ӨШПЕЙТІН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН
Ізбанов Лескен,
Ақтөбе қаласы ауылдық округтер кеңесінің төрағасы,
отставкадағы полковник.
Заманның әр кезеңі елге жөн сілтеп, бағыт-бағдарды айқындайтын зиялы тұлғаларын
тудырып отырады. Таяуда ғана атап өткен Ұлы Жеңістің 68 жылдығы мерекесіне
ардагерлеріміз қатары сиреп жетті. Сол соғыс жылдарында Отан қорғауда ерлігімен, соғыс
аяқталған соң халық шаруашылығын қалпына келтіруде қажырлы еңбегімен алдыңғы
қатардан көрінген ағаларымыз аз емес. Сұрапыл майданнан соңғы бейбіт күндерде жауапты
қызметтер атқарып, үлкен абыройға бөленген майдангер ағаларымыз Хайрулла Иманалин,
Жолмырза Құрманбеков, Шералы Құрманалин, Әзім Ниетов, Рысжан Мұқаев, Тәкібай
Әлдерзин, Мұқамбетжан Қыдыров біздің мақтанышымызға айналды.
Ол заманда елде сауатты, білімді адамдар аз болғаны белгілі. Сондықтан оқыған
ағаларымызды басқа аудандарға жауапты қызметтерге жіберіп отыратын. Міне, осыдан
болар, кейбір ағайындарымызбен араласу, қатынасу мүмкіндігі қиындап кеткені белгілі.
Түбіміз бір ағайын болғанымен, ұзақ уақыт араласпаған адамдардың арасы ұзап кететіні
мәлім.
Құрметті ағаларымыздың бірі Жолмырза Құрманбеков соғыстың нағыз қызған тұсы —
1944 жылдарында Шалқар ауданындағы Бершүгір шахтасында партия комитетінің хатшысы
болып қызмет атқарып жүргенде Байғанин ауданына басшы қызметке жіберді. Ол осы
өңірдің экономикасын көтеруде, халықтың әл-ауқатын жақсартуда көп еңбек сіңірген адам.
Аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, колхоз басқармасының төрағасы
болып абыройлы еңбек етіп, халықтың құрметі мен ықыласына бөленген. Күш-қуатының
нағыз толысып, жігерінің, тәжірибесінің кемеліне келген шағында Алланың бұйрығымен
ағамыз ол дүниенің есігін ашқан. Артында жеңгеміз бес баласымен қалып, оларды
балапандай әлпештеп, қазақша айтқанда қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай
өсіреді. Ең бастысы іні-қарындастарымыздың жақсы білім алуына жол ашады, ол үшін
тәлімді тәрбие береді, әке рухында ер жеткізеді. Балаларының барлығы да қатарларының
алды болып, жоғары білім алды, олардың есімдері ел аузында құрметпен аталатын болды.
«Мың қойың болғанша, бір ғалым балаңыз болсын»-деген қазақ мақалы бар ғой,
сондай-ақ Жолмырза ағамыздан тараған балалардың ішінде ғылыммен шұғылданған, оның
бірталай белестерін бағындырған, алда да алатын асулары көп — Беркін ініміз еді.
Ол институтты бітірген соң Қобда ауданында мұғалім болып еңбек жолын бастады.
Көп ұзамай жас маманның біліктілігін байқаған аудан басшылығы оны аудандық атқару
комитетіне жауапты қызметке жібереді. Аз уақыт ішінде жұмыстың қыр-сырын меңгерген
оны аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі етіп жоғарылатады. Одан кейінгі тұста
аудандық білім бөлімін басқарды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ол отбасымен Ақтөбе қаласына қоныс
аударды. Ендігі мақсаты ғылыммен айналысу екенін байқатты. Құдайберген Жұбанов
атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне аға мұғалім болып, кафедра меңгерушісі
болып қызметке орналасты. Міне, осы тұста бұрын ауданда тұрған Беркін інімізді
жақынырақ біле түстік.
Беркіннің ағасы Еркін елге белгілі азамат, сол кезде мәдениет саласында басшылық
қызметте болды. Ол туысқандар арасында бұрыннан беделді, мінезі тартымды, адамды өзіне
жақындатып тұрады. Беркін Ақтөбеге келген соң, Еркін ағасының үйінде дастарқан басында
жүздестік. Келініміз Сәуле Солтүстік Қазақстан өңірінің қызы екен. Әдетте ол жақты біз
орыстанып кеткен деп есептейміз ғой. Ал Сәуле келініміз өте қазақы, үлкенге сәлем ету,
тұрып орын беру секілді ибалылық қасиеттерді жетік білетін болып шықты. Бұдан кейін
Беркіннің отбасымен де жақын араласып кеттік.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
111
Беркін ағайын-тума десе, омырауын аша ұмтылатын жігіт екен. Қолында анасы болды.
Сәуле келініміз балаларымен бірге жеңгемізді өте жақсы бақты.
Ғылым деген инемен құдық қазғандай дейді ғой, байқағаным, Беркін өте еңбекқор екен.
Жатпай-тұрмай еңбек етіп, ғылыммен шұғылданды. Аз уақыт ішінде бірнеше кітап шығарып
тастады. Ырғыз, Темір, Ойыл жәрмеңкелері туралы ғылыми-танымдық еңбектер жазып,
бұрын қозғала қоймаған тақырыпты тереңінен игерді. Өткен заманда өмір сүрген батырлар,
билердің биік тұлғасын халыққа жеткізуде Беркін көп еңбек сіңірді.
Қызылорда облысының Арал ауданына барып, Ақкісі биге ас беруге атсалысты.
Шалқар ауданы Соленая бекетіне Қайдауыл батыр есімін беруге байланысты көптеген
шаралардың ортасында болып, тарихи деректерді негіз етіп ала отырып, баяндамалар
жасады.
2010 жылы Қайдауыл батырға Ақтөбе қаласынан көше аты берілді. Беркін ініміз
Қайдауыл батыр жөнінде өте қызықты баяндама жасады. Бұрын беймәлім деректерді
келтірді.
«Бітер істің басына, жақсы келер қасына деген» Шалқар ауданынан шыққан жалғыз
Кеңестер Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев туралы кітап шығару көп уақыттан бері ойда
жүрген мәселе еді. Бірде мен осы жайға қатысты Беркін бауырымызға қолқа салдым.
Айтқаным: «Ідіріс ағамыз жөнінде деректі материалдар жинастырып, кітапшығарған жөн
болар еді» дедім. Ол үшін Шалқар ауданына бес-алты күнге барып, батырдың туған жері
Талдықұмдағы, Байқадамдағы көзі тірі қариялармен жүздесіп, кеңескенін қаладым. «Жаныңа
Байман Байғұлов ағаңды алып кеткенің жөн болар» дедім.
Ол менің ағалық тапсырмамды қуана қарсы алып, ертеңіне жолға шығып та кетті. Бір
жетідей жүріп оралып, болған жағдайды баян етті. Көп ұзамай батыр туралы кітап та дүниеге
келіп, оқырмандардың қолына тиді, мазмұнымен көңілден шықты..
Осылай жүргенде ойда жоқ жерде келініміз Сәуле науқастанып, көп ұзамай дүниеден
өтті. Әрине, жас ортасында жолдасынан айырылу Беркінге оңай тиген жоқ. Үлкен күйзеліс
үстінде жүрді. Мен «өзіңді сақта, қайғыға көп бой алдырма» деп ақылымды біраз айтып
жүрдім. Өкінішке қарай, Беркін де науқасқа шалдықты. Небәрі алпыс жасында өмірден озды.
Беркіннің өзіне де, қоғамға да берері мол еді, мен мынадай еңбекқорлығымен Беркін
ғылымының ең биік шыңына шығар деп ойлайтын едім. Оған сенімім кәміл еді. Тағдыр олай
жазбады. Беркін ағайын-туманың, жолдастарының алдында өте беделді болды. Д. Қонаев
«Біреудің еңбегін көрмеген, бағалай білмеген адамнан әділдік күтуге болмайды»-деген екен,
Маңғыстау облысында тұратын ғылым докторы, академик Өмірзақ Озғанбаев Беркінмен
бірлесіп жазған «Қайраткер Қаратаев» кітабын Беркіннің туған күніне әдейі Алматыдан
шығарып, 2013 жылдың қаңтар айында Ақтөбеге арнайы келіп, кітаптың тұсаукесерін жасап,
ғылыми конференцияда Беркін жөнінде Ақтөбе жұртшылығына көптеген жылы лебіздерін
білдірді.
Беркін ғылыммен бірыңғай шұғылданған қысқа мерзім ішінде 20 кітап, екі жүздей
ғылыми мақала жазып үлгерді. Ғалымдар,әріптестері, көпшілік оқырман Беркіннің ғылыми
еңбектерін көрді, конференцияларда лайықты бағалады.
Алла әлде де ғұмыр бергенде, ол өзінің шығармашылық-ғылыми мүмкіндіктерін
молынан пайдаланып, біраз дүниені ел игілігіне ұсынған болар еді.
Қимас та қадірлі ініміз ойда жоқта пәни дүниеден бақилық ғұмыр кешіп жүре берді.
Қолдан келер шара жоқ.
Оның артында көптеген еңбектері қалды, әке мен шешені шексіз құрметтеген
перзенттері қалды. Ендігі ұзақ өмірді соларға тілейміз.
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
112
БЕРКІН ІНІМ ЕСІМДЕ
Қадыров Дәулетжан
ҚР білім озаты,
ардагер-ұстаз
Мен Беркін Жолмырзаұлы Құрманбековпен алғаш рет 1994 жылы маусым айының
бас кезінде Шалқар қаласында кездестім. Оған дейін, әрине, бірімізді біріміз білмейміз,
бұрын кездескен жоқпыз. Сол жылы Ақтөбе облыстық білім басқармасы Шалқар ауданында
аудандық оқу бөлімдері бастықтарының семинарын өткізді. Тәуелсіздік алған алғашқы
жылдар. Қуанышы мен әттеген-айы мол жылдар. Тәуелсіздікке қуансақ, жоқ - жітігіміз
көбейе түскен кездер, мұғалімдердің еңбекақысы уақытында берілмеді, мектептің де кем -
кетігін жамауға қажетті нәрселер алу мүмкін болмай қалды. Дегенмен ата-аналардың
көмегіне сүйеніп, мектеп ішін, кабинеттердің жағдайын бір деңгейде ұстап тұрдық.
Аудандық оқу бөлімі басшылары ауданның біраз мектептерін аралады. Педагогикалық
коллективтермен танысты, ашық тәрбие сабақтарына қатысты, жеке мұғалімдермен
пікірлесті, ата-аналармен сөйлесті, әрбір барған мектептің ерекшеліктерімен танысты.
Әрбір басшы өз ауданындағы мектептермен салыстырып, біраз тәжірибелер жинақтады деп
ойлаймын.
Олар соңғы күні Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназияға келді. Мен ол кезде осы
мектептің директоры болатынмын. Мектеп үйі-типті жобамен салынған үш қабатты, барлық
жағдайлар жасалған мектеп еді. Барымызды көрсеттік, уақыты тығыз болғандықтан асханада
бауырсақ пен шұбат ұсындық. Шалқар аудандық оқу бөлімінің бастығы Төлемісов Серікбай
– менің қасыма толықтау келген, қызыл шырайлы бір жігітті ертіп келіп: Дәуке, мынау
Беркін Құрманбеков деген ініңіз, Қобда аудандық оқу білімінің бастығы. «Руы қырғыз
көрінеді» -дегені. Сол жерде сәлемдесіп, аман-саулық сұрастық. Ол жақта қайдан жүрсің?-
деп сұрап жатырмын. Өзінің Байғаниндік екенін, әкесі жұмыс бабымен ерте елден кетіп,
Байғанин ауданында қызмет істегенін, өмірден ертерек өткенін айтты. Олар сол жерде
жұмысын аяқтап кететін болды. Ескерткішке деп суретке түстік. Беркін жүгіріп келіп, ортада
тұрған менің қасыма келіп, "ағамның қасына тұрамын" - деп жұртты ду күлдірді. Сөйтіп
Беркін ініммен 1994 жылы Шалқар қаласындағы №2 мектеп-гимназияға кездесіп едік.
1998 жылы зейнеткерлікке шықтым. Балаларымның біразы ол кезде Ақтөбеде еді.
Жолдасым-Зияда, немереміз Жанболат үшеуміз Ақтөбеге қоныс аудардық. Келгесін ағайын-
тума, жора-жолдастармен араласып, бұлармен де сіңісіп кеттік қой.
Көшіп келген алғашқы жылдардың бірінде бізден бұрынырақ көшіп келген Қосжанов
Алмас деген ініміз қонаққа шақырды. Бес – алты азаматтар, қастарында жұбайлары бар, сол
жерде Беркінмен тағыда кездесе кеттім. Құшақтасып амандасып мәре-сәре болдық,
келіншегімен таныстырды. Аты-Сәуле екен, көңілді отырыс болды, жігіттер жақсы
әңгімелерін айтты, бәріде университетте жұмыс жасайтын болып шықты.Алмастың жұбайы
Клара Сәулемен бірге қызметтес, көңілдері жақын құрбылар екенін білдік. Сәуле солтүстік
өңірдің қызы екен, Беркінмен Алматыда бірге оқыған, көңілдері жарасып үйленген. Беркін
сол жерде Сәулеге үйленер алдындағы қандай талаптар қойғанын айтып, бізді біраз күлкіге
батырды. Бұл енді қазақ келіні қандай болу керек, барған жеріне тастай батып, судай сіңу
үшін нелермен айналасу керектігі жөніндегі «тамашада» айтылған келіндер уставы деседе
боларлық. Біріншіден ертеңгісін ерте тұрасың, сиырды сауасың, бұзауын емізіп болғасын,
сиырды өріске айдайсың, қабыңды ала кетіп, тезек теріп келесің, сүтті пісіресің, шайды
қайнатасың, сосын барып еңенді оятасың. Сөйтіп бізді шайға қандырасың, үйді тазалап,
төсек орынды жинайсың т.б. Сөйтіп кете береді. Бір жағынан күлкілі болғанмен, жаңа келген
келіннің бәрі де бастан кешетін алғашқы қадамдары ғой. Келін мен ене арасының әуелден-ақ
жарасымды болуы үшін бұл, әрине, қажетті жағдайлар маған осының бәрін Беркіннің
әдемілеп, жақсы әзілмен бізге әңгімелеп бергені ұнады.
Жайлап уақыт өте береді ғой, Ақтөбедегі ағайындар мен аралас-құралас бола бастадық.
Той- садақаларда кездесіп жүрдік. Біз бұрыннан білетін Еркін Құрманбеков оның туған
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
113
ағасы екен. Бұлардың туып өскен жері Байғанин ауданы болып шықты, әкесі Шалқардан
ерте кеткен, соғыстан кейінгі жылдары Жолмырза ағамыз бір колхозды басқарған,
45 жасында өмірден ерте озған, балалар жас қалған, дегенмен «жетім қозы тасбауыр,
жетілерде отығар»- дегендей, балалар біртіндеп ер жеткен, оқып, білім алып, жақсы
азаматтар қатарына қосылған.
Беркін ініміз университетке мұғалім болып орналасқаннан кейін, көп ойланып
жатпастан әуелі ғылыми дәреже алуды ойлайды, көп ұзатпай ол оны да іске асырды, тарих
ғылымдарының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады. Уақытында ағайындардың
Ақкісі – бабамызға кесене салу, Қайдауыл батыр бабамызға Шалқар ауданындағы Соленый
станциясын – Қайдауыл станциясы деп атау, Ақтөбе қаласында көше атағын беру Кеңес
Одағының Батыры І.Үргенішбаевқа Ақтөбе қаласында көше атын беру, шараларында сол
бабалар туралы тұжырымды, тиянақты ой-пікірлер айтып баяндамалар жасады. Өз басым
Беркіннің сол бабалар туралы сол тұстағы халықтың әл-ауқаты, айналысатын кәсібі т.б
тосын пікірлерін, жасаған қорытындыларын ұнаттым.Оның сөздерінен сол бабаларға деген
сүйіспеншілік, олардың жанқиярлық ерлігіне жылы лебіздер естіп тұратын. Келешекте
Беркін айтулы ғалым, қайраткер тұлға болып жетіседі ғой – деп ойлайтынмын. Сол ойым
болды. Тек, өкінішке орай, 60 жастың айналасында өмірден озды.Оның оқытушылықпен,
ғылыми еңбектер жазу істерімен айналысқан уақыты көп болмады. Бар жоғы 10 жылдан
астам жемісті кезең болды.
Дейтұрғанмен артында қалған еңбектеріне қарап отырсақ, аз уақытта біраз шаруа
тындырған бірнеше кітаптардың авторы, көптеген ғылыми мақалалар жазып қалдырған.
Бұны енді аз дүние деп айтуға болмас. Өзінің көзі тірісі кезінде бір-екі кітабының тұсау
кесеріне қатысқаным бар. Өзі тарихшы болғандықтан, әуелі сол өзі туып өскен өлкенің
тарихын зерттеп, соны қалың көпшілікке таныстыруға еңбек етті, таудай мақсаты сол еді,
орындады. Ұлы Отан соғысының аяқталуының – Жеңіс Күнінің 60 жылдығына орай –Совет
Одағының Батыры, Шалқарлық Ідіріс Үргенішбаев туралы кітапша шығарды.Ол үшін
арнайы Шалқар ауданына барып, Ідіріс ағасының жүрген жерлерін аралап, көптеген
адамдармен
кездесті,
аудандық
мұражайда
болды,Батыр
атындағы
мектептің
мұражайындағы материалдармен танысты.Ідірістің жұбайы Жәмила, ол кезде тірі, сол
кісімен ұзақ әңгімелесіп көптеген жәйттарға қанықты.
Арнайы тоқтап айтсам, Шалқар өңірі Ідіріс Үргенішбаевті аса құрметтейді, қадір
тұтады. Оның атында орта мектеп, Шалқар қаласында көше бар, оған бұрынғы №1 қазақ орта
мектебі үйінің жанына ескерткіш қойылған,аудандық мұражайда, І.Үргенішбаев атындағы
мектепте де ескерткіш бар, мұражай бар. Айта кеткен жөн болар, мектеп жанындағы
ескерткішті 2008 жылы мектептің 50 жылдық мерекесіне орай мектептің бұрынғы түлектері
өз қаржыларына орнатты. Беркін Шалқар ауданын аралаған кезінде оның жанында Беркінге
аға,бізге іні Байман Байғұловтың бірге болып оған жол көрсеткен, ақыл-кеңестер бергенін
айтқым келеді. Ол Шалқарда біраз жыл Кеңес өкіметі кезінде госбанкінің аудандық бөлімін
басқарды. Өте елгезек, адамға үнемі жақсылық жасауға құлшынып тұратын азамат еді.
Беркіннен сәл бұрынырақ өмірден өтті.Топырағы торқа, жаны жанатта болсын.
Беркін І.Үргенішбаев туралы кітапшасының тұсаукесерін 22 маусым 2005 жылы
өткізді. Көп адам жиналды. Жақсы мереке болды десем артық болмас. Қатысқандар Батыр
ағамыз туралы көп мағлұматтар алды. Беркіннің, басқа сөйлеушілердің сөздері, әсіресе
жастар үшін маңызды тәрбиелі тағылымды болды. Мен қатысқан тағы бір тұсаукесер-
қайраткер Алпысбай Қалменов туралы кітап. Әуелі кітап-шағын,көлемі онша үлкен емес еді.
Еңбек халқымыздың қайраткер ұлдарының бірі, патшалық Ресейдің І Думасына депутат
болған Алпысбай Қалменовтың өмірі мен халыққа жасаған қызметіне арналған болатын.
Тағы бір айтатын дерек ол кісіде қазіргі Ақтөбе облысының Темір ауданы Кеңқияқ елді
мекені маңында дүниеге келген,сол жерде өмір сүрген. Ол заманда қарапайым халықтан
шығып,сондай үлкен империяның мемлекеттік Думасында депутат болу, бұл енді көп
нәрседен хабар береді. Негізгісі А.Қалменовтың халық арасында танымал, атақ-даңқының
жоғары болғанын көрсетеді. Қазақ бұндай адамдарды «қарадан шығып хан болған»-демей
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
114
ме. Бірақ кейінгі ұрпақ-бұндай адамдардың кім екенін білген жоқ. Жоғары білім
алғандардың өзі атын естігені болмаса, ол туралы мәліметтерді білмеді, естімеді. Әйтеуір
мемлекеттік Думаға бір топ қазақтар депутат болды,бірақ олар кімдер еді, ол туралы
хабарсыз еді. Міне осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін сол азаматтарды жарыққа
шығару, оларды ардақтау қажет еді. Беркіннің бұл кітабы сол үшін, өте құнды еді, керек
болды.
Кейін кітап толықтырылып қосавтордың жазуымен Алматыдан басылып шықты.
Екінші автор - Өмірзақ Озғанбаев – Ақтаулық, үлкен қызметтердің құлағын ұстаған, мәжіліс
депутаты,сенатор болған, Білім академиясын басқарған,белгілі қоғам қайраткері- тарих
ғылымдарының докторы, академик 18 кітап, 200ге жуық ғылыми мақалалар жазған ғалым.
Осы екі автор – Өмірзақ Озғанбай және Беркін Жолмырзаұлы Құрманбеков 2013жыл
басында Алматыдағы «Арыс» баспанасынан халқымыздың біртуар қайраткер ұлдарының
бірі Бақытжан Қаратаевтың өмірі мен қызметі туралы «Қайраткер Қаратаев» деген кітап
шығарды. Өкініштісі, бұл кітапты өзі жазғанымен Беркін ініміз көре алмады. Алланың ісіне
не шара істей аласың?
Қаңтарда осы кітаптың тұсаукесері ретінде және Б.Құрманбековтың «Өлкетану»
тақырыбында жазған кітаптары туралы ғылыми−практикалық конференцияны облыстық
мәдениет басқармасы, Қ.Жұбанов атындағы университет, С.Бәйішев атындағы облыстық
кітапхана ұйымдастырды. Оның басы қасында жүрген Беркіннің ағасы облысымыздың
мәдениет қайраткері Еркін Жолмырзаұлы Құрманбеков болды. Бұл конференцияға сонау
Ақтаудан кітап авторының бірі Өмірзақ Озғанбай ініміз келіп қатысып, қайраткер Қаратаев
кітабының жазылуы туралы, Беркін ініміз жәйлі, оның ғалымдылығы, еңбекқорлығы,
еңбектері туралы жылы сөздерін айтты. Оған қуаныпта қалдық, бір жағынан ғалым ретінде
елге танылып келе жатқан інімізден айрылып қалғанымызға ішіміз удай ашыды.
Ағайындар атынан Өмірзақ інімізге шапан жаптық. Бұл конференцияға Ақтөбелік
ғалымдар қатысып Беркіннің «Өлкетану»−жөнінде жазған кітаптары туралы өздерінің
пікірлерін ортаға салды. А.Тайжанов, Н.Абдоллаев және т.б. ғалымдар Беркіннің
кітаптарына екжей−текжейлі ұсыныстарын айтты. Өз өлкемізді тану үшін, өткен
тарихымызды толық түсіну үшін, тарихымыздың үздік-создықтарын бір жүйеге келтірген
үшін, бұндай еңбектердің өте қажеттілігін баса көрсетті. Бұл конференцияға Б.Қаратаевтың
қазіргі көзі тірі ұрпақтары қатысып, өз аталары туралы білген, естіген жәйіттар туралы
әңгімелеп берді.
Бұл ғылыми−конференцияның біздерге де, жай көрермендерге де, қатысып отырған
студенттерге де танымдық әсері мол болды деп айта аламын. Беркін ініміздің бұл
кітаптардан басқа «Батыс Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс», «Ақтөбе округіндегі
1928жылғы байларды конфискациялау», «Ырғыздың қилы тарихы» Ақтөбе өңіріндегі
«Көкжар, Темір жәрмеңкелері туралы» кітаптары тек қана тарихшы ғалымдарға,
студенттерге ғана емес, қалың оқырмандарға пайдалы кітаптар еді.
Беркін ініміздің өмірден өткеніне бір жылда тола қойған жоқ. Әуелі,бірер жыл ішінде
келініміз Сәуле бақилық болды. Өмірлік жан жары Сәуленің өмірден ерте кетуі оған үлкен
соққы болды ғой−деп ойлаймын. Былай сыртқа білдірмегенімен, ішінен қатты күйзелді.
Сәуле туралы «Сәуле-Ғұмыр» деген кітапшада жазды. Осындай күйзелістер оған мықты әсер
еткені шығар деп білемін. Әрине, бәрі Алланың қолындағы нәрсе ғой, дегенмен себепсіз
ешнәрсе болмайды ғой. Әке-шешесінің азғантай уақыт ішінде өмірден өтіп кетуі балаларына
оңай емес, арты жақсы болсыннан басқа не айта аламыз.
Беркін Жолмырзаұлының өмірден өткеніне көп уақыт бола қоймасада, оған арналған
біраз шаруалардың басы қайтарылды. Атап айтқанда өзі қызмет атқарған Қ.Жұбанов
атындағы университет біраз игі шаралар жасап жатқанын естідік. Олардың Беркінді қалай
қадірлейтінін жерлеу рәсімі алдында Беркіннің денесін университеттің Білім алаңына әкеліп
қаралы жиын өткізгенде - ақ байқадық. Жазда оқу жоқ, студенттер каникулда, мұғалімдер
демалыста соған қарамастан жиынға көп адам жиналды. Проректордан бастап мұғалімдер
тебірене сөйледі. Беркіннің еңбектерін, жасаған жақсылықтарын сөз қылды. Адамгершілігін,
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
115
кішіпейілдігін, білімділігін баса айтты. Пендешілік қой, бұл шаралармен сөздерге ағайындар
біздер риза болдық.
Университеттің Беркін ініміз басшылық жасаған саяси−әлеуметтік пәндер
кафедрасында ғалымға арналған,оның кітаптары, мақалалары,ғылыми атақтары құжаттары
қойылған тұрақты көрме ашылды.
Гуманитарлық Заң колледжінде Беркін Жолмырзаұлының облыс тарихына арналған
кітаптары бойынша танымдық ғылыми-тәжрибелік конференция өткізілді. Оған көптеген
ғалымдар, студент-жастар, заңгерлер қатысып баяндамалар жасады.
Беркін ініміз туралы біраз шаралардың іске асуы көптеген ұйымдастыру жұмыстарын
жүргізуді қажет етеді,оған іскерлік керек, ыждағаттыққа керек. Сөздің шыны керек, осы
жұмыстарды шебер ұйымдастырып, басшылық жасаған Беркіннің туған ағасы Еркін
Жолмырзаұлы Құрманбеков еді. Бұл бір-екі жыл Еркін үшін де оңай болмағаны анық. Әуелі
келіні Сәуле өмірден өтті, одан Беркін інісі, одан кейін Мәнсия қарындасы бақиға аттанды,
бұл енді Еркін үшін оңай жүк болмады. Мың қосшыдан бір басшы-дейді ғой. Ағайындар,
жора-жолдастар көмектерін аяп жатқан жоқ, дегенмен негізгі күш өзіне түсті ғой. Еркін
азамат екенін көрсетті, қайғыға беріліп отырып қалған жоқ. Өзіңмен бірге туған бауырдан
айырылу өте қиын нәрсе. Мынадай бір аңыз есіме түсіп отыр: Баяғыда бір ханның қолына
жазықты болып үш адам қолға түседі. Қол-аяқтары байлаулы, ханның үкімін естіртуге алып
келген. Сол кезде тағы бір әйел келеді, ол әйел жаңағы үш адамның жақындары екен. Біреуі-
ағасы, біреуі-күйеуі, біреуі-баласы. Ханнан сауға сұрайды. Оның мәні-мына адамдарды
босатуға ханнан рұқсат алу. Бірақ хан ойланып отырып, былай деген екен: «Жазалары ауыр,
үшеуін бірдей босата алмаймын, өзің әйел екенсің, мәселен қайтпасын, біреуін ғана
босатамын, қайсысын таңдайсың өзің шеш,»- дейді. Әйел ойланып біраз тұрып, ағасын –
бауырын босатуды сұрапты. Хан әйелден не балаңды, не күйеуінді неге босатып алмадың,
бауырыңды ағаңды таңдадың неге? - деп таңданыпты. Сонда әйел: «Тағы біреуге барармын,
оданда бала табармын, бірақ енді бауырды қайдан табармын»-деген екен. Ханның әйелдің
ақылдылығына риза болғаны сондай үшеуінде босатуға рұқсат етіпті. Бұл енді аңыз, бірақ
өмірдің де шындығы бар сияқты. Қанша айтқанмен бірге туған бауырдың орны ерекше
болатыны сөзсіз. Еркін үшін Беркін туған бауыр, сол үшін де ол оған қатысты шаруалардың
басы-қасында жүр.
Еркін Беркін інісіне байланысты шараларды өткізуге мұрындық болып, қана қоймай,
ағамыз Кеңес Одағынын Батыры Ідіріс Үргенішбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай
өткізілген мерекелік жиындардың да ұйымдастырушы болды. Ақтөбе қаласында батырдың
жүз жылдығына арналып, тоғызқұмалақ, дойбыдан облыстық көлемдегі турнир өткізілді.
Ақтөбе облыстық мұражайда, драмтеатрда ардагерлермен кездесу өткізді. Театрдағы Ідіріс
ағамыздың өміріне, ерлігіне арналған кәсіпқой артистердің қойылымы өте әсерлі болды.
Соғыс кезіңдегі көріністер, арасында сол дәуірдің әндерін шырқау бізге қатты әсер етті.
Арасында ардагерлердің әңгімесі, оның ішінде Шалқарда І.Үргенішбаевқа бірінші рет
ескерткіш қоюды ұйымдастырған сол кездегі аудан басшысы Мәлік Жекеевтің сөзі
тартымды болды.
Еркінге ешкім осылай жаса- деп айтып жатпасада, неге осы шараларды өзі басқарды,
неге бүкіл ұйымдастырушылық жұмысты өз мойнына алды?-деген ой келеді. Оның себебі
егер тірі болса, бұл шаруаның бәрін Беркін істер еді, себебі ол Батыр ағасы туралы кітап
жазды, көп мағлұматтарды біледі. Беркіннің орнын жоқтатпайын, ол өткізуге тиісті
шараларды істегенім менің інімнің алдында парызым ғой-деп ойлаған болу керек. Не
болғанда да, Батыр ағамыздың рухы Еркін, Беркін балаларына риза шығар, біздерде
ағайындар ризамыз. Рахметтен басқа айтарымыз жоқ.
Беркін ініміз енді бізге жоқ, уақыт жылжып, оны алыстата береді. Дәтке қуат ететініміз
артында алтын асықтай балалары қалды,ағайын - тумасы қалды, жазған еңбектері қалды.
Жатқан жері жайлы болсың, топырағы торқа болсың,жаны жаннатта болсын, рухы артында
қалған балаларын, немерелерін желеп-жебей берсін-дегеннен басқа пенденің қолынан не
келеді?
Адал азамат, үлгілі отбасы, жетістікті ғалым-зерттеуші
116
Достарыңызбен бөлісу: |