Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет31/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52

 
Резюме 
Сейсенбаева Ж.А.  КазНПУ имени Абая 
заместитель директора НИИ формироваия интеллектуальной нации кандидат филологических наук. 
Лауреат государственной премии им. Ы.Алтынсарина 
Мырзагельдиева М.А.   Таразский инновационно-гуманитарный университет.  
Магистрант 2 курса психолого-педагогической кафедры 
 
Научное основания развития духовно-нравственного воспитания у будущих специалистов  путем 
этнопедагогического воздействия 
В настоящее время особую роль приобретают проблемы формирования духовного, нравственного и физического 
здоровья  подрастающего  поколения,  воспитания  нового  типа  граждан  –  истинных  патриотов,  самостоятельно 
мыслящих,  активно  действующих,  обладающих  интеллектуальным  потенциалом  и  нравственными  принципами. 
Важнейшей  целью  современного  образования,  общества  и  государства  является  воспитание,  социально-
педагогическая  поддержка  становления  и  развития  высоконравственного,  ответственного,  творческого, 
инициативного, компетентного гражданина Казахстана. 
Ключевые  слова:  специалист,  духовно-нравственное  воспитание,  этнопедагогика,  высшая  школа,  учебный 
процесс,  национальное  образование,  рынок  труда,  национальные  ценности,  национальная  сущность,  личность, 
традиции, национальная педагогика, новейшие технологии, устная народня литература. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
194
 
 
Summary 
Seisenbayeva Zh.A.  KazNPU Named after Abai   
Deputy director of   Research Institute of the formation of the intellectual nation 
candidate of philological sciences Winner of the State Prize.by Y.Altynsarin 
Myrzageldiyeva M.A.  Taraz Innovative Humanitarian University 
 Master student  of the 2nd course of Department of Education and Psychology. 
Scientific substantiation of spiritual and moral education of future professionals by ethno pedagogical exposure 
 
Future professionals in the scientific basis for the spiritual and moral development by means of ethnopedagogics 
Now  the  special  role  is  got  by  problems  of  formation  of  spiritual,  moral  and  physical  health  of  younger  generation, 
education of new type of citizens – the true patriots who are independently conceiving, actively acting, possessing intellectual 
potential and the moral principles. The most important purpose of modern education, society and state is education, social and 
pedagogical support of formation and development of the highly moral, responsible, creative, initiative, competent citizen of 
Kazakhstan 
Keywords:  expert,  spiritual  and  moral  education,  ethnopedagogics,  the  higher  school,  educational  process,  national 
education, labor market, national values, national essence, personality, traditions, national pedagogics, the latest technologies, 
literature. 
 
 
ӘОЖ: 796.07 
 
ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ  МӘДЕНИЕТІ 
 
Нарықбай Р.Т. 

 оқытушы  
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті e-mail: 
dene-tarbiesi@mail.ru
 
 
Бұл  мақалада  жеке  адамның  мәдениеті,  әдетте,  оның  өзі  жататын  әлеуметтік  топтың  мәдениетінің  шеңберінде 
қалыптасады,  бірақ  үлкен  ауытқудың  болуы  мүмкін.  Бұл  көбіне  құқықтық  мәдениетке  қатысы.  Құқық  мәдениеті 
ресми-идеологиялық  құбылыс  ретінде  жеке  адамның  саяси  және  құқықтық  сана-сезімінің,  олардың  құндылықты-
нормалық кешенінің, сонымен қатар құқықтық ортадағы жүріс-тұрысы мен қызметінің қалыптасуына және дамуына 
мемлекет пен қоғам арқылы бағытталған. Бұл ықпал айқындалған құқықтық көзқарастарды, рухани байлық, қазына-
ларды және т.б. бекітеді: құқықтық идеология мен құқықтық сана-сезімнің мазмұнының дамуы мен мүлдем өзгеруі, 
жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, бүкіл қоғамның құқықтық сана-сезіміне жаңа көзқарастарды, құқықтық құнды-
лықтарды және т.с.с. көнерген құқықтық таптаурындарды, үлгілерді,  көзқарастар мен құндылықтардың бөлшектерін 
енгізу арқылы жүзеге асады.     
 
Әлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан  құқықтық  мәдениет  тұтас  құқықтық  жүйе  сияқты  құқықтық  нормаладың 
және  адамның  шынайы  мінез-құлқының  бірлігімен,  мөлшерлер  мен  құндылықтардың  сәйкес  келуімен,  құқықтың 
әлеуметтік  тиімділігіне  жетуімен  сипатталады.  Демек,  құқықтық  мәдениеттің  интеграцияланған,  яғни  кіріктіріліп 
дарытылған  қасиеттері  нормалық  бағыттаудың  мәнімен  шектелмейді.  Оның  мақсаты  -  әлеуметтік  ортаға  белсенді 
енуі, қалыптасқан ұстанымдарға ықпал жасауы, ұжымдары мен әлеуметтік топтардың мүшелерін ілгерішіл норма-
лардың, олардың құкықтық жүріс-тұрысына қажеттілігін түсінуге бағыттау болып табылады. Құқықтық мәдениетті 
қалыптастырудың  маңыздылығы  ашылған.  Құқықтық  тәрбие  берудің  түрлері  мен  әдістері  одан  әрі  жетілдіруді 
жолдары қарастырылған. 
Тірек сөздер: Сараптау, дамыту, білім беру, руханият, жетілдіру, дағды. 
 
Қазақстанның  қазіргі  даму  кезеңі  қоғам  өмірінің  барлық  саласындағы  терең  өзгерістермен  сипатта-
лады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына 
тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді. 
Сондай елеулі өзгерістердің бірі – демократиялық-құқықтық мемлекет құру міндетін шешу. 
Мемлекеттік  саяси-құқықтық  қайта  құрудың  маңызды  құрамдас  бөлігі  –  адамның  құқықтық  мәде-
ниетінің деңгейін көтеруге тікелей  тәуелді.  Өйткені, құқықтық мемлекетке азаматтардың жоғары саяси 
және құқықтық білімділігі, құқық бұзушылыққа қарсы тұра білу қабілеттілігі мен дайындығы тән. 
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде дамуы әрбір азамат бойына құқықтық құн-
дылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастырудан көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін қымбат 
қазына – адам, адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай 
білуі аса маңызды. Сол себептен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы да осыдан баста-
лады. Оны қалыптастыру үшін жүйелі де мазмұнды тәрбие қажет [1]. 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
195 
Осыған  орай,  құқықтық  тәрбиенің  мақсаты  –  жастарды  мемлекет  заңдары  мен  қоғамда  өмір  сүру 
ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзбеушілікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбие-
леу  болып  табылады.  Тұлғаның  аталған  сапалары  болашақ  қоғам  азаматының  құқықтық  мәдениетінің 
мәнін құрайды. 
Құқықтық мәдениет қамтамасыз етілмеген жерде шынайы бостандық пен жеке тұлғаның қауіпсіздігі, 
азаматтық белсенділіктің болуы мүмкін емес. 
«Өркениетті  қоғамда  құқықтық  мәдениет  әр  адамның  жалпы  мәдениетінің  қажетті  бөлшегі,  әрбір 
лауазымды  адамға  қойылар  кәсіби  талап  болып  табылады.  Тиісті  құқық  тәртібін  орнықтырмайынша, 
біздің  экономиканы  реформалауымыз,  қоғам  өмірінде  демократиялық  қалыпты  өлшемдерді  бекітуіміз 
неғайбыл»  деген  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  пікірі  қоғамда  құқықтық  мәдениетті  қалыптастырудың 
маңыздылығына аса назар аудартады. 
Сондай-ақ, осы мақсатта мемлекеттік деңгейде басқа да маңызды шаралар жүзеге асырылды. 
Солардың бірі жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды іске асыруды нормативтік-құқықтық 
қамтамасыз ету болды. Мәселен: 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары туралы 
Конвенциянықабылдады. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Конвенция ратификацияланды. 2002 жылы 
8 тамызда ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы; 2004 жылы 7 шілдеде 
«Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы»  Заңы  және  осы  жылы  9  шілдеде 
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және балалардың қадағалаусыз, панасыз 
қалуының  алдын  алу  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  қабылданды.  Ел  Президенті                           
Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпандағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жастардың құқықтық 
мәдениетін қалыптастыруды ерекше атап өтті. 
Дегенмен,  жоғарыда  аталғандай,  студенттің  құқықтық  мәдениетін  қалыптастыруға  байланысты  игі 
шаралармен қатар кемшіліктер де жеткілікті. Соның бірі, тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі таңда құқықтық 
мәдениетті қалыптастыру ісіне әлі де қажетті назар аударылмауы кездеседі [2]. 
Ғылыми  зерттеу барысында мәселеге қатысты әдебиеттерді  зерделеу  нәтижесі жастардың құқықтық 
мәдениетін қалыптастыру мәселесі әр кезеңде де өзекті болғанын көрсетеді. Мәселен құқықтық мәдениет 
мәселелері  философ-ойшыл,  ағартушылар  әл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  Ш.Уәлиханов,  А.Байтұрсынов, 
Ш.Құдайбердиев және т.беңбектерінде әр қырынан көтерілген. Ал психологиялық-педагогикалық тұрғыда 
құқықтық  мәдениетті  қалыптастыруды  В.Г.  Баженов,  Л.К.  Керимов,  В.В.  Трифонов,  Л.А.  Байсеркеев,              
М.В.  Лукьяненко,  Ә.Табылдиев,  Г.П.  Давыдов,  В.М.  Обухов,  Р.Р.  Бирюшев,  Г.М.  Дайрабаева,                                      
Д.Р. Жарықбаевалар зерттеген. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы және оның алдын алуды заң 
ғылымында  К.С.  Сапарғалиев,  К.А.  Бегалиев,  Ө.Қопабаев,  М.С.  Нәрікбаев,  Е.К.  Нұрпейісов, 
М.Нығметоллаев,  А.Ибраева,  А.К  .Мұхтарова,  Д.Б.  Бұғыбаева,  Л.Қ.  Ерінбетова,  С.Б.  Бейсебаева,                       
Ш.Ж. Колумбаева т.б. жете қарастырған. Демек аталмыш мәселе әр кезеңде де әр қырынан біршама жақсы 
зерттелген деген қорытындыға келуге болады. Дегенмен, білім беретін орындардағы құқықтық мәдениетті 
қалыптастыру  жеткілікті  зерттелген,  оның  тиімділігін  көтеруге  қажетті  педагогикалық  жағдайлар 
туғызудың шарттары мен тетіктері анықталған деп айта алмаймыз. 
Педагогикалық-психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді, ғылыми зерттеулерді, жалпы орта білім 
беретін мектептердің тәжірибелерін зерттеу нәтижесінде біз: 
-  қазіргі  қоғамның  белсенді,  заңды  құрметтеуші  азаматтарға  мұқтаждығының  артуы  мен  халықтың, 
оның ішінде жастардың құқықтық құзырлылығы мен құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі; 
-  жастардың  құқықтық  мәдениетін  қалыптастыру  үрдісінің  тиімділігін  арттыру  мен  осы  саланың 
теориялық және әдістемелік қырларының әлі де жеткілікті зерттелмеуі; 
- оқу-тәрбие үдерісінде жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру қажеттіліктері, мүмкіндіктері 
мен  жалпы  білім  беретін  мектептерде  педагогикалық  кадрларды  даярлауды  жүзеге  асырудың  жеткілік-
сіздігі; 
-  жастардың  құқықтық  мәдениетін  қалыптастыруға  қазіргі  сұраныстың  өзектілігі  мен  оны  ұйымдас-
тырудағы  педагогикалық  ұжымның  дайындығының  төмендігі  мен  оны  жетілдіру  жолдарының  толық 
айқындалмағандығы арасында қарама-қайшылықтардың әлі де бар екендігін анықтадық. 
Аталған  қайшылықтар  жас  ұрпақтың  құқықтық  мәдениетін  қалыптастыру  мәселесінің  өзектілігін 
дәлелдейді. 
Еліміз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қарым-қатынасты жаңарту, құқықтық жүйенің жаңа 
типін қалыптастыру жолына түсті. Оның табысты жүруі бір жағынан, заңшығарушылық пен мемлекеттік 
басқаруды жетілдіруді қажетсінсе, екінші жағынан, субъективті фактор – жеке тұлғаның жаңа өмір жағ-
дайларына дайындығы, әр адамның заң үстемдігін қабылдауы мен жүзеге асыруы, азаматтардың құқық-
тық  мәдениетінің  жоғары  деңгейімен  қамтамасыз  етіледі  [3].  Ғылыми  зерттеу  жұмысымыздың  түйінді 
ұғымдарының  бастысы  «құқықтық  мәдениеттің»  шығу,  қалыптасу  тарихына  тоқталмас  бұрын,  құқық 
және  құқықтық  тәрбие  ұғымдарына  тоқталған  жөн.  Өйткені,  құқықтық  мәдениет  жүйелі  жүргізілген 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
196
 
 
құқықтық тәрбиенің жемісі екені түсінікті. Ал құқық ұғымының мәнін әр қырынан түсініп алмай, құқық-
тық  тәрбиені  жүргізу  мүмкін  емес.  Зерттеушілердің  пікірінше,  құқық  мемлекетпен  бірге  пайда  болған. 
Құқықтың пайда болуының бірнеше негіздері бар: әлеуметтік негізі – адамдар мінез-құлқы мен психо-
логиясындағы өзгерістерге байланысты. Экономикалық негізі – бірте-бірте өнеркәсіп пен сауда айналы-
мының  өсуі  алынған  өнімді  жеке  иелену  тәжірибесін  дүниеге  әкелді,  яғни  жеке  меншік  пайда  болды. 
Жеке меншіктік қатынастарды реттеудің ең икемді құралы ретінде құқық дүниеге келді. Өйткені, мораль-
дық, діни нормалар мен дәстүр өз табиғатында жеке меншіктік қатынастардан аулақ болды. Саяси негізі – 
қоғамдық  қатынастардың  дамуы  өмірге  мемлекет,  әлеуметтік  топтар  және  т.б.  адамдардың  ұйымдасу 
құрылымдарын әкелді. Нақты басқару жүйесі бар мемлекет бір қалыпты жүйеге түсірілген мінез-құлық 
ережелерін бекітті. Құқықтың саяси негізі осылайша қаланды. Мораль, дін, не дәстүр ережелері өздерін 
сақтау үшін күш қолдануды қажет етпейтін, тіпті олар көптеген жағдайларда күш қолдануға қарсы болды. 
Сондықтан олар мемлекетке құқық сияқты тірек бола алмады. 
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады: 
 -  біріншіден,  құқық  –  ресми  түрде  танылған  жеке  және  заңды  тұлғалардың  заңға  сүйене  отырып, 
әрекет  жасау  мүмкіндігі.  Мысалы,  азаматтардың  еңбек  ету  бостандығы,  білім  алу,  меншік  иесі  болу, 
кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Бұл субъективтік мағынада қолданылуы деп түсінеміз;  
-  екіншіден,  құқық  дегеніміз  құқық  нормаларының  жүйеге  келтірілген  жиынтығы.  Бұл  объективтік 
мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес; 
 -  үшіншіден,  құқық  термині  оқу  пәнін  білдіретін  ұғым  ретінде  қолданылады.  Құқық  пәндері  түрлі 
салаларға  бөлінеді:  конституциялық  құқық,  әкімшілік  құқық,  еңбек  құқығы,  отбасы  құқығы,  азаматтық 
құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т.б.;  
-  төртіншіден,  «құқық»  термині  тұлғалық  құқық  пен  объективтік  құқықтың  жиынтығы  ретінде  де 
қолданылады [4].  
Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстан-
ның  құқық  жүйесі  қалыптасуда.  Біздің  тұжырымымыз  бойынша,  «құқық  -  мемлекет  бекітіп,  жүзеге 
асырылуын қадағалайтын, жалпыға міндетті тәртіп ережелерінің жиынтығы және қоғам өмірінде тұлға-
лардың заңға сүйеніп әрекет етуінің көрсеткіші» деген анықтама ұсынамыз. 
Мемлекеттік құқық жүйесінің тарихы туралы сөз еткенде ежелгі заң ретінде Вавилонның «Хаммурапи 
заңы», Үндінің «Ману заңы», көне Римнің «ХІІ кестесі» заңдары айтылады. 
Құқық жүйе болып қалыптасқанға дейін оның дамып, қалыптасуына белгілі тұлғалар ықпал етіп, үлес 
қосып отырды. Периклдің тұсында мемлекеттік құрылысты, сот құрылысын және сот ісін жүргізу жүйе-
лерін  жетілдіру  заң  шаралары  белгіленген.  Платон  –  саяси  ғылымның,  құқық  пен  заң  ғылымының  ең 
алғашқы  негіздерін  жасады.  Заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  билігін  бөлу  идеясы  –  Аристотельдің 
негізгі құқықтық  тұжырымдамасы.  Цицерон мемлекетті барлық еркін адамдардың келісілген құқықтық 
қатынасы деп түсінеді. Юстиниан таққа отырған екінші жылы-ақ Азаматтық құқықтар жинағын жасауға 
кіріскен. Джефферсон Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін соғыс жүріп жатқан тұста Конгресс қабыл-
даған  атақты  Тәуелсіздік  декларациясының  авторы.  Джефферсон  Декларациясының  негізгі  қағидалары 
барлық кезеңде, барлық халықтар үшін пайдалы болып шықты. 
ХVІІ-ХІХ ғғ. қазіргі заманғы құқықтық жүйелердің негізі қаланды деуге болады. Жаңа дәуірде адамзат 
тарихында  тұңғыш  рет,  жалпыға  бірдей  бостандық  пен  теңдік  ұстанымдарына  шақырған  «Адам  және 
азамат  құқықтарының  Декларациясы»  өмірге  келді.  Ол  1789  жылы  қабылданды.  «Есім  ханның  ескі 
жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Жеті Жарғы» заңдары көшпелілердің талай мың жылдар түзген, 
адамның адам ретінде өмір сүруіне кепілдік беретін ережелерге негізделген еді. Бұл ережелер мыңдаған 
жылдар көшпелілердің мемлекет пен құқықтық кодекстеріне, билеріне үлгі болып келді, көшпелілермен 
қарым-қатынасы бар көптеген отырықшы елдердің заң ережелерінің қалыптасуына ықпал етті. 1867-1868 
жылғы  «Уақытша  ережелердің»  енуі  қазақ  қоғамының  дәстүрлі  құрылымын  түбегейлі  өзгерістерге 
ұшыратып,  қоғамдық  қарым-қатынастарды  реттеуші  заң  жүйесінің  де  өзгерісін  талап  етті.  Осы  уақыт 
талабына сай, 70-ші жылдардан бастап «Ережелер» келді. Кеңес империясы және коммунистік-тоталитар-
лық режим қалыптастырған Жеке адамның басына табынушылық, бір партиялық жүйенің диктатурасы, 
мемлекеттің  демократиялық  институттары  құзырларының  шектелуі,  адам  құқығының  аяққа  тапталуы 
сияқты көріністер мемлекеттік құқықтық идеяларға тікелей әсерін тигізді. Тәуелсіз Қазақстанда құқықтық 
реформаларды  іс  жүзіне  асыруда  прогрессивтік,  халық  мүддесіне  сай  келетін  мемлекеттік-құқықтық 
идеялардың рөлі өлшеусіз мағынаға ие болып отыр. 
Мемлекеттік-құқықтық  идеялардың  дамуы  мемлекет  пен  құқықтың  пайда  болуымен  тікелей  байла-
ныстылығын айта отырып, құқықтанушы отандық ғалым Сәкен Өзбекұлы құқық ұғымының генезисіне 
талдаудың нәтижесін, бірнеше кезеңге бөліп қарастырған жөн деген қорытынды жасайды [5]. 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
197 
1 кезең. Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі аралықта Қазақстан территориясында қалыптасқан әскери 
демократия санатындағы мемлекеттік құрылымның мемлекеттік – құқықтық идеялары. 
2  кезең.  Қазақ  хандығы  кезінде  дамыған  мемлекеттік  құқықтық  идеялар.  ХV-ХVІІІ  ғасырлар 
аралығында дамыған мемлекеттік - құқықтық идеяларды қамтыған заң жинақтары дүниеге келді. 
3  кезең.  Ресей  империясының  отарына  айналған  Қазақстанда  қалыптасқан  мемлекеттік  -құқықтық 
идеялар ХІХ-ХХ ғасырды қамтиды. 
4  кезең.  Кеңес  империясы  және  коммунистік-тоталитарлық  режим  қалыптастырған  мемлекеттік-
құқықтық идеялар. (1917-1991 жж.) 
5  кезең.  Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  мемлекеттік-құқықтық  идеялары.  (1991  жылдан  бастап 
қазіргі кезеңге дейін) 
Оқу-тәрбие  үдерісінде  құқықтық  мәдениетті  қалыптастыру  тек  студенттерді  құқықтық  білім  және 
түсініктермен  қаруландыруды  ғана  білдірмейді,  сонымен  қатар  іс-әрекетте  жүзеге  асатын  күнделікті 
заңды мінез-құлық дағдылары, біліктері мен әдеттері негізінде құқықтық салада белсенді ұстанымдарын 
тәрбиелеуді  білдіреді.  Құқықтық  тәрбие  –  бұл  тәрбиеленушілерде  терең  және  тұрақты  сенімдер  мен 
сезімдерді, жоғары құқықтық мәдениетті, заңдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында 
олардың  санасына,  психологиясына,  барлық  қоғамдық  өмір  құрылысына,  идеологиялық  факторларға 
нақты бағытталған жүйелі әсер ету [6]. 
Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді. Оны екі тұрғыда 
қарастыруға болады. Біріншісі – кең мәнінде алғанда, құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқық-
тық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Ал екіншісі – тұлғалық, психологиялық және педагогика-
лық мәнінде қарастыру. Құқықтық тәрбие адамның құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты. 
Құқықтық  мәдениетті  қалыптастыруға  қатысты  заң,  философия  ғылымдары  саласында  мейлінше 
жақсы зерттелсе, педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдары саласында әлі де әр қырынан зерттеуді 
қажетсінеді деп есептейміз. 
Жастардың  құқықтық  мәдениетін  қалыптастыру  дегеніміз  –  олардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес, 
құқықтық мәдениет элементтерін қоғамдағы шынайы құбылыс ретінде қабылдатуды мақсат ететін, арнайы 
ұйымдастырылған  педагогикалық  әрекет.  Жастардың  құқықтық  мәдениетін  қалыптастырудың  табысты 
жүруі  оның  жалпы  мәдениетінің  даму  деңгейі  мен  осыған  сәйкес  білім  беру  ұйымында  оларға  өзін-өзі 
танытуға және шығармашылығына мүмкіндік беретін, құқықтық  кеңістіктің болуымен тікелей байланысты. 
Жастардың  бойында  құқықтық  мәдениетті  қалыптастыру  олардың  құқықтық  санасы  мен  құқықтық 
мінез-құлқын  жетілдірудің  басты  жолы  болып  табылатындықтан,  оның  негізі  құқықтық  білім  беруде 
десек, гуманитарлық пәндер шеңберінде құқыққа ерекше орын береміз. Құқық пәнінің тәрбиелік әлеуеті 
де өте жоғары. 
Оқу  орындарында  құқықтық  мәдениетті  қалыптастыру  жұмысының  жүйесі  білім  беру  технология-
ларын, оқу іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, жеке тұлғаға бағдарланған амал, 
жобалар  әдісі  және  т.б.  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Зерттеу  мәселесін  зерделеу  барысында 
құқықтық тәрбие берудің түрлері мен әдістері одан әрі жетілдіруді талап ететіндігіне көз жеткіздік. Жас-
тардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жұмысының тиімділігін диагностикалау әдістері теориялық 
жағынан әрі қарай зерттеуді қажетсінеді. 
Педагог  ғалымдар  К.Қожахметова,  М.Демеуова  және  т.б.  еңбектерінде:  «Құқықтық  мәдениет  – 
қоғамның қазіргі даму кезеңінде құқықтық жетістіктерін айқындайтын азаматтардың құқықтық білімінің 
мазмұны, сипаты, деңгейі мен дағдысы» деп атап көрсетеді [7].  
Теориялық әдебиеттерде жастардың тәрбиелік деңгейін өлшеуде үш - жоғары, орташа, төмен деңгей-
лер алу қалыптасқан. Дамудың жоғары деңгейі деп біз, осы барлық көрсеткіштердің қойылатын талап-
тарға сәйкес келуін, ал орташа деңгей деп осы өлшем көрсеткіштердің жартысына немесе жартысынан 
көбірегіне сәйкес келуін, төмен деңгейде өлшемнің жалпы санының жартысынан азымен немесе олардың 
мүлдем  болмауы  деп  қарастырамыз.  Ол  белгілердің  маңыздылық  деңгейі  әрбір  өлшем  көрсеткішінен 
тұрады. Көрсеткіштер мотивациялық (бағалаушылық), танымдық және мінез-құлықтық салада қарасты-
рылады. 
Құқықтық мәдениетті құқықтық сана мен іс-әрекеттің бірлігі ретінде анықтаймыз, яғни мотивациялық 
(қажеттілік,  түрткі,  қызығушылық),  танымдық  (білімдік),  мінез-құлықтық  (іс-әрекет,  қылық,  тәртіп) 
компоненттерін  қалыптастыру  арқылы  жүзеге  асатын,  адамдардың  қылықтары,  сөздері  және  істерінде 
заттанған сана ретінде сипаттаймыз. 
Тәжірибелік жұмысымыздың айқындаушы кезеңінде теориялық, әдістемелік  зерттеулерімізге сүйене 
отырып, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың жүзеге асыру жолдарын ұсынамыз. 
Заң  мамандығында  білім  алатын  студенттер  «Заң  клиникасын»  оқытушылар  мен  құқық  қорғау 
органдарының қатысуымен ұйымдастыру. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
198
 
 
Оқу  орындарында  «Заң  және  біз»  үйірмелерін  оқытушылардың  бақылауымен  студенттердің  өткізуі. 
Мысалы,  студенттер  құқықтық  тақырыпта  семинарлар,  конференциялар,  іскерлік  ойындар,  жеке  тақы-
рыптар бойынша сабақтар, құқық қорғау органдарына экскурсия т.б. өткізілуі тиіс. 
Қорыта  айтқанда  құқықтану  материалдары  мақсатты  бағытталып,  жүйелі  жүргізілетін  болса,  онда 
жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің оңтайлы шешімін табады. Құқықтық мәде-
ниет деңгейінің жоғары болуы білім беру жүйесінің, қоғам, елдің дамуы қажеттілігінен туындайды. 
 
1 Қазақстан Республикасы. Конституция (1995) Қазақстан Республикасының  Конституциясы : ресми мәтін. – 
А. : Заң әдебиеті, 2008. 
2 Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы: оқу құрал / Т. Ағдарбеков. – Қарағанды:Болашақ баспа, 2001. 
3 Баққұлов С. Д. Құқық негіздері: Оқу құрал / С. Д. Баққұлов. – А. : Атамура , 2004. 
4  Баянов  Е.К.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеті  мен  құқығының  негіздері:  Оқулық  /Е.К.  Баянов.  –  А.: 
Юрист, 2003. 
5  Маймақов  Ғ.С.  Қазақстан  Республикасының  саяси  құқықтық  тарихы:  оқулық  /  Ғ.С.  Маймақов.  –  А.:  Жеті 
жарғы, 2000. 
6 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: оқу құрал / Ғ. Сапарғалиев. – А.: Жеті 
жарғы, 1997 . 
7 Сапарғалиев  Ғ. Мемлекет және құқық теориясы: оқу құрал / Ғ. Сапарғалиев. – А.:Атамұра, 1998. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет