● Оймақтай ой Талпыныс тəжі – табандылық. Əбу Насыр Əл-фараби


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата01.01.2017
өлшемі5,72 Mb.
#889
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 8 сәуір                       №129                       Астана қаласы



«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» 

республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрiнiң 2014 жылғы 7 қазандағы 

№30 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

 

«Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  1998  жылғы  24  наурыздағы  Қазақстан  Республикасы 

Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және 

спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 

желтоқсандағы № 1440 қаулысына сәйкес, 

бұйырамын:

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық 

мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 7 қазандағы № 30 Қазақстан Республикасы 

Мәдениет және спорт Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 

№ 9804 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 5 наурызда № 43 (28521) жарияланған) 

мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін 

істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық 

мемлекеттік мекемесінің ережесі»;

15-тармағы мынадай ре дакцияда жазылсын:

«15. Функциялары:

1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі 

бағыттарын іске асыруға қатысады;

2) республикадағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;

3) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, діни білім 

беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;

4) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырылуын қамтамасыз 

етеді;


5) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүзеге асырады;

6) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді;

7) Республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызмет етуіне, шетелдік діни орталықтардың 

Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауға келісім береді;

8) діни қызмет саласында шет мемлекеттердің уәкілетті орғандарымен ынтымақтастық ұйымдастырады 

және жүзеге асырады;

9)  діни  қызмет  және  діни  бірлестіктермен  өзара  әрекеттесу  мәселелері  бойынша  халықаралық 

ынтымақтастықты жүзе ге асырады, сонымен қатар діни қызмет саласында халықаралық келісімдер, 

меморандумдар мен шарттар әзірлейді;

10)  діни  қызмет  және  діни  бірлестіктермен  әрекеттестік  мәселелері  бойынша  облыстардың, 

республикалық  маңызы  бар  қаланың  және  астананың  жергілікті  атқарушы  органдарының  қызметін 

үйлестіреді;

11) діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдарды әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге 

асырады;


12)  өз  құзыреті  шегінде  діни  қызмет  саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілерді  әзірлейді  және 

әзірлеуге қатысады;

13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша стратегиялық және 

бағдарламалалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;

14) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер 

туралы заңнамасы бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;

15) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды 

тұлғалардың, оның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

16) заңнамада белгіленген жағдайлар мен тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды 

толтырады;

17)  өз  құзыреті  шегінде  экстремизмнің  алдын  алуға  бағытталған  профилактикалық  шараларды, 

терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

18) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық 

қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

19) Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылар құқықтарының 

қорғалуын қамтамасыз етеді;

20) Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидасының сақталуын қамтамасыз етеді;

21) заңнамамен бекітілген тәртіпте діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық 

мониторинг жүргізеді;

22) «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» және «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-

зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың 

тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асырады;

23) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.»;

20-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Комитет Төрағасының өкілеттігі:

1) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы 

ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;

3) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады 

(Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда); 

4)  Министрліктің  Жауапты  хатшысына  Комитет  төрағасының  орынбасарларын  тағайындау  мен 

қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы 

ұсынымдар енгізеді; 

5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілгін 

арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін 

(төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді; 

6) Министрліктің басшылығымен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық 

бағынастығы ұйымдар басшыларын тағайындайды; 

7)  өз  құзыреті  шегінде  бұйрықтарға  қол  қояды,  Комитет,  қызметкерлерінің  орындауы  міндетті 

нұсқаулар береді; 

8) Комитеттің Әкімшілік және кадрлық жұмыс, құқықтық қамтамасыз ету, экономика және қаржы 

басқармаларына жетекшілік етеді; 

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің 

атынан әрекет етеді; 

10)  Комитетте  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  әрекетке  бағытталған  шаралар  қабылдайды  және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады

11) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселер бойынша шешім қабылдайды.». 

2.  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  Дін  істері  комитеті  заңнамада 

белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы  бұйрық  мемлекеттік  тіркеуден  өткеннен  кейін  күнтізбелік  он  күн  ішінде  мерзімді  баспа 

басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан 

Республикасы  Мәдениет  және  спорт  министрлігі  Дін  істері  комитетінің  интернет-ресурстарында 

орналастыруды;

4)  осы  тармақпен  көзделген  іс-шаралардың  орындалуы  туралы  мәліметтерді  іс-шараларды 

орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 

Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі 

М.А. Әзілхановқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 

енгізіледі.



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ.

Бұйрық  Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2015  жылғы  8  мамырда 

Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11012 болып енгізілді. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 5 қараша                        №342                        Астана қаласы



«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды,

діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ 

ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған 

үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 

2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 

43-1-бабы 1-тармағына сәй кес, 

бұйырамын:

1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды 

тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде 

діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты 

бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2013 

жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 

8634 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 қазанда № 237 (28176) жарияланған) 

мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген  бұйрықпен  бекітілген  Діни  әдебиетті  және  діни  мазмұндағы  өзге  де  ақпараттық 

материалдарды,  діни  мақсаттағы  заттарды  тарату  үшін  арнайы  тұрақты  үй-жайлардың,  сондай-ақ 

ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың 

орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда 

жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгiленген 

заңнамалық тәртiпте: 

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық 

жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін осы бұйрықтың елтаңбалы мөрмен 

куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелерін 

жолдауды;

3)  осы  бұйрықтың  ресми  жарияланғаннан  кейін  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт 

министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің 

интернет-ресурстарында орналастыруды;

4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы 

мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет 

және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет 

және спорт вице-министріне жүктелсiн. 

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткеннен соң 

қолданысқа енгізіледі. 



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 

2015 жылғы 5 қарашадағы №342 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 

2013 жылғы 23 шілдедегі №34 бұйрығымен бекітілген 

Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы 

заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен 

(ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың 

орналастырылуын анықтау бойынша нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы 

заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс 

жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын анықтайтын осы Нұсқаулық 

(бұдан әрі - Нұсқаулық) діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни 

мақсаттағы заттарды таратуға арналған тұрақты үй-жайларды және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) 

тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру тәртібін нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:

1) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар 

(бұдан әрі – діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлар) – нысаналы мақсатты діни жораларды, діни 

құлшылықтарды, рәсімдерді, жиналыстарды өткізуге арналған тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен 

(ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасқан оның бір бөлігі;

2) діни әдебиет – діни мазмұнға ие (теологиялық, діни-каноникалық, ритуалдық-мистикалық, әлеуметтік-

теологиялық) және тұрғындардың діни және рухани-діни ұстанымдарынан туындайтын өзге де әлеуметтік мәні 

бар сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған баспа немесе электрондық өнім (кітаптары, брошюралар) 

болып табылады;

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды 

таратуға арналған тұрақты үй-жайлар (бұдан әрі - тұрақты үй-жайлар) – сауда жасайтын, қосалқы, 

әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы 

өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын 

бөлмелері бар тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан 

оның бір бөлігі;

4) діни мазмұндағы ақпараттық материалдар – діни мазмұндағы ақпаратты қамтитын баспа түріндегі 

және электрондық өнім;

5) діни мақсаттағы заттар – діни құлшылықтарды, діни жоралар мен рәсімдерді өткізуге қажетті, сондай-

ақ діни рәміздегі элементтерден тұратын заттар, бұйымдар және атрибуттар.

3. Осы Нұсқаулыққа сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті 

атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуын 

бекітеді және діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуына келісімін береді.

2. Тұрақты үй-жайлардың және

діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуын анықтау

4.  Тұрақты  үй-жайлар  мен  діни  жораларды  өткізуге  арналған  үй-жайлар  бөлек  орналасқан 

ғимараттардың ішінде немесе жеке ғимараттарда орналасады.

5. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар келесі орындарда орналаса 

алмайды:

1) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында;

2) мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің, басқа да әскерлер мен 

әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі ғимараттарында;

3)  осы  тармақтың  1),  2)  тармақшасында  көрсетілмеген  мемлекеттік  мекеме,  мемлекеттік 

кәсіпорындардың ғимаратында.

6. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлар осы Нұсқаулықтың 5-тармағында 

көрсетілген ғимараттардан 300 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.

7. Тұрақты үй-жайлар мен діни жоралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы оларға жақын 

тұрған (көрші орналасқан үй-жайлардағы, ғимараттардағы) тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері 

сақталған жағдайда жол беріледі, сондай-ақ үй-жайлар орналасқан ғимараттардың қалыпты жұмыс 

істеуіне кедергі келтірмеуі керек. 

8. Тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың 

орналастырылуын келісу кезде келесі жағдайларға:

1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының бұйрығы

2015 жылғы 18 желтоқсан                  №25-1-51                   Астана, Үкімет Үйі



Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ведомстволық 

бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының 

тізілімін бекіту туралы  

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына 

сәйкес 

бұйырамын:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі 

Кеңсесінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының 

тізілімі бекітілсін.

 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық бөлімі осы бұйрықтың 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін жэне оның ресми жариялануын 

белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 

Басшысының орынбасары А.К. Қабыкеновке жүктелсін.

 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



Е.ҚОШАНОВ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының 

2015 жылғы 18 желтоқсандағы №25-1-51 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік 

мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі

«Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесі

Буын

Деңгей

Лауазымының атауы

А блогы – басқарушы персонал

А1

1



Мемлекеттік мекеме басшысы

1-1


Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары

А2

1



Бас бухгалтер Қызмет басшысы

В блогы – негізгі персонал

В1

2



Бас сарапшы

В1

3



Жетекші сарапшы

В1

4



Аға сарапшы

В1

5



Сарапшы

«Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және 

олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесі

Буын

Деңгей

Лауазымының атауы

А блогы – басқарушы персонал

А1

1



Мемлекеттік мекеме басшысы

1-1


Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары

А2

1



Бас бухгалтер

А3

1



Топ басшысы

В блогы – негізгі персонал

В1

2



Бас сарапшы

В1

3



Жетекші сарапшы

В1

4



Аға сарапшы

В1

5



Сарапшы

С блогы – әкімшілік персонал

С2

Аудармашы, әдіскер, бағдарламашы



С3

Әдіскер, бағдарламашы



«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» 

республикалық мемлекеттік мекемесі

Буын

Деңгей

Лауазымының атауы

А блогы – басқарушы персонал

А2

1

Бас бухгалтер



А2

1-1


Бас бухгалтердің орынбасары

С блогы – əкімшілік персонал

С2

Бухгалтер, аудармашы, əдіскер, бағдарламашы



С3

Бухгалтер, аудармашы, əдіскер, бағдарламашы



Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда 

Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12454 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 4 желтоқсан                        №613                        Астана қаласы



Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар 

тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат 

төлеу қағидаларын бекіту туралы

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға(жылыстатуға) және терроризмді қаржы ландыруға 

қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 

8-тармағына сәйкес 



бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен 

тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу 

қағидалары бекітілсін. 

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш.Тәжіяқов) заңнамада 

бекітілген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)  осы  бұйрықты  мемлекеттік  тіркегеннен  кейін  күнтізбелік  он  күннің  ішінде  мерзімдік  баспасөз 

басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3)  осы  бұйрықты  Қазақстан  Республикасының  Қаржы  министрлігінің  интернет-ресурсында 

орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2016 жылдың 6 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға 

жатады.

Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы 

№613 бұйрығымен бекітілген

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар 

тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу 

қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне 

енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу қағидалары (бұдан 

әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді 

қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына 

сәйкес әзірленді (бұдан әрі –Заң) және қаржы мониторингі субъектілерінің терроризмді және экстремизмді 

қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тіршілік-

тынысын, сондай-ақ онымен бірге тұратын, өз бетінше алатын табыс көздері жоқ отбасы мүшелерінің 

тіршілік-тынысын қамтамасыз етуі үшін қаражат төлеу тәртібін айқындайды. 

2.  Заңның  12-бабы  8-тармағының  1)  және  2)  тармақшаларында  көзделген  жалақы,  зейнетақы, 

степендия,  жәрдемақы,  өзге  де  әлеуметтік  төлемдер  түріндегі  қаражатты  алуға  Заңның  12-бабы 

4-тармағының  3),  4),  5)  және  6)  тармақшаларында  көзделген  негіздер  бойынша  терроризмді  және 

экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның, 

сондай-ақ онымен бірге тұратын, өз бетінше алатын табыс көздері жоқ отбасы мүшелерінің құқығы бар.

3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкілетті орган –Заңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған 

кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге 

де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган;

2) терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі 

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің интернет-ресурсында 

орналастырылатын уәкілетті орган жасайтын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты 

ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет