Проблемы языкознания


«ОТЫЗ КҮН ОЙЫН, ҚЫРЫҚ КҮН ТОЙЫН ҚЫЛУ» ФРАЗЕОЛОГИЗМІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет8/40
Дата02.01.2017
өлшемі4,73 Mb.
#971
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40

 
«ОТЫЗ КҮН ОЙЫН, ҚЫРЫҚ КҮН ТОЙЫН ҚЫЛУ» ФРАЗЕОЛОГИЗМІНДЕГІ  
ӘЛЕМНІҢ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ 
 
Мақалада  фразеологизмдердің  семантикасындағы      қазақ  халқына  тән  әлемнің 
фразеологиялық бейнесі анықталады. Әлемнің фразеологиялық бейнесі  халықтың ұлттық 
менталитеті мен дүниетанымының мәдени-тарихи тәжірибесін бейнелейді. Әрбір тілдегі 
әлемнің  фразеологиялық  бейнесінің  өзіндік  ерекшелігі  болады.  Ол  тіл  тұтынушы 
халықтың  ментальді  өзгешелігін  танытады.  Фразеологизмдер  когнитивтік  парадигмада  
ақпарат  түрлерін  анықтауға  жағдай  жасайтын  микромәтін  ретінде  қарастырылады.    

70 
 
«Отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  қылу»  фразеологизмінің  қазақ  дүниетанымындағы 
ұлттық  ерекшелігі  «отыз  күн  бойы  түрлі  ойын-сауық  арқылы  халықтың  көңілін  көтеру, 
қырық  күн  бойы  халықты  сыйлап,  құрметтеу,  тойдыру»    деген  ішкі  формасындағы 
прототипімен анықталады. 
 
Кілт  сөздер:  әлемнің  фразеологиялық  бейнесі,  семантика,  прототип,  эмоция, 
экспрессия, ішкі форма, концептуалдық құрылым. 
 
 Әлемнің фразеологиялық бейнесі қарапайым таным негізінде қалыптасатын әлемнің 
қарапайым  бейнесі  болып  табылады.  Фразеологизмдерде  бейнеленген  жағдаяттар  ұлттық 
дүниетаныммен тығыз байланысты болатын тілдік тұлға   іс-әрекеттерінің стереотиптеріне 
айналады.  Әлемнің  фразеологиялық  бейнесін  зерделеу  барысында  ментальді  ақпаратты 
анықтау  үшін  зерттеудің  синхронды  және  диахронды  әдістері  қатар  қолданылады.  "Во 
фразеологии  синхроническое  и  диахроническое  тесно  переплетаются,  сложный  характер 
фразеологизма постоянно накладывает отпечаток на целостное значение сочетание" [1, 44].  
Фразеологизмдерде  халықтың  бай  тарихи  тәжірибесі  сақталады.  Фразеологизмдердің 
семантикасындағы мәдени референция халықтың ұлттық тәжірибесі мен халық  даналығына 
негізделген  білім  қорын  үш  түрлі  жолмен  жеткізеді:  1)  кешенді  түрде,  фразеологиялық 
мағынасы  негізінде;    2)  ұлттық-мәдени  ерекшелік  бөлшектеніп  берілуі  мүмкін;  3)  ұлттық 
мәдениетті прототиптер негізінде бейнелейді.  
Әлемнің тілдік бейнесінің ең тұрақты бөлігі ретінде әлемнің фразеологиялық бейнесін 
атауға  болады,  себебі  фразеологизмдердің  қалыптасуы  ұзаққа  созылатын  үдеріс,  қоғамның 
даму  барысында  тілдің  фразеологиялық  қоры  көп  өзгеріске  ұшырамайды.  Әлемнің 
фразеологиялық  бейнесі  фразеологизмдердің  эмоциялық  және  экспрессиялық  сипаты 
негізінде  халықтың  ұлттық  менталитеті  мен  дүниетанымының  мәдени-тарихи  тәжірибесін 
бейнелейді.  Болмыс  нысандарын  әр  ұлт  түрліше  таниды.  Бір  халыққа  тән  фразеологиялық 
әлем бейнесіндегі көрініс екінші бір халықтың  фразеологиялық әлем бейнесінде болмауы да 
мүмкін, себебі басқа тілдік құралдар арқылы таңбаланып, вербалданады. Демек, әрбір тілдегі 
әлемнің фразеологиялық бейнесінің өзіндік ерекшелігі болады, бұл тіл тұтынушы халықтың 
ментальді  өзгешелігін  танытады.  Фразеологизмдерді  когнитивтік  парадигмада  зерделеуде 
бұл тілдік бірліктердің тілдің семантикалық кеңістігінде жеткізетін барлық ақпарат түрлерін 
анықтауға  жағдай  жасайтын  микромәтін  ретінде  қабылдаймыз.  Бұл  парадигмада 
фразеологиялық  бірліктер  макрокомпоненттерінің  мағынасымен  сәйкес  келетін  когнитивті 
әрекеттердің  келесідей  түрлері  анықталады:  денотаттық  талдау,  белгіленуші  таңба  туралы 
тілде  қалыптасқан  түсінікті  сөздіктердің  көмегімен  анықтау;  тілдік  тұлғаның  әлемнің 
фразеологиялық  бейнесін  қалыптастыруда  концептіні  түзудегі  уәждік  белгілер  негізінде 
уәждемелік  талдау;  фразеологизмдердің  тууына  негіз  болған  бейнелердің  когнитивтік 
құрылымдарын  талдау  және  сол  концепті  халықтың  ұлттық  танымындағы  құндылықтар 
жүйесіндегі  орнын  анықтау  тұрғысынан  сипаттауды  қажет  етеді.  Концептілік  зерттеу 
этностың  лексикасы  мен  фразеологиясында  сақталған  әлемнің  мәдени-ментальді  бейнесін 
ашуға мүмкіндік береді. Әрбір этнос қоршаған әлемді өзінше таниды, яғни өзіндік "әлемнің 
тілдік  бейнесін"  жасайды.  Этностың  таным  ерекшелігін  ұғынуда  мәдениетті  түсінудің  кілті 
болып табылатын тірек концептілер ерекше орын алады. Концепт этностың рухани өмірінің 
ұжымдық  қазынасы  және  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұжымдық  тәжірибесі  негізінде 
жинақтаған  білім  қоры,  ол  әрқашан  мәдени  реңкке  ие  болады,  сондықтан  да  ол  ментальді 
дүниетанымды түсінуде басты компонент ретінде танылады. 
 Концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа 
берілетін  ықшам,  әрі  терең  мағыналы  шындық  болмыс,  ұлттық  мәдени  құндылықтары 
жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым. Зерттеу барысында фразеологизмдерді 
адамның  әлем  туралы  мәдени  түсініктерінің  жиынтығы  болып  табылатын  әлемнің 
фразеологиялық  бейнесін  жасайтын  концепт  ретінде  тани  отырып,  дүниетанымымыздағы 
әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивтік бірлік ретінде қарастырылады. Тілдік 

71 
 
тұлға фразеологизмдердің тууына негіз болған уәждік белгі, бейнені өзінің әлем бейнесі мен 
дүниетаным ерекшелігі негізінде таңдайды. Сондықтан фразеологизмнің мағынасы мен оның 
ментальді 
ерекшелігі 
екінші 
бір 
когнитивтік 
құрылым 
арқылы 
анықталады. 
Фразеологизмдердің  пайда  болу  негізіндегі  ұлттық  таным  ерекшелігін  І.Кеңесбаев, 
Ә.Болғанбайұлы,  Ғ.Қалиұлы  сынды  ғалымдар  бейнелілікпен  ұштастырады:  "Көптеген 
фразеологизмдердің  жасалуына  адам  ойында  қорытылған  құбылыстардың  нақтылы  бейнесі 
болған.  Мысалы,  жауыр  болды  (әбден  мезі  қылды,  ығыры  шықты)  деген  тұрақты  тіркестің 
негізінде көп мініліп арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты 
шыққанмен,  қазіргі  кезде  ол  мағынасы  ұмытылып,  қайта  жасалынып,  адамға  байланысты 
айтылады.  Сол  сияқты  т.б.  фразеологизмдердің  жасалуына  да,  сөз  жоқ,  адам  ойында 
қорытылған  құбылыстардың  нақтылы  себеп  болғандығын  танып  білуге  болады"  [2,  256]. 
Мұндай түрлі ұқсастықтар негізінде қалыптасатын ассоциациялық бейнелі көріністер тілдік 
бірліктің ішкі формасын тудырады. 
Д.О.Добровольский, 
А.В.Кунин 
сынды 
тілшілер 
фразеологиялық 
бірліктің 
семантикалық  құрылымын  қалыптастыруда  ішкі  форманың  маңыздылығын  көрсетеді. 
А.И.Федоров фразеологизмдердің ішкі формасын халық үшін бір кезде маңызды болған, жиі 
қайталанған  белгілі  бір  жағдай,  құбылыс,  оқиға  туралы  нақты  көрініс,  бейне  ретінде 
анықталады.  
Д.О.Добровольский  фразеологизмдердің  ішкі  формасын  тілдік  әлем  бейнесі  мен 
фразеологиялық  әлем  бейнесін  байланыстырушы  құрал  ретінде  таниды  [1,  39]. 
Фразеологизмдерге  тән  басты  белгілердің  бірі  бейнелілік  болатынын  ескерсек,  ол 
фразеологизмнің ішкі формасында көрініс табады. Ішкі форманың когнитивтік сипаты басқа 
когнитивті  құрылымдардың  көмегімен  анықталады.  Когнитивті  лингвистикада  тілдік 
бірліктің  ішкі  формасы  субьектінің  лигвокреативтік  ойлау  ерекшелігін  айқындау  үшін 
зерделенеді.  
Қазіргі  тіл  білімінде  фразеологизмдердің  ішкі  формасының  зерделенуі  түрлі 
бағыттылығымен  ерекшеленеді.  Кейбір  тілшілер  фразеологизмнің  ішкі  формасын  оны 
қалыптастыратын  уәждік  бейнелілік  ретінде  таниды  (В.В.Виноградов,  А.В.Кунин  т.т.). 
А.В.Кунин  ішкі  форманы тілдік  бірліктің семантикасындағы бейнелі  бөлшектерінің күрделі 
жиынтығы  ретінде  қарастырады.  Зерттеуші  ішкі  форманы  "прототип  мағынасы  мен 
фразеологизм  мағынасының  деривациялық  байланысына  негізделген  уәждік  бейнелілік" 
ретінде  таниды  [3,  149].  Алайда  "ішкі  форма"  ұғымы  тек  "бейнелілік"  ұғымымен  ғана 
шектеліп қалмайды. 
 Ю.А.Гвоздев  ішкі  форманы  фразеологизмдердің  негізгі  белгісі,  бейнелілікті  қосымша 
белгісі ретінде көрсетеді. 
А.А.Потебня ішкі форманы "мазмұнның берілу тәсілі, сөздің ең жақын этимологиялық 
мағынасы" 
ретінде 
таниды. 
Когнитивті 
лингвистикада 
тұрақты 
тіркестердің 
семантикасындағы  бейнелілік  сөздіктегі  берілген  түсініктемесі  негізінде  анықталмайды, 
фразеологизмнің ішкі тұрпаты негізінде ашылады, яғни лексика-фразеологиялық бірліктерді 
когнитивтік  тұрғыдан  талдау  барысында  прототиптік  мағына  компоненттерінің  қайта  тану 
сипаты  мен  тәсілдері  анықталады.  Фразеологизмнің  құрамындағы  бейнені  анықтап,  оның 
тууына  себеп  болған  уәжді  ашу  үшін  фразеологизмнің  ішкі  формасын  саралаймыз. 
Фразеологизмнің  ішкі  формасы  бейненің  немесе  ұйытқы  сөздердің  негізінде  концепті 
вербалдайтын тілдік бірліктің семантикалық бөлшектерінің негізінде көрініс табатын уәждік, 
ұғымдық белгісі арқылы, ал оның бейнелілік белгілерін сөздің тіркесімділік қасиеті негізінде 
концептің түрлі мәнмәтінде қолданылуы арқылы анықталады.  
Фразеологизмдік  ұйытқы  сөздердерге  тән  белгілерді  тілшілер  Ғ.Қалиев  пен 
Ә.Болғанбаев  көрсетеді:  "Фразеологизмдердің  қалыптасуына  семантикалық  жағынан  негізгі 
ұғымды  білдіріп,  басқа  сөздерді  өз  айналасына  топтастырып,  идиомаландырып  тұратын 
сөздер  болады.  Бір  кездерде  фразеологизмдердің  тууына  түп  қазық,  тірек  болған  сөздерді 
фразеологиялық ұйытқы сөздер дейміз". Ғалымдар тілдегі кез келген сөз фразеологизмдерге 

72 
 
ұйытқы  болмайтынын,  тек  халықпен  бірге  жасасып  келе  жатқан  байырғы  сөздері  ғана 
болатынын айтады [2, 208-209]. 
Фразеологизмдердің  құрамындағы  ұйытқы  сөздер  негізінде  концепт  өлшемдері 
анықталады.  Олар:  бейнелілік,  ұғымдық  және  құндылық.  Концептің  бейнелілік  сипаты  – 
көру,  есту,  терімен  сипау,  дәмі  арқылы  сезіну  бойынша  жадымызда  қалатын  заттар, 
құбылыстар  мен  оқиғалардың  белгілері  негізінде  сипатталатын  практикалық  білімнің 
релеванттық белгілері. Ал концептің ұғымдық сипаты – концептің тілдік таңбалануы. Оның 
мағынасы,  сипаттамасы,  құрылымы  мен  дефинициясы.  Концептің  құндылық  сипаты  –  бұл 
психикалық түзілімнің жеке тұлғаға да тілді тұтынушы этносқа да маңыздылығы. Концептің 
құндылық  сипаты  концепті  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Құндылықтар  аспектісінде 
қарастырылатын  концепт  жиынтықтары  әлемнің  құндылық  бейнесін  жасайды.  Мұндай 
ментальді  құрылымда  этнос  үшін  аса  мағызды  семантикалық  доминанттар  сол  халыққа  тән 
мәдениетті  қалыптастырады  да  тілде  көрініс  тауып,  ғасырлар  бойы  сақталады  [1,  52]. 
Жоғарыда  айтылған  пікірлерді  саралай  келе,  фразеологизмдердің  ішкі  формасындағы 
ұйытқы  сөздер  ұғымдық  белгілерді  анықтайды,  бұл  сөздер  концепт  құрылымын  түзуге 
қатысады.  Ұғымдық  белгілерді  анықтау  үшін  тек  түсіндірме  сөздіктер  ғана  емес,  сонымен 
қатар  этимологиялық,  синонимдік,  диалектологиялық  сөздіктер  мен  түрлі  мәдени 
дереккөздер қолданылады.
 
 
Фразеологизмдердің  құрамындағы  ұйтқы  сөздеріне  этимологиялық  талдау  жасау 
арқылы  фразеологиялық  бейненің  мәнін,  фразеологизмнің  жасалуына  негіз  болып,  кейін 
уәжділігі  жойылған  сөз  тіркесінің  алғашқы  мағынасын  анықтап,  ұлттық  тұрғыдан  құнды, 
ерекше мәнді бірліктерді анықтауға мүмкіндік туады.  
Қазақ  тілінің  фразеологиялық  әлем  бейнесінде  "отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын 
қылу" концепт-фразеологизмі – қазақ халық ертегілері дискурсында жиі қолданылатын актив 
концепт.  Фразеологиялық  сөздікте  бұл  фразеологизмге  "той-думан  жасау,  тойлау"  деген 
ұғымды  білдіретінін  көреміз:  Отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  қылды  көне.  Той-думан 
жасады  [4,  563].  Фразеологизмнің  осы  мағынасына  негіз  болған  ұйтқы  сөзді  анықтаймыз. 
Той-думан,  тойлау  деген  сөзжасамдық  парадигмадағы  уәждік  негіз  "той"  сөзі.  Осы  сөздің 
денотаттық  мағынасының  қалыптасуы  этимологиялық  және  түсіндірме  сөздіктерде  көрініс 
тапқан.  Этимолог  Ә.Нұрмағамбетов  "той"  сөзінің  қалыптасуындағы  үш  түрлі  мағынасын 
көрсетеді: "...Біріншісі – қарынды толтыра тамақ ішу. Бұл мағына түркі тілінде қазір де ерте 
заманда  да  қолданылған.  Екіншісі  –  жиын,  топ.  Үшіншісі  –  тунгус-манчжур  тілдеріндегі  – 
"қонақ ету, сыйлау, құрмет көрсету"... Біздің ойымызша, мағына жағынан тығыз байланысты 
үш  "той"  тұлғасы  бастарын  қоса  келгенде,  қуанышқа  арналған  мерекенің  басты  белгілерін 
құрастырып  тұрғандықтан  оның  атауын  той  деп  тағайындауға  тура  келген.  Осылайша 
жиналып,  бас  қосып,  ойын-сауық,  ішіп-жеммен  өтетін,  сый-сияпат  көретін  қуанышымыз 
"той"  атауын  алған"  [5,  271].  Сонда  "той"  сөзі  үш  уәжділік  белгі  негізінде  қалыптасып,  ол 
уәждер  тілдік  бірліктің  тарихымен  астасып  жататынын  байқаймыз.  Келесі  кезекте  сөз 
арқылы  берілген  ұғым  мазмұнының  көлемін  анықтау  мақсатында  түсіндірме  сөздіктегі 
мағынасына назар аударсақ, бұл сөздің екі мағынасын көреміз: Той зат. 1. Қуанышты жайға 
байланысты ел шақырып, өткізілетін ырду-дырдулы жиын, ойын-тамаша. 2. Біреудің не  бір 
нәрсенің  құрметіне  байланысты  өткізілетін  салтанатты  мереке.  Той-думан  зат.  Ырду-
дырдулы ойын-сауық, тамаша [6, 162]. Той сөзінің синонимдік парадигмасына зер салсақ, екі 
синонимдік қатар түзілетінін көреміз: ойын-думан, ойын-сауық, той, думан. Бірінші қатарда: 
мейрам,  мереке,  той  [7,  399],  ал  екінші  қатар  11  бірліктен  тұрады:  той-думан,  той-дүрмек, 
ойын-сауық, сауық-сайран, ду-думан, ду-дүрмек, қызық-думан, той-тамаша, той-тобыр, той-
томалақ  [7,  527].  "Той"  сөзінің  сөздіктерде  берілген  денотаттық  мағынасында  жиын,  той, 
ойын сөздерді көрініс тауып, этимологиялық сөздіктегі үш мағанасымен астасып жатқаныны 
байқалады.  
Фразеологизмдердің  концептуалдық  құрылымын  талдау  "той"  ұйытқы  сөзі  арқылы 
жасалған "отыз күн ойын, қырық күн тойын қылу" деген фразеологиялық концептің қазақ 
ертегілердің мәнмәтіндегі көрінісі арқылы қазақ халқының құндылықтар жүйесіндегі алатын 

73 
 
орны анықталады. "Алтын құс және сұр қасқыр", "Сыйқырлы қыз", "Ералы батыр", "Ханның 
қойшысы" ертегісінің мәнмәтінде бұл концепт-фразеологизм ата-анасы баласының құрметіне 
жасалатын  той  ретінде  көрініс  табады.  Онда  баласын  үйлендіру,  қызын  тұрмысқа  беру 
мақсатында отыз күн ойын, қырық күн тойын қылады. Концепт-фразеологизмнің ментальді 
ұғымдық өрісі елдің көңілін ойын-сауықпен көтеру, жиналғандары тойдырып тамақтандыру 
ретінде  мазмұндалады.  Бұл  түсінік  "Қырықтың  бірі  Қыдыр"  деген  халық  даналығымен 
астасып,  баласының  болашағына  деген  халық  танымында  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
жарқын  ниетті  меңзейді.  Мысалы,  «Алтын  құс  және  сұр  қасқыр»  ертегісінде:  "...Шаhарға 
келген соң әкесімен көрісіп, екі ағасын малға құл қылып қояды. Мына баласына хан сүйікті 
қызын  қосып,  отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  істеп,  өз  орнына  хан  қойыпты"  [Қазақ 
ертегілері  1988:  33].  "Сыйқырлы  қыз"  ертегісінде:  "...Қыз  ренжиді:  –  Мен  әкемді  өлтіріп 
келіп едім, сен ақырында мынадай істедің? – деп. "Қате менен, ұмытып кеткенім рас", – деп 
ақырында әке-шешесіне айтып, алдынан қыз келіп өтіп, кәдіңгідей келін түсіреді. Хан отыз 
күн ойын, қырық күн тойын қылып, жігіт екі  қатын алып, мұратына жетті" [8, 153]. "Ералы 
батыр"  ертегісінде:  "...Хан  Ералы  батырдың  барлық  тілегін  орындап,  қызын  қайта  ұзатып, 
Күнханның қызын қайта әпіріп, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады" [8, 164].  
"Отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын    қылу"  концепт-фразеологизмінің  "Ғыпша", 
"Ханның  қойшысы",  "Күлшаhар"  сияқты  келесі  бір  ертегілер  тобында  себеп-салдарлық 
қатынаспен  ұштасып  концептуалдық  құрылымы  күрделене  түседі.  "Ғыпша"  ертегісінде  бұл 
концептің  семантикасы  жоғарыдағы  ертегілерден  өзгеше,  жаңа  сипат  алады.  Ол  тұрмысқа 
шығу  үшін  орындалатын  қыздың  шарты  ретінде  көрініс  тауып,  жігіт  сол  шартты  орындау 
үшін  отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  қылады:  "..Ғыпша  патшаның  баласына  бару  үшін 
отыз күн ойын, қырық күн тойымды жасап, нақ жетпіс күн өткен соң, жетпіс бірінші  күні 
некемді  қиғыз,  онан  қалса,  жетпіс  күн  өткенше  менің  зерігіп  қалмауым  үшін  үлкен  алаң 
жасат,  оның  ортасына  алтын  діңгек  орнат,  сол  алаңда  алтын  діңгек  түбінде  айтыс,  палуан 
күресі  сияқты  сан  алуан  тамаша  болу  керек.  Мен  сарайдың  төбесінде  отырып,  көңілімді 
ашып  отырайын,  –  дейді»  [8,  36].  Бұл  ертегіде  "отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  қылу
концептісінің  прототипі  көрініс  тапқан.  Ертегі  мәтіні  бұл  фразеологизмнің  негізгі  уәждік 
белгісінен  көрініс  беріп,  тура  мағынасындағы  тіркесті  анықтайды.  Ертегі  мазмұнына  үңіле 
отырып,  тіркестің  әрбір  сыңары  тура  мағынасында  қолданылып отырғанын  байқаймыз.  Әрі 
тойдың ажырамас бөлігі ойынның айтыс, палуан күресі сияқты сан алуан тамашамен астасып 
жатқанын  көреміз.  Бұл  туралы  тілші  А.В.Кунин  былай  дейді:  "Фразеологизмдердің 
прототипі  фразеологизмнің  синхрониялық  және  диахрониялық  тұрғыдан  деривациялық 
байланыста болатын негізгі этимологиялық мағынасы, тек тілдік бірліктер ғана емес, тарихи 
оқиға,  реалий,  дәстүр,  діни  наным-сенімдер  мен оған  тән  белгілер,  олардың  ассоциациялық 
байланыстары, ортақ білім қорымен астасып жататын оның уәждемесі  болып табылады" [3, 
51].  Сонда  той  жасау  кезінде  ежелден  жиын,  топты  қонақ  ету,  сыйлау,  құрмет  көрсетумен 
бірге  ойын-сауықпен  көңілін  көтерудің  де  болғанын  байқаймыз,  яғни  фразеологиялық 
бірліктің прототипі анықталды. 
"Ханның қойшысы" ертегісінде хан қызын беру үшін жігіттің өнер үйренуін талап етеді 
де  өнер  үйреніп,  патшаны  тәнті  қылады,  сондықтан  хан  қызын  беріп,  той  жасайды:  ...Хан: 
«Өнеріңе болайын, жарайсың!» –деп, отыз күн ойын, қырық күн тойын беріп, өзінің орнына 
баланы  хан  қояды  да  қызын  береді  [8,  185].  Бұл  ертегілерде  "отыз  күн  ойын,  қырық  күн 
тойын жасау" концептінің семантикалық өрісінде субъект белгілі бір әрекеттерді орындаған 
жағдайда ғана қыздың тұрмысқа шығуы немесе әкесінің қызын беруі іске асырылады да сол 
шарт іске асқан жағдайда ғана орындалатын себеп-салдарлық қатынасты анықтайды.  
"Күлшаhар" ертегісінде ғашықтықтан құса боп өлді деген баласы қайта тірілгенде  хан 
қуаныштан  әрі  баласын  үйлендіру  үшін  отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  жасайды: 
"...Баласы  мен  келінін  үйіне  апарып,  патшаның  көзіне  көрсеткенде  патша  көзімен  көріп 
нанады.  Мұнан  кейін  патша  ат  шаптырып,  халқына  жар  салып  отыз  күн  ойын,  қырық  күн 
тойын  жасап,  үлкен  мереке  істеді"  [8,  234].  Бұл  ертегі  мәтінінде  бұған  дейін  байқалмаған 
"мереке"  синонимі көрініс тауып, "отыз күн ойын, қырық күн тойын жасау" концептісінің 

74 
 
мағыналық  өрісі  кеңейіп,  бір  отбасының  елеулі  оқиғасы,  халықтық  сипат  алып,  ұғымның 
концептуалдық құрылымы "көпшілікке ортақ қуаныш" семасын қосып алғанын байқаймыз. 
 Қазақ ертегілерінде  "отыз күн ойын, қырық күн тойын қылу" концептісі қуанышты 
жағдайға  байланысты  өткізілетін  "той"  деген  мағынасында  да  көрініс  табады.  Мысалы, 
"Аққоян" ертегісінде басты кейіпкердің ер жігіт ретінде  сынақтан сүрінбей өтіп, елге аман-
есен  оралуына  орай  отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  істейді:  "...Мұның  артынан  Аққоян 
іздеп  келсе,  екі  ағасы  Аққояннан  айрылғанына  қуанып,  елін  көшіріп  әкетіп,  той  қылып 
жатыр екен. Әке-шешесін құл қылып, қатынын күң қылған екен. Аққоян барған соң, ағалары 
қорқып  қашады.  Оларды  ұстап  алып,  халықты  жинап,  өміріндегі  көргенін  айтқан  соң, 
көпшілік екі ағасын қолымен ұстап өлтіріп беріпті. Бүкіл елі Аққоянның аман-есен келгеніне 
отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  істепті"  [8,  174].  Осы  мағына  "Күлшаhар"  ертегісінде 
баласы  жоқ  патшаға  Қыдыр  қайыршы  кейіпінде  келіп,  бата  беріп,  патша  әйелінің  бала 
тууына  байланысты  анықталады:  "...Кәміл  тоғыз  ай  он  күнін  бітіріп,  патшаның  әйелі 
босанады.  Туған  баласы  қыз  болады.  Патша  отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын  жасады, 
үлкен қуанышқа бөленді" [8, 230].  
Қазақ ертегілерінің мәтмәтініндегі "отыз күн ойын, қырық күн тойын қылу" концепт-
фразеологизмін  талдай  отырып,  оның  мағынасы  этимологиядағы  жиын,  топ,  қонақ  ету, 
сыйлау, құрмет көрсету деген мағынасымен және түсіндірме сөздіктегі жиын, ойын-тамаша 
салтанатты мереке, ойын-сауық, той, думан мағынасымен ұштасып жатқанын көреміз."Отыз 
күн ойын, қырық күн тойын қылу" концепт-фразеологизмі тура мағынасында жұмсалған сөз 
тіркесінен  қалыптасып  ("Ғыпша"  ертегісі),  онда  фразеологизмді  тудыруға  уәж  болған 
фразеологиялық  бейнесі  нақты  көрініс  тапқаны  анықталды.  Әрі  тойдың  ажырамас  бөлігі 
"ойын"  компонентінің  ұғымдық  мазмұны  анықталып,  оның  түрлі  ұлттық  ойындар  және 
айтыс  өнерімен  астасып  жатқаны  ашылды.  Демек,  той  жасау  кезінде  ежелден  жиын,  топты 
қонақ  ету,  сыйлау,  құрмет  көрсетумен  бірге  ойын-сауықпен  көңілін  көтерудің  де  болғанын 
байқаймыз,  яғни  "ойын"  сөзі  өнер  ретінде  танылған.  Бұны  қазіргі  қазақ  тілінде  қолданыста 
жүрген  «ойын»  сөзі  қуаттай  түседі.  Мысалы:  Актерлердің  ойыны  тамаша,  әрбір  кейіпкер 
шынайылығымен  есте  қалады  (ЕҚ.  2012.  №47).  Талдау  нысаны  болған  "отыз  күн  ойын, 
қырық 
күн 
тойын 
қылу" 
концепт-фразеологизмінің 
қазақ 
ертегілерінде 
репрезентациялануының  негізінде  үш  түрлі  концептуалдық  аясы  анықталды:  1)  қызын 
тұрмысқа  беру,  ұлын  үйлендіру;    2)  тұрмысқа  шығу  немесе  қызын  берудің  негізгі  шарты;      
3) елеулі оқиға, үлкен қуаныш. Демек, қазақ халқының дүниетанымындағы "отыз күн ойын, 
қырық күн тойын қылу" концепт-фразеологизмінің ұлттық ерекшелігі "отыз күн бойы түрлі 
ойын-сауық арқылы халықтың көңілін көтеру, қырық күн бойы халықты сыйлап, құрметтеу, 
тойдыру"  деген  ішкі  формасындағы  прототипімен  анықталады.  Осы  фразеологизмдердегі 
отыз-қырық сан есімдері қазіргі кезде тілімізде ментальді маркерленген символдық мәнге ие 
сөздер. 
  
Әдебиеттер тізімі 
     
1 Добровольский Д.О. Национально- культурная специфика во фразеологии (I) // ВЯ. 
1997. – С. 37-48. 
     
2 Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. 
– Алматы: Сөздік-Словарь. 2006. – 263 б. 
     
3 Кунин В.А. Курс фразеологии современного английского языка. –Москва. Высшая 
школа, 1996, –381 с. 
     
4 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы. Арыс. 2007. – 796 б. 
     
5 Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. –Алматы: Рауан. 1994. – 304 б. 
     
6 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Ғылым. 9 том. 1986. –559 б. 
     
7 Бизақов С. Синонимдер сөздігі.  –  Алматы: Арыс. 2007. – 640 б. 
     
8 Қазақ ертегілері. 3-том. –Алматы: Жазушы. 1988. –317 б.  
  

75 
 
В  статье  в  ходе  анализа  культурной  референции  в  семантике  фразеологизмов 
определяется  фразеологический  образ,  свойственный  казахскому  народу.  На  основе 
эмоционального  и  экспрессивного  описания  фразеологизмов  фразеологический  образ  мира 
изображает  культурно-исторический  опыт  познания  мира  и  национальный  менталитет 
народа. Фразеологический образ мира в каждом языке имеет своеобразные особенности, он 
показывает  ментальные  различия  народа  носителя  языка.  При  изучении  фразеологизмов  в 
когнитивной  парадигме  рассматриваются  как  микротекст,  создающий  условия  для 
определения  всех  видов  информации,  которое  доставляет  семантическое  пространство 
фразеологизмов.  Национальная  особенность  фразеологизма  «30  дней  играть,  40  дней 
праздновать» в познании мира казахского народа определяется прототипом во внутренней 
форме  «30  дней  подряд  веселить  народ  с  помощью  игр-развлечений,  40  дней  подряд 
уважать, почитать, накормить народ».   
 
 
In  this  article  in  the  way  of  analysis  of  cultural  references  in  semantics  phraseology  is 
determined  phraseological  figure  peculiar  to  the  Kazakh  people.  On  the  basis  of  emotional  and 
expressive  description  of  phraseology  phraseological  image  of  the  world  shows  the  cultural  and 
historical  experience  of  the  knowledge  of  the  world  and  national  mentality  of  the  people.  In  the 
study of phraseology in the cognitive paradigm are considered as micro text, to create conditions to 
identify all kinds of information that delivers semantic space phraseology. National phraseologism 
feature  "30  days  to  play  for  40  days  to  celebrate"  in  knowledge  of  the  world  is  determined  the 
prototype  of  the  Kazakh  people  in  the  inner  form  of  the  "30  days  in  a  row  to  entertain  people 
through games, entertainment, 40 consecutive days of respect, honor, feed the people."
 
 
 
 
 
УДК 81.1 
С.Н.Касенов 
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова 
Кокшетау, Казахстан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет