаған «бонустық тәжірибеге» көбірек назар аудару қажет. «Бонустық
тәжірибеге» сәйкес команданың тиімді жұмыс істеуі, ресурстарды анықтау, кеңес беру
және оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу шараларын мезгіл-мезгіл тексеріп тұру
маңызды болып табылады. Мектеп директорлары мен орта буын басшылар мектепте бар-
лығының пікірлері ескеріліп, оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін кез келген өзгеріс
балалардың мүддесіне бағытталуын қадағалай отырып, ұйымды өзгертуге бағытталған
қарапайым және қол жетімді әдісті енгізу арқылы осыған көз жеткізе алады.
Директорлар оқыту мен оқуды үздіксіз жақсартуға бағытталған
кәсіби қоғамдастық құру үшін сарапшы мұғалімдер командасымен
бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылардың жоғары нәтижелерге қол жет-
кізу үдерісін, сондай-ақ үздіксіз кәсіби даму және жүйелі түрде кері
байланыс ұсыну үдерістерін басқара отырып, директорлар барлық
қызметкерлерге жоғары стандарттарға қол жеткізіп, олардың көшбас-
шылық қасиеттерін дамыту бағытында қолдау көрсетеді.
Директорлар басқалардың құзыреттіліктерін арттыруға ықпал
ете отырып, оларға қолдау көрсетеді, адамдарға құрметпен және әділ
қарайды. Олар тиімді көшбасшылықты іске асыруда басқаларға үлгі
бола отырып, өзіне жүктелген күрделі міндетті ойдағыдай атқару үшін
өзінің үздіксіз кәсіби дамуына, денсаулығына және хал-ахуалына жау-
апкершілікпен қарайды.
Бірінші және
екінші «Бетпе-
бет» кезеңдері
Қосымша оқу
басшыға арналған нұсқаулық | руководство для руководителя
Достарыңызбен бөлісу: |