Используемая литература:
1.
Детский экономический словарь /сотав. Г.В. Евменова, О.И. Меньшикова, Т.Л. Попова,
1997г.
2.
Котюсова И.М., Лукьянова Р.С. Экономика в сказках и играх: Пособие для воспитателей.
Н.Новгород, 1994.
62
3.
Липсиц И.В. Удивительные приключения в стране «Экономика»: Для детей младшего
школьного возраста. М., 1992.
4.
Смоленцева А.А. Сюжетно-дидактические игры с математическим содержанием. М. 1987,
1993.
5.
Липсиц И.В. Удивительные приключения в стране «Экономика»: для детей среднего
возраста. М.,1992г
6.
Успенский Э., Эгрон Н. Бизнес Крокодила Гены. М., №1; 1994. №8.
7.
Шатова А.Д. Нужно ли и зачем дошкольнику экономическое воспитание? //Дошкольное
воспитание. 1989. №1; 1994. №8.
8.
Шатова А.Д. Программа «Дошкольник и экономика»
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Алиева А.Р.
«Алданыш» балабақшасы КМҚК
«Балалық шақ- адам өмірінің негізгі кезеңі, келешек өмірге дайындық емес, ол бүгінгі,
жарық, өзіндік қайталанбайтын өмір. Сондықтан балалық шақ қалай өткені, бала кезінде
баланы кім қолынан ұстап жетектегеніне, оның ойына және жүрегіне сырттан не еңгеніне,
бүгінгі бүлдіршін келешекте қандай адам болатыны, бағынды болады».
В.А.Сухомлинский.
Баланың тілін жетілдіру деген не? Бұл сұрақтың жауабы жеңіл сияқты көрінгенмен
нақты іс жүзінде өз қиындығы да бар. Бала тілін дамыту дегеніміз, қарапайым сөзбен айтқанда,
баланы сөйлеуге үйрету. Сөйлеу – бұл баланың сөздік қоры жас ерекшелігіне сай жеткілікті
болуы және оны белсенді қолдана білу. Осы сөздік қордан өз ойын құрап айта білу, айналадағы
адамдардың сөзін түсініп қабылдай білу, сұрақтарына түсініп жауап беру болып табылады.
Балабақша тәрбиесінде бала тілін дамыту мектепке дейінгі жастағы балалардың жас
ерекшелігіне сай арнайы бағдарламаға сүйене отырып жүргізілетіні барлығымызға белгілі.
Оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың сөздік қорын, дыбыстық мәдениетін, тілін дамыту,
байланыстырып сөйлеу және осы сөздерді күнделікті қарым-қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру ісіне ерекше көңіл бөлген дұрыс. Балалардың тілін жетілдіру мен байыта түсу
үшін олардың айналасындағы әсерлі орта немесе заттық дамытушы орта жасау керек, сол
арқылы одан мәдени үлгі алатын болады. Кез келген топтарда сабақ жүйесі немесе сабақ
жоспарлары ойын түрлерінен, ойын жаттығулардан, тілдік көркемдік материалдардан тұрады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың кіші тобында тіл дамыту сабағы басымдау жүреді.
Заттық дамытушы ортаны жақсарту арқылы біз түрлі мазмұнды рөлді ойындар, ұлтық
бұйымдар және күнделікті тұрмысқа қолданатын заттармен балаларды жақын таныстырып,
сөйлеуге сұраққа жауап беруге, диалогке түсіп, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береміз.
Сондықтан баланың жан-жақты дамуына, тілінің дамуына үлкен жол ашамыз.
Баланың тілін дамыту бұл тек тәрбиешінің ғана емес, ата-ананың да міндеті. Сондықтан
баланы өз ана тілінде дұрыс сөйлеуге, ұлттық рухта, өз халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін
дұрыс түсініп өсуі үшін атадан балаға мұра болып келе жатқан ғасырлар бойы жинақталған
ауыз әдебиетінің, халық шығармаларының, ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,
жұмбақтар, ұлттық-ойындардың алар орны ерекше.
Қазақ халқы өз ұрпағын жөргектен бастап ақыл-ойының, сөйлеу жүйесінің дамуына әдіс-
тәсілдерді шебер пайдалана білген. Осыған орай мақал-мәтелді, адамды ойландыратын
даналық сөздерді, жаңылтпаш, санамақтарды, шешендік сөздерді пайдаланған. Баланың
ойлау жүйесін дамыту үшін жұмбақ, санамақ, түрлі аңыз әңгіме мен тақпақтар, өсиет
63
сөздердің тәрбиелік мәнін әр кез есте ұстаған. Соның бірнешеуі –жаңылтпаш айтқызумен
қатар қарапайым халық ауыз ертегілерін тыңдатып бір- екі ауыз сөзбен ертегіні әңгімелеті.
Тілі жаңа шығып, сөздік қоры енді молая бастаған кезде сәби кейбір дыбыстарды айта алмай
қиналады. Мұндайда оның тілінің мүкістігін жою үшін үлкендер бала қиыналып айта
алмайтын дыбыстары бар сөзді жиі – жиі жаңылыстырмай айтып жаттықтырса, кейін ол
мүдірмей сөйлейтін және өз ойын толық жеткізе алатын болады. Жаңылтпашты жаттап
жаттығу арқылы бала ана тілін жетік біліп өседі. Балабақшадағы баланың тілдік анық
сөйлеуін сауатты дамытуда жаңылтпашты пайдалану дәстүрі, ең тиімді тәсіл. Жаңылтпаштың
мақал-мәтел сияқты терең мағынасы болса да оның астында әзіл-қалжың ойын бар. Сондықтан
жаңылтпашпен ертегілерді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде кеңінен пайдаланған жөн.
Балаларға жаңылтпаш айтқызып жаттықтырудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Алдымен бала
үлкендердің айтқан жаңылтпаштарын жаңылыспай тез-тез айтуға үйрену керек. Екіншіден,
бірнеше балаға жарыстыра айтқызуға да болады. Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай
Алтынсарин балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде ауыз әдбиеті шығармашылығының маңызды
орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша,
қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес»- деген болатын.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың
ой-өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті
педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» баланың тілі дамыту, ауыз
екі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне
назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл
болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімін, ой-өрісін жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен
белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі әрекет жайын білуге ұмтылады.
Өзі түсінген түрлі жайттар жайлы әңгімелейтін болады. Өз ойын толық жеткізе алатын
болады.
Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай
кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы дүниеден алған әсерін әрі қарай
кеңейте отырып, өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске
асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару қажет. Сәбит
Мұқанов «Тілдің тіршіліктегі мәніне қазақ ежелден ерекше көңіл бөлген. Сондықтан да «Өнер
алды – қызыл тіл»,- дейді.
Баланың сөздігі балаларды бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі матералдарға сүйене
жүргізіледі.
- әңгімелесу, әңгіме құрастыру (өзі қарап білген жайттар туралы, сурет мазмұнын,
оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету).
- сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды
көрсетіп сұрау, әңгімелесу.
- балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың
өзін) сұрап, түр-түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу.
Міне, ерте кезде-ақ, оқу-тоқу жоқ заманның кезінен атам қазақ баласына, аңыз әңгіме,
ойдан құрап ертегі, қуырмаш айтып беруден жалықпаған. Ауыз әдебиет осылайша өмірге
келіп, бірте-бірте дамыған. Сол кездері айтылған өсиет сөздер мен тыйым сөздердің балаға
берер тәрбиесі үлкен мағынаға ие. Әлі кезге дейін айтылып келе жатқан қуырмаштар,
жаңылтпаштар, жұмбақтар, аңыз әңгімелер біздің ұрпақтарымыздың тіл байлығын
жетілдіруге зор қызмет жасап келетіні рас. Үміт артқан ұрпақтардан болашақ еліміздің небір
шешен, көреген, суырып салма ақындары шығатынына сенімдіміз. Жаңылтпашты
жаттатқызбастан бұрын ең қарапайым жеңіл түрінен бастап, бірте-бірте күрделендірсе бала
тез айтып, шапшаң болуды үйренеді. Сол сияқты ертегіні оқып бермес бұрын балаға тез
ұғынықты және де мазмұны жағынан қысқасын таңдап біртіндеп күрделендіру қажет.
64
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Отбасы және балабақша журналы., 2012ж №2
2.
Тілашар. Логопед журналы., 2011ж №5
3.
Воспитание и обучение детей с нарушениями развития., 2008ж №6
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ
Алиленова Н.К, Рүстембекова Т.Д.
№68 мектеп-интернат-балабақша кешені
«Адамды - адам еткен еңбек». Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия, яғни күшіміз, осы
күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның
еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам
қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек
жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек
тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір
мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек,
мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Кейбір жағдайдың, әсіресе
адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы
өсіп те, өшіп те қалуымүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен
баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс.
Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен
алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-
бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.Баланы ойын арқылы да еңбекке
баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.
Ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде
жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап,
ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау
керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды.
Өйткені, ойын кезіндегі іс-әрекеті, қимыл-қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің
айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін
аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың
көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі
қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу
болып есептеледі.
Мысалы: Жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі - бәрі адамгершілікке,
үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу
мектептен бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып
ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында
алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге
әдеттенеді.Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын
(көру, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді. Қазіргі физиология ғылымы
еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механизмін аша келіп, баланың денесі мен
психологиясының дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі мен
ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген. Мектепке
дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адамгершілік тәрбиесі міндеттерін
65
шешуге зор көңіл бөлінеді. Балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, өз-
өздеріне қызмет етуге үйрету, бір-біріне кедергі жасамай еңбек етуге үйрету. Педагог
балаларға олардың орындап жаткан ісінің ұжым үшін маңызды екенін ұғындырады, өз
жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп
тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретіңде қарайды, міндеттерін уақтылы
орындағаны үшін алғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді
үйретеді. Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі
ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік
көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.Ересек топта
балалардың ұжымдық еңбегін ұйымдастыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болады, бұлар: топ
бөлмесін немесе ауланы жинау, бақшаны, гүлзарды үлкендер көмегімен суару, егін өнімін,
ұрықтарын жинау, залды мерекеге арнап көркемдеу және т.б. Әдетте ауладағы ұжымдық еңбек
серуен кезінде, ал топ бөлмесінде — күннің екінші жартысында ұйымдастырылады.
Үлкендердің еңбегінің және еңбектің қажеттілігі жөнінде түсінік беру. Балаларды алдына
мақсат қоя білуге, оған жетуге үйрету жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру. Арнайы
жабдықтарды дұрыс пайдалану, қадірлеу, қайта орнына қою, бір-біріне көмек көрсетуге
тәрбиелеу. Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.Тәрбиеші
балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп,
олардың әрқайсысына белгілі бір тапсырма береді. Ұжымдық еңбектің мазмұнын белгілеген
кезде, ол жұмыстың қай түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес екенін, оларды қалай бөлісу
керек екенін ескереді. Қажет болған ретте ол мектеп жасына дейінгі балалардың өзара келісіп
алуына көмектеседі.
Жұмыстың мақсаты:
мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін үйрету;
балаларды еңбек түрлерімен және кәсіптермен таныстыру;
ұжымдық еңбекті татулықпен ұйымдастырып атқаруға үйрету;
еңбектің әр түріне баланың қызығушылығын ояту, ұжымда еңбек етуде
белсенділік, ынта ықыласын көрсетуді қолдау;
өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш, мақтаныш сезімін тудыру;
Жұмыстың міндеттері:
балаларды еңбекке тәрбиелеу;
балаларды еңбекті сүюді үйрету;
еңбекке қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудыру;
өз-өзіне қызмет етуі,балабақшада және отбасында еңбекке араласу, яғни
үлкендерге көмектесу;
Балалабақшадағы еңбекке тәрбиелеу кезінде көркем шығармалар мен ертегілердің де
маңызы зор. Ертегі, әңгімелердің кейіпкерлері арқылы «Еңбек түбі - зейнет» екенін түсіндіру.
Үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу. Мысалы: «Бір уыс мақта», «Бұзау бақтым», «Көйлекті
маған кім берді?», «Қайдан келдің, бауырсақ?» деген әңгімелер арқылы барлық заттардың
еңбекпен келетіндігін түсіндіру.
Гүл өсірсең терлеп,
Бұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Бұның аты - еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек, деген өлең жолдарын айта отырып болашақ біздің ізбасарларымыз
жас жеткіншектерге «Еңбек түбі – береке», «Еңбек ер атандырады», «Еңбектің наны тәтті,
жалқаудың жаны тәтті» екенін айтқым келеді.
Қолданылған әдебиеттер:
66
1.
«Отбасы және балабақша»
2.
«Балбөбек» бағдарламасы
3.
«Воспитание в труде» А.С. Макаренко
4.
«Воспитание интереса к труду» А.К. Бондаренко
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚАЗІРГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖҮЙЕСІ»
Алишева Г.С
«№36 жалпы білім беретін орта мектебі»
жанындағы шағын орталық
«Технология» - латынның «техне»-өнер, шеберлік, қолөнер және «логос»-ғылым деген
сөзінен шыққан. 60-70-жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология
деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды:
- практикада іске асырылатын белгігі бір педагогикалық жүйенің жобасы
(В.А.Беспалыо);
-
педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім
амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиьнтығы және жүмыс істеу реті
(М.В.Кларин);
-
оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің, амалдарының, тәрбие қүралдарының
әлеуметтік жиыны мен бірлігін анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұскаулардың
жиынтығы (Б.ТЛихачев);
-
балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз етеін қолданбалы ғылыми
педагогикалық пән (Н.Е.Щуркова);
-
қойылған мақсатка сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты құрастыру,
калыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны (А.К.Колеченко);
-
педагогикалық технология - оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең
ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін
камтамасыз ететін жанды кұрамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай), т.б.
Мектепке дейінгі мекемелерде қазіргі жаңа технологиялар жүйесінің бір түрі ойын
технологиясы. Ойын мәнділігі нәтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-
әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет құбылыстарының бірі, баланың барлық маңызды ақыл-ой
қалыптастыруға бағытталған әсерімен дамитыны мойындалған. Бүл ойын арқылы баланың
барлық қабілеттерінің дамуына, күрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай
жасалатынын дәлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың
қалыпты дамуына єсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады.
Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына эсер етіп, оның
шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті
үйымдастыру формаларының бірі болып табылады.
Жалпы оқу интеллектуальдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі
өзегін құрайды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді.
Оқу іс-әрекеті түрғысынан алып қарағанда, жалпы оқу интеллектуальдық біліктерінің
маңызды, мәнді блоктарына мыналар жатады (Н.Я. Чутко):
1-ші блок - бақылау, тыңдау, оқу - іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлық қызметін
қамтамасыз ететін және оқушыларға әртүрлі ақпарат көздерінен алынған білімді оқу
міндеттеріне сәйкес қабылдауға көмектесетін біліктер;
67
2-ші блок - жіктеме, жинақтау - оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру-орындау қызметімен
байланысты және оқып-үйренілетін материалдың логикалық қайта өнделуін қамтамасыз ететін
біліктер;
3-ші блок - өзін-өзі бақылау - оку іс-әрекетінің бақылау-түзету қызметін атқаратын және
жүргізілетін оқу-таным әрекеттерінің барысы мен нәтижесін бақылауды қамтамасыз ететін
біліктер.
Ойын – бұл қарым-қатынас, оқыту және өмірлік тәжірибе жинақтау құралы, оқытудың
қиын социомәдени феномені, элементі болып табылады. Ойын процесінде:
-
«үлкен өмірге» ауысатын әлеуметтік топта кластың ролі мен тәртіп ережесі игеріледі.
-
топтың, ұжымның мүмкіндіктері қарастырылады.
-
бірлескен ұжымдық әрекет дағдылары жинақталады, қойылған ойын мақсатына жету
үшін қажетті оқушылардың жеке мінездемелері өңделеді.
-
қосымша құралдардың – (көрнекі құралдар, әдебиеттер, компьютерлік теххнологиялар)
көмегімен қатысушылардың, мұғалімдердің ойынға енгізген мәдени дәстүрлері жинақталады.
Ойын мәселесіне арналған көзқарастар. Д.Б.Эльконин өзінің «Психология ойыны» атты
кітабында «ойын» сөзі көңіл көтеру мағынасында, сонымен қатар, ауыспалы мағынада
қолдана береді. Мысалы: «тағдыр ойыны», «отпен ойнау», т.б.
Балалар ойындарын жүйелі суреттеуде Е.А.Покровский өзінің кітабына былай деп
жазған: «ойын» ұғымы кейбір халықтар арасында өз ерекшелігі бар.
«Ойын» сөзінің негізгі түп мағынасы не болып келеді? Философиялық энциклопедия
сөздігінде келесі ұғым берілген: «ойын – термині жануарлар мен адамдардың мол әрекеттерін
білдіреді. Бұдан ойын ұғымы адам әрекетінің негізін ұғыну, егер ойын табиғатқа қолданылса,
ол – метафора, ойлау ақпараты, астарлы сөз.
Адам
әрекет
мәселесіне
философтардың,
психологтардың,
педагогтардың,
әлеуметтанушылардың көптеген жұмыстары арналған әрекет жалпы теориясын құрастыруда
келесі философтардың, психологтардың, әлеуметтанушылардың көп еңбегі сіңді, олар: МА.С.
Каган, П.В.Копнин, А.Н.Леонтьев, Л.С.Выгодский, С.Л.Рубинштейн, Б.Г. Ананьев,
М.В.Демин, Э.Г.Юдин.
Жоғарыда келтірілген авторлардың ойынша әр әрекеттің өзінде мақсат, құрал, нәтиже
және әрекет процесінің өзі. Басқа сөзбен айтқанда, әрекет заттылықпен (әрекеттің өзін
қоршаған объективті шындықпен қарым-қатынас), саналықпен (адам әрекетінің жануарлар
әрекетінен айрмасы) және бағыттылықпен (материалдық әлемнің және субъектінің өзгеруі)
сипаттары.
Сондықтан адамның әрекет субъектісі болып қалыптасуы осы әрекеттің ішінен
қалыптасатын адамның қарым-қатынасы әрекет процесіне, оның нәтижесінің әсерінен
болады.
Әрекеттің субъект пен объектінің арасындағы қарым-қатынастың көпқырлылығы – бұл
бір-бірімен тығыз өрбітілген компоненттерден тұратын күрделі жүйе. Бірақ та әрекет жүйенің
құрамына қандай функциялық структуралардың енетіні туралы пікірлер бірлігі жоқ.
Профессор Л.И.Анцыферованың айтуынша, «тұлға - өз дамуындағы субъект, нақты
индивидтің бірегей потенцияларының қалыптасуы мен дамуына тікелей қатысты әрекет
түрлерін құрастырумен іздеуде болады.
Ойын әрекетінің мәселелеріндегі үлкен теориялық қызығушылық ойын мен өнердің
өзара қарым-қатынасына байланысты қойылатын сұрақ. Осы сұрақты талқылауда үлкен мәнге
ие болған голландиялық тарихшы және мәдениет философы Иохан Хайзингтің монографиясы
«Homo ludens» («ойнап жатқан адам»), ойынды өнермен байланыстырумен қатар оған әділ
сотты, ғылымды, тұрмысты, тілді, поэзияны, әскерге, өнерді және т.б. қосады.
Ойынның әр түрлі белгілерін қоса отырып, ол:»ойын бір мақсатқа бағытталған, уақытты
және жерді өз еркімен нақтылайтын әрекет не жұмыс болып саналады».
И.Хейзингтің ойынша, ойын әр түрлі мәдени және тұрмыстық құбылыстарды бағалау
критериесі болып табылады, әсіресе бұл өнерге байланысты, өйткені өнер табиғаты ойынға
жақын.
68
Автордың басты пікіріне сәйкес, адам тархының дамуында ойынға негізделген мәдениет
дамуы жатыр.
Хейзингтің ойынша, әрбір ойын – бұл парасаттылық/пасықтық, қызығушылық/қызықсыз
тараулар шекарасында жүретін «бостандық әрекеті». Жалпы алғанда, оның сөздері бойынша,
«мәдениет ойын ретінде емес және ойыннан басталмайды, ол ойынның өзінде бастау алады».
Кітапта поэзия мен ойын арасындағы өзара байланысына арналған беттер ерекше орын
алады. Нақты мағынада орталық тақырыбы болып саналатын ойын мен мәдениет арасындағы
өзара байланыс мәселесі қойылады, өйткені қоғамның жоғары ұйымдастырылған түрлері дін,
құқық, соғыс, саясат, экономика және т.б. ойынмен тікелей қатынасын жоғалтады. Ал поэзия
ойында негізделген оның үстінде, бұл жарыс элементтерінен құралған қоғамдық ойын.
Мысалы, көп ғасырлар бойы келе жатқан қазақ ақындарының жарысы «айтыс». Бұндай
жарыстар жердің екі шетінде орналасқан және даму сатылары әр түрлі басқа да халықтарда
байқалды. Хейзинг «poesis» - бұл ойындық функция деп саналады. Ол өз әлемінде жүзеге
асады.
Голландиялық философ ойын мен ән және бимен тығыз байланыстырды. Араб, неміс,
француз, орыс және кейбір славяндық тілдерде музыкалық аспаптарда орындалуы ойын деп
атайды. Қазіргі тілдерде де ұқсастық бар. Оның пікірінше, «би ойынның ерекше және жетілген
түрі болып табылады».
Ойын бастауы, көркем шығармаға тән, пайда болуының бірінші күндерінде адам
әрекетінің көптеген белгілерін бейнелейді және оның мінез-құлқын анықтайды. Ол аз уақыт
мерзімінде әр түрлі пәндер бойынша оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруін
қамтамасыз етеді.
В.В.Петрусинскийдің пікірі бойынша педагогтың басты міндеті – оқуға үйрету. Ал
педагогтың белсенді көмекшісі – ойын. Педагог негізгі күшті алғашқы әрекетке (ведущая
деятельность) салу керек. Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин өңдген кезеңдік
схемасына назар салсақ, берлігне кезеңнің негізінде адамның кез-келген жасына сәйкес және
арнайы әрекет типі – алғашқы әрекет болып табылады.
Кез-келген алғашқы әрекетке сәйкес психологиялық жаңалықтар жастық кезеңнің
ауысуын сипаттайтын өзгерістер пайда болады.
Берілген схемаға сәйкес әрекеттің алғашқы түрлерінің типтерінің бірізділігін
төмендегідей бөлуге болады:
-
тікелей эмоционалды қарым-қатынас;
-
заттық-манипуляциялық әрекет;
-
ойын әрекеті;
-
оқу әрекеті;
-
қоғамдық-пайдалы әрекет;
-
оқу-кәсіптік әрекет.
Ойын «формуласын» көптеген ғалымдар былай көрсетеді. «ермек (увлечение) + көңіл
көтеру». Біріккен оқу әрекетіне жету мотивациясын түсіну – интенсивті (өнімді) оқыту
жүйесінде сабақты өткізуде ойын формаларын қолдану негізгі мақсат болып табылады.
Ойынды қолдану психологиялық және физиологиялық демалысты ұйымдастырумен,
ақпараттық артық салмақ компенсация мүмкіндіктерімен байланысты міндеттерді шешуге
көмектеседі.
Ойынның артықшылығы, кез-келегн ойын бірнеше функцияларды (қызметтерді)
атқарады:
1.
Оқыту функциясы – жалпы оқу іскерліктері мен дағдысындамыту; есте сақтау,
назары, жан-жақты ақпаратты қабылдау, шет тілін игеру дағдысын дамыту.
2.
Көңіл көтеру функция – сабақтажағымды атмосфера құру.
3.
Қарым-қатынастық функция – оқушыларды ұжымға біріктіру, эмоционалды
байланыстар орнату.
4.
Реласоциялық функция – интенсивті оқыту кезінде нерв жүйесіне түскен
ауыртпашылықты жою.
69
5.
Психотехникалық функция – тиімді әрекет үшін өзінің физиологиялық күйін
даярлауға дағдысын қалыптастыру, ақпараттың көп мөлшерін игеруге психиканы қайта
даярлау.
Ойынның мазмұны – гуманистік бағытқа ие, қазіргі қоғамның педагогикалық
талаптарына әлеуметтік-белсенді тұлғаны тәрбиелеуге нақты сай.
Оқытудың ойындық формасы мәселе бойынша тұтас көзқарастарын қалыптастыратын
мүмкіндіктерге, оны шешудің жолдары мен амалдарын анықтауға, алынған нәтижелерді
талдауға ие. Ойын оқу әрекетіне деген қызығушылықтың тууына ынталадырады. Тұлғаның
шығармашылық белсенділігін және өзбеттілігін көрсетуге көмектеседі.
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын табиғаты – бұл оның нақты құндылығы: қуанышты
жағдай, эмоция, белсенді өмірлік тонусы (нерв жүйесімен бұлшықеттердің физиологиялық
жағдайдағы күш-қуаты), сергектік, ширақтық.
Э.Берннің пікірінше ойынның тарихи мағынасы адамдар ойнайтын ойын ұрпақтан
ұрпаққа беріледі.
Ойын бағдарламасының негізін құрайтын тапсырмалар.Ойын бағдарламасының негізін
мынадай тапсырмалар түрлері төмендегілерді құрайды:
1.
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; берілген негіздеме немесе өз
бетінше табылған негіздеме бойынша түскен ақпаратгы топтастыру, жіктеу; қойылған
танымдық міндеттерге сєйкес бөліп көрсетілген танымдық жағынан мәнді мәліметтердің
жіктемесінің дұрыстығын тексеру.
2.
Хабарламаны тыңдау; түскен ақпаратты жіктеу, яғни берілген негіздеме немесе өз
бетінше табылған негіздеме бойынша әдебиеттердегі мєліметтерді бөлу; танымдық жағынан
мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру;
3.
Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; олардағы танымдық жағынан
мәнді мәліметтерді жинақтау; меңгерілген білімнің жинақталуының дұрыстығын тексеру;
4. Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәлшеттерді жинақтау -
оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру;
5. Мәтінді оқу және ондағы басты, оқу-танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау;
жасалынған жинақтаудың дұрыстығын тексеру (Н.Я.Чутко).
Біз осы дидактикалық тапсырмалардың түрлеріне байланысты зерттеу барысында
ойындарды мынадай түрлерге бөліп, оларды оқу-тәрбие процесінде пайдаландық:
1.
Балалардың топтастыру біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;
2.
Балалардың талдау біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;
3.
Балалардың жіктеу және өзіндік бақылау біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;
4.
Балаларда көру арқылы берілген ақпаратты талдау және жекеден жалпыны табу
негізінде оны жинақтау туыстық қатынастарын орнату біліктерінің кешенін қалыптастыруға
бағытталған ойындар;
5.
Балаларда заттардың, құбылыстардың белгілерін жинақтау біліктерін қалыптастыруға
бағытталған ойындар;
6.
Балаларда оқылған материалды жинақтау оны жинақтаудың дұрыстығын тексеру
біліктерінің кешенін қалыптастыруға бағытталған ойындар.
Сонымен мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын
тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлы, ұйымдастыру-орындау және
бақылау-түзету функцияларын іске асыруға, балалардың жалпы оқу интеллектуальдық
біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |