Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет23/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52

 
 
Түйін 
Жаппасов Ж.Е. – т.ғ.к., доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
e-mail: Zhappasov-74@mail.ru 
Асанов Н.А. – п.ғ.д., профессор,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
e-mail: asanov1950@mail.ru 
Ибрагимова М.Н. – оқытушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
e-mail: іbragimova.meruert@mail.ru
 
 
Инновациялық басқарудың ғылымдағы зерттелу мәселесі 
Мақалада авторлар жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысындағы инновацияларды тиімді басқарудың 
жолдарын қарастырған. Жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысындағы инновацияларды басқару техно-
логиялары  жүйелі  басқару  үрдісін  жүргізуді  қамтамасыз  етеді.  Сол  себепті,  инновацияларды  басқару  технология-
ларын тиімді қолдану инновацияларды басқарудың теориялық моделін практика жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз 
етеді.  Мақала  авторлары  жоғары  оқу  орындарының  оқу-әдістемелік  жұмысындағы  инновацияларды  басқарудың 
дәстүрлі  және  инновациялық  технологиялар  топтамасына  жеке-жеке  сипаттама  бере  отырып,  талдау  жасайды. 
Жоғары білім беру саласының оқу-әдістемелік жұмысындағы инновациялардың дәстүрлі және инновациялық техно-
логияларына жеке-жеке сипаттама беру арқылы әр технологияның өз ретімен орынды қызмет атқаруы анықталды. 
Осы екі инновациялық технологиялар топтамасын талдау көрінісі бойынша, дәстүрлі технологиялар оқу-әдістемелік 
жұмысындағы  инновацияларды  басқару  мәдениетінің  дамуына  қарамастан  фундаменталды  қызмет  атқаратыны 
айқындалды. Авторлар қазіргі уақыттағы ғылыми ізденістер нәтижесін сараптау негізінде инновациялық технология-
ларды практикалық қолдану мәселелеріне жан-жақты тоқталған және олардың өз ретімен орынды қызмет атқаруы 
анықталған. 
Түйін сөздер: инновация, технология, практика, жоғары оқу орны, әдістеме.  
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
145 
Резюме 
Жаппасов Ж.Е. – к.и.н., доцент, КазНУ им. аль-Фараби 
e-mail: Zhappasov-74@mail.ru 
Асанов Н.А. – д.п.н., профессор, КазНУ им. аль-Фараби 
e-mail: asanov1950@mail.ru 
Ибрагимова М.Н. – преподаватель, КазНУ им. аль-Фараби 
e-mail: іbragimova.meruert@mail.ru
 
 
Вопрос о научном исследовании управления инновациями 
В  статье  авторы  рассматривают  проблемы  и  пути  эффективного  управления  инновациями  в  учебно-методи-
ческой  работе  высших  учебных  заведений.  Технологии  управления  инновациями  в  учебно-методической  работе 
вузов  обеспечивают  процесс  системного  управления.  Следовательно,  эффективное  использование  технологий 
управления  инновациями  является  залогом  осуществления  на  практике  теоретической  модели  управления 
инновациями.  Авторами  проанализированы  и  в  отдельности  охарактеризованы  группы  традиционных  и    иннова-
ционных  технологий  управления  инновациями  в  учебно-методической работе. Посредством отдельной  характери-
стики  традиционной  и  инновационной  технологий  в  учебно-методической  работе  вузов  выявлено,  что  каждая 
технология  выполняет  свою  функцию  должным  образом.  На  основе  анализа  современных  научных  исследований 
авторы подробно освещают проблемы практического использования  инновационных технологий и определяют их  
надлежащие функции.   
Ключевые слова: инновация, технология, практика, высшее учебное заведение, методология. 
 
 
ӘОК 378.853:004 
 
ИНЖЕНЕРЛІК МАМАНДАРДЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Баялы
 
Ә.Т.
 1
 –
 аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
bayaly.azimxan@mail.ru 
 
Мақалада  экономикалық  жағдайларға  жастарды  бейімдеу,  нарықтық  қатынастардың  субъектісін  дайындау  – 
бүгінгі күнгі негізгі әлеуметтік қажеттіліктердің бірі. Әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму және оның бәсекелес 
сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі – кәсіпкерлік іс-әрекетті дамыту болып табылады. Бұл жастарды 
еркін нарықтық экономикаға өту шарттарында өмірге және еңбекке дайындайтын мақсатты әлеуметтік-педагогика-
лық іс-әрекет қажеттілігін үйлестіреді. 
Қоғамды компьютерлендіру, білімді ақпараттандыруда есептеу техникасы құралдарының белсенді түрде қолда-
нылуы оқу орны және кәсіби педагогика ғылымы алдына бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда.  
Есептеу жүйелерін жаһандандыру кезінде ақпараттандырудың маңызы өте зор. Бірінші кезекте ақпараттандыру-
ды жоғары оқу орындары мен мекемелер, фирмалар талап етеді.    
Қазіргі  таңда  болашақ  мамандарды  кәсіби  даярлаудың  маңызы  зор.  Жоғары  оқу  орнының  алдына  қойған  ең 
бірінші мақсаты - қоғамға қажетті жоғары білімді кәсіби мамандарды даярлау. Болашақ мамандардың кәсіби міндет-
терді шешу үшін өз бетінше ізденуге және білімді игеруге даярлау қажеттігі туындайды. 
Тірек  сөздер:  Компьютерлендіру,  ЖОО  -  жоғары  оқу  орны,  ЭЕМ  -  Электронды  есептеу  машинасы, 
ақпараттандыру. 
 
Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Халықаралық  деңгейдегі  серти-
фикаттарды  иеленген  заманауи  техникалық  мамандықтарды,  инженерлік  білім  беру  жүйесін  дамытуды 
қамтамасыз етуіміз керек» деп, техникалық білім беруге қатысты нақты міндеттерді жүктеген болатын. 
Жаңа экономикалық жағдайларға жастарды бейімдеу, нарықтық қатынастардың субъектісін дайындау 
–  бүгінгі  күнгі  негізгі  әлеуметтік  қажеттіліктердің  бірі.  Әлеуметтік-экономикалық  тұрақты  даму  және 
оның бәсекелес сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі – кәсіпкерлік іс-әрекетті дамыту болып 
табылады.  Бұл  жастарды  еркін  нарықтық  экономикаға  өту  шарттарында  өмірге  және  еңбекке  дайын-
дайтын мақсатты әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет қажеттілігін үйлестіреді. 
Қоғамды  компьютерлендіру,  білімді  ақпараттандыруда  есептеу  техникасы  құралдарының  белсенді 
түрде  қолданылуы  оқу  орны  және  кәсіби  педагогика  ғылымы  алдына  бірқатар  көкейкесті  міндеттер 
қоюда.  
Есептеу  жүйелерін  жаһандандыру  кезінде  ақпараттандырудың  маңызы  өте  зор.  Бірінші  кезекте 
ақпараттандыруды жоғары оқу орындары мен мекемелер, фирмалар талап етеді.    

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
146
 
 
Қазіргі таңда болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың маңызы зор. Жоғары оқу орнының алдына қой-
ған  ең  бірінші  мақсаты  -  қоғамға  қажетті  жоғары  білімді  кәсіби  мамандарды  даярлау.  Болашақ  маман-
дардың  кәсіби  міндеттерді  шешу  үшін  өз  бетінше  ізденуге  және  білімді  игеруге  даярлау  қажеттігі 
туындайды [1]. 
Қазіргі  ғылыми-техникалық  даму  кезеңінде  инженерлі,  экономикалық,  басқару,  ғылыми  және  басқа 
түрлі есептерді тиімді түрде шешу мен медициналық диагноз қою т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәл-
дікпен алуды  электронды  есептеу машиналарынсыз  (ЭЕМ-сыз) ұйымдастыру  мүмкін емес. Сондықтан, 
орта және жоғары білімді мамандар өз білімін ЭЕМ-ді тиімді пайдалану әдістерін кеңінен үйлестіре ала-
тын  болуы  тиіс.  Бұл  олардың  келешек  жұмысында  ЭЕМ-мен  жұмыс  істеуді  күнделікті  дағдыға  айнал-
дыруы үшін де қажет. 
Қазіргі  әлемнің  көптеген  елдеріндегі  ақпараттық  білім  орталарының  негізгі  көрсеткіштерін  30  жыл 
кейінге  шегеріп  қарайтын  болсақ,  онда  бүгінде  біз  адамдардың  бұлтартпас  жаңа  ақпараттық  кезеңде 
тұрмыс кешіп жатқанын айта алатынымыз айдан анық. Міне, дәл осы ақпараттық орта қазір адамдардың 
әлеуметтік  жағдайының  жаңа  бейнесін,  олардың  өмір  сапасын,  жаңа  әдеттерін  қалыптастыруда.  Білім 
беруді  ақпараттандыру  жағдайында  инженер  мамандардың  біліктілігін  көтеру  –  бүгінгі  күннің  негізгі 
міндеттерінің біріне айналып отыр.  Сондықтан инженер мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттан-
дыру  туралы  тұжырымдама,  стандарт  және  оқу-тақырыптық  жоспарларын  жасақтау  қажет.  Аталған 
қажеттілікті  шешу  барысында  инженер  мамандардың  біліктілігін  ақпараттық  технологияны  өз  қызмет-
теріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Соны-
мен  бірге  білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  инженер  мамандардың  ақпараттық  сауаттылығын, 
ақпараттық  мәдениетін  және  ақпараттық  құзырлығы  сияқты  қабілеттіліктерді  қалыптастыру  мәселесі 
бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге 
асырылып жатыр деген сауал туындайды.  ЖОО-ның маңызды  міндеттерінің  бірі  -  мамандарды дайын-
даудағы іргелі  орны мен рөлін жоғарылатудан келіп шығатын білім беруді ізгілендіру [3]. 
Қазіргі  кезде  әрбір  қоғамның,  мамандардың  алдына  қоятын  талаптарына  сәйкес  «маман  моделін», 
маманның кәсіби бейнесін жасау міндеті зерттеушілердің назарын аударуда. 
Сондай-ақ, адамның жеке функционалдық мүмкіндіктері қабілеттердің ғана емес оларды практикада 
қолдануға тілек білдірудің нәтижесінде іскерлік сапаны анықтауы мүмкін. 
Сондықтан, алдымен болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығының қалыптасу үдерісі зерттелді. Бұл 
үшін студенттердің таңдалған мамандық бойынша оқуға түсуге және басқа мамандыққа ауысуға қызығу-
шылықтары  зерттеліп,  кәсіби  бағыттылық  деңгейі  мен  оның  құрылымына  тәуелді  болашақ  қызметтері 
мен оған дайындықтарының түрлі тұғырлары бойынша қанағаттандырылу дәрежелері айқындалды. 
Теориялық талдау барысында кәсіби бағыттылықты қалыптастыру үдерісін жетілдіру үшін тұлғаның 
мотивациялық саласын  түрлендіру қажеттілігі белгілі болды. Тәжірибелік жұмыс нәтижелерінде кәсіби 
бағыттылыққа  қабілет  және  мінез  сипаттары  сияқты  тұлғалық  сапалардың  үлкен  ықпал  ететіндігі 
анықталды. 
Кәсіби  бағыттылықты  қалыптастырудағы  негізгі  психологиялық-педагогикалық  тетігі  кәсіби  еңбек 
мазмұны мен кәсіпті таңдаудағы тұлғалық ойлаудың арасындағы қарама-қайшылық екендігі айқындалды. 
Осы қарама-қайшылықты шешу және ЖОО жағдайында кәсіби бағыттылықтың даму динамикасын 
қамтамасыз ету үшін: 
- кәсіп таңдаудағы тұлғалық ойлауды тереңдету; 
- іс-әрекеттің объективті мазмұнына қатысты жетекші мотивке басымдық жасау; 
- іс-әрекеттегі тікелей мотивтерді қалыптастыру; 
- іс-әрекеттің бастамаларын анықтау. 
Болашақ маманның кәсіби мағыналы сапаларының құрылымын кәсіби бағыттылық пен жауапкершілік 
анықтайды. Студент өндірістік және оқу практикалары мен арнайы пәндерді оқу барысында өзінің бола-
шақ  жұмысы  туралы  көбірек  білсе  болашақ  маманға  өз  міндетттерін  орындауға  қажетті  дағдыларды 
көбірек игеріп, кәсіби маңызды сапаларының қалыптасу деңгейі жоғарылайды. 
Кәсіби білімдердің (әдіснамалық, теориялық, әдістемелік, технологиялық) қалыптасу критерийлері: 
- тұлғаның танымдық белсенділігі мен бағыттылығының даму деңгейі; 
- кәсіби білімдердің көлемі, жалпылануы және жүйеленуі; 
- ойлау сипаты, нақтылықты стандартты емес шығармашылықпен ойлау; 
- білімді түрлі еңбек жағдайларында қолдану біліктілігі. 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
147 
Маманның  ақпараттық  мәдениетінің  қалыптасуы  туралы  ғылыми  зерттеулер  “басқару  саласындағы 
маманның ақпараттық мәдениетін” бөлуге және мағынасын нақтылауға мүмкіндік береді. 
Маманның  ақпараттық  мәдениеті  қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялардың  потенциалдық 
мүмкіндіктері  туралы білімдерден; оларды күнделікті оқу, болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде басқарушы-
лық шешімдерді қабылдау үдерісінде дұрыс қолдану біліктілігінен құралады. 
Болашақ маманның ақпараттық мәдениетінің бағалану критерийлерін информатика және ақпараттық 
технологиялар  аймағындағы  білімдер,  біліктіліктер  мен  дағдылар  кешені  негізінде  анықтау  үшін,  біз 
маңызды деген бірнешеуін бөліп алдық. 
Қорыта келе, білім беру саласындағы жүргізілген зерттеулер, сараптаулар мен тәжірибелерге сүйене 
отырып, келешекте оқу жүйесін дамытудың мынадай үдерістерін атап өтуге болады: 
- оқу саласын демократияландыру; 
-  гуманитарландыру; 
- жоғары білім, ғылым және өндіріс салаларын бірлесе жұмылдыру; 
- халықаралық ізденіс пен тәжірибелерді есепке алу; 
- оқу үдерісін ғылым мен техника жетістіктері негізінде жүргізу; 
- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық психологиялық ерекшеліктерін есепке алу; 
- жоғары оқу орындары мен болашақ мамандардың өмірге көзқарасы араларындағы байланысқа зер 
салу, т.б. 
 
1.  Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. 
пед.ғыл.докт.дисс... авторефераты. – Қарағанды, 2005. – 33 б. 
2.      Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2007. – 70 б. 
3. Нәбиев Ы.А. Жоғары оқу орындарында болашақ инженерлерді графикалық даярлаудың ғылыми-әдістемелік 
негіздері: пед.гыл.докт.дисс. ... автореф. – Алматы, 1996. – 47 б. 
4. Антонова С.Г. Информационная культура личности: Вопросы формирования //Высш. Образование в России.-
1994. – №1. – С.82-88 
5.  Информационная  культура  специалиста:  гуманитарные  проблемы:  Межвуз.  научн.  конф.  Краснодар-
Новороссийск 23-25 сентября 1993 г. Тезисы докладов.  – Краснодар, 1993. – 249 с. 
 
Резюме 
Баялы

Ә.Т.  аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
bayaly.azimxan@mail.ru
 
 
Особенности использования инновационных технологий в изучении технических специалистов. 
В  статье  рассматриваются  устойчивое  экономическое  и  социальное  развитие  и  его  конкурентно  способности, 
одной  из  основных  сил  в  формировании  характера  бизнеса  является  развитие  действия.  Это,  чтобы  подготовить 
молодых  специалистов  к  жизни  в  условиях  свободной  рыночной  экономики  и  занятости  целевых  координат 
потребности социальной и образовательной деятельности. 
Очень  важная  информация,  это  глобализации  вычислительных  систем.  В  первую  очередь  высших  учебных 
заведений и научных учреждений, компании требуют высококвалифицированных специалисистов. 
В  настоящее  время,  будущее  обучения  является  очень  важным.  Для  того,  чтобы  решить  проблему  будущего 
профессионала  есть  потребность  в  обучении  и  образовании  для  развития  своих  собственных  интеллектуальных 
навыков. 
Ключевые  слова:  Компьютеризация,  ВУЗ-Высшее  учебное  заведения,  ЭВМ-Электронные  вычислительные 
машины, информатизация. 
 
Summary 
Bayaly A.T.  PhD students, Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
 
Features of the use of innovative technologies in the study of technical experts 
The article deals with sustainable economic and social development and its competitiveness, a major force in shaping the 
nature of the business is the development of action. This is to prepare young professionals to live in a free market economy 
and the employment target coordinate social activities and education needs. 
Very important information  is  the  globalization of  computing systems.  First of all  institutions of  higher education and 
research institutions, companies require highly spetsialisistov. 
At the moment, the future of education is very important. In order to solve the problem of the future there is a need in the 
professional education and training to develop their own intellectual skills. 
Key  words:  Сomputerization,  Higher  Education  Institutions  of  higher  educational  institutions,  computer-Electronic 
computers, informatization. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
148
 
 
ӘОЖ:  37.026.6:377 
 
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ТАНЫМДЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ РӨЛІ 
 
Саудабаева Г.С. 

 п.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ 
gylmiraS75@mail.ru 
Айтбаева М.А. 

 п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а., 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
maira71@list.ru
 
 
Мақалада орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқушылардың танымдық белсенділікпен байланысты сұрақтары 
қарастылған, кәсіптік даярлау үдерісіндегі рөлі айқындалған. Қазіргі кезеңде орта кәсіптік білім беру жүйесі еңбек 
нарығының қажеттіліктері мен орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартқа қарай өндіріс, мәдениет, қызмет 
көрсету саласы және т.с.с. жетекші салалардың нақты талаптарына сай келуге талпынуда. Мақалада оқытушылардың 
құрамы,  оқыту  үдерісін  әдістемелік,  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  мәселесіне  және  оны  ұйымдастыру 
формалары мен әдістеріне қойылатын талаптардың да жоғарлауы жайлы айтылған. Орта кәсіптік білім беру ұғымы 
анықталған.  Ол  жалпы  білім  берудегі  меңгеріліп  жатқан  дағдылармен,  таңдап  алған  мамандықпен  үйлесетін 
тұлғалық бағдары мен сапасын қалыптастыру және жетілдіру тұрғысынан ерекшеленеді. Орта кәсіптік білім берудің 
мақсаты мен міндеттері  көрсетілген. Белсенді танымдық іс-әрекет  барысында аталған  міндеттерді шешу  -  жоғары 
білікті  маманды,  бәсекеге  қабілетті  кәсіп  иесін  даярлауды  қамтамасыз  етеді  және  оқушылардың  белсенді  және 
шығармашыл білім алуға бағдарлаудағы бастапқы қағида болып табылады. Білім беру үдерісін ұйымдастыруындағы 
колледждің рөлі және маңыздылығы жайлы ашық түрде айтылған. 
Тірек сөздер: орта кәсіптік білім беру, колледж, танымдақ белсенділік. 
 
Әлеуметтік-саяси  және  экономикалық  жағдайдың  өзгеруі  орта  кәсіптік  білім  беру  мекемелерінің 
түлектерінің сапасы мен даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың артуы алғышарты болды. Өз бетінше 
шешім қабылдап, оларды жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді тұлғаға деген сұраныстың артуы орта 
кәсіптік білім беру жүйесінің қызметінің күрделене түсуіне әкелді. 
Қазіргі кезеңде орта кәсіптік білім беру жүйесі еңбек нарығының қажеттіліктері мен орта кәсіптік білім 
берудің мемлекеттік стандартына бағдарлана отырып өндіріс, мәдениет, қызмет көрсету саласы және т.с.с. 
жетекші  салалардың  нақты  талаптарына  сай  келуге  талпынуда.  Оқытушылар  құрамы,  оқыту  үдерісін 
әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесіне және оны ұйымдастыру формалары мен 
әдістеріне қойылатын талаптар да күшеюде. Мұның себебі оқушылардың танымдық белсенділігін қалып-
тастырумен,  оларға  берілетін  білімнің  сапасын  қамтамасыз  етумен  және  шығармашылық  мүмкіндіктерін 
дамытумен байланысты мәселелерді дәстүрлі әдістер және тәсілдермен шешу қиынға соғып отыр. Бүгінгі 
қалыптасқан жағдайда орта кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушыларын міндеттерді өз бетінше тиімді 
шеше алып, өз әрекетін талдап, жобалай алуға, дүниетанымын кеңейтуге деген даярлықтың өзектілігі арта 
түсуде. Нормативтік құжаттарда («Білім беру туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарла-масы,  Қазақстан  Республикасының  12-
жылдық  жалпы  орта  білім  беру  тұжырымдамасы,  Қазақстан  Республикасының  үздіксіз  білім  беру  жүйе-
сіндегі тәрбие тұжырымдамасы) жоғары  білікті және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маманды даяр-
лауға бағытталған орта кәсіптік білім берудің міндеттері анықталған. Сонымен қатар зерттеу  мәселесінің 
өзектілігі қоршаған ақиқатты қайта құруға белсенді қатысуға қабілетті, жан-жақты дамыған шығармашыл 
маман тұлғаны қалыптастыруға деген мемлекеттік пен қоғамның тапсырысымен арта түсуде. 
Оқушылардың танымдық белсендігін арттыру мәселесін шешудің қазіргі заманғы тәсілдері индивид 
іс-әрекетте және іс-әрекет арқылы өзін субъект әрі тұлға ретінде қалыптастыру мүмкіндіктеріне негіздел-
ген. Зерттеу мәселесін қоюда біз Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Н.Ф. Талызина және 
т.б.   ғалымдардың іс-әрекет теорияларын басшылыққа алдық. 
Қазақстандық  ғалымдар  А.А.  Бейсенбаева,  А.Х.  Аренова,  А.Е.  Әбілқасымова,  Р.Омарова,  
Ә.С.Әмірова,  Ресей  ғалымдар  Ю.К.  Бабанский,  В.А.  Беликов,  Ф.Харламова,  Г.И.  Щукина  және  т.б. 
еңбектерінде  тұлғаны  дамытуға  ықпалын  тигізетін  танымдық  белсенділігін  қалыптастырудың  жолдары 
анықталған. 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
149 
Н.А.  Дарханов,  Д.Ж.  Кішібаева,  Т.И.  Қоқымбаева,  В.И.  Загвязинский,  П.И.  Пидкасистый,                           
Г.И. Щукина, Т.Н. Шамова және т.б. танымдық белсенділікті қалыптастыру құралдарын жүзеге асырудың 
дидактикалық шарттарын жасап, танымдық белсенділіктің деңгейлерін анықтады. 
И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, Г.И. Щукина, Р.С. Омарова, Е.Ж. Рысбаев, Ильясов С.,  М.И. Махмутов,  
Т.И. Шамова және т.б. еңбектерінде танымдық белсенділігін қалыптастырудың жолдары анықталған. 
Кәсіптік  білім  беруді  жетілдіру  және  дамыту  мәселелері  С.А.  Батышев,  Э.Ф.  Зеер,  А.П.  Сейтешев,     
Б.К. Момынбаев, Өстеміров К. және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қозғалады. Оқыту үрдісіндегі қазіргі 
педагогикалық  технологиялар  Ш.Т.  Таубаева,  А.Әлімов,  К.Бұзаубакова   еңбектерінде  қарастырылған. 
Әдебиет көздерін талдау, педагогикалық тәжірибелерге қорытынды жасау ғалымдардың танымдық бел-
сенділікті  қалыптастыру  мәселесіне  деген  қызығушылықтары  артып  отыр  деген  тұжырым  жасауға 
мүмкіндік берді. 
Қазақстанда  заманауи  күрделі  міндеттерді  кәсіби  деңгейде  шешуге  қабілетті  білікті  мамандардың 
жетіспеушілігі байқалады. 
Орта кәсіптік білім беру жоғары кәсіптік біліктілік пен құзіреттіліке ие мамандарды арнайы даярлауға 
бағдарлануы  тиіс.  Қазіргі  заманғы  маманға  білім,  бастамашылдық,  белсенділік,  қандай  да  бір  күрделі 
жағдайда  өз  бетінше  әрекет  ете  алу  мен  өзі  атқарған  жұмысқа  сыни  көзқараспен  қарау  қабілеті  қажет. 
Оқушылардың  белсенді  танымдық  іс-әрекетті  қалыптастыруға  бағытталған  іс-әрекет  жүйесін  айқындау 
қажеттілігі туындап отыр. 
Зерттеу мәселесін қою мен шешудің бастапқы аспектісі орта кәсіптік білім беур ұғымын анықтаудан 
басталады. Ол жалпы білім беруден меңгеріліп жатқан білімдер, біліктер мен дағдылардың сипаты және 
бағыттылығымен,  таңдап  алған  кәсібі  және  мамандығымен  үйлесетін  тұлғалық  бағдары  мен  сапасын 
қалыптастыру және жетілдіру тұрғысынан ерекшеленеді [2, 211 б.]. Мемлекеттік білім беру стандартында 
орта кәсіптік білім беру аталған стандарттың барлық талаптарына сай келетін жалпы негізгі, жалпы орта 
(толық) немесе бастапқы кәсіптік білім беру базасындағы білім беру ретінде анықталады. 
Кәсіптік  білім  берудің  мақсаты  өндірістің  барлық  бағыттары  мен  салалары  бойынша  білікті  маман-
дарды лаярлау болып табылады. 
Аталған мақсат орта кәсіптік білім берудің міндеттерін анықтайды: 
а)  қоғамның орта кәсіптік білім бар мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру; 
б)  білім  алушылардың  азаматтық  ұстанымын  және  еңбекке  деген  сүйіспеншілігін  қалыптастыру, 
жауапкершілікті, өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту; 
в)  қоғамның адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау және ұлғайту [3]. 
Белсенді танымдық іс-әрекет барысында аталған міндеттерді шешу жоғары білікті маманды, бәсекеге 
қабілетті кәсіп иесін даярлауды қамтамасыз етеді. 
Бізге жоғары құзіреттілікке, әлеуметік және кәсіби маңызды сапаларға, өз бетінше әрекет ете алудың 
жоғары деңгейіне ие әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлғаны қалыптастыруға бағдарлану маңызды [4]. 
Оқушылардың белсенді және шығармашыл білім алуға бағдарлау бастапқы қағида болып табылады. 
Осылайша, орта кәсіптік білім берудің қалыптасуы мен дамуы оқушыларды кәсіби даярлаудың деңгейі 
және сапасымен шартталады. 
Өндірістің техникалық тұрғыдан алға жылжуы мен тиімділік қарқынын үздіксіз арттырудың міндетті 
шарты мамандықтар санын көбейту мен кәсіби даярлау деңгейін арттыру болып табылады [5, 53 б.]. 
С.Я.  Батышевтің  пікірі  бойынша,  мамандарды  кәсіби  даярлаудың  қазіргі  заманғы  жүйесі  қазіргі 
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып негізделген бастамаларды басшылыққа 
алуы тиіс [6, З б.]. 
Кәсіптік білім беру теориясында кәсіптік даярлау ұғымы түрлі аспектілерде қарастырылады. Бірінші-
ден, кәсіптік даярлау белгілі бір мамандық бойынша табысты еңбек ету мүмкіндігін қамтамасыз ететін 
білімдер, біліктер мен дағдылар, сапалар, еңбек тәжірибесі және мінез-құлық нормаларының жиынтығы 
ретінде қарастырылады [7, 390 б.]. Екіншіден, кәсіптік даярлау кең мағынада кәсіби мамандарды оқытуды 
ұйымдастыру, кәсіптік білім алудың түрлі формалары; ал тар мағынада: кәсіби дағдыларды меңгерудің 
жеделдетілген формасы болып табылады. 
Біз кәсіптік даярлауды маман өзіне қажетті құзіреттіліктер жиынтығын меңгеретін танымдық белсен-
ділік қағидасы негізінде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық үдеріс ретінде қарастырамыз. 
Орта кәсіптік білім бар мамандардың кәсіптік және жалпы білім алуын колледждер қамтамасыз етеді. 
Б.К. Моминбаев, Е.П. Белозерцев, А.Д. Гонеев, А.Г. Пашков колледжді мамандарды даярлау деңгейінің 
қазіргі заманғы талаптарын қамтамасыз ететін, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды пайда-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
150
 
 
ланудың  қажетті  жағдайын  жасайтын  инновациялық  оқу  орны  ретінде  қарастырады.  Колледжде  орта 
кәсіптік  білім  берудің  тереңдетілген  бағдарламалары  білім  алушыларға  жоғары  біліктілік  деңгейін 
қамтамасыз ететін дербес оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады. 
Колледж білім беру үдерісін ұйымдастыруда  даярлықтың басты міндеті – білім алушыларға қоғамның 
және өндірістің қазіргі заманғы талаптарына сай терең және берік білім беру, оларды тәжірибеде пайдалану 
біліктері мен икемділіктерін қалыптастыру, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ету. Дегенмен, аталған 
міндеттің  шешімін  табу  оқушылардың  белсенді  танымдық  іс-әрекетінсіз  мүмкін  емес.  Себебі,  тиімді 
кәсіптік білім беру факторларының бірі оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыру болып табылады. 
Оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру дидактика саласындағы  зерттеулердің басты 
мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушыларының танымдық белсенділігі оқыту үдерісінде оқушылардың 
өз бетінше іс-әрекет етуі  және шығармашылық белсенділігін дамытудың негізгі тәсілі ретінде қарасты-
рылады. 
Осылайша, кәсіби іс-әрекетін шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыруға, ғылымның жетістіктері мен 
алдыңғы  қатарлы  технологияларды  белсенді  ендіре  алуға,  өз  бетінше  білім  алып,  өзін-өзі  жетілдіруге 
қабілетті  мамандарды  даярлау  қажеттілігімен  қатар  кәсіптік  колледж  оқушыларының  танымдық 
белсенділігін қалыптастырудың рөлі де арта түсуде. 
 
1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 жыл. 
2.  Российская   педагогическая   энциклопедия:   в   2   т.   /  гл.   ред. B.В. Давыдов. – М. : Большая Российская 
энциклопедия, 1998. – Т.2 – М-Я. – 672 с, ил. 
3.  Талызина, Н. Ф. Теория поэтапного формирования умственных действий и проблема развития мышления / 
Н.Ф. Талызина // Советская педагогика. – 1967. – №1. – С. 28-32.  
4.  Климов, В. А. Субъект как реальность глазами разнотипных профессионалов / В.А. Климов // Акмеология. - 
1994. – № 1. – С. 52-66. 
5.  Нарбекова, Р. А. Развитие инициативы трудящихся. Экономика и организация производства /Р.А.Нарбекова. 
– М.: Знание, 1985. — 64 с. 
6.  Профессиональная  педагогика  :  учебник  для  учащихся  ,  обучающихся  по  педагогическим  специальностям  и 
направлениям  /  под  общ.  ред.  С.  Я.  Батышева.  -  2-е  изд.,  перераб.  и  доп.  –  М.:  Ассоциация  «Профессиональное 
образование», 1999. – 904 с. 
7.  Энциклопедия профессионального образования : в 3 т. / под ред. С. Я. Батышева. - М.:Российская Академия 
образования, Ассоциация «Профессиональное образование». – 1998. – Т.1. – 568 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет