М. Ӛ. МҰҚашева, Ұ. Т. Махажанова



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата31.12.2016
өлшемі2,48 Mb.
#883
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 
1.
 
"master-detail" есеп беруін құру 
2.
 
Есеп беруде графикалық және мемо-жолдардың кӛрінуін қамтамасыз ету  
3.
 
Есеп беруді алдын-ала кӛру 
 
14 - зертханалық жұмыс.  
Қосымшаның анықтамалық жүйесін құру 
 
Әдістемелік нұсқаулар 
 
С++Builder-  де  жасалатын  қосымшаның  анықтамалық  жүйесін    құру  келесі  4  
кезеңдерден тұрады: 
1.
 
Басқару  элементтерінің  /форма  және  ондағы  компоненттер/  контекст  номерлерін 
тағайындау; 
2.
 
Мәтіндік редакторды /мысалы, Word-ты/ пайдаланып анықтамалық жүйенің мәтіндік 
файлын жасау; 
3.
 
Арнаулы компилятор кӛмегімен анықтама файлын жасау; 
4.
 
Анықтама файлын қосымша жобасына апарып қосу. 
Компоненттердің контексттік номерлерін тағайындау.  
Форма  және  онда  орналасқан  компоненттер  анықтамалық  жүйеге  сәйкес  контексттік 
номер  ала  алады,  ол  үшін  компоненттің  HelpContext    қасиетіне  анықтама  файлындағы  
сәйкесінше тақырыптың номері  беріледі.  Қосымша орындалған кезде компонентті белгілеп 
алып F1 пернесін бассаңыз анықтама терезесінде сол компонентке қатысты анықтаманы кӛре 
алатын боласыз, егер оған сәйкес бӛлім немесе тақырып тағайындалмаған болса сәйкесінше 
хабарлама шығады. 
  
Жаттығу жұмыстары 
 
Анықтамалық жүйенің мәтіндік файлын жасау.  
Анықтамалық  жүйенің  мәтіндік  файлы  кез-келген  мәтіндік  редакторда,  бірақ  *.rtf  
форматта жасалады.  Мұны жасау үшін Microsoft Word  процессорын да пайдалануға болады. 
Мәтіндік  файл  жеке  тақырыптарды  білдіретін  
бӛлімдерден /немесе парақтардан/тұрады.   
Microsoft  Word    -та  анықтама    мәтіндік 
файлындағы 
бӛлімдердің 
атрибуттары 
сноскалар  түрінде  беріледі,  бӛлімге  сносканы 
қою  үшін  курсорды  бӛлімнің  тақырыбының 
алдына  /немесе  соңына/  апарып,  Вставка-
>Сноска  /  Word  2003/  немесе  Ссылки-
>Вставить сноску / Word 2007/ командаларын  
орындайды. 
1-кезең.  С++Builder ортасында екі санды 
қосуды  орындайтын  қрапайым  қосымша 
құрыңыз,  қосымша  терезесі  келесі  түрде 
болсын  /4.39-сурет/  және  қосымшаны  жеке 
бумаға  сақтап  қойыңыз.  Суреттегіге  сәйкес  форма  тақырыбын,  Label,  Edit  және    Button 
4.38-сурет. ProbHelp.rtf    файлынын 
бастапқы терезесі 

компоненттерінің  сәйкес  қасиеттерін  ӛзгертіңіз.  Жоғарыда  құрылған    ProbHelp.rtf   
файлындағы  бӛлімдердің  номеріне  сәйкес  Edit1  компоненттің  контекст  номеріне  яғни 
HelpContext  қасиетіне  2  мән  береміз,  себебі  оған  сәйкес  анықтама  бӛлімі  Kosilgiw1  –дің 
реттік номері 2-ге тең, тура сол сияқты  Edit2 мен Edit3 –тің HelpContext қасиеті сәйкесінше 
пен  4  болады  да,  Button1  компонентінің  HelpContext  қасиеті  ӛзіне  сәйкес  бӛлімнің  реттік 
номері 5-ші номерді алады.   
 
 
2-кезең.Бұл кезең  Microsoft Word  редакторын пайдаланып, бастапқы  *.rtf форматтағы 
анықтаманың мәтіндік файлын құруды қамтиды. Программадағы элементтерге сәйкес оның 
жалпы  кӛрінісі    келесі  түрде  болады  /4.38,  4.39-сурет/  және  бұл  файлды,  қосымша  үшін 
ашылған  буманың  ішінен  MyHelp  деген  жаңа  бума  ашыңызда  сонда  ProbHelp.rtf        деген 
атпен  сақтаңыз.    Бұл  құжаттың  терезесінде  4.38-  суреттегідей  мәтіндерді  теру  керек  
/анықтама терезесінде шығатын мәтін ӛзгеріп кетпес үшін ағылшын әріптері пайдаланылды/ 
және мұнда ең алғашқы бӛлім  «Programma turali» Word-тағы   Заголовок1  стилімен теріледі, 
ал  қалған  бӛлімдердің  тақырыптарын  жай  «қалың  бояулы»  шрифтімен  жаса  жеткілікті.  
Мәтін  теріліп  болған  соң  әрбір  бӛлімге  сәйкес  «сноскалар»  қойылады/4.40-сурет,  сол 
жақтағы  терезе/.  Келесі  қадамда  курсорды  бӛлімдерде  орналасқан  жай  мәтіндер  мен  келесі 
бӛлім  тақырыбының  арасына  қойып,  Вставка->Разрыв  страницы  командасын орындайсыз 
сонда  5  бӛлімге  сәйкес  5  терезе  шығады  /4.40-сурет,  ортада  және  оң  жақтағы  терезелер/.  
Файлды *.rtf форматта сақтауды ұмытпаңыз. 
 
4.39-сурет. Анықтама файлын пайдаланатын қосымша терезесі 

 
 
3-кезең. 
3.1.  Microsoft  Word   -та жасалған   MyHelp/ProbHelp.rtf    форматтағы   мәтіндік  файлды 
анықтамалық  жүйенің    *.hlp    файлына  айналдыру  үшін  арнаулы  Microsoft  Help  Workshop 
компиляторын  ашу  керек,  ол  үшін    Programm  Files/Borland/СBuilder6/  HELP/TOOLS  
каталогында Microsoft Help Workshop компиляторының hcrtf.exe  файлын іске қосамыз, сонда 
келесі терезе пайда болады /4.42- сурет/. 
3.2. Келесі қадамда  File->New  командасы орындалады , пайда болған терезеден  Help 
Project  таңдалынады.  
3.3.  Пайда  болған    Project  File  Name      терезесінде,  әуелі    манағы  даярланған 
ProbHelp.rtf    форматтағы  мәтіндік файл  сақталған  MyHelp  бумасын ашып алу  керек, сонан 
соң  барып    Имя  файла  тұсындағы  терезеге  жоба  файлының  атын,  мысалы  HelpProjFile1 
теріп жазамыз /4.43-сурет./ 
 
4.40-сурет.  ProbHelp.rtf    файлынын «сноска»  қойылғаннан кейінгі /сол 
жақта/ және «разрыв страницы» қойылғаннан кейінгі /ортада, оң жақта/  
терезелері 
 

 
 
4.42-сурет. Microsoft Help Workshop компиляторының  бастапқы 
терезесі 
4.43-сурет. Project File Name   терезесінде жоба  
файлының атын беру 

3.4.  «Сохранить»  батырмасы  басылғаннан  кейін    пайда  болған  терезеде 
HelpProjFile1.hlp файлының параметрлерін тағайындау басталады /4.44-сурет/. 
 
 
 
Бұл терезеде келесі параметрлер ӛзгертіледі:  
-
 
Files  параметрі,  бұл  манағы  даярланған  ProbHelp.rtf      файлына  баратын  маршрутты 
беру  үшін  қолданылады,  ол  үшін  терезедегі  сол  Files  батырмасына  шертеміз,  сонда  Topic 
Files  терезесі  шығады,  сол  терезедегі  Add  батырмасына  шертсеңіз    ProbHelp.rtf      файлы 
сақталған  MyHelp  бумасы  ашылу  керек,  сол  бумадағы  жалғыз  файл  ProbHelp  файлын 
белгілеп  «Открыть»  командасын  орындайсыз,  нәтижесінде  4.44-  суреттегі  терезеде  келесі 
жол,  Files параметрі пайда болады /4.45-сурет/; 
-
 
Window  парметрі,  бұл  программадағы  анықтама  шығатын  терезенің  атын  беру  үшін 
қолданылады,  бұл  параметрді  тағайындау  үшін    Window    батырмасына  шертіледі,  пайда 
болған  Create  a  Window    терезесіндегі  курсор  тұрған  жерге    main    деп  терезенің  типін  
жазасыз,  OK  басылғаннан  соң  келесі  терезе  қасиеттерін  беретін  Window  Properties 
терезесіндегі  Title  bar  text    тұсына  терезенің  атын,  мысалы  «АНЫҚТАМА  ТЕРЕЗЕСІ»  деп 
жазады, нәтижесінде 4.46- терезеде Window парметрінің жолы пайда болады; 
-
 
Map    параметрінің  терезесінде  ProbHelp.rtf      анықтама  файлындағы  әрбір 
тақырыпшаға «  #»   таңбасы арқылы берілген  идентификациялық атаудың /ID_1, ID_2,  ... , 
ID_5/  оның  «  арқылы берілген реттік номерлеріне /1,2, ... , 5/ сәйкестігі тағайындалады, 
ол  үшін  терезедегі  Map    батырмасына  шертіп,  пайда  болған  терезедегі  Add  командасы 
орындалады, пайда болған келесі  Add Map Entry терезеде Topic ID  параметріне ID_1, ID_2,  
... , ID_5  идентификациялық атауларды, ал Mapped Numeric Value парметріне сәйкес 1,2, ... ,5 
4.44-сурет. HelpProjFile1.hlp   файлының парметрлерін  тағайындау 
терезесінің бастапқы түрі 
 

номерлерді  бір-бірлеп  жазып  және  олардың  әрқайсысы  үшін  ОК  орындалып  отырады, 
нәтижесінде 4.46-терезедегі Map  параметрі пайда болады; 
-
 
Config    параметрінің  қызметі  анықтама  файлының  конфигурациясына  ӛзгерістер 
енгізу, мысалы,  анықтама файлында >>   немесе <<  батырмаларын пайдаланып алдыға не 
кейінге оралуды жүзеге асыру үшін ол файлға BrowseButtons() функция-макросын қосу керек 
болады, ол үшін  терезедегі Config батырмасына шертіп, пайда болған  Configuration Macros 
терезесінде  Add  командасын  орындалады,  сонон  соң  шығатын  Add  Macro  терезеде   
BrowseButtons()    деп  жазып,  ОК  басылады,  нәтижесінде  4.46-терезеде  Config    параметрі 
шығады; 
-
 
Соңғы  қадам  бұл  параметрлері  тағайындалған  анықтама  файлының  жобасын 
компиляцияға  жіберу  ол  үшін  терезедегі    Save  and  Compile  батырмасына  шертесіз,  егер 
жобада қате болмай бәрі дұрыс болса  нәтижесінде 4.47-суреттегі терезе шығады.  
 
 
4.46-сурет. Анықтама файлы жобасының
 параметрлерін тағайындау 
терезесі 

 
 
Ӛзіндік жұмыстарға тапсырмалары 
 
4.47- сурет. Анықтама файлының проектісін компиляциялаудың 
нәтижесін көрсететін терезе 
4.48- сурет. MyHelp бумада пайда болған  HELPPROJFILE1.hlp 
анықтама файлы және HelpProjFile1.hpj проект файлы 

Келесі мазмұндағы программалардың анықтамалық жүйесін құрыңыз: 
1 тапсырма 
1.
 
Пирамиданың кӛлемін табу. 
2.
 
Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу. 
3.
 
Параллелипедтің кӛлемін есептеу. 
4.
 
Тізбектің жалпы кедергісін есептеу (параллель қосылған). 
5.
 
Трапецияның ауданын есептеу. 
 
2 тапсырма 
1.
 
Азық-түлік дүкенінің ассортименті туралы мәлімет беретін; 
2.
 
Поликлиниканың дәрігерлері туралы мәлімет беретін; 
3.
 
Математикалық формулалар анықтамалығының қызметін атқаратын; 
4.
 
Кітапханадағы картотека қызметін атқаратын;  
5.
 
Атына сәйкес түстерді кӛрсете алатын;  
 
3 тапсырма 
 
№ 
Матриц
а 
Тапсырмалар 
Шектеу 

A(5,7) 
Матрицаның  әрбір  бағанының  оң  элементтерінің 
қосындысын  және  олардың  санын  есте  сақтау. 
Нәтижесін екі жол түрінде  шығару. 
Aij>0 

A(N,M) 
Матрицаның  әрбір  жолының  оң  элементтерінің 
қосындысын  және  олардын  санын  есептеп  есте 
сақтау.Нәтижесін екі баған түрінде баспадан шығару. 
N<=4 
M<=5 

B(N,N) 
Матрицанын  бас  диагоналындағы  және  одан  тӛмен  
орналасқан 
 
элементтердің 
қосындысын 
және 
элементтер санын есептеу. 
N<=6 

B(N,N) 
Матрицаның  бас  диагоналынан  тӛмен  орналасқан  оң 
элементтерінін  қосындысын  және  олардың  элементтер 
санын есептеу. 
N<=4 
Bij>0 

D(K,K) 
Матрицаның 
жұп 
орындағы 
элементтерінің  
элементтерінін 
орнына 
нольдерді 
жазып 
және 
матрицаны баспаға  шығару. 
K<=5 

D(4,4) 
Матрицаның теріс элементтерінің орнына нӛльдерді, ал 
оң элементтер орнына  бірлерді  жазу. 
Dij<0 
 

F(N,M) 
Матрицаның  әрбір  жолындағы  максималь  және 
минималь  элементтерді  тауып  оларды  сәйкесінше  осы 
жолдың бірінші және соңғы элементтерінің орнына жазу 
N<=5 
M<=3 

керек. Матрицаны баспаға шығару керек. 

F(4,3) 
Элементтері  бүтін  сан  болатын  матрицанын  әрбір 
жолынын  тӛртке  еселі  элементтерінің  санын  және 
нәтижелерінің ең үлкенін табу керек. 
(Nij / 4)*Nij 

N(5,3) 
Элементтері  бүтін  саң  болатын  матрицанын  әрбір 
жолынын  беске  еселі  элементтерінің  санын  және 
нәтижелерінің ең үлкенін табу керек. 
(Nij / 5)*Nij 
10 
N(5,5) 
M(3,Kmax)  матрицасын  құру  керек,  мұндағы  Kmax-  N 
матрицасының оң элементтерінің  ең үлкені.    Мұндағы    
M  матрица  элементтері  N  матрицаның  оң  элементтерін 
ғана ала алады, ал теріс элементтердің орнына ноль жазу 
керек. 
 
15 - зертханалық жұмыс.  
Қосымшаны  таратуға  даярлау.  Дистрибутивтер.  Орнатушы  инсталляциялық  пакетті 
Install Shield Express утилитасы арқылы жасау 
 
Әдістемелік нұсқаулар 
 
Install  Shield  Express  -  инсталлятор  құрудағы  қуатты  және  ыңғайлы  құралдардың  бірі. 
Бұл  түсінікті  интерфейске,  және  деминимальды  жады  кӛлемін  алатын  профессионалды 
инсталляторларға тән керекті функциялар жиынтығына ие. 
Install Shield Express арқылы инсталляциялық қосымша құру үшін  Install Shield Express 
орындалуга жібереміз. Жаңа жоба құру кезінде жобаның атын енгізіп,  қосымша файлдары 
орналасқан каталогты кӛрсету қажет /4.49-сурет/. 
 
 

4.49-сурет. Жаңа дистрибутив құру 
 
"Include  custom  setup  type"  жалаушасын  таңдаймыз.  Осыдан  кейін  InstallShield-тың 
басты  экраны  пайда  болады,  онда  дистрибутивтi  жасауы  үшiн  орындау  керек  болатын 
адымдардың тiзбегi кӛрсетiлген /4.50- сурет/. 
 
 
4.50-сурет. InstallShield Express басты терезесі 
 
Set  the  Visual  Design  бӛлiмiнде  қосымша  туралы  мәлiметтерi  бар  ӛрiстерді  толтыру 
керек:  программалық  топта  кӛрінетін  қосымша  аты,  орындалатын  файл  аты,  қосымша 
орнататын каталог /4.51-сурет/. 
 

 
4.51-сурет. Қосымша параметрлерін орнату 
 
Install 
Shield 
 
қолданушы 
компьютерінің 
дискілерімен 
каталогтарын 
идентифицирлейтін бірнеше айнымалыларданады: 
-
 
 - қолданушы кӛрсетуі арқылы орнатуға арналған каталог 
-
 
 - құрамында Windows бар каталог 
-
 
 - Windows\System каталогы 
-
 
 - құрамында Windows бар диск 
-
 
 - Windows\System каталогы бар диск 
-
 
 - Program Files каталогы. 
Main Window бүктемесі арқылы инсталляционды қосымша тақырыбын, фон түсін және 
логотипін орнатуға болады /4.52-сурет/. 

 
4.52-сурет. Инсталлятор экранының ішкі түрін орнату 
 
Features  бүктемесін  шерту  арқылы  жалғыз  Automatic  Uninstaller  опциясын  кӛруге 
болады. Оны таңдалынған түрінде қалдыру қажет. 
Келесі бӛлім - Specify InstallShield Options for Borland C++ - BDE, SQL Links және т.б. 
қосымшалармен  жиi  қойылатын  компоненттердi  таңдауға  арналған.  Қажетті  компонентті 
таңдап  (біздің  жағдайда  BDE)  және  Settings  батырмасын  басу  арқылы,  BDE  бӛлімдерін 
таңдау және бүркеншiк аттарды жасау үшiн тӛрт диалогтiк терезелер тiзбегiн аламыз /4.53-
сурет/. 
 

 
4.53-сурет.  BDE-нің орнатылатын бӛлімдерін анықтау 
 
Бүркеншек ат параметрлерін орнату барысында бүркеншек ат типін және мәліметтердің 
орналасатын  жерін  таңдауға  болады.  Қалған  параметрлерін  мәтіндік  редакторде  кӛрсетуге 
болады /4.54-сурет/: 
 
 
4.54-сурет. BDE бүркеншек атының параметрлерін орнату 
 
Advanced  Options  бүктемесін  шерту  арқылы  қосымша  компоненттер  (біздің  жағдайда 

BDE) файлы тізбегімен және олар туралы мәліметтермен танысуға болады. 
Келесі бӛлім - Specify Components and Files - қосымшаның компоненттерi және файлдар 
топтарын  анықтауға,  орнату  түрлерiне  арналған.  Groups  бүктемесін  шерту  арқылы 
дистрибутив  компоненттерін  жасау  үшін  файлдар  тобын  құруға  болады.  Сонымен  қатар 
Explorer  қолдануға  болады  және  одан  қажетті  файлдарды  drag-and-drop  әдісімен  (ол  үшін 
Launch  Explorer  батырмасын  басу  қажет)  кӛшіруге  болады.  Топтарды  бос  тастап  кетуге 
ұсынылмайды. 
 
 
4.55-сурет. Файлдар тобын құру 
 
Components бүктемесін шерту арқылы, дистрибутив компоненттерін анықтауға болады 
және олардың қандай файлдар топтарынан тұратынын кӛрсетуге болады. Топтарға кірмейтін 
компоненттерді қалдыруға болмайды. 
 

 
4.56-сурет. Дистрибутив компоненттерін құру 
 
Келесі  бүктеме  -  Setup  Types  –орнату  түрін  анықтауға  арналған.  Егер  онда  шертсе, 
Typical  орнатудың  бір  варианты  (мысалға,  сіз  "Include  custom  setup  type"  жалаушасын 
белгілеуді ұмыттыңыз). Бұл жағдайда Select User Interface Components бӛлімін таңдау қажет 
және  Components  бүктемесін  шертіп,  Dialog  Boxes  тізімінен  Setup  Type  және  Custom  Setup 
опцияларын  белгілеу  қажет.  Осыдан  кейін  Setup  Types  бүктемесіне  оралып,  инсталляция 
түрін  анықтауға  болады.  Ереже  бойынша  Custom  және  Typical  құрамында  барлық 
компоненттер,  ал    Compact  –  қосымшаның  жұмыс  жасауына  қажетті  минимальды 
компоненттер жинағы бар. 

 
4.57-сурет. Орнату нұсқаларының құрамын анықтау 
 
Select  User  Interface  Components  бӛлімінде  қолданушы  инсталляция  кезінде  қажетті 
ақпараттарды  енгізетін  (мысалға,  компания  және  ӛзі  туралы  мәліметтер,  ӛнімдердің 
сериялық  нӛмірі)  диалогтарды  таңдайды,  readme  файлы  және  лицензионды  келісімдермен 
танысады,  инсталляция  каталогын  кӛрсетеді,    орнату  түрін  таңдайды  және  т.б.  Preview 
батырмасын басу арқылы диалогтарды алдын ала кӛруге болады. 
Келесі  бӛлім  -  Make  Registry  Changes  –  қолданушы  компьютерінде  тізілімнің  жаңа 
кілттерін  (Keys  бүктемесі)  және  олардың  мағыналарын  (Values)  құруға    мүмкіндік  береді. 
Бұл пайдалы болуы мүмкін, егер сіз қосымшада ActiveX компоненттері немесе OLE-сервер 
құруда қолдансаңыз. 

 
4.58-сурет. Қолданушы компьютеріндегі реестр 
мәндерін және кілттерді анықтау 
 
Келесі  бӛлім  -  Specify  Folders  and  Icons  –  болашақ  программалық  топ  құрамын 
анықтауға  мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  командалық  жол  (Advanced  бүктемесі) 
параметрлерін анықтайды. 
 

 
4.59-сурет. Программалық топ құрамын анықтау 
Соңғы  бӛлім  -  Run  Disk  Builder.  Инсталляциялық  скрипт  сақталғаннан  кейін 
(InstallShield  басты  терезесіндегі  инструменттер  панелінен  дискеттің  суреті  бар  батырманы 
басу  арқылы)  және  тасымалдаушының  түрін  таңдау  қатқыл  дискіде  дистрибутивті  дискет 
бейнесінде  құрылады.  Осыдан  кейн  Create  Distribution  Media  бӛлімін  таңдап,  құрылған 
дистрибутивті дискетке жазуға болады. 
 
 
4.60-сурет. Диск бейнесін құру. 

 
Test  Run  опциясын  инсталляционды  қосымша  жұмысын  тексеру  үшін  қолдануға 
болады. бірақ бұны қосымша құрылып жатқан компьютерде тексеру ұсынылмайды. Дұрысы 
сіздің  қолданушылардың  компьютеріне  ұқсас  компьютерлерде  тексерген  жӛн.  Бұдан  басқа 
осы компьютерге Windows кӛшірмесін жасаған дұрыс, инсталлятор дұрыс жұмыс жасамаған 
жағдайда программалық жабдықты қайта қалпына келтіретіндей. 
Инсталляциялық  программаны  орындалуы  Select  User  Interface  Components  бӛлімінде 
таңдалған диалогтар тізбекті пайда болады /4.61-сурет/. 
 
4.61-сурет. Орнату программасының 
диалогтарының біреуі осындай түрде болады 
 
Инсталляциялық  қосымша  жұмысының  нәтижесі  қосымшаны  және  оның  жұмысына 
қажетті  файлдарды  қолданушы  компьютеріне  орнату,  программалық  топ  құру,  тізілімге 
қажетті кілттерді енгізу /4.62-сурет/. 
 

 
4.62-сурет. Инсталляциялық қосымша 
жұмысының нәтижесі 
 
Егер дистрибутивті құру кезінде  Automatic Uninstaller опциясын таңдасақ, орнатылған 
қосымшаны  деинсталляциялау  қажет  болған  жағдайда  Windows  панелдерін  басқарудағы 
"Установка и удаление программ" утилитасын қолдану керек. 
Осындай  жағдайлардан  кейін  InstallShield  Express  кӛмегімен  функциональды  және 
дизайны жағынан қазіргі заман талаптарына сай инсталляциялық қосымша дистрибутивтерін 
жылдам құруға мүмкіндік береді. 
 
Ӛзіндік жұмыс тапсырмалары 
 
1.
 
Азық-түлік 
дүкенінің 
ассортименті 
туралы 
мәлімет 
беретін 
қосымшаға 
инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру; 
2.
 
Поликлиниканың  дәрігерлері  туралы  мәлімет  беретін  қосымшаға  инсталляциялық 
қосымша дистрибутивін құру; 
3.
 
Математикалық  формулалар  анықтамалығының  қызметін  атқаратын  қосымшаға 
инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру; 
4.
 
Кітапханадағы  картотека  қызметін  атқаратын  қосымшаға  инсталляциялық  қосымша 
дистрибутивін құру;  
5.
 
Атына  сәйкес  түстерді  кӛрсете  алатын  қосымшаға  инсталляциялық  қосымша 
дистрибутивін құру;  
 
V    Курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік   
      нұсқаулар 
 
1.
 
Курстық жұмыстың құрылымы 
 

Курстық  жұмыстың  құрылымына  курстық  жұмыстың  мазмұны  мен  графикалық 
бӛлімінің мазмұны кіреді. 
 Курстық жұмыстың мазмұны тӛмендегідей құрылымдық элементтерді қамтиды: 
 - сыртқы беті; 
 - тапсырма; 
 - аннотация; 
 - мазмұны; 
 - белгілеу мен қысқартулар; 
 - кіріспе; 
 - негізгі бӛлім (жұмыстың негізгі мазмұны); 
 - қорытынды; 
 - қолданылған әдебиеттер тізімі; 
 - қосымшалар. 
 Курстық  жұмысқа  тапсырма  оқу  процесінің  кестесіне  сәйкес  ағымдағы  семестрдің 
алғашқы аптасынан кешіктірілмей беріледі. 
 Кафедра тапсырмасында жобаны орындау үшін негізгі қажетті мәліметтер беріледі. 
 Тапсырмада  тӛмендегілер  кӛрсетілуі  керек:  жұмысқа  байланысты,  оқыту  пәні; 
студенттердің  аты–жӛні  мен  тобы;  жұмыс  тақырыбы,  жетілдіру  кезеңдері  мен  орындалу 
мерзімдері; жетекшінің аты – жӛні, оның қызметі, қолы және тапсыру мерзімі. 
 Әрбір  тапсырма  әдістемелік  және  ғылыми  негізде  ойластырылуы  керек  және 
студенттердің дайындық деңгейі мен жұмысты орындауға кететін уақыты сәйкес болуы тиіс. 
 Қажетті  мәліметтерге  ҚР  нормативтік-заңдық  актілер,  оқулықтар,  оқу  құралдары, 
монографиялар,  анықтамалық  әдебиеттер,  статистикалық  материалдар,  мерзімдік 
басылымдар жатады. 
 Курстық  жұмыстың  мазмұнында  тӛмендегідей  құрылымдық  элементтер  айқындалуы 
тиіс: кіріспе, үш (екі) тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі. 
 Орындалу мерзімі тӛмендегідей ұсынылады: кіріспе  - 1-2 апта, қорытынды - 1-2 апта, 
әрбір тарау  - 2-3 апта, қолданылған әдебиеттер тізімі  -  3-5 күн. Сонымен қатар, жұмыстың 
құрылымдық элементтерің кӛлемі: кіріспе - 2-3 бет, қорытынды - 2-3 бет, әрбір тарау - 10-15 
бет, қолданылған әдебиеттер тізімі -1-2бет. 
 Есептік  –  графикалық  бӛлімде  слайдтар,  плакаттар  аталуы,  орындалу  мерзімі,  беттер 
саны кӛрсетіледі. А4 парағында 3 слайдтан кем емес орындалу ұсынылады. 
 Аннотацияда  курстық  жұмыс  туралы  негізгі  мәліметтер  қысқаша  беріледі. 
Аннотацияда  курстық  жұмыс  кӛлемі,  кестелер,  сызба,  қосымшалар  туралы  мәліметтер 
қамтылады.  
Мазмұнында бӛлімдер, тараулар, қосымшалардың аталуы мен реттік номерлері кіреді.  
 «Мазмұны» сӛзі ірі әріптермен ортадан басталып жазылады. 
 «Белгіленулер  мен  қысқартулар»  құрылымдық  элементінде  курстық  жұмыста 
қолданылатын  белгіленулер  мен  қысқартулар  тізімі  сипатталады.  Сӛздерді  қысқарту  үлгісі 
тӛмендегіше:  
 ОБП– объектіге бағдарланған программалау. 
 Кіріспеде автор таңдалған тақырыптың ӛзектілігі, ондағы мәселерді жетілдіру деңгейі 
мен шешу жолдарын кӛрсетеді. Кіріспе қысқаша болуы керек (2-3 бет). 
 Жұмыстың  негізгі  бӛлігінде  тақырыптың  мазмұны  сипатталады.  Бұл  бӛлім 
зерттелінетін тақырыптың мазмұнын сипатайтын 2-3 тараудан тұрады. Тарауларды артттыру 
қажет емес, себебі бұл курстық жұмыстың айтарлықтай кӛлемінің ӛсуіне әкеледі. Жұмыстың 
негізгі бӛлігі компьютерлік текстпен 25-30 бет немесе қолмен жазып 30-40 бет болуы тиіс. 
 Қорытынды  бӛлімінде  курстық  жұмыстың  материалдары  бойынша  ұсыныстар 
енгізіледі. Қорытындысы 2-3 беттен тұрады. 
 Курстық  жұмыстың  соңында  белгілі  бір  тәртіппен  библиографиялық  тізімдер  берілуі 
тиіс. 
 

2.
 
Курстық жұмыстың орындалу тәртібі. 
 Курстық жұмыстың орындалуын тӛмендегідей кезеңдерге бӛлуге болады: 
-
 
тақырыпты таңдау; 
-
 
әдебиеттерді іріктеу және үйрену; 
-
 
жұмыс жоспарын құрастыру; 
-
 
нақты материалдарды жинау мен жетілдіру; 
-
 
курстық жұмысты жазу; 
-
 
курстық жұмысты толтыру (оформление); 
-
 
курстық жұмысты қорғау. 
3.
 
Курстық жұмысты әрлеу (оформление) 
 
  Жұмыстың  мәтіні  (тексті)  А4  парағының  бір  бетіне  жазылуы  тиіс,  тӛмендегідей 
ӛлшемдерді сақтай отырып: сол жақтан -30 мм, оң жақтан -10 мм, жоғары және тӛменнен- 20 
мм. Мәтінді компьютермен жазуда бірлік интервал, 14 кегль болуы керек. 
Курстық  жұмыстың  мәтіндегі  барлық  анықтамалар  мен  сандық  мәліметтерге  шыққан 
алғашқы  дерек  кӛздері  кӛрсетілуі  тиіс.  Курстық  жұмыстың  беттері  нӛмірленуі  тиіс. 
Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен жазылуы керек. 
 Студент  жұмысты  жазып  және  толтырған  соң  қорғау  күнін  белгілеп,  қол  қойып 
кафедрасына ӛткізуі тиіс. 
Курстық  жұмыстың  негізгі  бӛлігі,  зерттеу  тақырыбы  мен  мазмұнына  байланысты,  әр 
түрлі мәтіндер түрінде, кестелер мен суреттер түрінде (сызба, диаграммалар) ӛрнектелуі тиіс. 
 Жұмыстың  мәтіні  зерттеу  объектісі  туралы  ақпараттармен  тиянақты  және  логикалық 
түрде қамтылуы керек. Мәтін тараулар, бӛлімдерге бӛлінеді, әрқайсысының ӛз нӛмері араб 
цифрларымен сипатталуы тиіс. 
Бӛлімдер  атаулары  тараулардың  мазмұнын  нақты  және  қысқа  айқындауы  тиіс. 
Бӛлімдер  атаулары  ірі  әріптермен  орта  жолдан  нүктесіз,  астын  сызбай  ірі  шрифтермен 
жазылуы  керек.  Бӛлімдер  ішіндегі  тақырыпшалар  атаулары  ірі  әріптермен,  нүктесіз,  астын 
сызбай ірі шрифтермен жазылады. Мұнда сӛздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді. 
 Атаулар мен мәтін арасындағы қашықтық 1 мм болуы керек.  
 Курстық жұмыстың бӛлімдері мен тараулары араб сандарымен нӛмерленеді. Тараулар 
барлық мәтіндегі реттік номерлеу бойынша жүзеге асады. Мысалы – 1,2,3 және т.б. 
 Бӛлімдер  әрбір  тарау  бойынша  реттік  номерлеу  бойынша,  мысалы  -1.2,  2.1,  3.1.  т.с.с. 
іске асырылады. Тараулар, бӛлімдер номерлерінен соң нүкте қойылмайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет