ӚСІМДІК – ВИРУСТАРДЫҢ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ
ОЛАРДАҒЫ ТӚЗІМДІЛІКТІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
Мырзабаева М.Т.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты
Мукиянова Г. С.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты
Ғылыми жетекшісі - проф. Омаров Р.Т. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,
проф. Моше Саги, Бен - Гурион университеті, Израиль
Вирустар жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің ағзасында кездеседі.
Атап айтар болсақ, ӛсімдіктерде, жануарларда, адамдарда, бактерияларда да кездестіруге
болады. Ӛз кезегінде вирустар жыл сайын ауыл шаруашылығына орасан зор шығын әкелуде.
Ғылыми деректерге сҥйенсек, ӛсімдіктердегі вирустардан ауыл шаруашылығындағы мәдени
дақылдармен қоса астық тҧқымдастарының ӛнімі айтарлықтай азайып, жылына 6 миллиард
доллардан аса шығын келтіруде (1). Вирустардың тірі ағзада тіршілік етуі қожайын
клеткасында кӛптеген аурулардың пайда болуына әкеледі. Мысалы, хлороз, некроз,
фотосинтез процесінің бҧзылуы және ӛсімдік биомассасының тӛмендеуі, ақырында
ӛсімдіктің ӛлуі байқалады (2). Осы физиологиялық абнормальдық қҧбылыстар және
вирустар туғызған аурулар ӛсімдіктердегі вирустардың механизмін зерттеп, олардың дамуын
алдын алып, кҥресу шараларын қарастыруды талап етуде. Дегенмен, вирустармен қожайын
клеткасы арасындағы қарым- қатынастар әлі кҥнге дейін толығымен зерттеліп болған жоқ.
Және осы саладағы зерттеулер кӛбіне вирустардың генетикасына олардың қожайын
клеткасында кӛбеюін, қозғалуын қарастырып, ауру туғызатын механизмдерін зерттеуге аса
кӛп кӛңіл бӛлмей отыр. Соған қарамастан, жуық арада вирустар мен қожайын клетка
арасындағы ауру туғызатын шешуші факторлар анықталды. Сондықтан біз ӛз
зерттеулерімізде ауру туғызушы вирустармен олардың қожайындары арасындағы
байланысқа баса назар аудара отырып, негізгі шешуші факторлар ретінде РНҚ
интерференция ҥрдісін және супрессор белоктарына жалпы шолу жасадық.
Ӛсімдік - вирус қатынастары
РНҚ интерференция ҥрдісі вирустың қос тізбекті РНҚ геномы тудыратын пост-
транскрипциялық гендердің ҥнсіздігі. Бҧл ҥрдіс ӛз кезегінде белгілі бір гендердің қызметін
анықтау мақсатында жҥргізілетін нокдаун технологиясы. Бҧл ҥрдістің қызметі табиғатта
траснпозондардың активтілігін тежеп, вирустық инфекцияларға қарсы тӛзімділікті
жоғарылатып, гендердің пост транскрипциялық, пост трансляциялық реттелуіне қатысады
(3,4).
Сонымен қатар РНҚ интерференция мәдени ӛсімдіктердің сапасын жоғарылатып,
вирустан таза, жоғары ӛнім алуға кӛп мҥмкіндіктер береді.
РНҚ интерференцияның молекулярлық механизміне шолу жасайтын болсақ, ең
бірінші жасушаға енген қос тізбекті РНҚ дайсер (Dicer) ферменті ҥшін нысаналы жасуша
болып, қысқа 21-23 нуклеотидтен тҧратын дуплексті қысқа РНҚ- ға қиылады. Қос тізбекті
РНҚ жіпшесінің біреуі РНҚ индуциялаған ген тыныштығы (РИГТ немесе RNA- induced gene
silencing RISC) деп аталатын белоктық комплекске енеді. Енген мағынасыз РНҚ- ның бір
жіпшесі комплементарлы тҥрде мРНҚ- мен байланысады (Сурет 1). РИГТ комплексінің
қҧрамына енетін АРГ (Argonaute) белок матрицалық РНҚ (мРНҚ) мен қысқа РНҚ (қРНҚ)
комплексін ӛз кезегінде жҥйелі тҥрде деградацияға ҧшыратады (5, 6).
Бҧл ҥрдіске қатысатын негізгі функциональдық маңызы бар молекулалар болып, РНҚ-
ның екі тҥрін айтуға болады. Оларға: қысқа интерфирлеуші РНҚ (қиРНҚ) және микро
РНҚны (миРНҚ) жатқызуға болады. Екі РНҚ- ның да негізгі қызметі ген экспрессиясын
реттеуге
қатысады.
Айырмашылықтары
олардың
мРНҚ-мен
комплементарлы
байланысуында. қиРНҚ мРНҚ-мен 100%- ға сәйкес комплементарлы байланысса, миРНҚ-да
мРНҚ-мен байланысында сәйкес емес комплементарлы байланысады. Яғни 100%- пайыздық
65
қиРНҚ-ның мРНҚ- мен байланысуы, бҧл комплексті АРГ белоктары арқылы деградацияға
ҧшыратып, вирус геномының әрі қарай синтезделуін тежейді (7).
1-
сурет. РНҚ интерференция ҥрдісінің молекулалық механизмдері.
(Sontheimer and Carthew, Science 2004 Sep 3;305(5689):1409-10)
Яғни, бҧл ҥрдісті ӛсімдіктердің вирустардан қорғану механизмінің эволюциялық даму
жолы деп атап кӛрсетуге болады. Қазіргі кӛптеген вирустық ақуыздар VSR деген атпен
белгілі, себебі олар бастапқыдан патогендік немесе вируленттіктің факторы ретінде белгілі
болды, ӛйткені олардың экспрессиясы вирустық аурудың тҥзілуімен белгілер амплитудасын
анықтайды (8). Кӛбіне бҧл ақуыздардың экспрессиясы вирустық репликациялардың
негіздеуші факторы емес. Бірақ вирустық супрессорлар тиімді аккумуляция және инфекция
барысында вирустардың таралуы ҥшін қажет (9). Қазіргі кезде супрессорлық белсенділікке
ие кӛптеген вирустық ақуыздар табылды. Бірақ олардың жҧмысының биохимиялық
механизмі әдебиеттерде жақын арада пайда болды. Соңғы молекулалық, биохимиялық және
қҧрылымдық әр тҥрлі VSR зерттеулер RNAi супрессиясының механизмін толық қарауға
мҥмкіндік берді. Барлық вирустық супрессорлардың ортақ қасиеті болып RNAi-дың әр тҥрлі
кезеңінде оның қорғаныштық жҥйесіне қарсы әсер ету болып табылады. Бҧл қарсылық
әрекеті вирус пен ӛсімдік арасында кҥрделі және қиын «эволюциялық кҥрестің» интенсивті
мысалы бола алады (10). Вирустық супрессор мен ӛсімдіктердің RNAi механизмі арасындағы
коэволюция, сонымен қатар, ӛсімдіктің қорғаныс жҥйесіне вирустың бейімделуінің
қиындылығын дәлелдеп отыр.
Қазіргі шолудың мақсаты молекулалық және биохимиялық RNAi супрессиясының
ӛсімдік вирустарымен байланысын жаңа ғылыми мәліметтерді негізге ала отырып, жалпылау
болып табылады.
Tombusvirus Р19 вирустық супрессорының биохимиялық қасиеті
Бҧрынғы зерттеулер бойынша бҧл супрессор Tombusviridae тҧқымдасына жататын
вирустар геномы кодтайтын, репродукция барысында белок синтезіне қатысатын және
вирустың векторлық трансмиссиясы барысында РНҚ геномының қозғалысына және
қапталуына жауап беретін аса маңызды белок болып табылады (11). Кейінгі зерттеулердің
мәліметіне сҥйенсек, бҧл белоктың тағыда инфекция симптомының дамуына қатысатын
негізгі патогенді фактор бар екені белгілі болды (12). Мысалы ҥшін Томаттың бҧталы
ергежейлілік вирусындағы (ТБЕВ) Р19 белогы Nicotiana benthamiana L. ӛсімдігіндегі
66
инфекцияның бастапқы сатысында айтарлықтай зиян келтірмейді. Бірақ, ол басқа ағзаларға
жҥйелі еніп, сезімтал қожайындарға, мысалы, бҧрыш ( Capsicum annum L.), шпинат ( Spinacia
oleracea L.) ӛсімдіктеріне ӛз зиянын келтіруде. Р19 белогының РНК интерференция ҥрдісіне
қатысуы ең алғаш трансгенді ӛсімдіктерде зерттелді. Бҧл трансгенді ӛсімдіктер картоп
вирусымен зақымдалып ( Potato virus X), жасыл флуорисцентті белокты және Р19 белогын
экспрессиялайтын вектор ретінде қолданысқа енді (13). Кейінгі зерттеулер ТБЕВ
вирусындағы Р19 белогының вирустық РНК-ны қорғауда аса зор роль атқаратыны белгілі
болды (14). Бҧл супрессор белоктың қызметін зерттеу барысында жасалған зерттеулер Р19
белогының димерлі қҧрылымын және оның қиРНҚ-мен комплекс тҥзе отырып,
байланысатындығын дәлелдеді. Жҥргізілген жҥйелік зерттеулер вирустық супрессор Р19
белогының РНҚ интерференциясын тежейтін ҥрдіс ретінде және оның молекулалық
механизмдерін анықтап, алғашқы тҥсініктемелерді қарастырды. Яғни, Р19 белогымен
вирустық РНҚ-ның арасындағы тікелей физикалық байланыстар инфекцияланған
ӛсімдіктердеде табылғандығын кӛрсетті (15-16). Жҥргізілген зерттеулер Р19 белогының
қиРНҚ- мен қарқынды тҥрде байланысып, бҧл байланыс ӛз кезегінде белгілі бір
ӛсімдіктердегі вирустық аурулардың дамуымен тікелей байланыста болатыны анықталды
(17).
Сонымен, вирустық супрессор ретінде Р19 белогының функциясы инфекция
барысында вирустың қиРНҚсымен байланысып, оны ары қарай РИГТ комплексіне жеткізбей
тежеп, вирустық РНҚ-ны бҧзуға арналған белсенділігін тежейді. Нәтижесінде, вирустық РНҚ
инфекцияланған организмде жиналып, ауру симптомын әрі қарай кҥшейтеді. Мысалы
Nicotiana benthamiana L. ӛсімдігі Р19 белогы жоқ мутанттармен инфекцияланғанда, РИГТ
комплексінің активтілігінің кҥшейгендігі байқалды. Бҧл РИГТ комплекстер ӛз кезегінде
қиРНҚмен байланысып, әрі қарай жоғары рибонуклеаздық активтілігін кӛрсететінін
дәлелдеп отыр (18-19).
"Ӛсімдік – вирус" ӛзара байланысының тҥрлері
Қазіргі таңда біз инфекция туғызатын бірнеше "ӛсімдік- вирус" байланыстарын
білеміз. (20). Осындай байланыстардың бір тҥрі – ТБЕВ-ның белок супрессоры Р19 қиРНҚ-
мен байланысып, клетка қожайынына шабуыл жасауы. Сонымен қатар бҧл вирустар ӛз
геномын қожайын клеткасына еңгізіп, ӛздігінен кӛбейіп, ӛз тіршілігіне қажетті белоктарды
синтездейді. Кейін мҧндай байланыстар қожайын клеткасының физиологиясын бҧзып,
потенциальды тҥрде ауру туғызады. Дегенмен, барлық "вирустық–ӛсімдіктердегі" ӛзара
байланыстар бірдей ауру туғызбайды. Мысалы, томаттың мозаикалық вирусы
репликацияланып, ТОМ1 және ТОМ3 деген репликацияға қажет мембраналы гендерді
кодтайды, бірақ ауруды туғызбайды. Зерттеулер бойынша ТОМ1 және ТОМ3 гендерінің
тынышталуы қарқынды тҥрде томаттың мозаикалық вирусының репликациясын тоқтатады
(21). Бірақ бҧл ӛз кезегінде ӛсімдіктің ӛсіп-дамуына кедергі бола алмады. Бҧдан шығатын
қорытынды, "ӛсімдік-вирус" қатынастарының алуан тҥрлі болатындығын және олардың
әртҥрлі симптомдарды туғызып, нәтижесінде алуан тҥрлі аурулардың пайда болуына
әкелетініне кӛз жеткізуге болады.
Зерттеулерімізді қорытындылай келіп, ауыл шаруашылығындағы ӛсімдік ӛнімін
сақтап қалу және ӛсімдіктердегі вирустық аурулардың алдын-алу ҥшін вирус пен ӛсімдік
қатынасын терең зерттеп, биохимиялық механизмдеріне баса назар аудару қазіргі таңда
біздің алдымызда тҧрған бірден бір негізгі мақсат болып табылады.
Әдебиеттер
1.Carter.J, Saunders. V., 2007. Virology. School of Biomolecular sciences, Liverpool John
Moores University.UK.
2. Diener TO. 1963. Physiology of virus infected plants. Annu. Rev. Phytopathol. 1:197–218.
3. Kiger AA, Baum B, Jones S, Jones MR, Coulson A, Echeverri C,Perrimon N: A
functional genomics analysis of cell morphology using RNA interference. J Biol 2003, 2:27.
67
4. Mousses S, Caplen NJ, Cornelison R, Weaver D, Basik M, Hautaniemi S, Elkahloun AG,
Lotufo RA, Choudary A, Dougherty ER et al.: RNAi microarray analysis in cultured mammalian
cells. Genome Res 2003, 13:2341-2347.
5. Hannon G. J: RNA interference. Nature 2002, 418:244-251.
6. Grewal S, Moazed D: Heterochromatin and epigenetic control of gene expression. Science
2003, 301:798-802
7. Waterhouse PM, Ming-Bo W, Lough T: Gene silencing as an adaptive defence against
viruses. Nature 2001, 411:834-842.
8. Cerutti, L., Mian, N., and Bateman, A. (2000) Domains in gene silencing and cell
differentiation proteins: the novel PAZ domain and redefinition of the Piwi domain. Trends
Biochem. Sci. 25, 481-482.
9. Song, J. J., Liu, J., Tolia, N. H., Schneiderman, J., Smith, S. K., Martienssen, R. A., et al.
(2003) The crystal structure of the Argonaute2 PAZ domain reveals an RNA binding motif in RNAi
effector complexes. Nat. Struct. Biol. 10, 1026-1032.
10. Song, J. J., Smith, S. K., Hannon, G. J., and Joshua-Tor, L. (2004) Crystal structure of
Argonaute and its implications for RISC slicer activity. Science 305, 1434-1437.
11. Russo M., Burgyan J., and Martelli. G.P (1994) Adv. Virus Res., 44.381-428.
12. Scholthof H.B. (2006) Nat.Rev. Microbiol.4. 405-411.
13.Voinnett O., Pinto Y.M and Baulcombe D.C (1999) Proc. Nat.Acad.Sci. USA, 96, 14147-
14152.
14. Qu.F and Morris T.J. (2002) Mol.Plant Microbe Interact.,15.193-202.
15. Lakatos L.,Szittya G., Silhavy D and Burgyan. J. (2004) EMBO J., 23., 876-884.
16. Omarov R., Sparks K. Smith L. Zindovie J and Scholthof H.B. (2006)J.Virol.80.,3000-
3008.
17. Hsieh Y.C., Omarov R.T and Scholthof H.B. (2009) J.Virol.,83, 2188-2200.
18. Pantaleo V., Szyetta G and Burgyan J (2007).,J.Virol.,81, 3797-3806.
19. Omarov R.T., Ciomperlick J.J and Scholthof H.B. (2007) Proc. Nat.Acda.Sci. USA.104,
1714-1719.
20. Lucas WJ. 2006. Plant viral movement proteins: agents for cell-to-cell trafficking of viral
genomes. Virology 344:169–84.
21. Asano M, Satoh R, Mochizuki A, Tsuda S, Yamanaka T, et al. 2005.Tobamovirus-
resistant tobacco generated by RNA interference directed against host genes. FEBS Lett. 579:4479–
84.
ОЦЕНКА КАЧЕСТВА ЗЕРНА ПШЕНИЦЫ СОРТОВ
КАЗАХСТАНСКОЙ СЕЛЕКЦИИ, КАК СЫРЬЯ ДЛЯ ПРОИЗВОДСТВА ПРОДУКТОВ
ГЛУБОКОЙ ПЕРЕРАБОТКИ
Нургазиева А.С.
Младший научный сотрудник, ТОО «КазНИИ переработки с.-х. продукции», г. Астана
Глубокая переработка зерна - производство сухой пшеничной клейковины, крахмала и
его производных является перспективным направлением развития безотходных технологий
сельскохозяйственного сырья в Республике Казахстан. Выбор сырья определенного качества
для производства продуктов глубокой переработки имеет важное значение для получения
конечного продукта. Поэтому оценку качества зерновых культур, как сырья, требуется
проводить с индивидуальным подходом к каждой партии зерна, каждому сорту.
С целью выбора сырья для получения крахмала и глютена в лаборатории
биопереработки зерновых культур ТОО «КазНИИПСХП» в течение 2009-2010г.г. были
исследованы яровые сорта мягкой пшеницы: «Астана» (суперэлита, 2 и 3 репродукции),
«Казахстанская 10», «Казахстанская раннеспелая», «Ырым», «Каир» и озимые сорта мягкой
68
пшеницы «Алмалы»; «Сапалы» (1 и 2 репродукции) по показателям количества и качества
клейковины на системе «Глютоматик» в соответствии с СТ РК 1054-2002 «Зерно. Методы
определения количества и качества клейковины в пшенице с использованием
механизированных средств», содержание крахмала на сахариметре СУ-5 по ГОСТ 10845-98
«Зерно и продукты его переработки. Метод определения крахмала».
В результате исследований было установлено, что содержание клейковины в зерне
яровой пшеницы сортов «Астана» суперэлита - 36,9%, «Астана» 2-ой репродукции 35,2%,
«Астана» 3-ей репродукции 35,0%, «Казахстанская -10» - 32,7 %, «Ырым» - 24,3 %, «Каир» -
18,3 % . Содержание клейковины в зерна озимой пшеницы сортов «Амалы» 1-ой
репродукции - 24,0%, «Алмалы » 2-ой репродукции - 23,0 %, «Сапалы » 1- ой репродукции -
22,2 %, «Сапалы »2-ой репродукции - 20,5 %.
Следовательно, зерно пшеницы сортов «Астана» (суперэлита, 2-3-ей репродукции),
«Казахстанская-10», «Казахстанская раннеспелая» высококлейковинные. В зерне пшеницы
сортов «Кайыр», «Ырым» содержание клейковина ниже в сравнении с другими сортами, а
крахмала соответственно выше. Из зерна пшеницы «Кайыр» и «Ырым» в лабораторных
условиях был получен крахмал, диапазон белизны составлял до 95,31 усл.ед.
Исследования различных сортов зерновых культур показали, что яровые сорта
пшеницы «Каир» и «Ырым» больше пригодны для производства крахмала, а сорта «Астана»
(суперэлита, 2-3-ей репродукции), «Казахстанская-10», «Казахстанская раннеспелая» - для
производства сухой пшеничной клейковины.
БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӚНІМДЕРДІҢ ӘЛЕМ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖӘНЕ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Нурманова Ардак Алтаевна
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ студенты, Астана қ-сы
Ғылыми жетекшісі – б.ғ.к. Қарағойшин Ж.М.
Бҥгінгі таңда биотехнология қоршаған ортаны адамзат қажеттіліктеріне сай ӛзгерту
жолдары мен тәсілдерін зерттейтін, биология мен техниканы ҧштастыратын ғылым ретінде
жҧртшылық назарында. Шексіз мҥмкіншілігі мен қолдану аясының кеңдігі биотехнология
ғылымын жеке мемлекеттер мен әлемдік бірлестіктер экономикасының дамуының жетекші
факторына айналдырып отыр. Адамдардын ӛмір сҥру сапасын арттыру мақсатында
биологиялық және техникалық ғылымдар мен жасушалық және гендік инженерия
салаларындағы қол жеткізілген жетістіктер кеңінен қолданылуда. Биотехнологиялық ӛнімдер
кӛмегімен қазіргі уақытта ӛндірістік- технологиялық, экологиялық және әлеуметтік-
экономикалық мәселелер шешілуде. Елдің даму қарқыны, ҧлт салауаттылығы, ел байлығы
мен қауіпсіздігі әр мемлекеттің, сонымен қатар Қазақстанның да кӛкейтесті мәселесі. Осы
мәселелерді шешуде биотехнология ғылымына мән бергеніміз жӛн. Себебі, биотехнология-
ғылымды қажет ететін салалардағы жетістіктерді ӛз бойына жинақтай отырып, сол саланың
дамуын және де жаңа сапалық дәрежеге кӛтерілуін қамтамасыз етеді. Ӛндірістің әр тҥрлі
салаларында қолданылуына және адам ӛмірінің сан қырын қозғауына байланысты әлемде
биотехнология келесі «тҥстерге » жіктеледі:
«қызыл» биотехнология- адам денсаулығын қорғау мен адам геномын тҥзету
мҥмкіндіктері, биофармацевтикалық препараттар (протеиндер, ферменттер, антиденелер)
ӛндірісіне қатысты биотехнология;
«жасыл» биотехнология- гендік- модификацияланған ӛсімдіктерді жасап шығару
және ауыл мен орман шаруашылығын жҥргізудің қазіргі заманға сай әдістерін анықтайды;
«ақ» биотехнология- бҧл биожанармай ӛндірісі мен тағамдық, химиялық, мҧнай
ӛңдеуші ӛндірістер биотехнологияларын біріктіруші ӛндірістік биотехнология ;
69
«сҧр» биотехнология- табиғатты қорғау іс-шараларымен тікелей байланысты
биотехнология болып табылады.
Осы классификацияға сай әлемдік ӛндірістің 60%-ы «қызыл» биотехнология
ӛнімдері(биофармацевтикалық препараттар және биомедицина), 12%-ы «жасыл»
биотехнология (агро- ӛнімдер), ал қалған 28%-ы «ақ» биотехнологияның ҥлесіне тиеді
(ӛндірісте қолданылатын биоматериалдар).
Біріккен Ҧлттар Ҧйымының ҧйғарымы бойынша ХХ І ғасырда биотехнология
адамзаттың барлық қызмет саласында дамуын, соның ішінде азық тҥлік пен медициналық
препараттар ӛндіріруде, ауыл шаруашылығында, экология және энергетика салаларында
дамуын қамтамасыз ететін болады. Жаңа биотехнологиялық әдістердің дамуы
биотехнологиялық ӛнімдердің тауар нарығының қалыптасуына әкелді. Биотехнологияның
экономикадағы айрықша тиімділігін ескере отырып, алдыңғы қатарлы елдерде мемлекет
және жеке капиталдар қаржыландыратын, ҧлттық және халықаралық биотехнологялық
бағдарламалар жҧмыс атқаруда.Сонымен, әлемдегі биотехнологиялық ӛндіріс нарығының
жыл сайынғы ӛсімі 7%-ды қҧрайды.
Қазіргі әлемдік биоиндустрия айналымының жартысынан кӛбі АҚШ-тың ҥлесіне
тиеді. Биотехнологияны қаржыландыру кӛлемін салыстырмалы тҥрде кӛрсететін болсақ,
АҚШта ол – 100 млрд.АҚШ долларын, Қытайда- 1 млрд.АҚШ долларын, Ресейде -0.04млрд.
АҚШ долларын қҧраса, Қазақстанда 2006-жылғы мәліметтер бойынша бҧл бағытта 0.001
млрд.АҚШ доллары бӛлінген болатын.
Биотехнологияны дамыту жағынан әлемдік бәсекелестікте кӛшбасшылықты АҚШ
ҧстап тҧр. Бҧл елдің мызғымас кӛшбасшылығының негізгі себептеріне мына факторлар
жатады;
саланы жоғарғы мӛлшерде қаржыландыру;
білім беру және зерттеу мекемелерінің сан жағынан кӛптігі, сапасының
жоғарылығы;
білікті кадрлардың жеткілікті болуы;
кәсіпкерліктің ҧзақ мерзім бойы сыналуы.
Биотехнологияның даму дәрежесі бойынша АҚШ-тан кейінгі орынды Жапония алады.
Бҧл ел биоиндустрияның дәстҥрлі салаларында кҥшті позицияны ҧстана отырып, АҚШ-тан
ең жаңа биотехнологиялық әдістерді қолдану жағынан артта қалып отыр. Алайда, бҧл елде
биотехнологияның дамуы мемлекеттік және жеке секторлардың тығыз ынтымақтастығы
арқасында жҥргізілуде және биотехнологиялық бағдарламалар ҥкіметтің тікелей қатысуымен
жҥзеге асырылады.
Келесі биотехнологияның қарқынды дамуы Батыс Еуропа елдерінде байқалады.
Болашақта бҧл елдер осы саладағы қызметтерін ҥйлестіре отырып, биотехнологиялық
ӛнімдер нарығының конъюктурасына айтарлықтай ықпал етулері әбден мҥмкін.
ЮНЕСКО-ның қолдауымен қҧрылған халықаралық биотехнология және гендік
инженерия орталығы (ICGEB) Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка елдерінің 45 елін
біріктіріп отыр. Бҧл ҧйым мҥшелері денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ӛндіріс пен
экология саласындағы ғылыми зерттеулер мен биотехнологиялық ӛнімдерді жетілдіруді
жҥзеге асырады. ICGEB мақсаттарын атап кӛрсетер болсақ, бҧл ҧйым ең алдымен
биотехнология мен гендік инженерияны бейбітшілік мақсаттарда қолдану саласындағы
халықаралық ынтымақтастықтарға кӛмек кӛрсетуді; дамушы елдердің биотехнология және
гендік инженерия салаларындағы ғылыми-технологиялық мҥмкіндіктерін дамытуға жәрдем
кӛрсетуді; қатысушы елдердің ғылым және техника салаларындағы мамандар арасында
ақпарат, ноу-хау, тәжірибе алмасуларын дамытуды жолға қойып отыр.[1]
Енді биотехнологияның Қазақстанда дамуы туралы сӛз қозғалық. Қазақстан ӛз
биотехнологиясын дамыту-дамытпауынан тәуелсіз, жаһандану жағдайында әлемдік
биоиндустрия ӛнімдерін қолданары анық. Алайда, Қазақстан дамыған елдердің тәжірибе
жҥргізетін лабораториясына айналмауы тиіс. Келеңсіз салдарға жол бермес ҥшін сенімді
қорғаныс орнату қажет, ал бҧл ҥшін Қазақстанның импорттық және отандық
70
биотехнологиялық ӛнімдерді қадағалайтын жоғары білікті бақылау мен сараптамалық
арналары болуы тиіс.
Биотехнология саласындағы басымдылыққа ҧмтылу барысында Қазақстан ӛз
экономикасының дамуындағы ерекшеліктері мен перспективаларын ескеруі қажет. Ал бҧл
ерекшеліктер мен перспективаларға келесілер жатады:
агроӛнеркәсіп кешені мен тау кен ӛнеркәсібінің ҥлесінің жоғарлылығы;
табиғи байлықтардың болуы және табиғаттың экологиялық балансын сақтай
отырып Каспий қайраңын игеру жобалары;
экономиканың жоғары даму қарқынының сақталуы, мҧнай химиясының,
қҧрылыстың, кӛлік телекоммуникациялық кешеннің, ақпараттық технологияның, тоқма
ӛнеркәсібінің, спорт пен туризмнің даму перспективалары;
қарқынды дамушы елдермен кӛршілес болуы ( Қытай, Ресей, Орталық Азия
елдері );
ядролық физика (Ядролық Физика Институты, Курчатов қ.) мен ғарыш
салаларындағы ( Байқоңыр) инфрақҧрылымның жоғары даму дәрежесі;
кеңестік ғылым жәдігерлеріне (республикалық микроорганизмдер жинағы,
биологиялық институттар т.б) иелік етуі. [2]
Аграрлық ел болып табылатын Қазақстан Республикасы ҥшін ауылшаруашылығы
саласындағы азықтық қоспалар технологиясы мен ӛндірісі маңызға ие. Мал
шаруашылығының дамуы Республикадағы агроӛнеркәсіптік кешеннің басты стратегиялық
бағыты болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстандағы қҧс және мал басы айтарлықтай
ӛсіп отыр. Осы қалыптасып отырған тенденцияны есепке алар болсақ азықтық қоспаларға
деген сҧраныс жақын жылдары 25-30% ға ӛседі.
Келесі санатта биотехнологияның кӛмегімен елдегі экологиялық проблемаларды
шешу мәселесі тҧр. Елдегі экологиялық жағдайдың сыры ӛзімізге белгілі. Ол мҧнай
ӛндірісінен келген зардап болсын, кешегі қаһарлы кҥндерде ядролық қарулар сыналған
полигондар болсын, ғарышқа сапарлардың зардабы болсын экологиямызға оң әсерін
тигізбегені анық. Осы жағдайлардың барлығы оң шешімін кҥтеді. Ал қазіргі
биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып осы экологиялық мәселелерді шешуге әбден
болады.
Алайда, Қазақстанды, бҥгінгі таңда, біз биотехнологиясы жете дамыған елдер
қатарына қоса алмайтынымыз ащы да болса шындық. Мысалы, елімізде ӛндірілетін
медициналық препараттардың мӛлшері, соңғы мәліметтер бойынша, тек қана 12%-ды
қҧрайды, ал қалған мӛлшері шет елдерден әкелінеді. Бҧл қуантарлық жай емес. Сонымен
қатар, биотехнологияның тек осы саласында ғана қалыс қалып отырмағанымыз да рас.
Қазақстан - еңсесін енді кӛтеріп келе жатқан ел. Жақын болашақта айтылған
кемшіліктердің, алға қойылған мәселелердің шешілері анық. Ал елімізде биотехнологияның
дамуын жҥзеге асыру ҥшін қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолдау табуымыз қажет. Шет
елдердің білікті мамандарымен тәжірбие алмасу аясын кеңейтіп, білімді де білікті кадрлар
даярлауымыз керек. Мемлекет жәрдемімен қаржыландыру мәселесі де шешілгені жӛн.
Биотехнология - бҧл жаңа заман талабы, жаңа заман ғылымы. Биотехнологияны
дамыту арқылы ӛндірістік - технологиялық, әлеуметтік - экономикалық, экологиялық
проблемаларды шешуді жолға қою қажет.
Әдебиеттер
1. Рабочие материалы к Стратегии развития биотехнологической отрасли
промышленности до 2020 года
2. Концепция развития Национального центра биотехнологии Республики Казахстан
на 2006 – 2008 годы, посвящена развитию сферы биотехнологии в Казахстане на базе
развития "Национального центра биотехнологии Республики Казахстан".
|