1. «Современное лидерство в высшом образовании» - Новый образовательный проект Ассоциации вузов
Казахстана по повышении квалификации руководителей, администраторов и ППС вузов. – Алматы. – 16 февраля
2015 г.www.edurk.kz/.../5501-sovremennoje_liderstvo_v_vysshem_obrazovani..
2. Байтұрсынов А. Шығармалары. – А.: Жазушы,1989. – 464 б.
3. Құдайбердиев Ш. Өлеңдері мен поэмалары. – Алматы: Жалын, 1988. – 256 б.
4. Климов Е.К. Психологические критерии успешности предпринимательской деятельности:дисс...канд. психол.
наук. – Калуга, 2004.
5. Адлер А. Практика и теория индивидуальной психологии. – СПб.: Питер, 2003. – 256 с.
6. Карнеги Д. Как завоевать друзей и оказывать влияние на людей: перевод с англ./Под общ.ред. предисл.
В.П.Зинченко, Ю.М.Жукова. – М.: Прогресс, 1989. – 712 с.
7. Андриенко Е.В. Социальная психология. – М.: Акадамия, 2000. – 264 с.
8. Евтихов О.В. Тренинг лидерства: монография. – СПб.: Речь, 2007. – 256 с.
9. Клименко О.Е. О лидерах и лидерстве: воспитание личности лидера в условиях профессионального
объединения. Студенчество: Диалоги о воспитании. – 2007. – №2. – С. 9-10.
10. Пескова И.В. Организационно-педагогические условия формирования позитивных лидерских качеств у детей.
Дис. канд. пед. наук. – Нижний Новгород, 2003. – 176 с.
Резюме
Алимбекова А.А. – PhD докторант, ЕНУ им. Л.Н.Гумилева
Үсенова А.М. – PhD докторант, КазНПУ им. Абая
Лидерские качества будущего педагога показатель социальной успешности
В статье анализируется проблема формирования и развития лидерских качеств у студентов как будущего
педагога, обеспечивающих им в будущем успешную профессионально-педагогическую деятельность. Рассматри-
ваются лидерские качества как профессионально-значимые качества личности будущего педагога, являющиеся
сложным образованием, включающим в себя организаторские, коммуникативные и личностные составляющие.
Современный студент как будущий педагог должен обладать профессиональными знаниями, а также помимо их
успешного педагога на сегодняшный день отличают такие важные и необходимые качества, как целеустремлен-
ность, активность, ответственность, общительность, т.е. востребованы педагогу, являющиеся лидерами. Следова-
тельно, в вузе необходимо формировать и развивать лидерские качества студентов, которые в будущем позволят им
эффективно осуществлять педагогическую деятельность.
Ключевые слова: успех, успешность, социальная успешность, лидер, лидерские качества, личность педагога,
лидерские качества будущего педагога.
Summary
Alimbekova A.A. – Eurasian PhD students L.N.Gumilyov National University
Usenova A.M. – PhD students Kazakh National Pedagogical University named after Abai
The leadership skills of a future pedagog is a key to social successfulness
Key words: success, success, leader, leadership, personality of the teacher, the quality of future teachers.
The article analyzes the problem of the formation and development of leadership skills of students as future teachers,
providing them a successful professional and educational activities in the future. We consider leadership as a professional-
significant qualities of the person of the future teacher, is a complex form, comprising organizational, communication and
personal components.
Modern student as a future teacher should possess professional knowledge, as well as in addition to their successful
teacher of today, is distinguished by such important and necessary qualities of commitment, activity, responsibility,
sociability, ie demanded the teacher, are leaders. Therefore, in high school you need to build and develop the leadership
qualities of students, which in the future will enable the
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
168
ӘОЖ: 371.38
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кемалова Г.Б.
–
магистр, оқытушы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
e-mail:
gul_kemalova@mail.ru
Мақалада шығармашылықты оқытудың өзектілігі, шығармашылықтың түрлері мен қарым-қатынасы қарасты-
рылған. Шығармашылық ізденудегі ойлау мен ойлаудан тыс элементтеріне сипаттама берілген. Шығармашылық
дамудың міндеттері көрсетілген. Соңғы жылдардағы ғылыми шығармашылық жетістіктер және де ғалымдардың
әдістемелік көзқарастары бейнелеу өнеріне, щығармашылыққа, қабілетке, дамуға анықтамалар берілгенін көруге
болады.
Тірек сөздер: шығармашылық, креативтілік, бейнелеу өнері, педагогика, психология, сабақ, үрдіс.
Өнер деп адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны толғандыратын суреткер
қолынан шыққан шығармашылық үлгісін айтамыз. Өнер – адами ақиқат, адамдандырылған «екінші әлем».
Өнер, көркем бейне және жасампаздық тікелей әлеуметтік адам тұлғасымен байланысты категориялар.
Жалпы берілген тақырып бойынша ғалымдардың көзқарастарына сүйенбестен бұрын, зерттеу тақыры-
бымыздың теориялық анықтамаларына тоқталғанымыз жөн болар еді. Өнердің жекелеген түрлерін және
олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді. Сондай
ерекше өнердің бір түрі – бейнелеу өнері.
Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.
Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме, мүсін, графика, қолданбалы қолөнер, дизайн өнері, сәулет
өнері жатады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретін-
де таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру
жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр
ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік
үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де
ерекшеленеді [1]. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда
бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді.
Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді – сәндік және
қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлер-
де орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме
ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі бары-
сында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ [2].
Қазіргі уақытта бұл өнерді бағалаушылар қазақстандық шеберлер А.Бренердің, Б.Шульцтың,
А.Жұмаеваның, К.Ибрагимовтың. Ш.Ноғайбаевтың, Е.Нүсіповтың еңбектерін ерекше атап жүр.
Осыған орай, үсдіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне
кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Сол білім беруді дамытуды оқушы-
ларға мәдени–тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған
мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-
әрекеті оның жеке басының қабілетін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен сала-
ларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.
Сондықтан өмірге жан-жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығарамашылықпен ойлайтын,
интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді, өнерлі студентті оқытып-тәрбиелеу
қажеттігін дамыту мәселесі тұр [3].
Қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алатын ұлы ақын Абай Құнанбаев-
тың біздің зерттеуіміз үшін зор мәні бар ойларының бірі - адамдардың әртүрлілігі және кісілік жайлы
пікірлер. Оның «Адам бол» деген шығармасындағы негізгі философиялық ойда адамның өз орнын табуы-
ның маңыздылығын айта отырып, әр адам ішкі мүмкіндігін іске қосып, өзін жетілдіре алады және жетіл-
діруі тиіс екендігі өтіледі. Сонда ғана жаратылысынан өзіне берілеген орынға сай келетіндігіне ерекше
назар аударылады. Бұл үшін оған жол сілтеу, бағыт беру қажеттілігі оның барлық шығармаларының
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
169
негізгі мотиві деуге болады [4]. Мысалы ақынның терең философиялық шығармаларының бірі – 1896
жылы жазған «Сенбе жұртқа...» деп басталатын сол дәуірдің жалпы жұртына ғана емес, көкірегі ашық,
көзі ояу ойлы жанға арналған өлеңінің негізгі идеясы кісіні биік мұратқа бастайтын, сол мұратқа
жеткізетін ұлы күш оның өз бойында дегенге келіп саяды. Онда шын асыл әр адамның жүрегінде, сол
асылды таңдаған адам «жүрегінің түбіне терең бойлап», іздегенін тек содан ғана табады деген терең де
тағылымды философиялық тұжырым жасаған.
Ақын бұл ойының психологиялық сипаттамасын 43 қара сөзінде келтіреді: онда адам баласының екі
нәрсемен: тән және жан қуатымен адам екенін, оның ішінде жан қуатын ерекше бөліп атап, әуелде оның
кішкене ғана болатынын, ескеріп баққан адам оны үлкейтіп, ұлғайтып, зор айтатынын, ал ескерусіз қалса,
ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады делінген. Біздің зерттеп отырған шығармашылық қабілетте жан
қуатына жататын құбылыс, оның зорайып сол адамның өз қажетіне жарауы тек кісінің сол асылды аршып
ала білуі, қаншалықты іске қоса алуына байланысты деген көзқарасымызды білдіре кеткіміз келеді.
Халқымыз аққан жұлдызға балаған ғалым, этнограф, саятшы Ш.Уәлиханов адамды табиғаттың өзге-
руіне байланысты өзгеретін биологиялық тіршілік деп қарайтын антропологиялық материализмге қосыл-
майтындығын атап өтеді. Адам табиғаттың бір бөлігі болғанымен одан айырмашылығы онда (адамға)
білім бар. «Білім – миға, жүйкеге әсер ете отырып, адамды өзгертеді. Сондықтан адам білім ала отырып,
табиғаттан тәуелсіз бола алады», - деген пікір білдіреді.
Қазақ ағартушыларының көрнекті өкілі Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек
жазбаған, дегенмен оның ағартушылық шығармалырында дүниетанымдық ерекше пікірлер болғаны
белгілі. Ол уағыздаған «Өнер, білім бар жұрттар» атты өлеңінің басты идеясы халықтың өркендеуі, оның
өркениетке ұмтылуы деген насихат еді. Мұндай үндеу егемендікті енді алып жатқан еліміздің қазіргі
күнгі де басты ұрандарының бірі болуы тиіс екендігі білімге қатысты барлық мемлекеттік құжаттарда
көтеріліп келеді. Шығармашылық – білімді адамдар жететін биіктік. Демек бұл ойлардың өзектілігі
жойылған жоқ деуге болады.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған тұлғалардың бірі – Шәкәрім
Құдайбердиев Абай көзқарастарындағы адамдыққа байланысты ойларды жалғастыра отырып, батыстағы
материализм және идеализм сияқты екі анықпен шектелмей, өз жолы үшінші анықты ұсынады.
Осы философиялық ойдың заңды жалғасы С.Торайғыровтың мына бір өлеңінде байқалады десек қате
болмас:
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмейтін бұл дүниеде жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Дәл осы шығарманы бүгінгі күннің адамға деген сұраныстары тұрғысынан қарастырар болсақ, «адам
болу» бұл жерде көптің бірі болып қалмау, артында із қалдыру деген философиялық тұжырымға сәйкес
келеді деген болар едік. Шығармашыл болу да ақын көксеген «адамдықты» аша түсетін сипаттаманың
бірі емес пе?
Шығармашылық мәселесінің дамуына ерекше үлес қосқан философтардың бірі Л.Фейербах болды. Ол
шығармашылыққа антропологиялық тұрғыдан қарап, оны адамның жеке қасиеттермен байланыстырады.
Ойшыл шығармашылықты тек қана адамның өз белсенділігі, күші мен ерік-жігері және еркіндігі деп
қарастыратын идеяға негізделген тұжырымдаманы ұстана отырып, адамның ішкі қуаттары мен қабілеті
туралы мәселе көтереді. Бұл идея қазіргі уақытқа дейін шығармашылыққа қатысты зерттеудің негізі
болып отырғаны белгілі. Біздің зерттеуімізде де осы идея басшылыққа алынады.
XIX-XX ғасырларда ойшылдар арқасында әр адамның бойында шығармашылыққа бастайтын негіз
болатындығы жайлы көзқарастар айтыла бастайды.
Сондай ойдың иесі шығармашылық жайлы өзіндік пікір қалдырған А.Шопенгауэрдің тұжырымда-
масында адам ерік пен интеллектінің иесі ретінде қарастырылады. Оның назарына адамның субъектілігі-
нің сезімдік астарларынан гөрі ерік күші көбірек ілігеді. Философтың ойынша шығармашылық әрекет
ететін адамдар – дарынды адамдар. Ал дарындылықтың ең жоғарғы көрінісін ол даналық деп есептейді.
Бұл қасиеттің сақтаулы және дамытылуы қажеттілігіне баса назар аударады.
Осы оймен сабақтаса айтылған Ф.Ницщенің пікірінше, шығармашылыққа қабілеттілік ешкімге ұқса-
майтын, ерекше адамдарға тән сапа. Ол өз философиясында шығармашыл адамдар айрықша жаратылған-
дар екенін атап өте отырып, дегенмен «шығармашылық біздің құзырымызда: біздің биік мақсаттар мен
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
170
құндылықтарымыздың құра алуымызда», - дейді. Ф.Ницщенің адамның өз мақсатын, өмірінің мәнін
анықтауы оның шығармашылығын туындатады деген ойы сол уақыт үшін аса құнды пікір еді. Бұдан
адамның барлық өмірі шығармашылық әрекеттен тұрады деген қорытынды жасауға болады.
Шығармашылық туралы келесі ой айтқан тарихи тұлғалардың бірі К.Маркс оны саналы қоғамдық
әрекет деп санаған. Ол бұл әрекет нәтижесінде айнала және адамның өзі де өзгереді деген тұжырым
жасаған. Оның адамның еңбек арқылы пайда болуы – нағыз шығармашылық деген ойы бүкіл әлемдік
тарихта қалды. Шығармашылықтың субъектісін талқылау оның «ұйқыда жатқан қабілетін» немесе ішкі
күштерін зерттеуге әкеледі. Оның пікірінше ішкі күштер – ол қажеттіліктер мен қабілеттер. Қажеттіліктер
адам белсенділігіне түрткі болады да, ал қабілеттер қажеттіліктерді қанағаттандыратын әрекет түрінде
қарастырылады. Дәл осы ойлар шығармашылыққа арналған теориялық және практикалық зерттеудің
негізі болып есептеледі.
Студенттің шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен
педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық
дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын, шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген
ізденістердің болғанынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға
болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан
туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сана қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен
соңы шешімдер іздестіру болып табылады.
Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С. Макаренконың шығармаларында қабілет-
терді дамытудың жолдары қарастырылса, адам шығармашылығына бағыт бағдар беруді ең алғаш білім
мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын, (1923).
Жалпы – адамның ақыл-ой өзгешелігінің жеке қасиетін көрсететін кез-келген адамнан табылатын
қабілет.
Арнаулы – іс-әрекеттің жеке салаларында көрініп, нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет.
Практикалық – ұйымдастырғыштық, конструктивті техникалық қабілет.
Қабілет – әр адамның әртүрлі іс-әрекетінің орындалу жолындағы жетістіктерінде көрінетін қасиет.
Психологтардың айтуынша қабілетті айқындау мақсатындағы зерттеулер XIX ғасырда басталған.
Қабілет психологияда жалпы ұғым бойынша жеке адам мінез-құлқын реттеп отыратын және оның
өмір сүру жағдайына қызмет ететін психикалық қасиет.
Қабілеттің дамуы үшін оқушы бойында міндетті түрде талаптың болуы шарт. Талап, құлшыныс
болмаған жерде қабілет дами алмайды.
Қабілеттілік «оқу» және «шығармашылық» болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым. Өмірді танып –
білу, оқып-үйренуден бастау алады. Сонан соң адам сол білімін шығармашылықпен пайдалануға ұмты-
лады. Яғни студент бір деңгейден екінші деңгейге көтеріліп, әрі қарай талпынып, келмелдене түседі.
Психологтардың пайымдауынша қабілетсіз шәкірт болмайды. Бұл пікірді орыстың ұлы жазушысы,
ойшылы Л.Толстой «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында» деген даналық сөзімен тереңдете түседі.
Демек, сол ашылмай жатқан мол мүмкіндіктерді дер кезінде аша білуіміз, дұрыс жолға бағыттай
білуіміз керек.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
1. Репродуктивті – іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
2. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Қабілеттің педагогикалық қызмет тұлғаның шығармашылық әрекеті арқылы жүзеге асады. Біздің
зерттеуіміз шығармашылық қабілет сияқты сапаның оқушы тұлғасында жетілуіне арналып отырғандық-
тан, оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың диалектикалық астарлары ең алдымен «даму»,
«тұлғаның дамуы» ұғымдарының мәнін теориялық тұрғыда қарастыруды талап етеді.
«Даму» ұғымына философияда «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып сапалық
өзгерістерге айналуы» деген анықтама беріледі, яғни мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс деп
түсіну қажет. Даму спираль тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға
ауысуы түрінде және керісінше өрбиді.
«Даму» - жаңару үрдісі. Жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаға сәйкес. Демек,
жаңаның пайда болуы мен даму тікелей байланысты. Барлық табиғат құбылыстары сияқты табиғат туын-
дысы адамда диалектикалық жолмен дамып, бір деңгейден екінші деңгейге ауысып, өзгеріп отырады.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г.
171
Дамудың барлық түрі – қозғалыс, алайда қозғалыстың барлығы бірдей даму бола бермейді. Тек сапалық
өзгерістерді қамтамасыз ететін, кері қайтпайтын сипаты бар қозғалысты даму деп айтуға болады.
Жоғарыда талданып кеткен философиялық ой-тұжырымдар уақыт тексерісінен өткен, бүгінгі күнге
дейін өзінің көкейтестілігін жоғалтпаған идеялар болып табылады. Бұл идеялар қазіргі білім философия-
сының негізгі ұстанымдары мен амалдарында да айқын көрініс тауып отыр. Осыған байланысты айтыл-
ған көзқарастарымызды саралай отырып, бейнелеу өнері арқылы оқушылардың шығармашылық қабіле-
тін дамытудың жолдарына мынадай теориялық анықтама бере аламыз.
Бейнелеу өнері сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілеті арнайы берілген дизайн өнері
негізінде, оның жасалу техникасының негізгі түсініктері мен анықтамалары, әртүрлі өнер түрлерінің
көркем эстетикалық мәнін ашу мен, бейнелеу өнері түрлерімен танысу арқылы қалыптасады.
Қорыта айтқанда, шығармашылық жолы – ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы.
Осы жолдан өзіне сабақ ала білу, жетер биігін белгілей білу, өзінің жетістіктерін мен кемшін тұстарын
талдай алу – оқушының шығармашылығын дамытуға стратегиялық бағыттар болып табылады.
Әр индивидтің бойында болатын шығармашылықтың бастауларынының болатындығы жайлы мәселе
адамның жан қуаттарының барлық қызметтерінің қатысуы нәтижесінде болатын оның жаңа сапалық
деңгейі болғандықтан, психологиялық және педагогикалық еңбектерде кең қарастырылған.
1 Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан. 2015 жыл.
2 Яковсон П.М. Психология художественного восприятия. – М., 1998 г.
3 Мизанбаев Р.Б. «Живопись». – Алматы, 2005 г.
4 Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы,1998 г.
Резюме
Кемалова Г.Б. – магистр, преподаватель
Актюбинский региональный государственный университет имени К.Жубанова
Особенности научно-теоретической определений в развитие творческих способностей студентов
В данной статье рассматриваетсяактуальность изучения творчества. Виды творчества и их взаимосвязь.
Логические и внелогические элементы творческого поиска. Развитие теории решения творческих, изобретательских
задач. Творческое мышление и его изучение с учетом последних достижений науки и техники. Теоретические
методологические определение ученых на тему изо, творчество, способность, развитие.
Ключевые слова: творчество, креативность, изо, педагогика, психология, урок, процесс.
Summary
Kemalova G.B. – master of Pedagogics and Psychology Aktobe Regional State University named after K.Zhubanov
Features theoretical determinations in developing creative flairs of students
This article discusses actuality the studying of creativity. Kinds of creativity and their interrelation. The logical and extra-
logical elements of creativity. Development of the theory creative, inventive problems solving. Creative thinking and its
learning based on the latest scientific and technological achievements. Theoretical methodological definition of scientists on
the theme Fine Art, creativity, ability, development.
Keywords: creative work, creativity, Fine Art, Pedagogics, Psychology, lesson process.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж.
172
ӘОЖ: 00.009
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ
Кдыралиева Ж.Б. – ҚазҰПУ, филология кафедрасының магистры,
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті
e-mail: zhandai-88@mail.ru
Мақалада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
жолдауы негізінде Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ұлттық идеясының мәні мен маңызы қарастырылды. Ұлттық
идея негізінде жасыл экономиканы, тілді, дінді, халықтар достастығын, еңбек тәртібін, болашақ ұрпақты жан-жақты
ұлттық құндылықтар негізінде оқыту жолдары, білім мен ғылымды барынша дамыту керектігі жөнінде жазылды.
Сондай-ақ, ғылыми мақалада білім мен ғылымның бүгінгі таңдағы рөлі, болашақ ұрпақты Мәңгілік ел ұлттық
идеясы негізінде, барынша ұлттық тәрбие арқылы оқыту керек екендігі жөнінде нақты мысалдар келтірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |