Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет28/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Ырысбекұлы Айдын                                                                                                                   

«Ақ жол» ҚДП Орталық                                                                                           

аппаратының идеология бөлімінің директоры,                                  

Алаштанушы



424

АЛАШ МАРШЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ОРЫНДАУШЫСЫ – 

ҒАББАС НҰРЫМОВ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

Алаш 


арысы 

Міржақып 

Дулатовтың 

қызы-Гүлнəр 

Міржақыпқызы  Дулатова  Елдес  Омаров  пен  тұңғыш  рет  Алаш 

маршын  орындаған  Ғаббас  Нұрымов  жайлы  «Өмір  өткелдері» 

атты естелік кітабында тебірене жазады. Ғаббас Нұрымов – қазіргі 

Қостанай облысының Қарабалық өңірінде туып-өскен, Міржақып 

Дулатовтың  үзеңгілес  серіктерінің  бірі.  Гүлнар  апай  сөз  болып 

отырған Алаш маршы жайында жоғарыдағы кітабында: «Торғайда 

төңкеріс қызу жүріп жатқан. Əлі есімде, тəтемдер  елге келгенде, 

өлең-жыр ағылатын. Сонда   Ғаббас   Нұрымов  бастап, қалғандары 

шырқай  қостап,  мына  өлеңді  айтып  бара  жатты:  Ол  «Арғы  атам 

- ер Түрік,  Біз - қазақ еліміз...» - деген жолдардан басталатынды 

деп  тұжырымдайды.  Əмбе,  Міржақыптың    құдай  қосқан  қосағы 

Ғайнижамалдың айтуынша, «Ғаббас Нұрымов сəнді киінетін, до-

мбыра  мен  мандолинді  құйқылжыта  тартып,  əн  салатын»,  сегіз 

қырлы, бір сырлы  өнерпаз жігіт болған екен. 



Солдан оңға қарай: Ғайнижамал Дулатова, Гүлнар Дулатова, 

Міржақып Дулатов, Əзен Ақбердина, Ғаббас Нұрымов, Мариям 

Нұрым келіні. Тұрғандар (солдан оңға қарай): Ахметсафа Юсупов, 

Гүлшаһра Юсупова, Исламбек Ақбердин . Орынбор, 1924 жыл. 



(Сурет «Шындық шырағы» кітабынан алынған).

425

АЛАШ МАРШЫ

Ғаскер өлеңі

Өлеңі мен əнін жазған: Аймауытұлы Жүсіпбек

Арғы атам ер түрік

Біз қазақ еліміз!

Самал тау, шалқар көл

Сарыарқа жеріміз.

Сай сайлап мал айдап,

Сайрандап иен жайлап,

Ерке өскен арқаның,

Еркесі серіміз!

 

Біз жүрген Алаштың



Шын кемеңгеріміз!

Егессек ел бермес,

Еңіреген еріміз.

Бұғаудан босаған,

Біз долы арыстан.

Долданса болмайтын,

Жаңа дəу періміз!

 

Ат мінсек, жел болып,



Суылдап шабамыз.

«Лап!» десек ерленіп,

Дуылдап жанамыз.

Алаштың ақ туын

Қолға алып, ақырып,

«Алаш!» деп шапқанда,

Жауға ойран саламыз!

Ер түрік ежелден

Оқ тескен етіміз!

Қаймығып еш жаудан

Қайтпаған бетіміз.

Жаусын оқ, ақсын қан,

Шықсын жан, қорқу жоқ.

Алаштың жолында

Жан қимақ – ниетіміз!

 

Біздерге сөз бе екен,



Жауыңның көп, азы!?

Өлсек хақ шаһитпіз

Өлтірсек біз қазы.

Жол болып жау (хауіп)

Сау қайтсақ боламыз,

Қазақтың шын ұлы,

Қаһарман сабазы!

 

Алаштың аруағы



Жебесін, қолдасын!

Ақсақал тілей гөр,

Сапарды оңдасын!

Жасаған жар болып,

Қазақтың еліне

Жасатсын, сақтасын

Алаштың ордасын!


426

Алашорда əскерінің ұраны: 

«ЖАСАСЫН, ОТАННЫҢ АДАЛ ҰЛДАРЫ!»

427

Ұ Р А Н

Өлеңін жазған: Аймауытұлы Жүсіпбек

 

Қазағым, қақтықпа, қамалма!



Ел болар қамыңды амалда!

Кетті түн, атып таң, шығып күн

Сал малды, сал жанды аянба!

Мал баққан, жай жатқан ел едік,

Бейнетті көп тартқан ер едік,

Қаны жат, тілі жат, діні жат

Жат елден таяқты жеп едік.

Жатқа жем бай едік, кен едік,

Бағы жоқ биліктен кем едік,

Партия сұрқия, қым-қиғаш,

«Басы аман» көп надан сен едің.

Зарыққан, талыққан шағына

Тап болды бостандық бағына!

Ұйымдас, ұрандас, жағалас!

Сенде мін бабаңның тағына!

Құның жоқ, қорлықта өшіп ең,

Терезең төремен болды тең.

Намыстан, кайраттан қатарға ен,

Басқадан кем болған сенің нең?

Ұраным, қорғаным, сен Алаш!

Жолыңа кұрмалдық мал мен бас!

Өнер тап, өрге шап, қару ат,

Аллалап алға бас, ал Алаш!!!


428

АЛАШ ГИМНІ 

Кер заман

Өлеңін жазған: Дулатұлы  Міржақып                                                                                          

Əні: халық əні «Заман-ай» əуенінікі

Кез болған соң кер заман біздің баққа,

Жау жарағын асырып, міндік атқа.

Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,

Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.

Заман-ай?



Қайырмасы:

Азаматы Алаштың

Аттанатын күн туды.

Тұлпар мініп, ту ұстап,

Баптанатын күн туды.

Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?

Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?

Тəуекелге бел байлап, бастап топты

Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.

Заман-ай!



Қайырмасы:

Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,

Азды-көпті аямай барыңды сал.

Жаны тəтті жақсылар, қайдасыңдар?

Мұсылманның жолына жаныңды сал.

Заман-ай!



Қайырмасы:

Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?

Өлең, күйдің шебері ақындарым?

Азаматтың міндеті елді қорғау,

Төнгелі тұр басыңа күшті толғау.

Заман-ай!



429

АЛАШҚА

Өлеңін жазған: Дулатұлы Міржақып  

 

Көкмайса бетегелі жерің қайда? 

Күмістей толқындаған көлің қайда?

Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен, 

Жөңкіліп, көшіп-қонған елің қайда? 

Көтерген ақ киізге ханың қайда? 

Қиғаш қас, бидай өңді ханым қайда? 

Түнерген сыртқа айбынды іргең бүтін, 

Бір кезде басқа қонған бағың қайда?

Қақ жарған қара қылды биің қайда? 

Ақ орда би түсетін үйің қайда?

Салтанат Сарыарқада құрған қазақ, 

Толықсып жүрген кеше күнің қайда? 

Шаң жұтқан текежəуміт атың қайда? 

Қалдырмас жауға тастап жақын қайда? 

Ұшқыр ат, түзу мылтық, болат найза, 

Киінген көк дулыға батыр қайда? 

Қамығып қанға толған жүрек қайда? 

Бұрқ еткен бір ауыздан тілек қайда? 

Жаяуға ат, жалаңашқа киім болып, 

Қарасқан нашарыңа көмек қайда? 

Бермейтін ел намысын ерің қайда? 

Сүйенер қысылғанда белің қайда? 

Өйткені айтқаны екі болмайтұғын, 

Асыл зат артық туған бегің қайда? 

Шалдырмас топтан тура шешен қайда? 

Ұлықпен ел бастаған көсем қайда? 

Қазағым, қазақшылық қалпыңменен

Даңғыл жол сайрап жатқан көшең қайда? 

Кемеңгер дұғалы ауыз кəрі қайда? 

Дертіңе шипа болар дəрі қайда? 

Масайрап кімге сеніп қарысасың,

Жауап бер, осылардың бəрі қайда? 

Жауап сол: өткен дəурен қайта келмес, 



430

Қаншама өксігенмен тағдыр көнбес. 

Бұл күнгі қарашыл қарт, парашыл би

Өткендер келгенмен де орын бермес. 

Сөйткенмен, қазақ көшін оңға бастап, 

Жүруді өздігінен тағы білмес. 

Мейлің көн, мейлің, жыла соңғыларға, 

Қайтсын-ай, қамықты-ау деп, көзіне ілмес. 

«Ішкен мас, жеген тоқтың» заманы бұл: 

Ашыққан, ашынғаның түкке жүрмес. 

«Мал құмар, малдың қолы» деген ақын, 

Кім қақса «жемтігінен» соған күндес. 

Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан: 

Еш нəрсе тауып бермес, білгенге ермес. 

Қой бағып қасқыр қашан опа қылған, 

Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес.

Қайраған қолдан келмес іске əуре боп, 

Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес!



431

АЛАШ ҰРАНЫ

Өлеңін жазған: Торыайғырұлы Сұлтанмахмұт

Алаш туы астында,

Біз - Алаштың баласы.

Күніміз туып көгерді,

Сарыарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,

Елімізді лайлаған.

Жерімізді шимайлаған,

Өшті залым қарасы.

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Қолдайтын Алаш бабамыз.

«Туысқандық», «теңдік» деп,

Туын қолға ап шабамыз.

Берілгенде тілектер,

Жарылмай ма жүректер?!

Заң жасайтын орынға,

Жұртпен бірге барамыз!

Қатардан орын аламыз!

Жасасын, алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Куə болсын арымыз.

Көркейтуге Алашты,

Құрбандық біздің жанымыз!

Былай тұрсын малымыз,

Алаш деген ел үшін,

Сарыарқаның жері үшін,

Бостандық берген ер үшін,



432

Төгілсін біздің қанымыз!

Аялмасын жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Өлсек бірге өлдік біз.

Не жақсылық, не қайғы,

Көрсек бірге көрдік біз!

Ішкі жанжал таласты,

Күншілдікпен қарасты,

Мына жерге көмдік біз!

Жасасын, Алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің Алашты,

Қорлығына бермейміз!

Адамдықтың жолына,

Бастаған ерлер соңында,

Басқаға көңіл бөлмейміз,

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз!

Жасайды Алаш, өлмейміз!

Жасасын, Алаш, жасасын


433

АЛАШҚА

Өлеңін жазған: Қарашұлы Ғұмар

Ау, Алаш, көзіңді бүгін ашар күнің! 

Қарманып ілгері аяқ басар күнің! 

Шығарып бір жеңнен қол, бір жерден сөз, 

Адымдап асқар белден асар күнің.

Теңізім, телегейім – қайран елім, 

Кемерлеп толқын атып, тасар күнің! 

Ақ күміс, қызыл алтын жиғаныңды, 

Құрбан қып осы жолға шашар күнің!

Терезең теңгеріліп қатар тұрса, 

Осы! - деп сонда жүрек басар күнің. 

Ау, Алаш, заман жайын білеміз бе? 

Құлаққа айтқан сөзді ілеміз бе?

Заманның ыңғайынша амал қылып, 

Зырлаған желмаяға мінеміз бе? 

Өнерлі, білімдінің қылған ісі 

Майданда мұны байқап көреміз бе?

Күш қосып, құралданып бас қорғаудың 

Жолына белді буып кіреміз бе? 

Болмаса күнде бір ел қырғын тауып, 

Жылаулап бастан-аяқ жүреміз бе?

АЛАШ АЗАМАТТАРЫНА

Ақ жүрек азаматтар асқар күнің, 

Дұшпанды алдан байқап жасқар күнің. 

Дұрыстық ел қосында еткен істі, 

Қол соғып, қошеметтеп қостар күнің. 

Күш қосып, қол ұстасып сөз бекітіп, 

Арадан алалықты тастар күнің. 

Адасқан қойдай шулап ерген елді, 

Бұлтармай оң бағытқа бастар күнің. 

Аңқылдақ Алаш ұлы сеніп отыр. 

Орнынан шығып, соны растар күнің!


434

АЛАШОРДАҒА

Наушабайұлы  Нұржан 1918 жылы  «Қазақ»  газетіне 

«Алашордаға» деген өлеңін бастыртады. Бұл өлең тұтас емес, га-

зетте осы үзінді түрінде ғана жарияланған.

«Бірлік қылсаң, Алашым,

Ілгері қарай басасың.

Қол ұстасып ұмтылсаң,

Қатар жұрттан асасың.

Атағың мəңгі қалдырып,

Жасасын Алаш, жасасын!».  



435

АЛАШҚА СƏЛЕМ

Өлеңін жазған: Мəметұлы Ахмет 

Иіліп сəлем бердім бүгін, алаш,

Алдағы өзгеріске күтін, алаш.

Бəйгеге осы қазір қосып тұрмыз,

Жүйріктей жаратулы жұтын, алаш!

Жасқаншақ, жамандарша саспа, алаш,

Бұрынғы қорқақтықты таста, алаш,

Мінеки, бүгін елге ерік болды,

Сұрай бер керегіңді бастап, алаш!

Жасқанып болмағайсың алаң, алаш,

Келгенше ұмтыла бер шамаң алаш,

Осы кез біле білсең өзіңде ерік,

Кеудеде болса азырақ санаң, алаш.

Тайсалма анау патша, мынау төре,

Жүре бер жолбасшылар артына ере,

Отанның бір баласы менмін десең,

Далада тастай алмас көзі көре.

Ал, қазір халық күшті алды, алаш,

Бұрынғы қыспа таяқ қалды, алаш,

Құттықтап осы сəлем жаздым сізге,

Ақ алаш , азат алаш, даңқты алаш!

 


436

 

АЗАТТЫҚ КҮНІ



Өлеңін жазған: Дөнентайұлы Сəбит

Тілекті бүгін хақтың берген күні,

Кел дария көздің жасын көрген күні,

Талайдың тіршіліктен қол сермеген,

Қайғысын тас-талқан қып бөлген күні.

Жаз шығып, бір сағатта күркіреп күн,

Тырбаңдап тайша-торпақ өрген күні.

Құл болған екі аяқты айуандардың

Қатарға адам болып енген күні.

Ғаламға аузын ашқан айдаһардың

Мерт болып мақсатының өлген күні.

Ақ деп қан, шаһит деп жан, өлсек енді,

Шын басын əлеуметтің берген күні.

Алланың «азат құлы» екеніңе 

Əркімнің көзі жетіп сенген күні.

Теңдестік, адамшылдық, құрдастықтың

Алдына мойынсұнып келген күні,

Бостандық өмір сүріп, өшсін құлдық,

Деп жұрттың мойын созып төнген күні.

Ə, құдай! Ұзағыңнан жаза көр деп,

Іркіліп көзге жастың келген күні.


437

МАЗМҰНЫ

Байдалы Сəбит АЛҒЫ СӨЗ! ........................................................................................... 3

Перуашев Азат 2013 жылдың 13 желтоқсанында Астанада өткен Қазақстанның  

«Ақ жол» демократиялық партиясының «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» 

атты Жалпыұлттық байқауының қорытындысын шығаруға арналған ғылыми-

практикалық конференциясының ашылуындағы алғы сөзі .......................................... 9



Қамзабекұлы  Диқан АЛАШ ЖОЛЫ – МƏҢГІ ЕЛДІҢ МАҢЫЗДЫ ЖОЛЫ ........ 14

«ХХI ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ

БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ   МЕН  ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ......................... 21

1-ші номинация: «АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТ 

ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖƏНЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА КӨЗҚАРАСЫ, 

ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ӨЗЕКТІЛІГІ» ..................... 22

«ВЗГЛЯДЫ ДЕЯТЕЛЕЙ ДВИЖЕНИЯ АЛАШ НА ГОСУДАРСТВЕННОЕ СТРО-

ИТЕЛЬСТВО И ДЕМОКРАТИЧЕСКИЕ ЦЕННОСТИ, ИХ АКТУАЛЬНОСТЬ ДЛЯ 

СОВРЕМЕННОГО КАЗАХСТАНА» ............................................................................. 22



Қыдыралина Жанна ОТ АЛАШ ОРДЫ К НЕЗАВИСИМОСТИ КАЗАХСТАНА: 

ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ ИДЕЙ ........................................................................................ 23



Дукенбаева Зада

Талғатбек Манаш XXI - ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ ........................... 37

2-ші номинация:«АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ 

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ӨЗЕКТІЛІГІ» ............................................................................... 55

Қайымов Мұқағали АЛАШТЫҢ  МҰРАТЫ ............................................................. 56

Əлімжанова Арайлым АЛАШ  ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ «ҚАЗАҚ» 

ГАЗЕТІНДЕ КӨТЕРГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ  МƏСЕЛЕЛЕРІ ................................. 65



3-ші номинация: «АЛАШ» КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУЫ, ЕУРОПАЛЫҚ 

ЖОЛМЕН ДАМУЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ 

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ӨЗЕКТІЛІГІ ................................................................................. 77



Шаяхмет Ақылбек ЕЛІМ ДЕП ЕҢІРЕП ӨТКЕН ....................................................... 78

Елікбаев Көшкінбай АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ КӨРЕГЕНДІГІ ............................. 92

Базылбеков Маралбек БІЗГЕ ҚҰМЫРСҚАША ƏРЕКЕТ ЕТУ КЕРЕК  ............... 104

4-ші номинация: БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН 

ҮЗДІК ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР .....................................................113



Кенемолдин Мұратбек АРХИВТЕН АЛЫНҒАН АЙҒАҚТАР:  

«ТУРАҒҰЛ АБАЙҰЛЫ ЖƏНЕ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ», 

«БИЯШ ДЕП ЕЛІ ЕРКЕЛЕТКЕН», «АЛАШТЫҢ АХМЕТЖАНЫ» ........................114

Əнес Ғарифолла

Сейтімұлы Əбілхан ХАЛЕЛ ТҰҒЫРЫ ..................................................................... 145


438

«ХХ1  ҒАСЫРДАҒЫ  АЛАШТЫҢ  АҚ  ЖОЛЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ  

БАЙҚАУЫНДА  ЖҮЛДЕГЕ ІЛІНБЕГЕНІМЕН,  НАЗАР  АУДАРУҒА  ТҰРАРЛЫҚ 

МАҚАЛАЛАР ТОПТАМАСЫ ..................................................................................... 151



Сұлтанов Өмірзақ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҰЛТ САЯСАТЫ ЖƏНЕ 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТƏУЕЛСІЗДІК МƏСЕЛЕЛЕРІ Ə.БӨКЕЙХАН 

ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ............................................................................................................ 152

Совет  Аяулым  ҚЫР БАЛАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ҚАҢҒЫП 

ҚАЛМАСҚА ҚЫЛҒАН ҚЫРУАР ҚЫЗМЕТІ ............................................................ 164

БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН 

МАРАПАТТАУ РƏСІМІ ............................................................................................... 169



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!! «XXI-ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ 

АҚ ЖОЛЫ»ЖАЛПЫҰЛТТЫҚБАЙҚАУЫ ................................................................ 176



ВНИМАНИЕ!!! ОБЩЕНАЦИОНАЛЬНЫЙ КОНКУРС 

«ХХI - ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ»

(Светлый путь Алаша в ХХI-ом веке).......................................................................... 179

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ XI СЪЕЗІНДЕГІ АЛАШ ТАҚЫРЫБЫ

(13 желтоқсан 2013 жыл)............................................................................................... 181

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫН ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ 

ХАТТАМА ...................................................................................................................... 182

Иса Қазыбек ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ЖОЛЫНДАҒЫ  ІСТЕРІМІЗДІ 

АРТТЫРУ  ҚАЖЕТ ....................................................................................................... 186



Байдалы Сəбит АЛАШ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ БІРІ – ҚАЗАҚ ЕЛІН 

ЕУРОПА ЖОЛЫМЕН ЖАҢҒЫРТУ БОЛҒАН .......................................................... 191

АЛАШ   КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ...................................................................................... 195

Перуашев Азат АЛАШТЫҢ  БИІК  РУХЫ ............................................................... 196

«ƏЛИХАН БӨКЕЙХАН: МАРКСИЗМНЕН ҰЛТТЫҚ АЛАШ 

ИДЕЯСЫНА ДЕЙІНГІ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЖОЛ» 

АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯДА ЖАСАЛҒАН БАЯНДАМАЛАР .................................. 201



Байдалы Сəбит ƏЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ .................. 202

Жүсіп  Сұлтанхан АЛИХАН БУКЕЙХАН: ДАЙТЕ ЖИТЬ 

НАРОДАМ НЕ ПО МАРКСУ, А ТАК, КАК ОНИ ЗАХОТЯТ! ................................ 207



Дулатбеков Нұрлан БІЛІМПАЗ Ə.БӨКЕЙХАН ХАҚЫНДА ................................. 226

Қабылдинов Зиябек АЛИХАН  БУКЕЙХАН  КАК 

ИССЛЕДОВАТЕЛЬ  ИСТОРИИ  КАЗАХСТАНА ..................................................... 235



Ырысбекұлы Айдын АСТАНАДАҒЫ ШАРА АЛАШ КӨСЕМІНЕ 

АРНАЛДЫ ...................................................................................................................... 240



Ырысбекұлы Айдын ТІЛ ҚАЙТСЕ ТҰҒЫРЛЫ БОЛАДЫ? ................................... 250

Байдалы Сəбит ТІЛ -МƏҢГІЛІК ТҰҒЫРЫ .............................................................. 256

Сейхуни Қазыбек ЕРЕЙМЕНТАУДАҒЫ ЕРЕКШЕ ШАРА ................................... 261

439

Ырысбекұлы Айдын САПАР ЖАЙЛЫ ҮЗІК СЫР ................................................. 263

АҚЖОЛДЫҢ  ОЛЖАЛАРЫМЕН  ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ ......................................... 273



Ырысбекұлы  Айдын АЛАШ ПЬЕСАСЫ - «МҰРАТ ҮШІН МАЙДАН» ............ 274

Байдалы Сəбит «МЕН ДЕ АМАН КЕЛЕРМІН.....» .................................................. 292

Иса Қазыбек «МЕН ДЕ АМАН КЕЛЕРМІН.....»  ..................................................... 302

Байдалы Сəбит НЕСЛОМЛЕННЫЙ .......................................................................... 304

Əкімжанов Зейнолла СҰҢҚАР .................................................................................. 313

Ырысбекұлы Айдын АЛАШТЫҢ ҚҰНЫН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРАМЫЗ? ............... 315

Ырысбекұлы  Айдын АЛАШ ТАҒЫЛЫМДАРЫ .................................................... 322

Жүсіп Сұлтанхан СОБИРАТЕЛЬ КАЗАХСКИХ ЗЕМЕЛЬ ..................................... 323

Шəріп  Амантай ТАР МЕЗГІЛДІҢ ТАРПАҢ ТҰЛҒАСЫ ....................................... 365

Қамзабекұлы Диқан А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: ҚАЛАМ ҚУАТЫ МЕН 

ЖУАПКЕРШІЛІК .......................................................................................................... 379



Сартқожаұлы Қаржаубай АЛАШ АТАУЫ ХАҚЫНДА ........................................ 384

Əбсадықов Алмасбек АЛАШ ҰРАНЫ ЖƏНЕ БӨРІ ТОТЕМІ ............................... 400

Ырысбекұлы Айдын КӨКБӨРІНІҢ ТАҢБАСЫ ...................................................... 410

Ырысбекұлы Айдын АЛАШ АПТАЛЫҒЫ .............................................................. 415

Міржақыпқызы Гүлнар (Өмірбаяндық естеліктері) 

АЛАШ МАРШЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ОРЫНДАУШЫСЫ – ҒАББАС НҰРЫМОВ 

ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ ...................................................................................................... 424

Аймауытұлы Жүсіпбек  АЛАШ МАРШЫ-«АРҒЫ АТАМ – ЕР ТҮРІК, 

БІЗ – ҚАЗАҚ ЕЛІМІЗ!» ................................................................................................. 425



Аймауытұлы Жүсіпбек ҰРАН ................................................................................... 427

Дулатұлы Міржақып  АЛАШ ГИМНІ ...................................................................... 428

Дулатұлы Міржақып АЛАШҚА ............................................................................... 429

Торыайғырұлы Сұлтанмахмұт АЛАШ ҰРАНЫ .................................................... 431

Қарашұлы Ғұмар АЛАШҚА ...................................................................................... 433

Қарашұлы Ғұмар АЛАШ АЗАМАТТАРЫНА ......................................................... 433

Наушабайұлы Нұржан АЛАШОРДАҒА .................................................................. 434

Мəметұлы Ахмет АЛАШҚА СƏЛЕМ  ...................................................................... 435

Дөнентайұлы Сəбит АЗАТТЫҚ КҮНІ ...................................................................... 436


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет